Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 14:10, реферат
Қазақстанның кеңестiк мектептерiнде коммунистiк идеологияның нұсқауымен дiннiң адамзат тарихындағы рөлi терiс түсiндiрiлдi. Дiн – адам санасын улайтын, жаңалыққа, ғылымға қарсы, барлық өзгерiстердiң, табыстардың бәрiн Құдай жасап отыр деп түсiндiретiн, нағыз керiтартпа, үстем таптың жоғын жоқтаушы, соның сойылын соғушы деген сипатта оқытылып, дiннiң қызметiне терiс баға берiлдi.
Кіріспе
Орта Азия аймағындағы діни экстремизм мен лаңкестіктің саяси сипаты.
Діни фундаментализмнің Қазақстанға ықпалы.
Діни фундаментализм мен лаңкестіктің таралу аясы.
Діни фундаментализм мен лаңкестікті анықтау критериі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тарихқа үңілетін болсақ, діндер арасындағы шайқастар не бір адам айтқысыз қантөгістерге сұмдық терроризмге әкелген. Жавахарлал Нерудің Әлем тарихына көзқарас еңбегінде айтылғандай, жүз жылдан аса уақыт бойы христиандық пен ислам Сирияда, Палестина мен Кіші Азияда үстемдікке жету үшін күреседі, олар бір-бірінің күшін сарқып, әлгі елдердегі жердің әрбір пұшпағын адам қанына бөктіреді. Бұрынғы гүлденген қалалар саудасын тоқтатып, бір кездегі көркінен, айбатынан айрылады/12/. Неру айтқандай күрес, біздіңше, қазір де жалғасуда.
Соңғы кездері әлемдегі кеңінен тараған христиандық пен исламдық өркениеттердің тайталастығы негізіндегі қауіп-қатер тағы да күшейе түсуде. Себебі осы кезде орта ғасырлық крест жорығы, және жихад ұғымдары кеңінен қолданылуда. Ал Қазақстанда діни негіздерге қайта оралудың күшейгендігін мына деректерден-ақ байқауға болады. Қазақстандағы мешіттердің саны 25-1500 дейін жетсе, православиелік приходтарының саны 4 есеге көбейген, котоликалық шіркеулердің үштен бір есеге артқаны мәлім. Протестанттық бірлестіктердің миссиялары мен мінәжат үйлері, иудейлердің қауымы 21-ге дейін жеткен. Қырықтан астам конфессияны қамтитын 3000 жуық діни бірлестіктер бар/13/. Басқа да діни бағыттар өсе түскен. Социологиялық зерттеулер көрсетіп отырғанындай, республика тұрғындарының 95,2%-і діндарлар, 2%-і ғана өздерін діннің ашық қарсыластарымыз деп санайды. Қалғандары бейтарап қараушылар/14/.
Бірақ бұларды қол жеткен жетістіктер дегенімізбен, оған қарама-қарсы жаһандану мен информациялық процестің әсерімен түрлі жалған діни ілімдерді, әдейі саясаттандырылған діни фундаментализмді тарату ісі адам айтқысыз дәрежеде белең алуда. Бұл жағдай, әрине, жалғыз ғана ислам дініне байланысты нәрсе емес. Діни фундаментализмнің жандануы барлық басқа да діндерге байланысты болып отыр. Ал бұл дегеніңіз, біздіңше, өркениеттер қақтығысының терроризм мен антитерроризм түрінде жүргізілуінен басқа ешнәрсе емес.
Адамның немесе белгілі бір топтың діни фундаменталист немесе лаңкес екенінің өлшемі (критериі) әлі де болса нақты анықталған жоқ. Тарихқа көз жіберсек, Ұлы Римнің ірге тасын шайқалтқан Спартак бастаған құлдар көтерілісін террористерден де жаман қарғап-сілеген. Амал не, көтерілісшілер күші басым римдіктер баскесер, қарақшы, терроршы деп қаралады. Ал көтерісшілердің асқақ арманы азаттық болды. Адамдық биік рухты таптатпау, ар намысты құл иеленушілермен тең ұстау арманы еді. Римдіктердің лаңкестер жөніндегі өлшемі бір басқа да, спартакшылардың өлшемі екінші басқа болды. Қазіргі кездегі терроршыларды анықтау жөніндегі өлшем де осы айтқандай буалдыр. Ал, мұның өзі террористермен күресу мәселесін тіпті қиындатып жіберді. Бұрын да, қазір де, адамзаттың бірі-қанаушы, бірі-оған қарсы тұрушы. Олардың қайсысы экстремистік, террорлық жолды таңдаушы, қайсысы әділет, бостандық үшін күресуші-міне мәселе осында.
