Казак хандыгынын дипломатиясының көрнекті өкілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 23:23, творческая работа

Описание

Қазақ хандығы XV ғасырдың 60 ж. ортасы мен 70 ж. басында (Мұхаммед Хайдар Дулатидің есебі бойынша 1465-1466 ж.) Батыс Жетісуда құрылды. Оның негізін қалаушылар Керей хан мен Жәнібек хан болды. Қазақ хандарының сыртқы саясат жөніндегі бағыт-бағдары және дипломатиялық қатынасы белгілі бір дәуірдегі ішкі, әсіресе сыртқы жағдайға сәйкес өзгеріп отырды.

Работа состоит из  1 файл

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛДЕРІ.pptx

— 2.36 Мб (Скачать документ)

ҚАЗАҚ  ХАНДЫҒЫ  ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛДЕРІ

 

ОРЫНДАҒАН: Нұрланов Ернар

Қазақ хандығы құрылуы 

 

      Қазақ хандығы XV ғасырдың 60 ж. ортасы мен 70 ж. басында  (Мұхаммед Хайдар Дулатидің есебі бойынша 1465-1466 ж.) Батыс Жетісуда құрылды. Оның негізін қалаушылар Керей хан мен Жәнібек хан болды. Қазақ хандарының сыртқы саясат жөніндегі бағыт-бағдары және дипломатиялық қатынасы белгілі бір дәуірдегі ішкі, әсіресе сыртқы жағдайға сәйкес өзгеріп отырды.

Қазақ хандығының негізін  қалаушылар

 

Керей хан

 

Жәнібек хан

Жәнібек хан ~ Керей хан

 

Жәнібек хан мен Керей ханның одақтық  қатынас орнатқан тұңғыш мемлекеті  Моғолстан болды. Бұл достық одақ 1468 жылы Шығыс Дешті Қыпшақтың билеушісі Әбілқайыр ханның Жетісуға, ойраттардың Моғолстанға шабуыл жасауына байланысты құрылып,  XVI ғасырдың 30 жылдарына дейін созылды. 1468 жылы Әбілхайыр хан өлген соң Шығыс Дешті Қыпшақты билеу үшін Өзбек ханның мұрагерлерімен күрескен қазақ хандары Шайбани әулетімен билікке таласып жүрген Жошы әулетінен шыққан Ахмет ханмен, Ибақ ханмен, Махмұт ханмен және т.б. одақтасты.  

Керей хан  ~ жәнібек хан 

 

   Қазақ хандары сыртқы саясатта, ең алдымен, Шығыс Дешті Қыпшақ мемлекеттерінің ежелгі экономикалық және саяси орталығы болған Сырдария бойындағы Сығанақ, Сауран, Отырар, Түркістан қалаларындағы өз биліктерін нығайтуға күш салды. Бұл қалалар үшін ұзаққа созылған күрес XV ғасыр соңында қалалардың қазақ хандарының қол астына көшуімен және Шайбани әулетінің Орта Азияға ығысуымен аяқталды. Шайбани әулетімен уақытша бітім жасалды.

 

 

Қазақ хандығы – қасым хандығы

Қасым хан  жәнібекұлы

 

 

Қасым хан  сыртқы саясатта Сырдария бойындағы  қалалар үшін Шайбани әулетімен  күрес  жүргізіп отырды. Осыған байланысты қазақ басшылары маңғыттар және моғолдармен одақтық қатынасты  ұстанды.  Қасым хан тұсында  Қазақ хандығы дербес мемлекет ретінде  халықаралық қатынасқа араласа  бастайды. Онымен алғашқылардың бірі болып дипломатиялық қатынас  жасаған – Мәскеу мемлекеті. Бұл князь Василий III билік құрған жылдары жүзеге асқан болатын. XVI ғасырда Ресеймен экономикалық және дипломатиялық байланысты нығайту қазақ хандығының бұл кездегі жағдайын біршама жақсартудың маңызды факторы еді. 

Хақназар  хан

 

Қасым ханнан кейін әлсіреген қазақ хандығын  қайтадан нығаю жолына түсірген хан  Хақназар Қасымұлы болды. 1573 жылы орыстың бірінші патшасы Иван Грозный Хақназар ханға Т.Чебуков бастаған елшілік жібереді. Қазақ хандығы Орта Азияға шығар жолдың қақпасы іспеттес болса, сол қақпаның кілті Хақназардың қолында еді. Ресей патшасының басты мақсаты қазақ хандарымен жақын қатынасқа түсіп, өз қол астына бағындырып алу болды.

 

  

Тәуекел хан

 

   Тәуекел хан Ресеймен одақтық бәтуаға келу жолында көп еңбек сіңірді. 1594 жылы қаңтар айында патша үкіметі Тәуекел ханға көмек беруге бел байлады. Тәуекел хан ұлы Құсайынды Мәскеуге аманат ретінде жіберуге келісім берді. Патша үкіметі жауапты шешім ретінде Тәуекел ханның немере-інісі Ораз-Мұхамедті қайтармақшы болады. 1595 жылдың мамыр, маусымында Тәуекел хан қонақжайлылық салты бойынша В. Степанов бастаған орыс елшілерін қабылдады.

Жәңгір  хан

 

   Жәңгір хан  Бұхар хандығымен одақтастық келісімге келіп, жоңғар басқыншыларына қарсы күрес жүргізді. Сонымен бірге, ол қырғыздармен де осындай қарым-қатынас орнатуға ұмтылды. Мұның бәрін Жәңгір хан жоңғар шабуылынан қорғану мақсатында қолданды.

Жәңгір  хан жоңғарларға қарсы күресте  моғолдар жағынан көмек алу үшін біраз әрекет етті. Олармен тату көршілік қарым-қатынас орнату үшін екі рет елші жіберді. Бұл дипломатиялық тапсырма Жәңгір ханның ұлдары Тәуке мен Апақ сұлтандарға жүктелді.

Тәуке хан тұсындағы  қазақ хандығы

Тәуке хан

 

Тәуке ханның сыртқы саясаты атырабындағы елдермен тату көршілік байланыс орнатуға, олармен  экономикалық, сауда-саттық қарым-қатынас жасауға тырысқан бейбіт дипломатиялық саясат болды. Тәуке хан Бухара хандығымен бейбітшілік қарым-қатынаста болуға, Орта Азиядағы отырықшы аймақтармен, қалалармен сауда-саттық жасауға тырысты. Қазақ хандығымен жауласып келген жоңғар хандығына да соғысты тоқтатып, тату көршілік қатынас орнату жөнінде Қазыбек би бастаған елшілер жіберген. Қазақ хандығының Ресеймен дипломатиялық және сауда байланыстары дамыды, елшіліктер мен аманаттар алмасу жүзеге асырыла бастады.

Абылай хан тұсындағы  қазақ хандығы

Абылай  хан

 

Ресей мен  Қытай іс жүзінде қазақ жүздерін  тәуелсіз мемлекет ретінде танымаған  қиын-қыстау заманда Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыру, Ұлы даланың ұлттық бірлігі мен тәуелсіздігін  сақтап қалуда  Абылай ханның еңбегі зор. Талантты қолбасшы, дарынды дипломатосы алпауыт  екі елмен де бейбіт шартқа  отыруға қол жеткізді. Абылай – Орта жүзден шыққан хан. Көреген саяси қайраткер Абылай хан дипломатиялық жолдарды да тиімді пайдаланып отырды.


Информация о работе Казак хандыгынын дипломатиясының көрнекті өкілдері