Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 22:55, лекция
Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы қатынастар
Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 6 наурызда орнатылды
Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес
Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы қатынастар
Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 6 наурызда орнатылды.
Қазақстанның Египеттегі Елшілігі 1993 жылғы сәуір айында ашылды. 2008 жылғы маусымда Қазақстанның Египеттегі Елшісі болып Б.Тасымов тағайындалды.
Египеттің Қазақстандағы Елшілігі 1992 жылғы тамыз айынан бастап қызмет атқарады. 2008 жылғы қазаннан Египеттің Қазақстандағы Елшісі Абдалла әл-Арнуси болып табылады.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 1993 ж. ақпанында ЕАР-на жасаған бірінші ресми сапары, қазақстан-египет қарым-қатынастарының тарихындағы маңызды оқиға болды. Сапар барысында екі ел арасындағы барлық бағыттардағы өзара ынтымақтастықтың сипаты анықталды.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2007 ж. наурызындағы және 2008 ж. мамырдағы Египетке жасаған ресми сапарлары мен 2006 ж. қарашадағы ЕАР-ның Президенті Х.Мубарактың Астанаға бірінші ресми сапары Қазақстан мен Египет арасындағы ынтымақтастықты барлық салаларда әрі қарай дамыту және нығайтуға елеулі серпін берді.
Өткен жылдар ішінде тараптар өзара әртүрлі деңгейдегі сапарлармен алмасты. Олардың ішінде ең бастылары ретінде ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі төрағаларының, Сыртқы істер, Мәдениет және ақпарат, Ауыл шаруашылығы, Индустрия және сауда министрлерінің, Астана, Алматы қалаларының, Көкшетау мен Жамбыл облыстары әкімдерінің, Жоғарғы сот төрағасының, Бас муфтидің, Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының т.б. Египетке сапарларын атап өтуге болады. Қазақстанда сапармен Египеттің Діни істер жөніндегі министрі (төрт рет), Жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық министрі, Сыртқы істер министрінің орынбасары және т.б. болды. Екі елдің СІМ арасында бес рет саяси консультациялар өткізілді.
Египет Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесін, Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары съезін өткізу, 29 тамызды – «Ядролық қарудан бас тартқан әлем» халықаралық күн ретінде жариялау іспетті қазақстандық бастамаларға қолдау көрсетті.
Египеттің Діни істер жөніндегі министрі Х.Зақзуқ 2008 ж. 17 қазанда Астанада өткен «Ортақ әлем әралуандық арқылы ілгерілеу» форумына қатынасты.
Әл-Азхар үниверситетінің Бас имамы шейх М.Тантауи және ЕАР Президентінің арнайы өкілі, Діни істер жөніндегі министрі М.Зақзуқ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің үш Съезіне (2003, 2006 және 2009 жж.) қатынасты.
ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 37-ші сессиясында (18-20 мамыр 2010 ж., Душанбе) ЕАР Экономикалық даму министрі О.М.Османмен кездесті.
2010 ж. 1-2 желтоқсанда Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитіне АРЕ Сыртқы істер министрі А.Абуль Гейт қатысты.
Қазақстан мен Египет арасында бірлескен үкіметаралық комиссияның 4 отырысы өткізілді – Каирде (1995 ж. мамыр, 2003 ж. желтоқсан), Астанада (2001 ж. маусым, 2007 ж. ақпан).
2010 ж. желтоқсанда Каирдегі Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, қазіргі уақытта ашылу рәсіміне дайындық шаралары жүргізілуде (жобаның құны – 13,5 млн. долл., қазақстан тарапы 4,5 млн. долл. бөлді.).
Қазіргі кезде Египеттің жоғары оқу орындарында Қазақстаннан 120 студент оқиды
Екі ел арасындағы тауар айналымы 2010 ж. 113,3 млн. АҚШ долл. (экспорт – 91,6 млн., импорт – 21,7 млн.) құрады.
Қазақ-египет қарым-қатынастарының шарт-құқықтық базасы 30-дан астам құжаттан тұрады.
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым- қатынастар
Еуропалық Одақ – Қазақстанның ең негізгі саяси және экономикалық серіктестерінің бірі.
1993 жылғы 2 ақпан күні Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың (ЕО) арасында дипломатиялық қатынас орнатылды.
1993 жылғы желтоқсанда Брюсселде ЕО жанынан ҚР Өкілдігі ашылды. 2009 ж. мамырынан бастап ҚР Өкілдігінің басшысы Төтенше және Өкілетті Елші Е.Утембаев болып табылады.
1994 жылғы қарашада Алматыда Еуропалық Комиссияның (ЕК) Өкілдігі ашылды. 2008 ж. 2 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Комиссия Өкілдігінің басшысы Төтенше және Өкілетті Елші Н.Жустен болып табылады.
2007 жылдың 1 шілдесінен бастап Өкілдіктің бас кеңсесі Астанаға орналасты. Алматыдағы бюро Қырғызстан және Тәжікстан қарым-қатынастары мәселелерімен айналысады, сонымен бірге ЕК әртүрлі өңірлік жобаларын жүзеге асырады.
