Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 20:23, реферат
Отызыншы жылдары Батыс Еуропада тағы бір тоталитарлық мемлекет фашистік Германия күшейді. Фашситердің басқыншылық саясаты әлемде екі әскери-саяси блоктың құрылуына алып келді. Кеңес Одағы болса Шығыс Еуропада орналасқан Финляндия, Литва, Латвия, Эстония, Польша, Румыния сияқты елдерге агрессиясын жасады. 1939 жылы КСРО мен Германия арсындағы жасалған келісім Германияның Польшаны Польшаны басып алып, Екінші дүниежүзілік соғыс басталуына әкелді. Ал 1941 жылы 22 маусымда Гитлердің Кеңес Одағына соғыс айтпастан ашты.
Екінші дүниежүзілік соғыс
Отызыншы жылдары Батыс
Қазақстан басқа кеңестік республикалар
сияқты өздігінше жеке саясат жүргізе
алмады. Сол себепті КСРО құрамында соғысқа
қатысты.
Қазақстандықтар соғыста. Фашистік Германияның
Қазақстанға тиісті саясаты екіжүзді
болды. Олар жеңген жағдайда Орта Азия
мен Оңтүстік Қазақстан жерінде ГросТуркестан
рейхскомиссариатын құруды жоспарлады.
Ал орталық, солтүстік және солтүстік-шығыс
облыстарды Қарағанды, Новосібір және
Кузнецк «индустралды облыстарына» қосып
ол жаққа украин, белорус, поляк, венгр
сияқты Шығыс Еуропа халықтарын қоныстандырмақшы
болды. Бірақ фашистер жеңілістерге ұшырай
бастағаннан кейін, Мәскеуді жеңу үшін
орыс емес халықтарға өзін өзі басқаруды
уәде етті. Сонда да олардың жоспарлары
жүзеге аспады. Сталин жаны қысылғаннан
казармалық социалимнен уақытша бас тартып,
халықты отаншылдық сезімге бет бұруды
қолға алды. Дінге қарсы саясат қатты қарқынынан
қайтты. 1943 жылы Ташкентте мұсылмандардың
Орталық басқармасы ашылып, мүфти сайланды.
Барлық әдеби және көркем дүниелер патриоттық
және отансүйгіштік рухта жазылды. Ұлт-азфттық
көтерілістер мен батырлар оқылып, насихаттала
бастады.
Кеңес Армиясы қатарына 1 млн. 200 мың қазақстандық
шақырылып, олардан 20 атқыштар дивизиясы
мен басқадай әскери құрамалар жасақталды.
Олардың ішінде 328, 310, 312, 314, 316, 387, 391, 8, 29,
102, 405 атқыштар дивизиялары, 100 және 101 ұлттық,
81, 105, 106 кавалериялық дивизиялары, 74 және
75 теңіз бригадалары, 209 Зайсандық, 219 минометтік,
85 зениттік, 662, 991 және 992 авиациялық полктер
ерекше көзге түсті. Асқан ерлік көрсеткен
316 дивизия 8-ші гвардиялық дивизияға, 328-ші
- 30-шы гвардиялық дивизияға, 75-ші теңіз
бригадасы 27-ші гвардиялық дивизияға айналды.
Майданға 14,1 мың жүк және жеңіл автомбилі,
1,5 мың шынжыр табанды трактор, 110,4 мың
ат пен 16,2 мың арба жөнелтілді.
Әскери ерліктері үшін бірнеше жүздген
мың қазақстандықтар ордендер мен медальдармен,
марапатталса, 500 қазақстандық Кеңес Одағының
Батыры атағын алды. Оларды ішінде Шығыстан
шыққан қос жұлдыз Әлия Молдағұлова мен
Мәншүк Мәметова бар еді. Төрт қазақстандық
хас батыр Т. Бигельдинов, С. Луганский,
И. Павлов және Л. Беда екі мәрте Кеңес
Одағының Батыры атағын алды. Даңқты командир
Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының Батыры
атағы соғыстан кейін берілді. Рейхстаг
қабырғасына ең бірінші болып Жеңіс туын
Рахымжан Қошқарбаев тікті. Көптеген қазақстандықтар
жау тылында партизан құрамаларында шайқасты.
