Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2013 в 18:34, реферат
"Қазақ әдебиеті тарихының" төртінші томында ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдеби процестерге талдау жасалға, ал бесінші томы осы ғасырдығы ІІ жартысына арналады. Сол кезеңдегі әдебиеттің даму ерекшеліктері сарапталып, белгілі сөз зергерлерінің мұралары қазақ әдебиеттану ғылымында зерттеліп келеді. Халық әдебиеті мен жыраулар поэзиясы оның алдындағы құнарлы қабат ретінде алынып, ХІХ ғасыр кезеңіндегі қазақ әдебиетінің жай-күйі және жаңа әдебиеттің өркендеу жолына ұласу заңдылықтары ескеріледі.
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы, зерттелуі.
"Қазақ әдебиеті тарихының"
төртінші томында ХІХ ғасырдың
бірінші жартысындағы әдеби
Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы әдебиетінің шынайы рухы, ұлттың азаттығы мен елдің тәуелсіздігі жолындағы өзекті арқауы, көкейкесті мүддесі патшалық Ресейдің отаршылдығы тұсында да, Советтік саясат жылдарында да жеткілікті деңгейде ашылмай, айтылмай келген еді. Бірқатар ақындардың шығармашылығы кеңестік идеология қалыбымен жаңсақ бағаланып отырды. Бұл кітапта қазақ әдебиетінің ерекше тегеуірінді, рухы асқақ, идеялық-көркемдік шарықтау дәуірі - ХІХ ғасырдағы ішкі жаңғыру заңдылықтары тарихи шындық тұрғысынан сараланып отыр. Көркем әдебиет пен қоғамдық-әлеуметтік құбылыстардың сабақтастығы, сонымен қатар ұлттық әдебиеттің халықтық қасиеті тұңғыш рет ғылыми түрде негізделіп, басты сипаттары мен заңдылықтары дәйектелді. Көптеген ақындардың мұралары қайта қаралды, архивтерде тұмшаланып жатқан деректер назарға алынды, жаңа көзқарас тұрғысынан бағаланды. Тәуелсіздік алғанға дейін әдебиет тарихындағы орны жете сараланбай келген Көтеш Райымбекұлы, Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы сынды бірнеше ірі ақындардың шығармашылығына назар аударылды. Шал Құлекеұлы, Махамбет Өтемісұлынан бастап бірқатар көрнекті тұлғалардың туындылары арнайы талданды.
ХІХ ғасырда қазақ халқының жаңа әдебиеті қалыптаса бастады, әдебиет жанрлық, көркемдік шеберлік тұрғыдан іштей түлеп, тақырып аясын барынша кеңейтті, қоғамның тарихи құбылыстарына қарай күрделі көркемдік сипат алды. Әдеби процестің осындай заңдылықтары қазақ қауымының қоғамдық-әлеуметтік жағдайларымен бірегей сабақтастықта қарастырылды.
Қазақ әдебиеті тарихының ең бір
құнарлы, дәстүрі берік, мазмұны
бай кезеңі ХІХ ғасыр. Бұл ғасыр
үлкен-үлкен құбылысты
Тарихи шындық пен көркемдік
шындық арасындағы сабақтастық бұрынғыдан
да айқын көрінді. ХІХ ғасырдағы
қазақ әдебиетінің
Осы кезеңдегі елдік құрылымдық
күйреу қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік
өмірін біржола басқа арнаға бұрған
еді. ХІХ ғасырдағы Евразия
Қазақ даласында ХІХ ғасырда
патшалы ресей отарлаушылары
жүргізген саяси-әлеуметтік өктемдік
пен басқару жүйесіндегі
Осы аласапыран кезеңдердегі қазақ әдебиетінің шығармаларын тереңдеп талдап тану, ұлттық әдебиеттің жаңа дәуірінің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын тарихи сабақтастықта зерттеу ел тарихының қастерлі беттерін ашады. ХІХ ғасыр әдебиеті өткен ғасырлардағы ұлттық сөз өнерінің өрнегін, дәстүрін сақтаумен бірге көркемдік құралдарын байытты, жаңа сипаттар дарытты. Әдеби шығармалар жанрлық жағынан да, көркемдік бітімі турасында да, идеялық мазмұны жөнінен де көп ілгеріледі. Зерттеу барысында осы дәуірдегі көптеген әдеби мұралар жаңа қырынан қарастырылды, бұрын белгісіз болып келген, әлде арнайы талдауға түрлі себептермен мүмкіндік болмаған шығармалар мен ақын-жазушылар мұралары ғылыми айналымға қосылды. Дулат, Шортанбай мұраларына қазақ халқы тәуелсіздік алғаннан кейін ғана тереңдеп үңіліп, ашық жазуға мүмкіндік туды.
