Бағдарламалау тілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 18:23, контрольная работа

Описание

— Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. наурыздың 1 құрылған. ҚХА-ның мақсаты — республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу.

Содержание

Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) .
Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметі.
Өзге ұлт өкілдерінің тіл және дін бостандығы.
Ортақ аталып өтетін мереке 1 мамыр-бірлік пен татулық күні.
Халық бірлігі - мемлекеттілік негізі.

Работа состоит из  1 файл

Казакстан халыкттары ассамблеясы.docx

— 34.98 Кб (Скачать документ)

Қазіргі таңда Қазақстан  халқы Ассамблеясының тікелей күш салуымен этносаралық қатынастар саласын саясаттан  тыс сақтап, азаматтық  қоғам қалыптастыру мақсатында жұмыс  жүргізіп отыр.

Жалпы алатын болсақ, Қазақстан  халқы Ассамблеясының қалыптасуы  бірнеше  кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең - 1995-2002 жылдар аралығы.

Соңғы қабылданған жаңа Конституцияда мемлекеттік  тұғырдың басым бағыттары  деп жалпы азаматтық  қағидаттар толықтай қарастырылды. Ескі Ата Заңдағы қазақстандықтарды  байырғы ұлт және кейіннен қоныс аударған этностар деп екіге  бөлу қысқартылып, мемлекеттік  тіл ретінде қазақ  тілі жарияланды. Аталған  мәселелер қоғамның бірігуін жеделдетіп, ел тұрғындары тарапынан  толықтай қолдауға ие болды. Жаңа Конституция  заңнамалық деңгейде этностардың  ұлтына, тіліне, діліне, дініне, нәсіліне қарамастан  тең құқықтылықты қамтамасыз етті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының біріктіруші күші, еліміздегі барлық этностарды жұмылдырушы қасиеті  мемлекеттік ұлттық саясаттың басты  тұғырына айналды. Ассамблея  этномәдени бірлестіктерді дамыта отырып, саяси, құқықтық және мәдени бағытта қазақстандық жаңа үлгіні тәжірибеге енгізді.

Ассамблея тоталитарлық «біркелкілік»  жүйесінен  шыққан этностардың дәстүрі, тілі мен мәдениетін қалпына келтіруге, дамытуға толық жағдай жасалуына күш  салып, халық ықыласына  бөленді. «Сан алуандық арқылы бірлікке»  деген бағытта  дамыған этносаралық  қатынастың қазақстандық үлгісі қалыптасты.

Екінші  кезең - 2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа  дейін - қоғамды жұмылдыру  кезеңі деп саналады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы  ел экономикасының қайта  түлеп, тұрақты даму қарқынына ілесуі, қоғамды демократияландыру  үдерістерінің жедел  дамуы кезеңінде  маңызды қоғамдық-саяси  мәселелерді шешуде алдыңғы қатардан көрінді. Қазақстан  халқы Ассамблеясының мемлекеттік дамудың  көптеген мәселелеріне араласуы этностық негізде  партиялар құру, этносаралық  қатынастар саласын  саясаттандырудан сақтауға негіз болды.

Аталған кезеңде орта мерзімге арналған Қазақстан  халқы Ассамблеясының Стратегиясы, Тілдерді дамытудың мемлекеттік  бағдарламасы, «Қоғамды жұмылдыру идеясы - Қазақстан дамуының шарты ретінде» Концепциясы  қабылданып, жүзеге асырылып жатыр. Қоғамның этностық ресурсы  ел экономикасын дамыту, әлеуметтік мәселелерді шешу және Қазақстан қоғамының рухани мүмкіндіктерін дамытуға бағытталып отыр.

2007 жылы жүргізілген  конституциялық реформалардың  арқасында Қазақстан  халқы Ассамблеясы  жаңа конституциялық  мәртебеге ие болып,  еліміздің бас  заң шығарушы органына  өз өкілдерін сайлау  құқығын иеленді.  Аталған жылы Ассамблея  атынан Парламент  Мәжілісіне 9 депутат  сайланып, депутаттар  еліміздегі этносаралық  қатынастарды нығайтуда  нәтижелі еңбек  етуде:  60-қа жуық  заң жобасын әзірлеуге  қатысты; азаматтар  көтерген мәселелер  бойынша мемлекеттік  органдарға 361 хат  жолдады;  Ассамблея  туралы заңнамалық  құжаттың жобасын  әзірледі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы  үшін 2008 жыл өте  маңызды, нәтижелі жыл  болды - Ассамблеяның бейбітшілік пен  келісімді нығайту  бағытындағы рөлін  нормативті-құқықтық тұрғыда үйлестіретін «Қазақстан халқы  Ассамблеясы туралы»  Заң қабылданды.