Әлеуметтік, саяси, экономикалық даму деңгейінің әртүрлілігі әлем халықтары арасындағы өткелі жоқ қиын асу. Дамыған елдер жер-жиханға өздерінің игіліктері мен мүдделерін түрлі жолдармен таратуды көздейді. Олар тіпті күш қолдануға, агрессияға дейін барып, террористерден кем түспеуде. Онымен қоймай Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа, Африка, Таяу Шығыс пен Азияны жаппай жайлап алған террорлық топтармен ұзақ қиын күреске дайындалып, қоқан-лоқы көрсетуде. Ал АҚШ бұған қарсы өздері терроршы деп танығандардың бәріне алдын-ала соққы бермек. Ол үшін түрлі айла-шарғыларды, сылтауларды оп-оңай табады. Турасын айтқанда, дінге көзқарас нағыз әлемдік идеологиялық майданға айналып отыр. Оны әр ел әр түрлі пайдалануда. Мысалы, АҚШ Иракқа қарсы аттандырылған жауынгерлердің рухын көтеруде діни сенімді кеңінен пайдаланды. Әскерилер арасында христиан священниктері олардың ажырағысыз бөлігіне айналған. Олар Америка жауынгерлеріне бұл соғыстың әділетті соғыс екендігін, олардың Құдай жолында соғысатындықтарын, олардың бұл жерге әділеттілік орнату миссиясымен келгенін құлақтарына құйып келген. Сүйтіп лаңкестік критериін діни айырмашылыққа байланысты анықтай салған. Ал, шын мәнінде, оның өлшемі жалпыадамзаттық құндылықтар мен әділеттілік принциптері тұрғысынан анықталуы тиіс.
Қорыта келгенде, Қазақстандағы дін жөніндегі саясат көрші Орта Азиялық мемлекеттермен салыстырғанда бірсыпыра ерекшеліктерге ие. Ең бастысы конфессияаралық татулық пен келісімдер сақталуда. Бұл жөнінде тиісті заңдар қабылданып, көптеген жұмыстар атқарылғанымен, зайырлы мемлекет құру бағыты мықтап ұсталынып отыр деп, біздіңше, айту ерте. Мемлекет басшысы, үкімет, парламент конфессиялардың біреуіне біржақты басымдық беруге тырысқан емес. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттердің зайырлылығын шайқалтуға тырысатын кейбір қозғалыстардың, атап айтқанда, белгілі бір дінге басымдық бергісі келетін қозғалыстар да жоқ емес. Мысалы, бұған Валентин күнін мейрам етіп жариялау туралы христиандардың ұсынысын, құрбан айт және ораза айт күндерін мейрамдау жөніндегі мұсылман дінін жақтаушылардың ұсыныстарын жатқызуға болады. 2003 жылдың наурыз айында Қазақстан парламентінің соңғы ұсыныстарды қабылдамай тастағаны мәлім. Бір дінге артықшылық бергісі келетін саяси күштер діни уағыздарды таратуға Қазақстанда кең мүмкіндіктер жасалғанын пайдаланып, дін арқылы саяси үстемдікке қолдарын жеткізгісі келеді. Сондықтан дін жөніндегі толеранттылықтың теріс нәтиже беретінін де ұмытпаған жөн. Саясатта оны еске алып, діни экстремизмнің алдын алу шараларын жүзеге асыру, өте күрделі және қиын іс.
Билік пен бұқара арасындағы алауыздық, жоғарыдағы басшылық арасында коррупцияның асқынуы, жер дауының әділ шешілмеуі және т.б. қайшылықты мәселелер кекшілдер легін тудырады. Әділдік болмаған жерде араздық бар. Мысалы наразылықтың бірі жерді сату мәселесімен байланысты болып отыр. Сол сияқты жұмыссыздықа, кедейшілікке, қайыршылыққа, сауатсыздыққа ұшыраған адамдар терроризмге қолайлы. Тығырыққа тіреліп басқа жол таппай торыққандар өте қауіпті. Ондайлар экстремистік, террорлық жолға өз еркімен оп-оңай бара алады.
Осындай жағдайда Қазақстанға діни экстремизмнің таралуына жол бермеу үшін көптеген сақтық шараларын жүзеге асыруға тура келеді. Біріншіден, түрлі діни секталардың ел ішіндегі тұрақтылықты шайқалтуға бағытталған іс-әрекеттеріне заң жүзінде тиым салу. Екіншіден, діни фундаментализм идеяларын әшкерелейтін діни ағарту жұмыстарын жандандыру. Үшіншіден, оқу орындарында жастарды зайырлылық рухында тәрбиелеулді күшейту. Төртіншіден, ең бастысы, әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға арнайы көмек шараларын іске асыру және т.б.