Соғыс кезіндегі Түркістан легионы туралы
айтпау мүмкін емес. Соғыстың бас кезінде
жүздеген мың кеңестік жауынгерлер тұтқынға
түсті. Олардың ішінде көптеген қазақ,
өзбек, қырғыз және басқа түркі тектес
халықтарының өкілдері фашистік концлагерьлерде
қайтыс болды. Қалған аман қалғандарынан
фашистер бірнеше батальоннан тұратын
Түркістан легионын құрғанмен, оларды
пайдалана алмады. Олар қолдарына қару
тиісімен қарсы жаққа, яғни Кеңес Армиясына
қайта өтті немесе партизан жасақтарына
қосылды. Нәтижесінде легион тарап тынды.
Cоғыс кезіндегі Қазақстан экономикасы.
КСРО-ның батыс аймақтары гитлерлік Германия
басып алғаннан кейін Қазақстан мен Сібірдің
ел үшін экономикалық маңызы өте артты.
Алғашқы айларда өкімет бірқатар өндіріс
орындарын көшіріп үлгерді. Қысқа уақыт
ішінде батыс территориялардан Қазақстан
жеріне 142 кәсіпорын мен 532 506 адам көшірілді.
Жаңадан салынып жатқан өнеркәсіп орындары
қузатылып қосылды.
Соғыстың алғашқы бір жарым жылында Қазақстанда
25 рудник пен шахта, 11қара және түсті металлургиялық
байыту фабрикасы, 19 жаңа көмір шахтасы,
3 разрез, Гурьевте 4 жаңа мұнай кәсіпорыны
мен мұнай өңдеу зауыты іске қосылды.
Темір жол құрылысы жүріп жатты. 1942-1943
жылдары Мақат - Орск және Ақмола – Магнитогорск
темір жолдары салынып бітті. Соғыс жылдары
республикамыз жалпы Одақ бойынша мыс
өндірудің 30% -ын, марганец рудасын өндірудің
60%-ын, мыс рудасын өндірудің 50%-ын, металл
висмут 65%-ын, полиметалл рудасын өндірудің
70%-ын және қорғасын өндірудің 85%-ын берді.
Республикада ұшақ пен танк жасауға ақша
жинау науқаны басталды. 1941 жылғы күзде
ВЛКСМ атындағы танк колоннасын жасауға
ақша жинала бастады. Осының нәтижесінде
1942 жылы армия қазақстандық комсомолдардан
45 су жаңа танкпен толықты.
1942-1943 жылдары халықтан жиналған ақшаға
тағы он танк колоннасы, бірнеше әуе эскадрилиясы,
торпедолық катер мен ұшақ жасалды. Жалпы
соғыс жылдарында қазақстандықтар әскери
техника жасауға 480,3 млн. сом ақша берді.
Соғыс кезінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы
30,8 млн. пұт астық,14,4 млн. пұт картоп пен
көкөніс,15,8 млн. пұт ет 3194 мың центнер сүт,
17,6 мың центнер жүн, яғни соғыстан бұрынғы
бесжылдықтан көп берді.
Бұл жетістіктердің барлығы қиындықпен
келді. Еңбекке жарамды ерлердің жалпы
барлығы майданға аттанды. Әйелдердің
өнеркәсіптегі үлес салмағы 50%-дан, ал
жеңіл және тамақ өнеркәсібінде 80-90%-ды
құрады. Жасөспірімдер мен армияға дейінгі
жастағы жастардың үлес салмағы жалпы
Қазақстан бойынша жұмысшылардың 35-40%-ын
құрады. Еңбек тәртібі күшейтіліп, жұмыс
күні ұзартылды және кадрлардың тұрақты
жұмыс істеуі талап етілді. 6 күндік жұмыс
аптасында 11 сағат жұмыс істеу міндеттіліп,
еңбек демалысы алынып тасталды. Еңбек
тәртібі мен жұмыстан кетіп қалу 3-тен
5 жылға дейін соттап, түрмеге жабумен
жазаланды.
