«Түбі бірге түрпейт» деп
Қарттардан қалған қария
Ескілікті мақал бар
Қырғыз, қазақ әуелде
Бір туысқан халықпыз,
Батырларым, дағдырмай
Қайта көшіп соған
бар,- деген жолдары куә болды.
Осыған қарамастан, Кенесарының
қырғыздар еліне жорығының мақсаты
туралы екінші жорамал да бар, ол да Е.Б.
Бекмахановтың қаламына тиесілі. Кенесарының
1846 жылы Ілені бойлай жоғары көтеріліп,
Қытай шегіндегі Үйген тасқа тоқтағаны,
осы жерда Құдайменде Саржанұлын, Бақтыбай
би мен Сүйінқожаны, арту таралға ретінде
тоғыз сәйгүлікпен, Қытай үкіметіне елшілік
жібергені, көшіп-қонуға рұқсатсұрағаны
жөнінде мәліметтер бар. Ол жақтан жағымда
жауап болмайды, себебі Ресеймен Қытай
араздасқысы келмейді.
Кенесары қырғыз жері арқылы
Қытайға өтпек болғаны жөнінде
Сәуірбек Бақбергенов мынадай деректерге иек артады:
«Найманға ға сұлтн болып бекітілген Құнанбай
төре Омбы әкімшілігінен Кенесарыны қалай
да ұстау туралы жарлық алған соң, Қытайдағы
қызай наймандардың билеушісі, өзіне туыс
боп келетін Қазар төреге жансыз жібереді.
Кенесарыны құтқарудың жолы бір ғана жолы
бар. Ол шетке, Қытаймен шекараға шығуы
тиіс дейді. Қызыр төре Кенесарыға хат
жазып, бес ат мінген шабармандарымен
Балқашқа, Мыңаралға жөнелтді.
Қызырдың хатын алған соң Кенесары
шекараға шығудың жолдарын ойластырады. Бұл кезде орыс әскері Аягөзге бекініс
орнатып, Қапал мен Жаркентке жеткен. «Құлжада
патша консулы тұрады. Жалғыз жол бар.
Ол – Ыстықкөл арнасымен асу. Міне, Кенесары
қырғызды жаулауға емес, соның жерімен
өтуге бет алды. Мұны Қоқан да, патша әскері
де біліп отырды. Бірақ, сендерді басып
алуға келе жатыр деп жар салып,үгіт –
насихат қана емес, өздері де тікелей араласып,
арандату жасады. Бұл қырғыз жерін басып
алуға келе жатқан ақ патша әскерінің
талабына, ниетіне сайма-сай келетін қимыл
еді»,- дейді жазушы.
Осындай жағдайда 1847 жылдың басында
Кенесары қырғыз жеріне басып
кірді. Көтерілістің отаршылдық
езгіге қарсы бастапқы сипаты
өзгере бастады. Кенесары әскерінің
жергілікті халыққа қысымы, жазықсыз
қырғыз ауылдарына шабуылдары
оған қарсы өшпенділі туғызды.1847 жылы Ресей әскери күшінің
дем беруімен болған қазіргі Майтөбе (Кекілік
сеңгір) деген жерде қырғыз манаптарының
әскерімен шайқаста Кенесары мен інісі
Наурызбай дұшпандарының қолына түседі.
Кенесары айуандықпен өлтіріледі. Рүстем
сұлтан мен Сыпатай бидің ұрыс қарсаңында
жауынгерлерімен Кенесарыдан бөлініп
кетуі қазақ жасағының жеңілісіне әсер
етті. Жаулары оның басын кесіп алып, орыс
әкімшілігіне жібереді. Князь Горчаков
Кенесарының басын Батыс Сібір бас
басқармасындағы «Кенесары бүлігі туралы»
іске қосып сақтауға бұйрық береді
Бірқатар феодалдық топтардың
Кенесарыны қолдамауы, Ресей империясынан
көптеген жеңілдіктер алған сұлтандар
мен билердің орталықтанған феодалдық
мемлекетті қалпына келтіруге
мүдделі болмауы – көтерілістің жеңілуіне негізгі себебі болады. Жүзге
жіктелгенқазақ рулары көтерілісті өз
жерінде қолдап, Қоқан және қырғыздармен
күресуден өздерін алшақ ұстады; Кенесарының
өзін қолдамаған ауыларға озбырлығы да
көтерілісшілер қатарын сиретті; Кенесары
Бұхар, Қоқан феодалдарымен арпалыста
күшін сарқып, патшалы Ресейге қарсы
бүтін халықты біріктіре алмайды.
Кенесарының тәуелсіздік жолындағы күресі
де және осы жолда тек қана түркі халықтарының
күш біріктіруі арқылы оң нәтиже күтіп,
әрекет етуі де оның кең қарымды саясаткер,
көреген стратег екендігін аңғартады.
Кенесары хан әулетінің шежіресі.