Соған орай қазақ әдебиеті тарихының ең бір тынысты, мазмұнға бай кезеңі - ХІХ ғасыр шығармаларын шартты түрде екі кезеңге бөліп қарауға тура келеді. Демек, ХІХ ғасырды еңсеріп ХХ ғасырдың советтік дәуіріне аяқ басқан алғашқы ширегін қамтитын ұлттық әдебиеттің жаңа дәуір әдебиеті кезеңі үш дәуірге сұрыпталып қарастырылмақшы. Бірінші кезең - ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет, екінші кезең - ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет те, үшінші кезеңі ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі әдебиет деп желіленді. Ұлттық әдебиеттің бұл үш белесі негізінен қазақ ақын-жазушыларының, зиялы қауым өкілдерінің елдік құрылымды, мемлекеттік тәуелсіздікті, елдік әдебиетті көксеп, сол жолда жанын салып ізденіп жұмыс істеген, ашық саяси күреске бел шешіп кірген тұсы. Бір ғасыр бойы жүрген ұлт-азаттық күресі мен ұлттық азаттық аңсары ХХ ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қозғалысына барып ұласты. Қазақ әдебиеті мен қазақ елінің тарихында бұрын-соңды мұндай азаматтық-саяси бағыты айқын тегеуірінді дәуір болған емес. Алашорда қайраткерлерінің саяси күресі есіл кетіп, қазақ елінің кейінгі тағдыры советтік заманға жалғасқандығы мәлім.
Қазақ әдебиеті тарихының төртінші томындағы зерттеулер мен талдаулар ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы (1800-1850 жылдар аралығындағы) әдебиеттің даму заңдылықтарын қамтиды. "ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті" атты шолу мақала осы кезеңдегі әдебиет тынысына сараптама жасап, негізгі бағыттары мен көркемдік ерекшеліктерін көрсетуге арналды. ХVІІІ ғасырдың соңында дүниеге келіп шығармашылық ізденістері ХІХ ғасырда көрінген ақын-жыраулар мен ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүріп, әдеби шығармалар жазған тарихи тұлғалардың өмір жолы мен әдеби қызметі ғылыми айналымға ұсынылды. Отыздан аса ақын-жыраулар мұралары қарастырылды. Сол кезеңдегі әдебиеттің даму тынысының өзіндік ерекшеліктері сипатталып, негізгі заңдылықтары зерделенді, он бес ірі суреткерлердің шығармашылық портреттері жасалды.
