Казақстан тарихының кезеңделуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 14:47, курсовая работа

Описание

Халықаралық қатынастар жүйесіндегі жас субъекті ретіндегі тәуелсіз еліміздің алдындағы келелі міндеттердің бірі, әрине бұл халықаралық қатынастардың бүгінге дейінгі қалыптасқан тарихын дұрыс пайымдап, объективті тұрғыдан жаңаша зерделеу екендігі сөзсіз. Қай мәселеге болмасын батыстың, американдық не орыстық ұстанымнан, түсінік – пайымнан гөрі қазақтық көзбен немесе "терезеден" қарау қажеттігі күнбе – күн артып келеді. Жалпы, әлемдік қауымдастықтың тарихын парықтай келгенде; оны тарихи – мәдени және саяси - құқықтық жағынан саралай білудің зор маңызы бар десек,

Содержание

Кіріспе

І Тарау. Екінші дүниежүзілік соғыс және Тегеран конференциясы
1.1 Антигитлерлік коалацияның құрылуы.
1.2 Тегеран конференциясының ашылу себептері.

ІІ Тарау. Екінші майдан мәселесі
2.1 АҚШ -Ағылшын үкіметі. Екінші майдан ашу мәселесі. Саяси ұстам.
2.2 Екінші майдан ашу мәселесі. ССРО саясаты.
2.3 Тегеран конференциясындағы екінші майдан ашу мәселесі жөніндегі шешімі

Қорытынды.

Пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Екінші дүниежүзілік соғыс және Тегеран конференциясы.docx

— 48.01 Кб (Скачать документ)

Вашингтон  саясаты, сайып келгенде, дүниежүзіне  АҚШ-тың үстемдігін орнатуға ұмтылу  болса, Англияның билеуші топтарының  көздеген мақсаты ең алдымен  британдық империяның дүниежүзілік  позициясын сақтап қалуда еді. Тіпті осының өзінде де, олардың  мүдделерінде елеулі алшақтықтар  болды. АҚШ пен Англия өз мақсаттарына  жетудегі басты кедергіні гитлерлік  Германия мен милитаристік Жапонияның  саясатында деп білді. Олар осы  қауіпті бәсекелестерін шет еткенде  ғана , өздерінің ықпал ету сферасын  нығайтып, кеңейте алатынына сенді. КСРО соғысқа кіріскеннен кейін  Англия мен АҚШ осы жанжал  арқылы өздерінің жеке мақсатын  көздеді. Сөйтіп АҚШ КСРО-ның қолымен  Германия мен Жапонияны әлсіретуге  тырысты, сөйтіп Тегеранда қабылданған  келісімдер антигитлерлік коалицияның  маңызын көрсетті. Бұған дейін  АҚШ пен Ұлыбритания Европада  соғыс майданын ашамыз деген  уәделерін орындамағандықтан, соғыстың  негізгі ауыртпалығын Совет Одағы  көтерді. Екінші майдан ашу мәселесіне  келсек, 1942 жылдың көлемінде Ла-Манштың  ең енсіз жерінен кесіп өту  арқылы және Сена сағасының  шығысындағы кале мен Гаврдың  арасындағы француз жағалауына  әскер түсіру, сөйтіп солтүстік  Францияғв басып кірудің американдық  жоспары жасалды. « Оверлорд « деген кодтық атпен аталған бұл жоспарды жүзеге асыру тек 1943 жылдың көктеміне белгіленді. 1942 жылы американ Бас штабы "Следжхэммер" деген шектеулі операцияны қарастырды, оның үстіне бұл төмендегідей жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс болды. 1. Орыс майданындағы жағдай өте ауыр болғанда, яғни Германия қаруының табысы артық болып, орыстардың қарсылығына сөзсіз күйреу қаупі төнгенде ғана ортақ. 2. Батыс Европада немістердің жағдайы өте төмен болғанда. Міне, Тегеран конференциясының осындай алғышарттарға негізделгенін көреміз, сөйтіп, ыңғайлы тактика жеңіп шықты. 1942 жылы Совет Герман майданында кескілескен ұрыстар жүріп жатқан кезде Лондон мен Вашингтонда Батыс одақтастарға Екінші майдан ашу қашан тиімді болатындығы қызу талқыланып жатты.

1942 жылы  жазда болған Лондондағы ағылшын-совет  келіссөзі кезінде Совет үкіметі  Батыс Европаға басып кіруді  тездету қажеттігі туралы мәселені  тағы да қойды. АҚШ президенті  Ф. Рузвельт бұл мәселені қолдады.

1942 жылы 12 июньде қол қойылған ағылшын-совет  мазмұндамасында Вашингтонда бұрын  келісілгендей 1942 жылы Европада  екінші майданды құрудың кезек  күттірмейтін міндеттері жайында  толық келісімге қол жетті, - деген  тұжырым қайталанды.