Саяси сұхбат Қазақстан мен ЕО-ның арасындағы құқықтық негіздегі қатынас 1999 ж. күшіне енген Ынтымақтастық және серіктестік туралы келісім болып табылады (ЫСК). Бұл қатынастың саяси, сауда-экономикалық, қаржылық, құқықтық, гуманитарлық салада дамуын қамтиды, сонымен қатар ынтымақтастықтың негізгі механизмін анықтайды. ЫСК іс-әрекетінің 10-жылдық мерзімінің өтуімен байланысты, қазақстандық-еуропалық байланыстың жаңа сапалы деңгейге шығару мақсатында және ЕҚЫҰ қарсанында ҚР сыртқы саясатының еуропалық векторының күшейюн, ҚР-ЕО ынтымақтастық Кеңесінің 10-шы отырысының барысында (2008 ж. қыркүйек, Брюссел) тараптар шартты-құқықтық негізінде жаңарту қажеттілігі туралы тұжырымға келді және ҚР және ЕО арасындағы жаңа саяси құжаттарды жетілдіру туралы келісті, істеп тұрған ЫСК алмастыруға бейімделген. Тиісті кеңестер өтуде.
Қазақстан мне ЕО
осы кезеңіндегі
Вице-министрлер немесе салалық министрлер форматында жылына бір рет жиналатын Қазақстан-ЕО ынтымақтастығының негізгі жұмысшы органы ынтымақтастықтың Кеңесі болып табылады. Қазақстандық тарапынан ынтымақтастық Кеңесін Премьер-Министрдің орынбасары Е.Орынбаев басқарады. Кеңестің шешімдерін қолдану үшін ынтымақтастық комитеті және екі профильді ынытмақтастық жөніндегі комитет әреке етеді: сауда, инвестиция, көлік және энергетика бойынша, сот әділдігі және құқық тәртібі бойынша.
Парламенттік ынтымақтастық комитетінің шеңберінде Еуропалық жәнеқазақстандық парламентарилардың жылына бір рет кездесулері өтіп тұрады.
Тараптарды қызықтыратын тақырыбтар бойынша егжей-тегжей кеңестерді жорамалдайтын ынтымақтастықтың жаңа форматы салалық сұхбаттар болып табылады (мысалы, визалық тәртіпті оңайлату, адам құқығы бойынша сұхбат және т.б)
Сауда-экономикалық
Қазақстан Республикасы мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық Серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім аясында жүзеге асырылады. 2004 жылғы 1 мамырдан бастап ЕО-ға 10 жаңа мүше елдің қосылғаны ескеріле отырып, 2004 жылғы 30 сәуірде Брюссельде келісімді кеңейтілген Еуроодақ шарттарына бейімдейтін ҚР мен ЕО арасында Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім хаттамасына қол қойылды. 2005 жылғы 28 маусымда ҚР Президенті Хаттаманы ратификациялау туралы Заңға қол қойды.
Қазіргі уақытта Келісімнің күшін 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕО-ға кірген Болгария мен Румынияға тарататын қосымша Хаттама қол қоюға дайындалуда.
Қазақстан ЕО-ның Орталық Азиядағы ірі сауда және инвестициялық серіктесі болып табылады.
Сауда – экономикалық қатынастар қарқынды дамуда. Қазақстан үшін төрт жылына қатар Ресей мен Қытайды озып шығып ЕО сауда секріктестердің, номір біршісі болып табылады. 2009 ж. Қазақстан мен ЕО сауда айналымы 28,8 млрд. АҚШ долл. құрды және 2008 ж. салыстырғанда (39,1 млрд. АҚШ долл.) әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың келеңсіз салдары нәтижесінде қысқарды. Қазақстандық сыртықы сауда айналымының 40% ЕО үлесіне келеді. Тәуелсіздік жылдар бойы Қазақстан өзін сенімді және жауапты энергетикалық секріктестік ретінде бекітті, Ресей мен Норвегиядан кейін, Опек мүшесі емес-мемлекеттерінен Еуропаға энергиятасушы үшінші ірі жабдықтаушы болып табылады. Еуропалық Одақпен стратегиялық энергиясұхбаты бекітуінде Қазақстан құштар, құқықтық негізі бейбіт мақсатында ядролық энергияны қолдану бойынша ынтымақтастық туралы Келісім жәнеэнергетика саласында өзара түсінушілік туралы Мемарандум болып табылады.
2009 ж. маусымында ҚР Коммуникация және көлік Минстрлігі мен Еуропалық Комиссия арасында панеуропалық көлік байланыстары мен қазақстандық байланыстарының түйістіру контекстінде көлік байланыстарының дамуы бойынша түсіністік туралы Мемарандум жасалды.
Қазақстан экономикасындағы шетел капиталдың үштен аса жиынтығын ЕО мемлекеттерінің инвестициялары құрады.
Астана Кеден Одағының шеңберіндегі Бүкіләлемдік сауда ұйымына Қазақстанның қосылу шарттарына Еуропалық Одақтың жағымды әдісін және шыншылдығын көргісі келеді. Қазақстандық экокомиканың нарық мәртебесін толық ауқымын мойындау бойынша ЕО пен жұмысын жалғастыруға Қазақстан ниет білдіреді.
Информация о работе Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес