Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 18:22, реферат
Есім ханнан соң қазақ хандығында бірнеше жылға созылған өзара қырқыс басталды. Соңында хан болып Есім ханның ұлы Жәңгір сайланды. Оның хандық қызметі (1628-1652) жоңғар басқыншылығына қарсы үздіксіз күрес жағдайында өтті.
Есім ханнан соң қазақ хандығында бірнеше жылға созылған өзара қырқыс басталды. Соңында хан болып Есім ханның ұлы Жәңгір сайланды. Оның хандық қызметі (1628-1652) жоңғар басқыншылығына қарсы үздіксіз күрес жағдайында өтті.
XVIІ ғасырдың 20 жылдарының соңында Ойрат одағы ыдырады. Хошоуыттар тайпасы Тибетке көшті, торғауыттар Солтүстік Қазақстан арқылы төменгі Еділге қоныс аударды. Қалған ойраттар бірігіп 1635 жылы Шығыс Қазақстанда Жоңғар хандығын құрды[1]. Осы уақыттан бастап-ақ ұзақ уақытқа созылған, екі жақты да әбден қалжыратқан қазақ-жоңғар соғысы басталды.1635 жылы жаңа ғана таққа отырған Батур қоңтайшының қолы Жетісуға басып кіріп, қазақ жеріне тереңдей еніп, бейбіт ауылдарға ойран салды. Осы шайқастың барысында Жәңгір сұлтан тұтқынға түседі де, тек бір жылдан соң босатылып, жоңғарлардың өмірлік бітіспес жауына айналады. Жәңгір хан жоңғарларға қарсы қырғыздармен одақ құрды. 1643 жылы 50 мыңдық жоңғар әскері Қырғыз Алатауының біраз жеріне, Шу өзенінің жоғарғы сағасына басып кірді. Жәңгір хан әскерін жинап үлгірмеді де, өзі 600 адамдық қолмен Жоңғар Алатауының тар жылғасында қоңтайшының әскерін қарсы алды. Ашық шайқаста аз қолмен күші мен саны басым жауға бетпе-бет келудің мүмкін еместігін түсінген Жәңгір хан айлаға көшеді, ол жоңғарларды шатқалдан өткізбес үшін ор қазуға, оған қоса дуал тұрғызуға бұйрық береді. Осы шайқаста қазақтар алғаш мылтықты қолданды. Осыған қарамастан қазақ-қырғыз қолын жоңғарлардың жойып жіберу қаупі төңді, алайда дәл осы сәтте төртқара руына жататын Жалаңтөс батыр бастаған 20 мың Самарқан қолы келіп жетеді. Жәңгір хан жеңіске ие болды да, он мыңға жуық әскерінен айырылған Батур қоңтайшы үлкен шығынмен бейберекет кейін шегінді.
1652
жылы жоңғарлар Ресейден оқ-
60
жылдары қазақ-жоңғар
XVIII
ғасыр басындағы
Қазақ хандығының
жағдайы Жоңғар
агрессиясының күшеюі
XVII
ғасырдың 80 жылдары жоңғар қоңтайшысының
қазақ жеріне жорықтары
Оның
мұрагері Сыбан Раптан (1699-1729) басқыншылық
соғысты жалғастырды. XVIIІ ғасырдың
басында басқыншылардың әскері сарысу
өзеніне дейін жылжыды, олардың
әскерінің бір бөлігі Орта жүздің
солтүстік шығыс аудандарына
басып кірді. 1710 жылы Қарақұм ауданында
Тәуке хан жауға қарсы
Бұл 1715 жылы Тәуке хан өлген соң анық байқалды. Жоңғар тарапынан төнген қауіпке байланысты хан ролінің жоғарылауы керектігін сезінген сұлтандар жоғарғы билеуші орны үшін шиеленіскен күресті бастады. Ұзақ тартыстан соң хан болып Қайып сайланды (1715-1718).
Көп ұзамай жоңғарлар шабуылын тағы жаңғыртты. 1716 жылы олардың әскерінің басты бөлігі шабуылын Іле өзенінен Аягөзге қарай бағытпен бастады. Бір уақытта басқа отрядтары Сібірге жылжыды. 1718 жылы көктемде жоңғарлар мен қазақтар қолы арасындағы Аягөз өзенінде үш күндік қантөгіс, шайқастың алғашқы күндеріндегі жеңістерге қарамастан, қазақтардың жеңілісімен аяқталды. Өзара жауласқан Әбілхайыр мен Қайыптың келіспеушілігі, сонымен қатар жоңғарлардың тылдан оқыс соққысы шайқастың нәтижесін шешіп берді. 1718 жылы жоңғар әскері Арыс өзенінде басқа қазақ отрядтарын талқандады.
1718
жылы Қайып хан өлді де
Жоңғарларға қарсы бір майданның жарылуы қазақ жасақтарының қорғаныс қабілетіне кері әсер етті. Сұлтандар шоғыры арасындағы ұрыс-керіс жоңғар қоңтайшыларының қазақтарға бірқатар ірі соққылар беруіне қолайлы жағдай туғызды.
1723
жылы көктемде жоңғар әскері
Қаратау арқылы талас өзенінің
алқабына басып кірді.
Аяқ астынан кедейленген және ашыққан көшпенділер тобы Бұхара мен Самарқан оазисін толтырды. 1724-25 жылдары жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті басып алып талқандады. Егіншілік, қолөнер мен сауда Сырдарияда тоқтады. Бұл оқиға қазақтар арасында “Ақтабан шұбырынды” ретінде белгілі. Нәубет жылдардағы басқыншылармен күресте қазақ болған құрбандарды халық ауыр азамен еске алады.
Пайдаланатын
әдебиеттер:
- А., 1988.