Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2012 в 13:04, реферат
Бұрындықтың қашан дүниеге келгені белгісіз. Орта ғасырлардағы жазба деректердің үзік-үзік мәліметтеріне сүйене отырып, оның өмірінің 40-50 жылдық кезеңін қалпына келтіруге болады.
Бұрындық ханның өмірі Қазақ хандығы тарихының алғашқы дәуірімен тығыз байланысты. Сондықтан да хандық тарихындағы ірі оқиғалар мен дамулар оның өміріндегі белестер болып есептеледі. Жазба деректердің өте тапшылығына қарамастан, Бұрындық хан өмірінен бірнеше белесті айқын көруге болады.
Бұрындық хан (1480-1511 ж.ж. билік құрған) — Керей ханның үш ұлының бірі.
Бұрындықтың қашан дүниеге
келгені белгісіз. Орта ғасырлардағы
жазба деректердің үзік-үзік мәліметтеріне
сүйене отырып, оның өмірінің 40-50 жылдық
кезеңін қалпына келтіруге
Бұрындық ханның өмірі
Қазақ хандығы тарихының
Оның Қазақ хандығы құрылуының екінші кезеңдегі атқарған рөлі, бұл шамамен 1469-1472 жылдарда болған;
1472-1473 жылдардан XV ғасырдың
90 жылдарының ортасына дейін,
қазақ хандығының батыста
XV ғасырдың 90-жылдарының ортасынан
XVI ғасырдың алғашқы 10 жылдығы
ішіндегі Қасым сұлтанмен
Бұрындықтың хандықтың құрылу
үрдісіне қатынасуы 1469-73 жылдардағы оқиғалардан
көрінеді. Осы жылдары Қазақ хандығына
қатысты мынандай оқиғалар болған еді:
1469 жылы Әбілқайыр хан Моғолстанның
батыс жағындағы Қазақ
Орнына екінші ұлы Шайх-Хайдар отырады. Оның билігі туралы деректердің бәрі оң баға бермейді. «Тарихи Кипчакидің» авторы Ходжамқұлы-бек Балхи оның жеке басына мынадай сипаттама береді[1]:
Ол жұмсақ мінезді және жігерсіз адам болатын, басқару ісіне өз бетінше қадамдар жасауға қабілетсіз еді
Осыны пайдаланып Әбілқайырдың
кешегі жаулары әр тараптан жорықтар
жасай бастайды. Қазақ хандығынан
да бірнеше жорықтар жасалады. «Тауарихи
гузидан нұсрат-намадан» басқа «Шайбани
нама», «Фатх нама», «Бахр ал-асрарфи
манакиб ал ахиар» шығармаларының дерегі
бойынша «көшпелі өзбектер» мемлекетін
талқандауда қазақ хандығы
Керейден соң хандық билік Жәнібек ханға өтті. Ал Бұрындық болса ұлыс басқарып, Жәнібек ханның жарлықтарын орындап жүреді. Дәл осы жылдарда алғаш рет Бұрындық есімі «хан» деген лауазыммен жазба дерек мәліметіне енеді. Шайх-Хайдарға қарсы Қазақ хандығы тарапынан күресті басқарушы Жәнібек хан болса, ал оны іске асырушы Бұрындық болған. Бұл жөнінде дерек мәліметі былай деп баяндайды:
Жәнібек хан адамдары ішінен Бұрындық хан өз ұлысын жиып, Әбілқайыр хан ұлдарына тарпа бас салды. Олардың қарсыласуға күштері жан-жаққа бытырай қашты. Бұрындық кейін қайтқан соң, олар қайта жиналып бас қосты.
Дерек мәліметінен көріп отырғанымыздай, Бұрындық Жәнібек хан тапсырмасын орындаушы, жорықтың мақсаты — Дешті Қыпшақтағы шайбанилық сұлтандарды жою болған. Жорық біршама сәтті аяқталғанымен, негізгі түпкі мақсат орындалмаған секілді. Бұрындықтың кері оралуымен, бас сауғалап қашқан Әбілқайыр ұлдары қайта жиналады. Соған қарамастан Бұрындықтың бұл жорығы оны тарихта қалдырады. Сөйтіп ол Қазақ хандығының құрылу кезеңіне, әсіресе оның екінші кезеңіне өз үлесін қосады.
Бұрындық ханның қазақ
тарихында аты жарқырап көрінген
тұсы — XV ғасырдың 70-90 жылдары болды.
Бұл жылдар қазақ хандығы үшін
күшею, нығаю және қазақ халқының
этникалық территориясын
Сыр өңірі үшін болған күрес жылдары Қазақ хандығын Бұрындық хан билеп тұрды. Жәнібек ханның қашан қайтыс болып, Бұрындықтың қай жылдардан бастап билік құра бастағаны белгісіз. Ол туралы ешбір дерек жазбаған.