Соңғы кездерi әлем халқының назары Ирак мәселесiне қадалып отыр. Өзiнiң экономикалық және саяси жағдайын жақсарту үшiн АҚШ үкiметi Ирак мемлекетiн зұлымдық ошағы ретiнде көрсетуге тырысып, оның ұлан-ғайыр мұнай қорын иеленiп қалуға, сөйтiп әлемдiк мұнай бағасын реттеудi өз қолына алуға және бәсекелес Ресей, Европа, Қытай мемлекеттерiн әлсiрету арқылы табысқа жетудi көздеп соғыс ашып, анығырақ айтсақ жаулап алды. Аталмыш елдердiң экономикалық және басқа тұрғыдан iлгерiлеуi, евроның өсiп, доллардың тұрақсыздануы әлемдiк үстемдiкке ұмтылған АҚШ үкiметiне тыныштық берер емес. АҚШ пен Ирак соғысы барысында зұлымдық ошағы Ирак немесе басқа бiр мұсылман елi емес, нақ сол АҚШ-тың өзi екенi белгiлi болып қалды.
Әрине, бiз әлемдiк саясатқа талдау жасаудан аулақпыз, бiрақ, өкiнiшке орай мұсылмандар туралы айтылатын кез келген әңгiме бiздiң өркениетiмiздiң, дүниетанымымыздың негiзi болып табылатын қасиеттi дiнiмiз - Исламды жамандаудан басталатыны жанға батады. Ал басшыларымыз көбiнесе дiндi тек терроризм тұрғысынан ғана сөз етедi. Мұның бәрi көп жағдайда бiлiмсiз адамдарды дiннен алшақтатуға себеп болып жатады. Ендеше, әдiлдiгi әлемнiң көптеген ойшылдарына таңдай қақтырған дiнiмiздi оқып бiлуге, Аллаһ нәсiп еткен ата дiнiмiздi тануға ұмтылайық, ағайын.
1. Назарбаев Н.Ә. Бұл Құрылтай-қазақ халқының жаңа мыңжылдыққа біртұтас ұлт ретінде нық қадам басқанының белгісі. //Егемен Қазақстан, 24 қазан 2002 жыл, 1-бет.
2. Косиченко А.Г., Ашимбаев М.С. Современный терроризм: взгляд из Центральной Азии. Алматы,2002г; Бурханов К., Сатпаев Д. Нахлынет ли война экстремизма. //Казахстанская правда. 7 января 2000 г; Карин Е. Азия өзара сенімге зәру. //Егенмен Қазақстан. 24 мамыр 2002 жыл.
3. Назарбаев Н. Ә. Сындарлы он жыл. //Алматы, 2003., 77-бет.
4. Бұл да сонда. 79-бет.
5. Независимая газета. //18 қыркүйек 2002 жыл.
6.Мұқанқызы С. Исламның арқауы-ізгілік. //Егемен Қазақстан, 25 қыркүйек 2002 жыл, 6-бет.
7. Коран. Перевод И.Ю. Крачковского. Москва, 1990 г., стр.56.
8. Жүнісов Т.А., Көбеева О. Дін туралы философиялық көзқарастар және діннің идеологиялық мәні. //Руханият мәселесі және діннің қазіргі қоғамдағы орны. Шымкент, 2001 жыл 2 том, 104-бет;
9. Жеңіс Ж. Орыстан босаған орынға енді кімнің қонжиғысы бар? //Жас Алаш, 6 наурыз 2003 жыл, 5-бет.
10. Бұл да сонда.
11. Назарбаев Н.Ә. Бұл Құрылтай-қазақ халқының жаңа мыңжылдыққа біртұтас ұлт ретінде нық қадам басқанының белгісі. //Егемен Қазақстан, 24 қазан 2002 жыл, 1-бет.
12. Жавахарлал Неру. Әлем тарихына көзқарас. //Парасат.N1, қаңтар 2003 жыл, 8-бет.
13. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының ІX сессиясында сөйлеген сөзінен. //Егемен Қазақстан, 16 қараша 2002 жыл, 1-бет.
14. Мұхтар Құл-Мұхаммед. Дінге сергектік-ділге сергектік. //Егемен Қазақстан, 5 ақпан 2002 жыл.
16
Информация о работе Ежелгі Вавилонның мемлекеті жəне құқығы”