Экономиканы басқару әскери жүйеге көшірілді.
Өкілдер институты енгізіліп, азық-түлік
тарату карточка жүйесіне ауыстырылды.
Қазақстандағы жұмыс күшінің негізгі
бөлігін арнайы жер аударылғандар еді.
Олардан саны 700 мыңнан асатын Еңбек Армиясы
жасақталды. Оның 200 мыңы қазақтар болды.
1941 жылғы күзде ақылға симайтын фашистерге
жақтас деген айыптаумен Поволжьеден
361 мың неміс Қазақстанға жер аударылды.
Ал 1943-1944 жылдары республикамызға 507 мың
балқар, қарашай, ингуш және шешен, 110 мың
месхетиялық түріктер мен 180 мың қырымдық
татарлар күштеп көшіріліп әкелінді. Олардың
ондаған мыңы алғашқы кезде аштық пен
аурудан көз жұмды. Ал аман қалғандары
Еңбек Армиясына алынды. Оларға тұратын
жерлерінен икетуге тиым салынды, осы
ережені бұзса 20 жылға каторгалық жұмысқа
айдалды. Үлкен экономикалық қиындықтарға
қарамастан Қазақстан КСРО-ның Екінші
дүниежүзілік соғыстағы жеңісіне үлкен
үлес қосты.
Қазақстан Республикасының тарихы атты
сайт материалдарынан.
Қазақстан Екінші дүниежүзілік және
Ұлы Отан соғыстары жылдарында
1 қыркүйек 1939 жыл – 2 қыркүйек 1945 жыл–
Екінші дүниежүзілік соғыс
22 маусым 1941 жыл– 9 мамыр 1945 жыл – Ұлы Отан
соғысы
22 шілде 1941 жыл – генерал Семенченко К.
алғашқылардың қатарында Кеңес Одағының
Батыры атағын алды.
16 қараша 1941жыл – Мәскеу түбіндегі Дубосеково
разъезінде 28 панфиловшы батыр жанқиярлықпен
шайқасып жауды астанаға жібермеді.
18қараша 1941жыл генерал И.Панфилов Мәскеу
түбінде қаза тапты.
1941 жылғы қазанда Мәскеу түбінде Бауыржан
Момышұлы командирі болған батальон ерліктің
үлкен үлгілерін көрсетті.
осенью 1942 жылғы күз – Каспий теңізі бассейнінде
әскери жағдай енгізілді.
1942 жылғы қазанда Орал қаласы Майдан аймағына
кіргізілді.
1942 жылғы желтоқсанда – Нүркен Әбдіров
Сталинград түбінде Гастелло ерлігін
қайталады.
1942 жыл - Қазақстан жалпы қорғасынның 85%-ын
берді.
1942 жыл – халықтың 55%-ы нанмен мемлекеттік
қамтамасыз етуде болды. в 1942 жыл – Ембі
мен «Ақтөбемұнай» мұнайды ең көп өндірген
жыл. в апреле 1942 жыл көкек – Мемлекеттік
Қорғаныс комитеті Қарағанды металлургиялық
зауытын салу туралы шешім қабылдады.
1943 жыл қыркүйек – Оңтүстік Қазақстанның
жастары «Қазақстан комсомолы» сүңгуір
қайығын жасау туралы ұсыныс тастады.
1943 жыл қазанда Әбу Досмұхаметовке гаранатамен
бірге танкке атылып жойғаны үшін Кеңес
Одағының Батыры атағы берілді
1945 жыл 10 тамызда Жапониямен соғыста Михаил
Янко Гастелло ерлігін қайталады.
Соғыс жылдарында 3,5 қазақстандық партизан
жасақтарында шайқасты. Әрбір беісінші
қазақстандық, яғни 1 млн. 200 мың адам соғысқа
қатысып, олардың жартысы майданнан оралмады.
№ 95 орта мектеп сайтынан алынды.