Еуразия туралы ашулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 21:13, реферат

Описание

Тарихи әдебиетте Ұлы даланы тұтас бірдеңе деп қарау,көшпелілердің бәрін бірдей етіп бейнелеу әдетке айналған.Л.Н. Гумилевтің трактаты да мұндай ойдың сау-тамтығын қалдырмайды.Даланың өз тарихы болған, өзінің шымшытырық шиеленісі мен толыққандығы жағынан бұл тарих, мәселен Европа мен Таяу Шығыс тарихынан әсте кем емес.Өзінің даму барысында көшпелі халықтар қоғам мен мәдениеттің қолтума байырғы типін жасады,олар мүлде тоқырап қалған тұрпайы бірдеңе емес.Әрбір көшпелі халықтың қайталанбас бет-бейнесі, өзіне ғана тән түр-пішіні болған,Гумилев соны дәлелдеп шығарды.

Содержание

1.Кіріспе
2.Ғұндар туралы
3.Қосымша мәлімет
4.Көне түркілер туралы
5.Көне түркілер және жалпы көшпенділердің Мәдени және экономикалық байланыстары

Работа состоит из  1 файл

реферат китай история.doc

— 90.00 Кб (Скачать документ)

Көне түркілердің көрші  елдермен мәдени және экономикалық тығыз  байланыста болғаны тарихтан белгілі. Ол туралы Альфред Вебер: “Орта Азиядан шыққан көшпелі халықтар Қытай, Үнді және Батыс елдеріне баса көктеп еніп (жылқымен) жоғарыдағы үш атырапқа да ықпал етті. Ат үстіндегі көшпелі халықтар дүниенің кеңдігін таныды. Қиын-қыстау тіршілікпен қауіп-қатерлі мол жорықтар арқылы дүниенің жалғандығын түсінді. Ол үстем нәсіл ретінде дүниеге ерлік пен трагедиялық сананы орнықтырып, оны эпос түрінде паш етті” дейді. Орта Азия мәдениеті мен Үндістанды байланыстырған ертедегі жол туралы ғалым Т.Алмас: “... 8 мың жыл бұрын Тарим оазисінен «Ладак жолымен» көшкен ертедегі түркілер Солтүстік Үндістанға келіп, дравидий мәдениеті тұрғындарымен қарым-қатынасқа түсті” дейді. Оның дәлелі ретінде XX ғасырдың 20-жылдары Пакистанның Пенджаб және Синди штаттарында археологиялық қазба жүргізгенде табылған басындағы шашын лентамен байлаған ортаазиялық түркі типінің мүсінін келтіреді . Ертедегі Орта Азия мен Үнді мәдениеті арасындағы байланысқа жататын құшанның синкретикалық мәдениеті туралы Б.А.Литвинский былай дейді: “...көне тохар миграциясының характері мен бағытының түпкілікті қорытындысы әртүрлі ғылымдар саласындағы деректерге сүйеніп шешілетін болғандықтан, оның шешімін айтпай тұрып, көнетохар-фин-угор және жалпытохар-көнетүркі байланыстары Орта Азияның солтүстігі және оған іргелес жатқан солтүстік және шығыс облыстары арқылы жүргенін көреміз. Бұл аймақтарда б.д.д. I мыңжылдықтағы “скиф-еуропа” байланыстарына – оның ішінде “жануарлар стиліне” таралу жолдарына анықтама беретін “скифтердің” көптеген археологиялық іздерін көреміз. Ол көнетүркі тайпалары мәдениетінің таралу ареалының айғағы. Көне түркі тайпалары мен Солтүстік Үндістан тайпаларының арасындағы мәдени байланыстарды Пакистанның Қарақорым аймағынан табылған жартастағы суреттерден байқауға болады. Қарақорым жартастарындағы суреттер цивилизациялар мәдениеті және діни дәстүрлермен қатар, Азияның ұлан байтақ аймағындағы саяси және тарихи өзгерістердің айналымына (калейдоскопичность) дәлел. Ондағы Күнге табынуға арналған көптеген петроглифтер Тамғалыдағы, Жетісудағы, Ферғана даласындағы, Шығыс Түркістандағы жартастағы суреттерге ұқсас. Еуразия даласы б.д.д. II мыңжылдықта “дала қоласы мәдениетінің” дәуірі болды. Қарғалы рудниктерін зерттеген археолог Е.