Сыр бойы деп отырғанымыз
— Сырдария өзенінің орта ағысы
бойындағы жерлер. XIV-XVI ғ.ғ. жазба
деректер өңірді Түркістан аймағы деп
атайды. Аймақ — ХІ ғасырдан бері
Дешті Қыпшақтың ажырамас, құрамдас
бөлігі және онымен бірге біртұтас
шаруашылық, мәдени, этникалық, діни, тілдік
кеңістікті құраған. Тек кей тарихи
кезеңдерде Сыр өңірі саяси жағынан
Мауреннахрға уақытша қарады. Дешті
Қыпшақ пен Мауреннахр билеушілері
арасындағы XI-XV ғ.ғ. қарым-қатынастың негізгі
нысаны Түркістан аймағы болып саналады.
Дәлелді болуы үшін ХІ-ХІІ ғасырлардағы
қыпшақ хандығы мен Хорезм мемлекеті,
ХІІІ ғасырдағы Орда Ежен ұлысы мен
Шағатай ұлысы, Орыс хан мен Ақсақ
Темір, Тоқтамыс хан мен Ақсақ
Темір, Барақ хан мен Ұлығбек,
Әбілқайыр хан мен Ақсақ Темір
ұрпақтары арасындағы саяси қатынастарды
айтсақ та жетіп жатыр. Саяси қатынастар
Қазақ хандығы құрылғаннан
Сыр бойы үшін жүргізілген күрестің себебін айттық, ал басталуына түрткі болған оқиғаға Әбілқайыр ханның немересі Мұхамед Шайбани ханның Мауреннахрдың қол астындағы Түркістан аймағына келіп бекінуі болды. Осы жылдары өзара феодалдық соғыстарды бастан өткеріп жатқан Мауреннахр билеушілерінде Түркістан аймағын қорғайтындай күш жоқ болатын. Сондықтан оларға Қазақ хандығының негізгі жауы — шайбанилық сұлтандарды қазақтарға қарсы қою өте тиімді еді.
Қазақ хандығы Мауреннахр билеушілерінің бұл әрекетіне бірден қарсы шығады. Қыс мезгіліне қарамастан Бұрындық хан бастаған қазақ әскерлері Мұхаммед Шайбани хан бекінген Сығанақ, Сауран және Созақ өңірлерінде ұрысқа түседі. Бірнеше рет болған ұрыстарда жеңіген Шайбани хан қашуға мәжбүр болады. Аймақтың басқа да өңірлерінен айырылу қаупін сезген аймақтың әкімі Мұхаммед Мазид-тархан Шайбани ханды Самарқанға кетуге көндіреді. Осылайша күрестің алғашқы кезеңі Қазақ хандығы үшін сәтті басталып, аймақтың солтүстік өңірлері Қазақ хандығына өтеді. Орны келгенде айта кету керек, бүкіл хандықты Бұрындық басқарып, алғашқы жеңістерге қол жеткізілсе де, деректерде атап өтілгеніндей, Жәнібек хан ұлдары Қасым, Жиренше, Махмұд сұлтандар ерекше көзге түседі. Бұл ұрыстар шамамен алғанда, 1470- жылдардың ортасында өтеді.
Ал XV ғасырдың 80-жылдарында Шайбани мен Мауреннахр, билеушілеріне арқа сүйеп, аймаққа тағы да еніп, солтүстік өңірді басып алады. Бұрындық хан және Жәнібек хан ұлдарының қарсы қолданған әрекеттері нәтижесінде Әбілқайыр ханның немересі Түркістан аймағынан кетуге мәжбүр болады. Ал қазақ хандығы болса аймақтың солтүстік өңірін қорғап қана қоймай, аймақтың орталық және оңтүстік өңірлерінде өз ықпалын күшейте бастайды. Негізінен аймақта Жәнібек ханның 9 ұлының ықпал-әсері өседі. Олардың ұлыстары кеңейіп, қалалар мен жақсы қысқы жайылымдар солардың иелігіне көшеді.
XV ғасырдың 90-жылдарында Бұрындық
хан мен Жәнібек хан ұлдары
арасында қайшылықтар туа
Сонымен бірге Бұрындық хан
мен Жәнібек хан екеуі
XVI ғасырдың алғашқы 10 жылдығында
Бұрындық хан өміріне
Қазақ хандығының құрылуы кезінде белсене араласып, одан кейінгі кезеңдерде хандықтың күшеюіне өз үлесін қосқан Бұрындық хан XVI ғасырдың алғашқы жылдарында үлкен, мемлекеттік дәрежеде көрегендік көрсете алмайды. Елдік мүддеден жеке, тар мүддеге көшу оның беделін түсіртті, атақ-абыройын жоғалтты. Бұрындық ханның тағдыры әркімге де тарихи сабақ бола алады.