Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 10:12, доклад
Осы баяандамада шама-шарқым жеткенше ежелгі Грециядағы саяси құқықтық ілімдер тарихы оның өркениетінің даму кезеңдері және оның саяси құқықтық іліміне, соынмен қатар, ежелгі грек саяси-құқықтық ойының гүлденген дәуіріне егжей-тегжейлі тоқталып өттім.
Б.з.д. мыңжылдықтың басында Ежелгі Грецияда жеке және тәуелсіщ полистер формасы түрінде бірнеше қала мемлекеттер пайда болды. Алғашқы қауымдастық құрылыстан қоғамдық өмірдің ерте таптық және қоғамдық формасына көшу халықтың әлеуметтік жіктелу процесін одан әрі күшейтіп ру ақсүйектер мен қайыршыланған қауым мүшелерінің, байлар мен кедейлердің, еріктілер мен құлдардың арасындағы күресті шиленістіре түсті.
Осы баяандамада шама-шарқым жеткенше ежелгі Грециядағы саяси құқықтық ілімдер тарихы оның өркениетінің даму кезеңдері және оның саяси құқықтық іліміне, соынмен қатар, ежелгі грек саяси-құқықтық ойының гүлденген дәуіріне егжей-тегжейлі тоқталып өттім.
Б.з.д. мыңжылдықтың басында
Ежелгі Грецияда жеке және тәуелсіщ полистер
формасы түрінде бірнеше қала
мемлекеттер пайда болды. Алғашқы
қауымдастық құрылыстан қоғамдық өмірдің
ерте таптық және қоғамдық формасына
көшу халықтың әлеуметтік жіктелу процесін
одан әрі күшейтіп ру ақсүйектер мен
қайыршыланған қауым
Ежелгі Грек полистерінде саяси құқықтық көзарастың пайда болуы мен дамуында үш кезең айқын байқалады.
Адамдардың еріктілерге және құлдарға бөліну жағдайында қалыптасқан антикалық саяси құқықтық ой еркіндік идеалогиясы ретінде бекіді және дамыды. Бостандық басты құндылық, ежелгі гректік саяси сяси телоияық ілімнің негізгі мәселесі және мақсаты болады. Біра бұл жалпыға бірдей бостандық емес, шектелген бостандық еді. Құлдар бостандық мәселесінде есепке де алынбады, олар туралы сөз де болмады.
Грейиядағы құлдық демократия азаматтардың қоғамдағы алатын орнын олардың шығу тегін арап емес, мүліктік жағдайларымен байланыстырады. Бұл жағдай ақыл ой еңбегімен айналысатын адамдардың бөлініп шығуына алып келеді. Құл еңбегі олардың білімімен, ғылымымен, ағартушылықпен және нермен кәсіби түрде шұғылдануына мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде таза зиялылар мен ойшылдар қауымы пайда болып, саяси құқықтық және әлеуметтік философиялық жаңа көзқарастардың қоғамдық пікірі мен санасы қалыптасты. Саяси ой мен оған қатысты практикалық және рухани іс бостандық ретінде қарастырылып, ол ерікті адамдардың қызмет аясы, ал еңбек, оның ішінде ауыр қол жұмыстары, құлдардың үлесі ретінде қарастырылады. Барлық өндірістік еңбек және отбасы ортасы, сол кездегі ұғым бойынша, бостандыта тыс аймақ принципі, яғни бостандық тұрғысынан алғанда саясаттан тыс болып есептеледі. Мемлекет пен құқықты зерттеудегі ежелгі грек саяси құқықтық ойының ерте кезеңінде оның мифологиялық түсініктері қоғамық ойдың даму барысында өзінен кейінгі қалыптасқан жаңа көзқарастарға, атап айтқанда философиялық тұрғыдан түсіндіруге («жеті данышпан» Пифагор, Гераклит, Демокрит) одан кейігі рационалистік интерпретацияға (софистер), логикалық танымдық талдауға (Сократ, Платон) және ақыр соңында эмпирикалық ғылыми (Аристотель) және тарихи саяси ілім орын берді.
Б.з.д. . ІХ-VIІІ ғасырларды ежелгі мифтік көзқарастар архаистік поэзияда, одан кейін Гомер мен Гесиодтың поэмаларында өзінің алғашқы сипатын жоғалтып, этикалық және саяси құқықтық өзгеріске ұшырады. Олардың түсіндіруі бойынша, құдайлардың билік үшін күресі және бас құдайдың ауысуы (Уран Крон Зевес) билік пен басқару принциптерінің алмасуымен қатар жүрді.
Гректердің түсінігі бойынша, құдайлардың үш ұрпағы болған. Аға ұрпақтарды кіші ұрпақтар тақтан түсіріп, жойып отырған. Бұл өерістер құдайлардың өз ара қарым қатынастары ғана емес, жердегі қоғамдық өмірдің тәртіптеріне, адамдар арасындағы қатынастарға да ықпалын тигізді. Осындай өзгерістер жағдайында ежелгі гректердің сана сезімінде ертедегі жаугершіліктер мен тайпааралық күрес фантастикалық түрде көрініп отырды. Көптеген грек ойшылында әділдіктің бастауы мен заңдылық және ежелгі полистік өмір Зевестің атымен байланыстырылады. Құдайлардың үшінші ұрпағының басшысы Зевс күн күркіреуі мен найзағайдың, табиғаттың дүлей күшінің және адамдардың құдайы болып танылды. Мифтік түсінік бойынша, олимптік құдайлар құл иеленушілердің қамқоршысына айналды, ал Зевс басқа олимптік құдайлармен ақылдаса отырып, басты базилев ретінде бүкіл грек әлемінде билік етті және оның пікірі шешуші маңызға ие болды.
Гомердің «Илиада» және «Одессия» поэмаларындағы оқиғалар (б.з.д. VIII ғ.) гректердің әскери және қоғамдық өмірімен көптеген құнды мәліметтер береді. Поэмаларда б.з.д. ІІ-І мыңжылдар щамасында тепе-тең жер пайдалану және әрдайым белгілі бір уақытта жерді бөліп отыру негізінде құрылған жер қауымдарының болғандығы туралы деректер кездеседі. Қауым мүшелері жерді жербе тарту арқылы алған. Жерге қауымдық меншік сақталғанмен, қауым мүшелері арасында дүние мүіліктің жіктелуі басталғанын поэмалар оқиғасынан байқау қиын емес.
«Одессия» поэмасында халық жиналысының рөлі мен маңызы анық суреттелген. Бұл өкілдік органның қызметі туралы грек жауынгерлерінің Троя түбіндегі жиналысынан, «Илиада» поэмасындағы мысалдын, «Одессеяда» Итака аралының тұрғындары жиналысының баяандалуынан білуге болады. Троя түбіндегі жиналыста қатардағы жауынгер Терситтің жауынгерлердің мүддесін қорғап, базилевтерге қарсы айтқан айыптау сөздерін лауазымды басшалардың теріске шығара алмауы халық жиналысы маңызының төмендеуі «Одиссеяда
айқын көрсетілген.