Аталған заңнамалық құжат  елдің әрбір азаматын халық үшін аянбай қызмет етуге, осы  елдің патриоты болуға шақырып, нақты іс-қимыл  бағыттарын ұсынады. Мемлекеттік және өзге этнос тілдерін, салт-дәстүр, мәдениетті өркендетуге толықтай мүмкіндік береді. Сонымен қатар  елдің әрбір азаматы  Қазақстанның болашағы, егемендік негізі - мемлекеттік тілді  дамытып, нағыз іс жүзінде патриотқа  айналып, Отан үшін қызмет ету,  аталған қасиеттерді  жас ұрпақ бойына егу бағыты нақтыланған.

Атқарылған  жұмыстар Ассамблеяны  мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асырушы  қоғамдық институт  ретінде танытты. 

Қазіргі таңда елімізде 600-ден  астам этномәдени бірлестік, 4 ұлттық театр, Достық үйлері және 195 жексенбілік  мектеп қызмет етіп, этнос тілдерінде 35 газет, журналдар  жарыққа шығады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы  этносаралық қатынас  саласының барлық мәселесіне ден қойып, мемлекеттік органдармен  белсенді қарым-қатынаста  жұмыс істеп отыр. Білім және ғылым, Ішкі істер министрліктерімен  бірлескен іс-шаралар  жоспары бекітіліп, Мәдениет және ақпарат, Сыртқы істер, Әділет министрліктерімен  бірқатар бағыттар бойынша  нақты шаралар  атқарылуда. Ұлттық академиялық кітапхана  жанынан Ассамблеяға  арналған депозитарий  ашылды.

Елбасының Ассамблеяны нығайту  бағытындағы тапсырмаларына сәйкес, тұрақты әрекет етуші Ғылыми-сараптық кеңес құрылды. Аталған  кеңес этносаралық  қатынастар саласындағы  өткір мәселелерді  ашық талқылап, сараланған, зерделенген шешім  қабылдауға мүмкіндік  береді. Кеңес жұмысына еліміздегі беделді  ғылыми-зерттеу институттарының  өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар, қоғам  қайраткерлері мен  этномәдени бірлестік  өкілдері тартылып, нақты жұмыстар атқарылуда.

Ассамблея жанынан дүниеге  келген келесі ірі  жоба  - Қоғамдық қор. Аталған Қор еліміздегі тұрақтылық пен келісімді  нығайтуға бағытталған  әр түрлі жобаларды  қаржыландырумен  айналысуды көздеп отыр. Бүгінгі таңда  Қордың тікелей қаржысына Ассамблеяның қызметі мен этносаралық қатынастар саласындағы атқарылған іс-шаралар туралы баяндайтын «Менің елім» журналы тіркеліп, алғашқы нөмірі жарыққа шығуға әзірленуде.

Елбасы  Жарлығымен Ассамблея  Төрағасының тағы екі орынбасары бекітілді.  Екеуі де этномәдени орталықтардың басшылары, А.П. Чесноков - казак, орыс және славян бірлестіктері  ассоциациясы төрағасының  орынбасары, В.З.Свинцицкий - «Қазақстан поляктары  одағы» ассоциациясының  төрағасы. Аталған  орынбасарлардың  негізгі жұмыс  бағыты - жергілікті жерлердегі этномәдени бірлестіктердің  жұмысын ұйымдастыру, қоғамдық ұйымдармен билік органдары  арасындағы ынтымақтастықты  дамыту, ұлттық саясат қағидаттарын насихаттау.

Аймақтарда  Қазақстан халқы  Ассамблеясының бастамасымен мемлекеттік саясат пен еліміздің  қоғам бірлігін нығайту  бағытындағы мақсат-міндеттерін  халыққа түсіндірумен айналысатын арнайы ақпараттық-насихат  топтары құрылып, нәтижелі еңбек етуде. Бүгінгі таңда 400-ден  астам адам ел ішінде насихаттау жұмысын  жүргізіп отыр.

