Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 20:35, реферат
Ежелгі вавилондық мемлекет Тигр мен Ефрат өзендерінің аралығындағы жердің оңтүстік бөлігінде пайда болған: бұл жердің ежелгі халқы болып шумерлер табылған, ал оңтүстік
бөлігінде аккадтар өмір сүрген. Б.э.д. ІІІ мыңжылдықтың басында қоғамның таптарға бөлінуі жəне мүліктік теңсіздіктің пайда болуы нəтижесінде «қала-мемлекет» нысанындағы алғашқы 40 мемлекет пайда болған, олардың əрқайсысында 40-50 мың адамдай өмір сүрген.
2. Ежелгі Вавилонның мемлекеті жəне құқығы
Ежелгі вавилондық мемлекет Тигр мен Ефрат өзендерінің аралығындағы жердің оңтүстік бөлігінде пайда болған: бұл жердің ежелгі халқы болып шумерлер табылған, ал оңтүстік
бөлігінде аккадтар өмір сүрген. Б.э.д. ІІІ мыңжылдықтың басында қоғамның таптарға бөлінуі жəне мүліктік теңсіздіктің пайда болуы нəтижесінде «қала-мемлекет» нысанындағы алғашқы 40 мемлекет пайда болған, олардың əрқайсысында 40-50 мың адамдай өмір сүрген.
Бұлар ежелгі шумерлік мемлекеттер болып табылатын, олардың ішіндегі ең əйгілілері — Эриду, Ур, Ларса, Лагаш, Киши жəне Умма. Бұл мемлекеттердің пайда болуының негізгі
факторы болып көршілес қауымдастықтардың бірлескен күштерін қажет ететін ирригациялық жəне мелиоративтік жұмыстарды ұйымдастыру қажеттігі табылды. Ежелгі шумерлік қоғамдағы билеуші топ мемлекеттердің билеушілерінен, олардың отбасыларының мүшелерінен, рулық-тайпалық жəне шіркеулік ақсүйектерден, сонымен қатар, патшалық жəне шіркеулік шаруашылықты басқарушы тұлғалардан құралған. Халықтың қаналушы тобына құлдар мен тəуелді тұлғалар жатқан. Қоғамның жоғарғы тобы мен тəуелді тұлғалардың арасында халықтың негізгі бөлігі — аумақтық
қауымдастықтармен өмір сүрген еркін шаруалар болған. Басқару нысаны бойынша ежелгішумерлік мемлекеттер рулық-тайпалық ұйымдастықтың қалдықтарын сақтап қалған аристократиялық мемлекеттер болған. Əрбір қала — мемлекеттің басында барлық еркін шаруалардың жиналысымен не
ақсақалдар кеңесімен сайланған билеуші — энси болған.Билеушінің билігі халық жиналысымен не ақсақалдар кеңесімен шектелген; бұл органдар билеушілердің қызметіне бақылау жүргізген, сонымен қатар сот функцияларын жүзеге асырып, қауымдық мүлікті басқарған. Алайда, көптеген мемлекеттер тұрақты түрде билік үшін өзара соғыстарды жүргізген. Б.э.д. ІІІ мыңжылдықтың басында
соңында жаңа орталық — аккадтық қала Вавилонның үстемдігі басталады. Б.э.д. ІІ мыңжылдықтың басында Вавилон аморей тайпаларының басып кіруімен құрылған жаңа мемлекеттің астанасына айналады. Вавилон Аккад пен Шумерді жаулап алады, нəтижесінде ірі қуатты Ежелгівавилондық мемлекет пайда болды.
Вавилонның мемлекеті мен құқығы тарихының кезеңдері:
1 кезең — бұл ежелгі вавилондық мемлекеттің ерекше гүлденген кезі, бұл кезде Халемурапи патша билік құрады (б.э.д. 1792-1750 ж.ж.), бұл мемлекет таулық тайпа-касситтермен жауланған болатын.
2 кезең — б.э.д. ХҮІІ ғасырдың соңына келеді, бұл кезде Вавилонның жаңа, бірақ уақытша өрлеуі орын алады (Жаңа-вавилондық патшалық). Б.э.д. 539 ж. бұл мемлекетті парсылар жаулап алады.
Қоғамдық құрылым. Елдің негізгі халқын еркін адамдар мен құлдар құраған. Еркін адамдар, өз кезегінде, екі сословиеге бөлінген: авииум (тура мағынасы «күйеу», «адам») жəне мушкенум (тура мағынасы «табынушы»). Бұлардың екеуі де бай да, кедей де болуы мүмкін еді, кейбіреулерінде құлдары да болатын, алайда қауымдағы жерді иеленуі оларды толыққұқылы қылатын.
Қоғамның қаналушы табына құлдар жататын, олар мемлекеттік (патшалық), ұжымдық (шіркеулік) жəне жеке меншікте де болатын. Олар өз иесінің мүлкінің құрамына енетін, яғни, оларды сатуға, мұрагерлікке беруге болатын.
Мемлекеттік құрылым. Мемлекеттік құрылым нысаны бойынша Ежелгівавилондық мемлекет қатысты түрде орталықтанған мемлекет, оны басқару нысаны бойынша — шығыстық
диспотия болып табылатын.
Жоғарғы билік
патшаға тиесілі болатын
шаруашылық пен ирригациялық жұмыстарға жоғарғы басшылықты жүзеге асыратын.