Черных: “Қола дәуірі Қарғалыдан басталады” дейді. Онда екі мың жыл бойы үздіксіз мыс өндірілген. Жезқазған аймағында 100 мың тоннадай мыс өндірілген. Орталық Қазақстанда 15 мың тонна таза қола өндіруге жететін 130 тонна қалайы өндіріліп, Орталық Қазақстан тау-кен металлургиясының орталығына айналды. “Б.д.д. ІІ мыңжылдығында Қазақстан Еуразиядағы дала қоласының негізгі мәдениеті орталықтарының біріне айналып, онда өндірістегі құрал ретінде қола алуға қажетті, құрамында мыс, қорғасын, қалайы бар полиметалдық рудаларды пайдаланды”. Ол кездегі малшаруашылығы мен жер өңдеу мәдениетінің арақатынасы әр жерде әртүрлі, кейбір жерлерде аралас болды. Бірақ, жалпы көшпенділік болған жоқ. Сонымен қатар, көптеген дала мәдениеттерінде малшаруашылығы экстенсивтік формаға ерте ауысты. Қола, тіпті энеолит дәуірінің кезінде дала тұрғындары әртүрлі жайылымдарды меңгеріп қана қойған жоқ, сонымен қатар, далаға тереңдеп кірді. Жайық пен Еділдің арасында, өзендерден 15-90 шақырымға дейінгі қашықтықта сол кездегі табылған молаларда ерлермен бірге әйелдер, балалар да жерленген. Өгізге немесе атқа жегетін арбаның пайда болуы қола дәуіріндегі малшылардың даланы меңгеруіне себеп болып, осы көліктер б.д.д. IV-III мыңжылдықтарда олардың көшіп-қонуын жеңілдетті. Көшпенділік дәуірдің алғашқы кезінде аттың жүгенін, соңынан қылышты ойлап тапқан да Ұлы даладағы тайпалар немесе тұрандықтар. Екі аяқты соғыс арбасының да Ұлы далада пайда болғаны белгілі. Енисейдегі, Қаратаудағы, Таңбалы шатқалындағы, Алтайдағы петроглифтер екі аяқты соғыс арбасы мен садақтың алғаш рет сол жерде тұрған тайпаларда пайда болғанын дәлелдейді. Шығыс Еуропада малшаруашылығының іздері б. д. д. III мыңжылдықта тек кельтиминар мәдениетінің жоғарғы қабатында ғана көрінед. Орта Азияның солтүстігіндегі далада өндіретін шаруашылық б.д.д. III мыңжылдықтың екінші жартысында пайда болды. Одан шығысқа қарай, Оңтүстік Сібірде өндіретін шаруашылық б.д.д. III мыңжылдықтың екінші жартысында афанасьев мәдениеті кезінде пайда болды. Өндіріс шаруашылығының әртүрлі нұсқалары (варианттары) Еуразия даласында тек қола дәуірінде, яғни б.д.д. III мыңжылдықтың екінші жартысы мен II мыңжылдықта түгел қалыптасып болды. Б.д.д. V-IV мыңжылдықтарда Шығыс еуропаның оңтүстігінде мүйізді ірі қара, қой-ешкі мен жылқы қолға үйретілген. Еуропа даласының кейбір аймақтары, Жайық пен Еділдің арасында б.д.д. IV-III мыңжылдықтарда малшаруашылығының үлесі жер өңдеуден басым болды. Неолит пен қола дәуірінде малшаруашылығы Орталық және Батыс Еуропаның әртүрлі облыстарына тарады, бірақ олар әлі нағыз көшпенділер емес еді. Остеологиялық материалдар бойынша неолит, энеолит және қола дәуірінде Еуразия даласындағы мал түрі құрамының өзгерісі және соңынан осы аймақта көшпенділерге тән болған әр түрдің процестік арақатынасындағы өзгеру бағыты байқалмайды. Археологиялық қазбаларда табылған, ұзақ уақыт тұрақ болған мекендер де сол кезде көшпенді малшаруашылығы болмағанының дәлелі. Сонымен қатар, салт атсыз еуразияның көшпенділерін елестету мүмкін емес. Үй жылқысы Қара теңіз бен Донның аралығында б.д.д. IV мыңжылдықта пайда болды. Орманды даладағы Дереивка мекені мен Төменгі Дон даласындағы үй жануарларының остеологиялық қалдықтарының ішіндегі жылқы сүйегінің үлесі 80 пайызға жетеді. Ол туралы академик В.И.Цалкин, “мал тарихындағы, ең алғашқы жылқылар” деп жазды. Ең алғаш жылқыны жегуге, содан кейін ғана салт мінуге үйреткен болуы керек. Бірақ көптеген ғалымдар оған қарсы пікір айтады. Шығыс еуропа даласында жылқыны арбаға жегуді б.