ҚР  Президенті Әкімшілігінің  құрылымына кіретін  Ассамблея Хатшылығының құрамы кеңейтіліп, Бейбітшілік және келісім сарайына Алматы қаласынан

10 этномәәдени бірлестік  көшірілді. Ассамблеяның  арнайы веб-порталы  ашылып, бұл ұйым  туралы ақпарат  таратуға жаңа  мүмкіндіктер пайда  болды.

Ассамблея дүниеге келген 14 жылдан бері атқарған қызметі мен жүріп  өткен сара жолы қазақстандық этносаралық және конфессияаралық  келісім үлгісінің  әлемдік қауымдастық  алдында беделді  ұйымға айналып, ел қоғамының  құрамдас бөлігіне айналғанын көрсетті.

Қазіргі таңда бүкіл әлемді шарпыған ғаламдық дағдарыс  Қазақстанға да өз салқынын тигізіп  отыр. Халықаралық  кеңестікте жүріп  жатқан үдерістерге  көз салар болсақ, дағдарыс қаржылық, экономикалық салалармен ғана шектелмей, әлеуметтік, этносаралық және дінаралық мәселелердің ушығуына себепкер болуда.

Қазақстанның  дағдарысқа қарсы  кешенді шараларды 2007 жылы бастағаны -   Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың көрегендігі. Аталған  шаралар тек қана экономика мен  әлеуметтік салалармен қатар идеологиялық мақсатты да қамтып отыр.

Мемлекетте  қоғамдық-саяси тұрақтылық болмай, экономикалық салада жетістік болмайды деген қағиданы тарих  әлдеқашан дәлелдеген. Сондықтан Қазақстан  халқының бірлігін бұдан  әрі жетілдіру  міндеті мемлекеттік  саясаттың басым  бағытына айналып  отыр.

Елбасы  Қазақстан халқына  арнаған «Дағдарыстан - жаңару мен дамуға»  атты Жолдауында аймақтардағы жұмысты күшейтіп,  халыққа жан-жақты  жәрдем көрсетуді  қатаң тапсырды. Дағдарыс жағдайында тұрғындарға  көмек көрсету  бағытында мемлекеттік  билік орындары нақты  шараларды атқарып, халықты жұмыспен қамту, оларға әлеуметтік қолдау көрсету жұмыстарына ауқымды қаражат бөліп отыр. Дағдарысты жеңу бағдарламасының басым бағыттарының бірі аграрлық секторды қолдау, яғни әлеуметтік аз қамтылған ауыл тұрғындарын көтеру болып табылады. Аталған бағытқа мемлекет қоржынынан қомақты қаражат бөлініп, ауыл тұрғындарына нақты көмек қолы созылды.

Қазақстанның  экономикалық дамуы, этносаралық қатынастардың  әлемдік қауымдастық  тарапынан мойындалуы ең алдымен қазақ  ұлтының еншісі екендігі анық.

Елді  жұмылдырушы маңызды  фактордың бірі қазақ  халқы, оның дәстүрлік, тілдік және мәдени құндылықтары болып  табылады. Кез келген мемлекеттің бірігуінің, ортақ мақсатқа ұйысуының  негізі халықтың жаппай мемлекеттік тілді  қолдануына байланысты.

Мемлекеттік тіл мен қазақ  ұлты - Қазақстан  қоғамын жұмылдырушы  басты күш, Қазақстан  халқының тұрақтылығы  мен еліміздегі бейбітшіліктің кепілі.

Халық бірлігі - мемлекеттілік  негізі. Қоғамдық бірлікті ту етіп ұстау арқылы ғана біз алдымызға болашағы күшті, өркендеп, дамыған Қазақстан елі туралы ұлы мақсаттар қоя аламыз.

Қазақстан халықтары Ассамблеясы: мүмкіндігімізді  пайдаланып, халықты  біріктірудегі жүйені дамыту.

-Ассамблеяның XV сессия жұмысы  барысында мемлекетіміздің  Елбасы масштабты  тапсырмаларды анықтап  берді,соның ішінде, оларды жүзеге  асыруда үлкен  роль Ассамблеяға  тиесілі болды.Атап  айтқанда,ұлттық  бірліктің Доктрина  құжатын қабылдау  маңызды қажеттілік  болды,енді жобасы  сіздердің қатысуларыңызбен  қоғамдық сараптамадан  өтуі тиіс.Президент өзінің сессиядағы сөз сөйлеуінде халықтар бірлігі туралы нақты түсінік берді,осы жағдайлардың барлығы, осы жаңа маңызды құжатта анық көрінетін болады,және онымен әрбір саяси құжаттар мен заңдар санасатын болады,ал оның жағдайы ,2020 жылға дейінгі еліміздің даму Стратегиясында ескерілетін болады.