  

 

 

ІІ Тарау. Екінші майдан мәселесі

2.1   АҚШ -Ағылшын үкіметі.  Екінші майдан ашу  мәселесі. Саяси ұстам.

Екінші  майданның ашылуының нақтылы  келісілген мерзімі ақыры шешілген  сияқты еді. Бірақ батыс державалары  бұл жолы да өз міндетін  орындамады. 1942 жыл өтті, 1943 жыл бітті, 1943 жылы Қарашаның аяғында  Тегеран  конференциясы ашылғанда бұрынғысынша  Францияда екінші майданның қашан  ашылатындығы беймәлім еді. Сондықтан  Тегеран кездесуінің күн тәртібінде  тұрған мәселелерді талқылаумен  қатар, Совет үкіметі екінші майдан  жөніндегі мәселеге де нақтылы  жауап алуға ұмтылуы да табиғи  нәрсе еді.

Тегеран  конференциясының бірінші жалпы  мәжілісінде Европада екінші  майданды ашу туралы мәселе  қойылды. Тегеран конференциясында  Британ премьері У. Черчилль мен  АҚШ президентінің біріккен штабы  "Оверлорд" операциясы 1944 жылға май айында белгіленді деп жарияланды. Ол оңтүстік Франциядағы десанттың көмегімен жүргізілмек, бұл қосалқы операцияның күші сол кездегі қолда болатын десанттық құралдардың мөлшеріне байланысты болады деп шешілді. Ал Англия тек десанттық операциялар басталғанға дейін КСРО немістерге күшті соққы әзірлейтінін мәлімдеді.1 Тегеран конференциясында солтүстік Францияда екінші майдан ашу пробемасын талқылау осылайша аяқталды.

Ағылшындар  мен американдар берген уәде  созыла түсіп , «Оверлорд« операциясы майда емес, 1944 жылы 6 июньде басталды. Гитлершілдерді батысқа қарай үсті-үстіне тықсыра түсіп, Германияның территориясына жақындаған совет әскерлерінің ойдағыдай қимылы болмаса, мұны бұдан да гөрі ұзақ мерзімді кешеуілдетуге тура келер еді. Ағылшындар мен американдықтар кешігіп қалудан қорқып, ақыры басып кіруге мәжбүр болды. «Оверлорд« туралы мәселе шешілгеннен кейін конференцияға қатысушылар қол қойған келісімді қатаң құпия сақтау проблемасына едәуір көңіл бөле бастады. Сонымен бірге екінші майданды ашуға керекті стратегиялық және тактикалық жоспары жасалып, дұшпанды радионың көмегімен шатастыру,  бес- сегіз мыңға дейін танкілер, екі мың самолет макеттері жасалып, жалған аэродромдар жасалу ұсынылып, Тегеранда қабылданған шешімдерді білетін адамдар тобы шектеулі болуы, хабар-ошардың шетке шығып кету мүмкіндігін болдырмауды көздеген қосымша шаралар белгіленді. Осыған қарамастан, Тегеран конференциясының аса маңызды шешімдерін жаудан құпия сақтау қолдан келмеді.

 

2.2 Екінші майдан ашу мәселесі. ССРО саясаты.

Европада 2-майдан ашу, соғыстың аяқталуын  тездету мәселесі Совет делегациясының  ұсынысы бойынша жетілдірілді. Черчилль 2- майданды Балқан түбегі арқылы  жүргізуді жақтады.1 Ол ағылшын және американ қарулы күштерін Совет армиясынан бұрынырақ Оңтүстік шығыс және Орталық Европаға жайғастырып, Европа халықтарын билеп- төстеуді көздеді. Бұл жоспардың осал жақтарына тоқталып, В.И. Сталин екінші майданды Франция территориясынан ашудың дұрыстығын дәлелдеді.

   Тегеран конференциясының 28 Қарашадағы  бірінші жалпы мәжілісінде Түркияны  одақтастар жағында соғысқа итермелеу  жөнінде У.Черчилль мәселе көтерді. Британ премьерінің пікірі бойынша  Түркияның соғысқа кіруі Дарданелл  мен Босфор арқылы қатынас  жолын ашуға, сөйтіп Совет Одағына  Қара теңіз арқылы қатынас  жолын ашуға жабдықтарды жіберуге  мүмкіндік туып, оңтүстік порттарда  жүк түсіру тұрақты түрде жүзеге  асырылады деп сендірді.

