Біздің еліміз осындай

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 19:46, сочинение

Описание

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер.
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір – бірін өпкен жер.
Сарылып сал – сері кеткен жер,
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер – деп М.Мақатаев жырлағандай, елі үшін ат жалында түн қатқан батырлардың, от ауыз орақ тілді ақындардың және әділ би – шешендердің мекені болған қазақ жері - менің атамекенім. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.

Работа состоит из  1 файл

Біздің еліміз осындай.docx

— 130.25 Кб (Скачать документ)
 
 
 

                                                                      Астана қаласы

  Райымбек батыр  атындағы 

№50  «Қазғарыш» мектеп-лицейінің 

8 «Б» сынып   оқушысы 

Жарылқасын  Айдана

         
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                              Астана -  2011 ж

Біздің  еліміз осындай

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!

Батырлар  дүрілдеп өткен жер.

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,

Ғашықтар  бір – бірін өпкен жер.

Сарылып сал – сері кеткен жер,

Бас иіп, иіскеп топырағын,

Тағзым  жасамай өтпеңдер – деп М.Мақатаев жырлағандай, елі үшін ат жалында  түн қатқан батырлардың, от ауыз орақ тілді ақындардың және әділ би – шешендердің мекені болған қазақ жері - менің атамекенім.            Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.

       Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығында орналасқан. Қазақстанның бүкіл аумағы шығыс жартышарда солтүстіктен оңтүстікке дейін 1700 километрге, ал батыстан  шығысқа қарай 3000 километрге созылады, көлемі 2.7 мың километр болатын аумақта орналасқан. Қазақстан солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Қырғыстан, Өзбекстан және Түрікменстанмен шектеседі. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 12000 шақырымнан асады. Жер көлемі боынша дүние жүзінде тоғызыншы орында, ал ТМД елдерінің ішінде Ресейден кейінгі екінші орында. Біздің осы байтақ жерімізде сан-алуан түрлі пайдалы қазбалардың көп қоры бар.Сонымен қатар біздің Қазақстан өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне өте бай.

      Еліміз өз тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Бірақ біздің еліміз өз егемендігіне оп-оңай жеткен жоқ.  Тарихымызды оқып қарасақ, қазақ халқы небір зұлмат кезеңдерді, небір қасіретті, қайғылы жылдарды басынан өткерген. Халқымыздың тәуелсіздік жолындағы кешкен қиындықтары мен ашаршылық жылдары әлі де ұмытылмай, қазақ халқының жүрегіне дақ салды. Қанқұйлы Жоңғар шапқыншылығы кезінде халықтың басын біріктіре білген Жәңгір, Әз Тәуке, Абылай сынды хандарымыз бен Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Қарасай сияқты батырларымыз, Төле, Қазыбек, Әйтекедей дана билеріміздің басшылығымен халқымыз жауларын талқандап, тәуелсіздігін сақтап қалды. 

       Алайда, Қазақстан жетпіс жыл бойы Ресей Империясының бұғауында болды. Қызыл Империя қазақ халқын әлсіретіп, салт-дәстүр, мәдениетін жойып, қазақ мектептерін жауып, халқымызға қысым көрсетті. 1932 жылы болған ашаршылықтың кесірінен халқымыздың саны азайды.  Одан соң 1941-1945 жылдар аралығында болған Ұлы Отан соғысы кезінде қазақ батырлары оққа кеудесін тосып, қасық қаны қалғанша Отанын қорғады. Осылай Отанын қорғаған батыр аға - әпкелеріміздің арқасында сол кездегі Кеңес одағы жеңіске жетті.  Кейіннен 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасы Қызыл империяның іргесін сөгіп, Тәуелсіздікке жол салып берді. Қазақ халқының намысы үшін Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова сынды батыл да батыр аға-әпкелеріміз біздің болашағымыз үшін қыршындарынан қиылды. Ата-баба аманатын орындаған батырларымыз ел есінде. Олардың ерліктері ешқашан да, ешуақытта да ұмытылмайды.

     Ендігі  ел Тәуелсіздігін берік ұстау  болашақ ұрпақ, яғни біздің қолымызда.

        Қазақстан Республикасының Конституциясы  1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Мемлекетіміздің  Конституциясында Қазақстан Республикасы  басқа мемлекеттермен арадағы  қарым-қатынасын өз бетінше анықтап,  бүкіл аумақта өз билігін жүргізе  алатыны туралы айтылған. Өте  қысқа мерзім ішінде еліміз  әлемдік қауымдастықтан лайықты  орын алды.  Қазіргі уақытта  Қазақстан әлемнің 100-ден астам  мемлекеттерімен достық қатынас  орнатқан. 1992 жылдың мамыр айында  Қазақстан жер бетіндегі бейбітшілік  пен қауіпсіздікті қамтамасыз  ету мақсатында Ұжымдық қауіпсіздік  жөніндегі келісім шартқа қол  қойды. 

          Еліміміздегі мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Қазақ тілі - өте бай тіл. Оның сөздік қоры түпсіз терең. Қазақстанда 130-дан оса ұлт өкілдері тату – тәтті өмір сүруде. Елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері Қазақстан Республикасының біртұтас халқын құрайды. Барлық азаматтар ұлтына, тегіне қарамастан, тең құқықтар мен бостандықтарға ие. Осы ұлттың бәрі бір шаңырақтың астында бір отпасындай ынтымағы жарасып тұрып жатыр.Олардың бәрі өз тілінде сөлейді. Бірақ олар қазақ тілін білуге міндетті.

        Еліміз биыл ,  яғни 2011жылы өз тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтеді. Осы аздаған уақыттың ішінде Қазақстан көптеген жетістіктерге жетті. Оның бір дәлелі 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі және 2011 жылдың қаңтарында болып өткен жетінші қысқы Азия ойындары. Азиада Астана және Алматы қалаларында болды. Біздің спортшылар 32 алтын иеленіп, басқа елдерді басып озды. Спортшыларымыз басқа елдерді жеңгенде менің бойымда ерекше мақтаныш сезімі оянды.

        Елміздің ірі оқиғалардың куәсі болып, басқа елдермен тереземіздің теңесуі біздің алғашқы президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  саясаты мен қазағымның парасаттылығы мен кең пейілділігінде және бірлігінде деп білемін.

         «Біз қазақ деген – бір ұяның  балапаны едік, сұңқар болып жетіліп,  самғап ұшайық. Біз қазақ деген – бір тоғайдың ағашы едік, орман болып жайқалып, жасылданайық. Біз қазақ деген – бір биенің құлыны едік, тұлпар болып жетіліп, бәйгеден озайық» - деп Әйтеке би айтқандай, бірлігіміз жарасып, ел тәуелсіздігін сақтау үшін аянбай қызмет етуіміз керек.

       Енді біздің болашағымыз айқын.  Біз еліміздің қарыштап дамуына,  дамыған елдердің қатарына қосылуына  аянбай қызмет етуіміз керек.  «Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан!» - деп ұлы  Абай атамыз айтып кеткендей, мен де осы елдің үміт артқан ұрпақтарының бірі ретінде жақсы оқып, одан соң еліміз үшін маңызды мамандық иесі атанып, еліміздің даму жолындағы бір кірпіші болып қалану жолында жатпай тұрмай білім алып, еңбектенемін.

        Осындай тәуелсіз елдің бақытты  ұрпағының бірі болу мен үшін  үлкен мақтаныш, зор мәртебе!!!

Информация о работе Біздің еліміз осындай