Бөкей Орда

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2012 в 23:01, реферат

Описание

XIX ғасырда статистикалық комитеттердің қатысушылары: Сібір ведомствосы бойынша — М. Красовский, Орта жүз бойынша — М. Кузьминский, Бөкей Ордасыбойынша — Я. Ханыков, Бөкей Ордасы мен Кіші жүз бойынша — И. Бларамберг, Сібір ведомствосы мен Орта жүз бойынша, сондай-ақ Томск және Тобыл губерниялары мен басқа жерлерде көшіп жүретін қазақтар бойынша Ю.А. Гагемейстер арнайы айналысты.

Работа состоит из  1 файл

бөкей.docx

— 15.76 Кб (Скачать документ)

XIX ғасырда  статистикалық комитеттердің қатысушылары: Сібір ведомствосы бойынша — М. Красовский, Орта жүз бойынша — М. Кузьминский, Бөкей Ордасыбойынша — Я. Ханыков, Бөкей Ордасы мен Кіші жүз бойынша — И. Бларамберг, Сібір ведомствосы мен Орта жүз бойынша, сондай-ақ Томск және Тобыл губерниялары мен басқа жерлерде көшіп жүретін қазақтар бойынша Ю.А. Гагемейстер арнайы айналысты.[2]

Жаңадан иеленген аумақты мекендейтін  халықтың тарихы мен сол кездегі  жай-күйіне деген ынта-ықылас қазақтар туралы жалпы еңбектердің пайда  болғанын көрсетеді. С. Броневский,В. Вельяминов-Зернов, А. Гейне, В. Григорьев, И. Завалишин, Л. Мейер, И. Казанцев, Н. Зеланд, Р. Игнатьев, Н. Гродеков, П. Румянцев және тағы басқалардын еңбектері солардың қатарына жатады.[3]

Қазақтар туралы олардың тарихынан, әлеуметтік құрылымынан, тұрмысынан, рухани өмірінен, салық төлеуі мен әдет-ғұрпынан бастап алуан түрлі мәліметтер бар  жалпы еңбектермен қатар қазақ  қоғамының саяси, экономикалық, құқықтық жақтары мен мәдениеттің түрлі  тақырыптарының жекелеген мәселелерін  арнайы және тереңдетіп көрсететін еңбектер де аз емес. Олардың бір бөлігі мерзімді басылымда жарияланған, ал басылымдар ауқымы қазақ халқына деген ынта-ықыласты және ол жөнінде көбірек те кеңірек  білуге құштарлықты көрсетеді. XIX ғасырдағы  тарихнаманың тағы бір айтулы ерекшелігі Қазақстан туралы басылымдарға қазақ қоғамы өмірінің әр түрлі жақтары туралы назар аударарлық материал жариялаған қазақ зиялылары өкілдерінің тартылуы болды.

Кітаптар мен мақалалардың едәуір көп бөлігінде қазақтардың шаруашылық қызметінің негізі - көшпелі мал  шаруашылығымен айналысуы туралы айтылады. Қазақтардың шаруашылығын Мұхамед-Ғалий  Тәукиннің жан-жақты суреттеуі  ерекше ынта-ықылас туғызады. Н. Васильев Түркістан жағдайындағы көшпелі шаруашылықтың ерекшеліктері мен оның егінші қоныстанушылармен байланысын суреттеген. Ә. Бөкейхановтан, М. Шормановтан, А. Алекторовтан, В. Герннен қазақтардың тұрмысы мен мінез-құлқы, жаңа жағдайларда шаруашылықтың дәстүрлі әдістерін жүргізу қиыншылықтары және оған бейімделуге тырысушылық жөнінде қызықты сипаттамалар табамыз. А. Добросмыслов пен Ә. Диваевтыңеңбектерінде Торғай облысының мал шаруашылығы туралы бірегей материал бар.[4]

XIX ғасырдың басында қазақтар  Қазақстанның оңтүстігінде, бұрын  да егіншілік, оның үстіне суармалы  егіншілік болған Сырдария, Талас, Сарысу, Іле бойында ғана айналысып қойған жоқ, негізінен Орал, Торғай, Елек, Ор, Ертіс өзендері бойында егіншіліктің жаңа ошақтары пайда болды. М. Венюков[5]Қазақстанда болған соң «Орта және Ұлы орда» қазақтары - номадтар, бірақ көбісі Алтай, Тарбағатай, Қалба жотасы, Жоңғар және Іле Алатауы өзендерінің бойында егіншілікпен айналысады деп жазды. Егер XIX ғасырдың бірінші ширегінде егіншілікпен негізінен жатақтар, кедей егіншілер айналысса, ғасырдың ортасына қарай егіншілік, соның ішінде шөп шабу қазақ ауылының неғұрлым ауқатты топтарының да ісіне айналады, егіншіліктің ұсақ мал шаруашылығынан артықшылығы айқын бола түседі. Егіншілік пен соған байланысты проблемаларды бейнелейтін осы және басқа факторларды Т. Сейдалин, А. Алекторов, Л. Чермак және басқалар ашып көрсетеді.[6]


Информация о работе Бөкей Орда