Ағылшын  үкіметінің генералдары Түркияның  соғысқа кіруі одақтастарға үлкен  артықшылықтыр әпереді және Румыния  мен Болгарияның соғыстан шығу  мүмкіндігі тұрғысынан үлкен  маңызға ие болады , бұған қоса  Түркияда одақтастардыңавиабазасын  жасау немістердің маңызды объектілеріне, атап айтқанда олардың Румыниядағы мұнай көздеріне шабуыл жасауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп шешті. Егер Түркия соғысқа кіру жайлы соғысты қабылдамаса, мұның Түркия үшін елеулі салдарлары болатынын және Босфор мен Дарданелл қақындағы оның правосына әсер ететіндігін ескертті.2 Ақыры 1945 жылы 23 Ақпанда Түркия Германия және Жапонияға соғыс жариялады. Бұл кезде Болгария , Румыния, Югославия азат етілген еді де, майдан түрік шекараларынан мың километрге қашықтап кеткен болатын. АҚШ пен Ұлыбританияның өтініштеріне байланысты Совет Одағы Европадағы соғыс бітісімен империалистік Жапонияға қарсы соғысатынын білдірді. Рузвельт Германияны бір-біріне тәуелсіз бес мемлекетке бөлшектеу туралы мәселе көтерді. Черчилль бұл ұсынысты қабылдап, Австрия, Венгрия және Оңтүстік Германияның кейбір аудандарын қамтитын «Дунай федерациясын« құру жөніндегі жоспарды қолдады.

 

КСРО  өкілдері бұл ұсыныстарды сынап, неміс халқының мүддесіне қайшы  келетін Германияны бөлшектеу  мәселесін қабылдатпады. Тегеран  конференциясы Иранның тәуелсіздігін, суверенитетін және территориялық  тұтастығын сақтау керек екендігін  ескертті. Германияны бөлшектеуде  бірінші Пруссияны қалған Германиядан  оқшаулау, екіншісі Германияның  оңтүстік провинцияларын – Баварияны, Баденді, Вютембергті, Палатинаны Саардан Саксонияға дейін бөліп тастау ұсынылды. Өз кезегінде В. Сталин оны Дунай мемлекеттерінің құрудың қажеті жоқ, Венгрия мен Австрия бір-бірінен бөлек өмір сүруге тиісті деп толықтырды.

 

    1. Тегеран конференциясындағы екінші майдан ашу

мәселесі  жөніндегі  шешімі.

Тегеран  конференциясында соғыс аяқталған  соң Германияны бөлшектей отырып, оның XX ғасырда қайта бас көтеру мүмкіндігін болдырмау көзделді. АҚШ президенті Ф. Рузвельт Германия туралы мәселені зерттеу үшін арнаулы құру, оны Лондон комиссиясына беру жөнінде ұсыныс білдірді.

Сондай-ақ  Тегеран конференциясында Польша  мәселесі қаралды, онда КСРО мен  Польшаның арасындағы 1939 жылғы шекараны  қалдыру, яғни Германияның біраз  бөлігін Польшаға, ал Польшаның  шекарасы шығыста "Керзон сызығымен", батысында Одер өзені бойымен өту жобаланды. Польшаны Германия есебінен қанағаттандыру (жерінің біраз бөлігін алу) туралы Черчилльдің пікірі тыңдалған соң Сталин Украинаның жері Украинаға, Белоруссияның жері Белоруссияға берілуі жөн екендігін Львов проблемасын шешу жөніндегі жоспарын карта бойынша нақтылай көрсетіп дәлелдеп шықты.

Үш ел  соғыстан кейін бейбітшілік орнату  жайында бірлесіп әрекет етуге  уағдаласты. Сөйтіп Польша мемлекетінің  жері мен халқы Польшаның құрамына  Шығыс Пруссия мен Оппельнск  провинсиясына қоса отырып, Керзон  линиясы мен Одер өзені деп  аталатындардың арасында орналасуға тиіс деп шешілді. Шекараны түркілікті жүргізу, мұқият зерттеуді және кейбір пункттерде халықтың мүмкін боларлық қоныс аударуын керек етеді деп, нақтылай түсті. Тегеран конференциясында қабылданған шешімдер соғыс бітісімен батыс елдердің реакцияшыл топтары бұл келісімдерді бұзуы, халықаралық жағдайды шиеленістіруге әкеліп соқты.

Тегеран  конференциясында қабылданған үш  державаның қабылдаған декларациясының  алғашқы мәтіні мынадай мазмұнда  жазылды: «Біздер: АҚШ президенті, Ұлыбританияның премьер-министрі және Совет Одағының премьері соңғы төрт күннің ішінде (28/11-1/12-43) Біздің Одақтасымыз- Иранның астанасында кездесу өткізіп, ортақ саясатымызды тұжырымдап белгіледік. Соғысқа қатысты әскери келіссөзде Герман қарулы күштерін жою жөнінде жасаған жоспарларды келістік. Шығыстан, Батыстан, Оңтүстіктен қолданылатын операциялардың көлемі мен мерзімі жайында толық келісімге келдік.