д.д. III мыңжылдықтан бұрын білмесе де, оған салт мінуді білген. Ол кезде жылқының ер-тұрман әбзелі болған жоқ, болса да өте қарапайым, өте жұпыны болар. Таяу Азияда б.д.д. III мыңжылдықта аттың үстінде адам жүген мен ерсіз, жайдақ отырған суреттер бар. Қалай болғанда да ол кездегі салтаттының мүмкіндігі мал бағудан аспады. Қазіргі деректерге сүйенсек, атқа салт мінудің кеңінен тарауы б.д.д. III мыңж. екінші жартысы мен II мыңж. басы болды. Бұл кезеңде үндіирандықтар угро-финдердің тарихи отаны Орал тауының оңтүстік даласында болғаны белгілі. Оған Аркаим, Синташта т.б. қорымдардағы археологиялық деректер дәлел. Б.д.д. II-I мыңжылдықтар арасында Ұлы далада қуаңшылық басталғанда, олардың көшпенді өмір сүруге бейімделген шығыстағы бөлігі – арийлер мал бағумен айналысты. Олардың б.д.д. II мыңжылдықтың аяғы мен I мыңжылдықта Кіндік Азия, Иран және Үндістанға баруын осы көшпенді малшылардың көшіп-қонуымен түсіндіре аламыз. Ол жазба деректерде сақталмағанымен, археологиялық қазбалардан жақсы көрінеді. Ондай көшіп-қонудың себептері әртүрлі: халықтың өсуі, тұрақты көшу арқылы алмастырылып тұрмағандықтан жайылымның тарылуы (линвистикалық материалдар үндіеуропалықтардың о дүние туралы көзқарасын жайылым – жайлау мағынасына реконструкциялай алады)72 немесе құнарлы жерлер алуға ұмтылу. Б.д.д. III-II мыңжылдықтарда көшпенді малшаруашылығында: мал түрінің тиісті құрамы, малшаруашылығының экстенсивті формасы мен ұзақ қашықтыққа жүру тәжірибесі, сүтшаруашылығы, арбаны көлік ретінде пайдалану және атқа салт мініп жүру Шығыс Еуропа мен Ұлы далада қалыптасты. Оны Страбонның “Аравияда жылқы жоқ, олар жылқы орнына түйеге мінеді” дегенінен де көреміз). Көшпенділердің адамзат өркениетін дамытудағы рөлі туралы Л.Гумилев: “Неправильно думать, что в кочевом обществе невозможен технический прогресс. Кочевники вообще, а хунны в частности, изобрели такие предметы, которые ныне вошли в обиход всего человечества как нечто неотъемлемое от человека. Такой вид одежды, как штаны, без которых современному европейцу невозможно представить себе мужской пол, изобретены кочевниками еще в глубокой древности. Стремя впервые появилось в Центральной азии между 200 и 400 гг. Первая кочевая повозка на деревянных обрубках сменилась сначала коляской на высоких колесах, а потом вьюком, что позволило кочевникам форсировать горные, поросшие лесом хребты. Кочевниками были изобретены изогнутая сабля, вытеснившая тяжелый прямой меч. Усовершенствованный ими длинный составной лук, метал стрелы на расстояние до 700 м. Наконец, круглая юрта в то время считалась наиболее совершенным видом жилища. Не только в материальной культуре, но также и в духовной кочевники не отставали от оседлых соседей, хотя литература их была устной. Конечно, было бы нелепо искать у хуннов научные теории: их даже греки заимствовали у древних вавилонян. Кочевники создали два жанра сказаний: богатырскую сказку и демонологическую новеллу. И то и другое было ближе к мифологии, нежели к литературе в нашем смысле слова, но они этим способом воспринимали действительность и выражали свои чувства. Иными словами: мифология несла у них те же функции, что у нас литература. Подобным образом, т.е. непохожие на нас, кочевники воспринимали и историю. Она представлялась им в виде развернутой генеалогии рода; эталоном было не событие или институт, а мертвый предок. Для европейца такой счет поколений кажется бессмысленным, но ведь он тоже отражает течение времени, как и любая принятая в науке система отсчета” . Л.