Әдетте әдебиет тарихына қатысты академиялық басылымдарға шығармалары жете зерттеліп, зерделенген, белгілі бір ғылыми тұжырымды көзқарас қалыптасқан тұлғалар қосылатындығы белгілі. Қай ғасырда да қазақ ақын-жыраулары, көркем сөз шеберлері көп болғандығы да шындық. Бұл ХІХ ғасыр әдебиетіне де қатысты жай. Қолжазбалары мұрағат қорларында сақтаулы, мерзімді баспасөзбен бірді-екілі кітаптарда шығармалары тиіп-қашып жарияланған, немесе мұралары жарық көрсе де зерттеліп, бағалана қоймаған ақын-жыраулар тіпті көп. Кейбірінің әдеби-көркем мұралары ауқымды болып келсе, енді біреулерінің үш-төрт, әлде оншақты өлеңдері мен айтыстары ғана сақталып қалған. Тәуелсіздік алған жылдардағы егемендік пен еркіндік бұл салаға да өз жаңалағын әкелді. Көптеген ақын-жыраулар әдеби айналымға қосылды. Сонымен бірге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, әр ауылдан ақындар мен батырларды атап-түстеп, дәріптеу үрдісі басталды. Бұл көбінесе жер-жердегі әуесқой әдебиетшілер мен әдебиет жанашырлары тарапынан шашыраңқы, стихиялы түрде жүрді. Кейінгі жылдарда арнайы ғылыми мамандандырылған экспедициялар шығару дәстүрі мүлде тоқтап қалғандықтан, ел ішінде бастау алған әдеби мұраларды жинап-насихаттау мақсатындағы талаптардың бәрі бірдей ғылыми тұрғыда тиісті деңгейде нәтиже бере бермейді. Міне, осындай себептермен, жеткілікті зерттеліп, белгілі бір ғылыми тұжырым түйіп үлгермегендіктен ақын-жыраулардың енді бір қатарының шығармаларын академиялық зерттеу кітабына қосудың реті келмеді. Бұл әдебиеттану ғылымының үздіксіз жалғаса беретін, кезең-кезеңімен атқарылатын төл ісі. Енді бірқатар ақындардың есімдері мен шығармалары аталып, қысқа мағлұматтар ұсынылды.
"Жаңа дәуірдегі
қазақ әдебиетінің даму
Қ.Сыдиықов ("Абыл Тілеуұлы", "Нұрым Шыршығұлұлы") филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Тілепов ("Қобылан Бөрібайұлы"), филология ғылымдарының докторы, профессор С.Негимов пен филология ғылымдарының кандидаты Н. Ахат ("Орынбай Бертағыұлы"), филология ғылымдарының докторы, профессор М. Жармұхамбетов ("Шортанбай Қанайұлы"), филология ғылымдарының докторы, профессор М. Жолдасбеков пен әдебиетшілер К.Ахметова, М.Төлепбергенов ("Ұлбике Жанкелдіқызы"), филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.С.Қорабай ("Сабырбай Ақтайлақұлы"), филология ғылымдарының кандидаты Қ.Раев ("Дулат Бабатайұлы"), Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің кіші ғылыми қызметкері С. Қамшыгер ("Түбек", "Сүйінбай Аронұлы") қатысты. Зерттеу жұмысында еңбектері ғылыми айналымға тартылды.
Социалистік реализм әдебиеті тұсында жазылса да ғылыми құндылығын жоғалтпаған, әдебиеттану тарихында маңызды орын алатын бірді-екілі еңбектерді ғылыми айналымға қосқанда, кезінде кеңестік идеология тұрғысынан айтылған байламдарды қайта қарап, тиісті жерінде ғылыми сипатына нұқсан келмейтіндей етіп редакциялап ұсынуға тура келді дейді еңбекті құрастырушылар.
Қазақ әдебиетінің қарастырылып отырған кезеңі туралы бұған дейін жарық көрген зерттеулер мен ғылыми еңбектердің маңызы өте жоғары. "Қазақ әдебиетінің тарихы" атты тарихи мәні тәлімді академиялық көптомдықтың (Алматы, 1960) бірінші томының кіріспесінде, әдебиет зерттеу саласындағы еңбектерге арнайы байсалды талдау жасалған сүбелі тарауларында қазақ әдебиетінің тарихын ежелгі дәуірлерден бері байыптап саралаған зерттеуші ғалымдар мен олардың кітаптары мен талдауларына кең көлемді шолу ұсынылып, лайықты баға берілген. Ол ғылыми мағлұматтар мен кітаптарды түгел тізіп қайталап жатудың реті жоқ деп ойлаймыз. Әрине, социалистік реализм әдісін ұстанған тұста жарияланған зерттеу жұмысының өзіндік саяси сипаты бар екендігі анық, әйтсе де қазақ әдебиетінің тарихына қатысты сараланған ерекше бай мұралар мен деректер, тұлғалы қаламгерлердің талантты толғамдары мен терең танымдық көзқарастары ұлттық әдебиеттану ғылымының қастерлі қазынасы. Өткенді мансұқтау өзектен үзілу. Сөз болып отырған "Қазақ әдебиетінің тарихы" атты академиялық көптомдық, басқа талантты еңбектер де әдебиеттану ғылымының айналымынан түспейтіні, әлі де талай зерттеу жұмыстарының өзегіне айналуы күмәнсіз. Өткен ғасырдың соңғы ширегінде де әдебиет тарихы, оның ішінде ХІХ-ХХ ғасыр әдебиеті тарихы мен теориясы жайлы бірқатар іргелі зерттеу кітаптары жарық көрді. Олардың негізгілері қосымша бөлімде ұсынылып отырған қысқаша библиографиялық көрсеткіште берілген.