Құрғақтағы  Герман армиясын, олардың теңіздегі  сүңгуір қайықтарын құртуға әрі  әуеден олардың соғыс заводтарын  талқандауымызға дүниежүзінде бізге  ешқандай күш бөгет бола алмайды. Біздің шабуылымыз аяусыз әрі  өрши түсетін болады. Рузмельт, Сталин, Черчилль Тегеранда 1943 жылы 1 Желтоқсанда  қол қойылды. "Соғыстың барысында басқа шешімдермен бірге Югославия партизандарына жан-жақты көмек көрсету туралы" келісімге қол жетті.

Сөйтіп  Тегеран конференциясында Германия  мемлекетімен арадағы соғысты  аяқтау үшін жүргізілетін соғыс  қимылдары мен оның жерін бөлшектеу, шекарасын белгілеу мәселелері  талқыланды.

 

 

 

Қорытынды

 

Тегеран  конфреренциясында көптеген мәселелер жөнінде қатты айтыстар аз болған жоқ, бірақ тұтас алғанда конференциял пікір  алысудың қорытындысында маңызды оң, шешімдер қабылданды.

Конференцияда келісілген және бекітілген документтердің тізбесі мейлінше кең көлемді  проблемалардың талқыланғандығын, конференцияда  қабылданған шешімдердің бүкіл  халықаралық жағдайды дамыту үшін зор  маңызы бола алатынын көрсетті.  Ең алдымен Тегеран конфренциясы -Қырым-Потсдам конференцияларының  бастамасы болды. Қырым-Потсдам конференцияларына  алғашқы  табалдырығы болды деп айтуға болады. 

Конференцияда қабылданған шешімдердің маңызы зор болды. Әсіресе  екінші  майданның  ашылу  мәселесін айта кетсем болады.

Дегенмен үш одақтастың осы конференциялардағы және басқа маңызды кеңестерінің барысында әлеуметтік құрылысы әр түрлі мемелекеттердің бейбіт уақытта да тиімді саяси және әскери ынтымақтасу мүмкіндігі іс жүзінде дәлелденгені ақиқат шындық болып қала береді.

Сонымен, жоғарыдағыларды жинақтап  қорыта келгенде, халықаралық қатынастар  тарихындағы өте маңызды келісімдердің  бірі - Тегеран конференциясының  игі бастамасы дәстүрлі жалғасын  тапқан дипломатиялық қадам ретінде  бағаланады. Осы "үштік" конференциясының түпкі мақсаты екінші дүниежүзілік соғысты әділетсіз түрде бастаған гитлерлік Германияны талқандау, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті сақтау еді. Іс жүзінде осы Тегеран конференциясы күші адамзаттық игі мақсатты орындай алды деуге толық негіз бар. Конференция барысында негізгі қаралған мәселелелер , әрине, Германия (неміс) мәселесі болды. Гитлерлік Германияға қарсы державаларды біріктірген күш сол кезде бүкіл әлемге төнген қауіп болатын. Демек екінші дүниежүзілік соғыс барысында аталмыш конференциялардың алар орны ерекше және ортақ мүддеден туындаған халықаралық құбылыс еді. Осы конференцияның мақсаты, бағыт-бағдары бірыңғай , біртұтас алып қарасақ та әрбір конференцияның екінші дүниежүзілік соғыс барысында өзіндік алатын орны атқарған функциясы бар. Ғылыми негізде осыған мынадай тұжырым жасауға болады: бірден, алдымен Тегеран конференциясы.(1943ж. 28 Қарашадан - 1 Желтоқсанға  дейін) Гитлерлік Германияға қарсы коалициялық бірліктің ортақ күш біріктіруі, екінші майдан ашу мәселесі күн тәртібіне қойылғанымен ішкі мүдделерін жасырып қала алмаған одақтастар істі кешеуілдетіп алған-тұғын. Бірақ мұның өзі зор бастама болды, тіпті соғыс жоспары талқыланып қана қоймай ”Германия мәселесін” алдын- ала келісіп те қойды. Тегеран конференциясы екі басқа жүйедегі державалардың екі басқа қауіпке бірігуінің көрінісі болды. Үштік конференцияда бірімен бірі тығыз байланысты әрбірінің мақсатын екінші тізбекті және сатылы түрде жүзеге асырып отырған. Олай болса, меніңше, Тегеран конференциясынан кейінгі Қырым-Потсдам жүйесі гитлершіл Германияға қарсы әскери-саяси дипломатиясы болып қана қоймай, Германия мәселесін шешуде жетістіктері жоқ емес.

Информация о работе Казақстан тарихының кезеңделуі