В.Васильевтің дәлелдеуі бойынша, “Қытай цивилизациясы б.д.д. ІІ мыңжылдықта Шан-Инь билігінің дәуірінде сыртқы мәдениеттің әсерінен пайда болды. Шан-Инь дәуіріне дейін қытайлықтар жалпы атты, ат арбаны және дала цивилизациясының басқа атрибуттарын білмеген”. Б.д.д. 2197 жылы Қытайды Хаба әулеті билеп тұрған кезде оның солтүстігін ту-кю, яғни түркілер мекендеген. Көшпенді тайпалардың қытайға енуі б.д.д. ІІ мыңжылдықтың ортасында болды. Сол кезден бастап қытайлықтар түркілердің салт атпен жүргенде киетін сыртқы киімдері мен ер-тоқымдарын өздеріне бейімдеп алды. Қытайдың көне ескерткіштерін зерттеген И.С.Лисевичтің деректеріне сүйенген Ю.В.Мизун мен Ю.Г.Мизун “Жетіқарақшы шоқжұлдызындағы Цзи жұлдызын ұлы найзағайдың жарығы орағанын  ” б.д.д. III мыңжылдықта Солтүстік Қытайдағы Хуанхэ өзені бойында көргенін айтады. Сол кезде “аспанның ұлы” Хуанди Жерге Арыстан шоқжұлдызындағы Регул жұлдызынан ұшып келді. Оның ізбасары Шаохао да осылай келді. Ол келердің алдында “жұлдыз кемпірқосақ сияқты жерге қарай ұшты”. Ол туралы басқа деректерде “үлкен жұлдыз Гүлдеген аралға ковш сияқты келіп қонды”. Шаоходан кейінгі ізбасар Жерге келер алдында “жарығы өте күшті жұлдыз айдың дискісін кемпірқосақ сияқты айналып өтті”. “Аспанның ұлы” Хуанди жерде жүз жылдай билік жүргізген. Әртүрлі деректерде ол билікті б.д.д. 2598 немесе 2450 жылдарға дейін жүргізген. Оның көмекшілері тұрақты түрде астрономиялық бақылаулар жүргізді. Мысалы, Си Хэ “Күннің көлеңкесінің түрленуіне негіздеп болашақты болжады”, тағы бір көмекшісі Чан И “Туған және батқан айдың ширегі мен жартысына қарап болашақты анықтаса”, Да Нао “соңынан қытай күнтізбесінің негізі болған цикличностьпен айналысты”. Барлық деректерді бір жерге жинап талдау жасаған Жун Чэн жердің күнтізбесін жасады. Сонымен қатар Хуандидің көмекшілері “ту” немесе жердің картасын жасады. Хуандидің көмекшілері айтқан бізге белгісіз металдан жасаған үлкен айна және сиымдылығы 100 литрдей қазан мен оны орнықтыратын биіктігі 3-4 метрдей үш тіреуіш туралы деректер көп кездеседі. Сол кездегі қытайлықтардың ұғымы бойынша “қазанның ішін жүздеген рухтар \аруақтар\, жануарлар және перілер толтырған”. Оның үш аяғы “Ұлы бірліктің бейнесі” іспеттес. Ол жердегі Дао Әлемінің жасырын қозғағышы. “Аспан ұлдары” ойлы–шұңқырлы жерлермен кедергісіз жүретін шынжыр табанды дөңгелек ойлап тапты. Ертедегі жазуларда олардың ешқандай көлікке жегілмей өздігінен жүретін арба екені жазылған. Көне жазба деректерде басқа ғаламшардан “айдаһарға” мініп келген Хуанди және оның көмекшілері Қытайдың солтүстік-батысындағы Гоби шөліне қонған. Соңынан Хуанди өзімен бірге келген жетпіс шамалы көмекшісімен қайта ұшып кеткенде Жерде қалған оның серіктері қатты қайғырады. Олар Хуандидің заттарын қорғандарда жерлеп, оны жоқтап, қайғырады. Көне жазбалар бойынша, олар 17 жұлдыздан тұратын Сюаньюань шоқжұлдызына ұшып кетті. Ол Темірқазық жұлдызы жағындағы эклиптиканың бойында, яғни Күн жүйесіндегі ғаламшарлар орналасқан жазықтықта орын тепкен. Осы шоқжұлдыздағы ең жарық жұлдыз Регул немесе Сюаньюань, ол Арыстан шоқжұлдызындағы Альфа. Осыдан екі мың жыл бұрын “қытайдың Геродоты” Сыма Цянь: “Мен құрметті ақсақалдардың Хуанди жайлы айтқан әңгімелерін тыңдадым... Әрине, олардың сенім - ұғымдары