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы әдеби мұралардың қолжазбаларына ғылыми сипаттамалар мен библиографиялық көрсеткіштерді әзірлеуге институттың Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің кіші ғылыми қызметкерлері Т.Берікболов, С.Қамшыгер, Ж.Керімбек, А.Сейітова, аспиранты Қ.Мұқашева қатынасқан
«Қазақ әдебиеті тарихының» бесінші кітабы, жоғарыда айтылғандай ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдеби даму заңдылықтарының басты ерекшеліктерін саралап көрсетуге, сол кезеңде өмір сүрген ақындардың мұраларын талдап зерделеуге арналған.
Сонымен, он томдық «Қазақ әдебиеті тарихының» төртінші - бесінші кітаптары тұтас бір ғасырдың әдеби тарихын қамтиды. Бұл ғасыр әдебиеті өз уақытына сай жедел дамыған, жаңғыру үрдісі кең, мазмұны барынша бай әдебиет болуына орай, әр жылдарда оның тарихи-теориялық мәселелері де жан-жақты зерттеліп отырды. Академиялық зерттеу еңбектерінің ішінде 1961 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы» үш томдығының екінші томының тұтас бір кітабы осы ХІХ ғасыр әдебиетінің тарихына арналған еді. Осы кезеңнің әдеби мұралары өткен ғасырдың өзінде көрнекті зерттеушілердің жарыққа шығарған жинақтарында жарияланды. В.В. Радловтың «Түрік рулары әдебиетінің нұсқалары» атты кітабы (1870 ж.), Я. Лютштің «Қырғыз хрестоматиясы» (1883 ж.), А.Е. Алекторовтың «Қырғыз хрестоматиясы» (1889 ж.), Ы. Алтынсаринның «Қырғыз хрестоматиясы» (1879 ж.), «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» (1911 ж.), т.б. бірнеше кітаптарда қазақ әдебиетінің ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы шығармалары баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың бәрі де қазақ әдебиетінің тарихында елеулі із қалдырды, әрі олар ХІХ ғасырдың екінші жартысында баспа бетінде шыққан еді.
Ғалымдар мен әдебиетшілер осы кезеңдегі әдебиет тарихына арналған еңбектерін әр жылдарда жариялап жұртшылық назарына ұсынып отырды. Бұл орайда С. Сейфуллиннің «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» (1931 ж.), «Қазақ әдебиеті» (1932 ж.), С. Мұқановтың «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1932 ж.), «ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихынан очерктер» (1942 ж.), М.Әуезов, М. Жолдыбаев, М. Қаратаевтың «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» (1933ж.), т.б. еңбектер күні бүгінге дейін мәнін жоғалтқан жоқ. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты академиялық көптомдық зерттеу еңбегі әдебиет тарихын, оның ішінде ХІХ ғасыр әдебиетінің мұраларын зерттеудегі межелі бір белес болса, одан кейінгі кезеңдерде де ХІХ ғасыр әдебиеті жайында белгілі ғалымдардың, қаламгерлердің зерттеу еңбектері мен көзқарастары түрлі деңгейде жарияланып келді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет
тынысын зерделеуге арналған бесінші
томда бұрынғы зерттеу
Информация о работе ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы, зерттелуі