Мемлекеттік істерді басқару патшалық билікпен тағайындалатын жəне оның алдында жауап беретін күрделі орталықтанған шенеуніктік-бюрократиялық аппарат арқылы жүзеге асатын. Əкімшілік биліктің орталығы — патша сарайы мен шенеуніктер, олар сарай шаруашылығына басшылық жасап,
мемлекеттің жоғарғы
лауазымды тұлғалары болып
Су шаруашылығын өзендерді басқарушы басқарды. Оған қадағалаушылар, қараушылар, бақылаушылар, қоймашылар жəне есепшілер бағынды.
Жергілікті басқару. Бүкіл мемлекет облыстарға бөлінді,олардың басында патшаның сенімді адамдары тұрды. Олардың ішінде ең басты екеуі болды: солтүстікте Сиппар қаласында
жəне оңтүстікте Ларс қаласында. Бұлардың қызметтеріне бақылау жүргізу үшін жергілікті жерлерге көптеген өкілеттіктерді иеленген патшаның шабармандары жіберіліп отырды.
Қауымдық басқарудың органы болып қауымдық кеңес табылды, алайда, оның басшысы — рабианумды патша тағайындайтын болған.
Сот жүйесі. Патша мен патша шенеуніктері əкімшілік жəне сот істеріне де басшылық жасайтын болған.
Жоғарғы судья ретінде патша танылған, ол азаматтық жəне қылмыстық істерді қарауда жоғарғы инстанция болып табы латын. Жергілікті жерлерде сот функциялары патша өкілі мен
рабианумның қолында болған. Ірі қалаларда сот функцияларын арнайы патша судьялары жүзеге асырған.
Əскер. Қарулы күштердің негізгі түрі болып еркін шару алардың жиналған əскері табылған, олар соғысқа өз қару-жарақтарымен қатысқан. Соғыс біткен соң мұндай əскер тараты-
латын болған.
Құқықтың негізгі сипаттары. Ежелгівавилондық құқықтың маңызды ескерткіші болып Хаммурапи патшаның заңдары табылған. Заңдардың мəтіні базальт қабырғада ойып жазылған,
оның жоғарғы жағында тізесі бүгілген Хаммурапиға бұл заңдардың мəтінін ұсынушы күн құдайы Шамаштың бейнесі бейнеленген, бұл патша заңдарының құдайлық бастамасын
білдірген. Хаммурапи заңдарын алғашқы аудармашы француз ғалымы В.Шейл барлық жинақты 282 бапқа бөлген: 1— 15 баптарда іс жүргізушілік сипаттағы ережелер көрініс тапқан; 6
— 126 баптар мүліктік қатынастарды реттеуге арналған; 127 —195 баптар атбасылық жəне мұрагерлік құқыққа арналған; 196— 214 баптар тұлғаны қорғауды көздейді; 215 — 282 баптар
жалға алу шарттарын реттейді.
Хаммурапи заңдарының басым көпшілік баптары мүліктік қатынастарды реттеуге арналған. Меншік обьектісі ретінде жер, мал, еңбек құралдары, құлдар жəне басқа да мүлік танылған. Бөтен мүліккке зиян келтіру міндетті түрде зияндарды өтеуді көздеген.Міндеттемелік құқыққа шарттардың келесі түрлері тəн болған:
— заем шарты, бұл шарт тек қарызды қайтаруды ғана емес, сонымен қатар, пайыздарды төлеуді білдірген;
— сату-сатып алу шарты, бұл шартты бекіту кезінде шарттың барлық жағдайлары көрініс тапқан балшық таблетка түріндегі жазбаша шарт жасалған;
— сақтау шарты, бұл шартқа сəйкес, сақтауға берілген мүлікті сақтаушы мүлік жоғалған жағдайда оны иесіне екі есе мөлшерде қайтарып беруге міндетті болған;
— жерді жалға алу шарты — жалға алушы жалға алған жері үшін алдын-ала белгіленген мөлшердегі ақыны немесе болашақта алынатын астықтың бір мөлшерін беруге міндет-
тенеді;
— жеке жалға алу шарты негізінен ерекше дағдылар мен қабілеттері бар жұмысшыларға қатысты болған.
Неке жəне мұрагерлік құқыққа заңдар жинағының 70-тен астам бабы арналған. Отбасы өз отағасы арқылы қауыммен жəне мемлекетпен байланысқа түсетін аса маңызды əлеуметтік құрылым ретінде танылған. Отбасы иесінің билігі отбасы мүшелерінің жұмыс күшін басқарушының билігі ретінде
көрініс тапқан.
Хаммурапи патшаның заңдарында қылмыс пен жаза сияқты түсініктердің нақты анықтамасы болмаған. Жинақта патша билігіне қарсы қылмыс жасаушы тұлғалар туралы айтылған
баптар жоқ, керісінше, мұнда жеке меншікке қарсы қылмыстар мен адамның өміріне жəне денсаулығына нұқсан келтіруші əрекеттер туралы баптар көп. Жəне жаза мүліктік жағдайға
қарай тағайындалған. Өлім жазасы 30-дан астам жағдайда қолданылған. Сот процесі Хаммурапи заңдары бойынша жеке сипатта болған, яғни, барлық істер мемлекеттің емес, жеке тұлғалардың ынта білдіруі арқылы қозғалған. Процесте тараптар өз істеріне өздері жүргізетін болған. Сот шешімі жазбаша түрде, арнайы балшықтан жасалған таблеткада, мөрменбекітіле отырып шығарылған жəне ол өзгертуге жатпайтын.__