Еліміздің Президенті талқылауға ұсынған ұлттық бірлік Доктринаны жүзеге асыруда  Қазақстан халықтары  Ассамблеясының ролі ерекше.-Ұлттық бірлік Доктринасы- бұл ұлтаралық  және конфессияаралық  қатынас кешенінің  толықтай бағдарлама жиынтығы жұмысы.Ұлтаралық  келісім шамасын  нығайту туралы біздің алдымызда келесі бағыттарда бірқатар нақты тапсырмалар  тұр.Ең алдымен, , білім  және тәрбие жүйесі арқылы азаматтық  тұлғаны ,қазақстандық қоғамды мәдениеттілікке  дамыту, қазақстандықтардың мәдени заңдылығын көтеру.Маңызды  сұрақ - баспасөз беттерінде ұлтаралық және конфессияаралық  қатынастардың қатесіз  айқын жариялануы.Ұлтаралық  тематиканың баспасөз ақпарат беттерінде жарық көру Кодексі  жұмыс жасаса да,өкінішке орай,бұл сұрақтарға іс жүзінде кейбір тілшілер тарапынан  оң көзқарасты көре алмаймыз.Атыраудағы Қазақстан халықтары  Ассамблеясының ұлтаралық  қатынастарға қатысты  сұрақтармен айналысатын  білікті тілшілер мен сараптамашылар Клубын құру керектігі  жөнінде ұсыныстар  білдірдік,олар қазақстандық патриоттарды насихаттау тақырыбы сұрақтарымен айналысатын болады, облысымыздың баспасөз ақпарат құралдары арқылы адамдардың мәдениетке деген , еліміздің барлық ұлттарының дәстүріне деген сыйластығын тәрбиелеу.

Ассамблея еліміздің жалпыұлттық  халықтардың мемлекеттік  тілді игеру жүйесін  басқаруы туралы,Президентіміздің ойы айтылды.Сондай-ақ, Президент Қазақстанда  барлық ұлттардың  дәстүрлері мен ырымдарын,мәдени мирасын,ана тілдің дамуына әрі қарай  да барлық жағдайлар  жасалатын болады деп атап өтті.Орыс тілі біздің мәдениеттегі байлығымыздың бөлінбес бөлшегі болып  келді және қала береді ,білім  негізіндегі ірі  тіл ретінде,ұлтаралық  қарым-қатынастың құралы болып қала береді.Мемлекеттік  тілдің дамуы ,тілді  игермегендерді түсінбеушілікке  әкеліп соқтырмауы керек. «Азаматтардың конституциялық құқығын бұзуға жол  берілмейді»,- деді еліміздің  Президенті.

Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеялары

Қазақстан халықтарының Ассамблеясы (ҚХА) 14 облыстық және Астана мен Алматы қалаларының, жалпы 16 кіші Ассамблеялармен өзара қарым  қатынаста жұмыс істейді. Бұл  кіші Ассамблеялар ұлттық-мәдени бірлестіктердің, ардагерлер кеңестерінің, жергілікті мәслихаттардың, жастар ұйымдарының  өкілдерінен, творчестволық интеллигенцияның көрнекті қайраткерлерінен және дінбасылардан  құрылған әрі облыс әкімдерінің  жанындағы ... орган қызметін атқарады. Кіші Ассамблеяларды Астана, Алматы қалаларының  және облыс әкімдері басқарады. Олар кіші ассамблеялардың құрамын бекітеді, өз қызметтерінде Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен заңдарын, ел Президентінің  актілерін, ҚХА сессияларының шешімдерін, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Стратегиясын және ҚХА туралы Ережені  басшылыққа алады. Қазақстан халықтары  Ассамблеясының ұлттық құрамы 35 ұлт  өкілдерінен тұрады. Қазіргі кезеңде (ҚХА) құрамына 450 ұлттық мәдени орталық  кірсе, олардың 23-і республикалық  және аймақтық мәртебеге ие.

Информация о работе Бағдарламалау тілдері