әртүрлі болғанымен, айтқан әңгімелері көне жазбалардағы деректерден алыс емес және шындыққа жақын. Мен Чуньцю мен Гоюйді оқыдым, оларда Хуанди және оның қасындағы бес әміршінің қайырымды істері мен шежіресі жақсы жазылған. Мен оны терең зерттемесем де, ондағы айтылғандар мен көрсетілгендер құр ойдан шыққан емес” деп жазды. “Басқа ғаламшардан келгендер” жайындағы қытайдың көне жазбалары мен сол кездегі тарихында кеңінен тараған деректерді келесі бір қырынан қарасақ, ол солтүстік-батыстағы Гоби шөлінен “Аспан аттарына мінген Аспанның ұлдары” немесе Тәңір (Тянь-Шань) мен Алтай тауларынан салт атты (батыста оларды кентаврлар деп атаған) және арбамен келген көшпенділер ойға түседі. Олар көне түркі тайпалары еді. Бұл ежелгі тарихтан белгілі нәрсе. Тәңірдің\Tien –Тәңір\ немесе Аспанның ұлдары деп отырғаны да түркілер. Ертедегі үйсін мемлекетінің жылқыларын қытайлықтар “Аспан аттары” деп атаған. Атты арбасымен салған Алтайдағы көне дәуір петроглифтері атты арбаға жегуге алғаш рет осы аймақта үйреткенінің дәлелі. Түркінің Тәңір тауын қытайлар Тянь-Шань дейді, яғни олар осы таудың қасиетті жаратқан Тәңірді (немесе Аспан) көне түркілерден алдымен құдай ретінде қабылдап, соңынан императордан бастап мемлекетті басқарудың барлық жүйесіне енгізген. Ертеде қытайдың алфавитін жасап, олардың сауатын ашқан және ғасырлар бойы сол елдегі зиялы қауым қызметін атқарғандар көне түркінің қаңлы тайпасы екенін қытай ғалымдары дәлелдеді. Қытайға дөңгелекті әкелген де қаңлылар не кидариттер деген деректер бар*. Көне дәуірде Хуанхэ (Ақсу) өзені мен Пекиннің солтүстігін ұзақ уақыт бойы түркі тайпалары билеп тұрғанымен қытайлықтар олардың вассалы болғанын тарихтан білеміз. 100 литрлік қазан мен оның үш тағаны деп жүргені түркілер жорыққа өздерімен бірге алып жүретін қасиетті Тайқазан. Түркілердің ұғымы бойынша, Тайқазаннан бір мезгілде тамақ ішкен мыңдаған адамның рухы, жаны және істері бір болады. Яғни, Тайқазан мыңдаған адамды немесе әскерді біріктіретін және аспандағы Тәңірмен байланыстыратын құдіретті құрал. Оның үш тағаны жердегі адамдарды аспандағы Тәңірмен байланыстырады деп түсінген. Хуанди ұшып кететін Темірқазық және Альфа жұлдыздары Тәңір жүйесінде адамның бұл өмірдегі ісіне қарай, өлген соң не жұмаққа не тозаққа апаратын баспалдақ. “Хуандидің заттарын қорғанда жерледі” дегені көшпенділердің көсемдерді қорғандарда жерлеу салты. Хуанди сияқты әулиенің өліміне сенгісі келмеген сол кездегі адамдар оны аспанға ұшып кетті деп сенген-ау сірә. Көне замандағы “Аспан аттарына мінген Аспан ұлдары” мен сол кездегі қытайдың жергілікті жабайы тайпалары арасындағы қарым-қатынасты осылай түсіндіруге болады. Қазіргі ғылыми деректер бойынша, ертедегі дала цивилизацияларының еуразиялық бағыты Ұлы даланың солтүстігі арқылы жүрген. Осы жолмен Иркутскінің жанындағы Мальтадан табылған палеолит дәуіріндегі Ауригнасиан Венерасы және француз ғалымы Тьер де Шарден көрсеткендей Солтүстік Қытайдың Ганьсу мен Шеньсидің солтүстік ауданындағы Ауригнасиан типтес мәдениет ошақтарының табылуы осы мәдениеттің Сібір арқылы жүргенінің айғағы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Л.Н. Гумилев “Қиял патшалығын іздеу”

Н.Я. Бичурин “Тарихи география  жөніндегі мәліметтер жинағы”

Л.Н. Гумилев “Ғұндар”

Қазакстандық интернет сайты  Уикипедия “Көне түркілер”

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Еуразия туралы ашулары