Кенесары ханның бәйбішесі Күнімжан
ханымнан (арғын руының қызы) үш
ұл туады: Жапар, Тайшық, Ахмет.
Екінші әйелі Жаңыл ханымнан
бес ұл туады: Құшар (кейбір
деректерде Омар), Әбубәкір, Құсман, Сыдық, Жақша. Кенесарының
үлкен ұлы Жапар Ресей империясы әскерлерімен
болған соғыста тұтқынға түсіп, көп жыл
айдауда болады. Ақырында Бекет батырмен
бірге қашып келеді. Денсаулығы нашарлағандықтан
көп кешікпей қайтыс болады. Кенесарының
ұлы Сыдық (Сыздық) сұлтан (1839-1910) әке жолын
қуып, Ресей империясына қарсы күресті.
Тайшық пен Ахмет сұлтандар амалсыз патша
үкіметіне барып қызметке тұрады. Қоқандықтармен
болған бір соғыста Тайшық сұлтан қатты
жарақаттанып, қайтыс болады. Ахмет сұлтан
алғашында Шу бойндағы қазақ, қырғыз елдерін
Қоқан шапқыншылығынан қорғап тұрады.
Шымкент уезді ашылған соң Ахмет сұлтан
онда уезд басшысының үшінші жәрдемшісі
болып тағайындалып, осы жұмыста жиырма
жыл істейді. Қазақ рулары мен патша әкімшілігі
арасындағы қатынастарды реттеп тұрады.
Ахмет сұлтан қырық алты жасында қайтыс
болады. Ахмет сұлтанның ұлдарының ішіндегі
ең белгілісі (1878 - 1837) Алашорда партиясын
құрушылардың қатарында болған, саяси
қуғын – сүргін құрбаны . 1996 жылы толығымен
ақталып шығады.
Әзімжан ұлдары: Натай, Мұхамедхан,
Мадияр, Тәуке, қыздары: Хамида, Напуса,
Аян, Баян. КСРО- ға еңбек сіңірген
геолог, геология-минерал ғылымының
докторы, гидролог, Өзбекстан ҒА-ның
мүшесі Натай Әзімханұлы Кенесарин
кезінде абасының атын алып жүргені үшін қуғындалып, Қазақстанға
қоныс аударуға мәжбүр болған.
Кенесарының Әбубәкір атты ұлының
шөбересі, ұстаз әрі домбырашы,
өнер қайраткері Файзолла Үрімізов
пен жиендері арасынан Кеңес
Одағының Батыры Александр Гаврилович
Моисеевский сынды генерал шықты.
Кенесары қазақ халқының дербес
мемлекеттілігін қалпына келтіру,
халқын бодандықтан құтқарып, басын
біріктіру, азаттық пен бостандыққа
қол жеткізіп, тәуелсіз ел ету
мұратын көздеген сұңғыла саясатын,
қараткер, ірі мәлімгер, дарынды әскери қолбасшы ретінде
ел есінде қалды. Оның дипломатиялық және
саяси белсенділігі, Ресей үкіметінің
әскери-әкімшілік орталықтары мен сол
тұста көптеп құрылып жатқан бекіністерін
жою жөніндегі шешімдері жіне жақты әскери
қимылдары сол кезгі тарихи құжаттар
мен зерттеулерде көрініс тапты. Саяси
ахуал оған қарулы күрестен басқа таңдау
қалдырмағаны анық. Оның әкімшілік және
сот реформаларын жүргізгені, биліктің
орталықтандырылуын күшейтуге тырысқаны,
өз армиясын заман талабына сай қайта
құрғаны, артиллерияны қолданып, әскери
тактиканы дамытқаны, қатал тәртіпке бағынған,
ұтқыр тәсілдермен әрекет ететін әскерқұрі
білген әділ бағасын алуда Кенесарының
өмірі мен азаттық жолындағы күрес көптеген
ақын-жазушылардың шығармаларына арқау
болды. Нысанбай ақынның «Кенесары - Наурызбай»
дастаны (ХІХ ғасыр) 1875 жыл сұлтан Жантөриннің
тәжімасымен «Орыс географиялық қоғамы
Орынбор бөлімшесінің жазбаларында» орыс
тілінде жарияланды. ХХ ғасырдың 30-жылдары
Мұхтар Әуезов «Хан Кене» пьесасын
(сахнаға бірер қойылуынан кейін тыйым
салынған), 60-жылдары И. Есенберлин «Қаһар»
романын жазды. Алғашқы зерттеулер ішінде
«Қазақ сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі»
деген тақырыппен Н. Середеның 1870 жылы
«Вестник Европы» журналының бірнеше
нөміріне бастырған кітабының дерек көзі
ретінде маңызы зор. 1888 жылы Ташкентте
«Кенесары мен Сауық» деген атпен шыққан
Кенесарының баласы сұлтан Ахмет Кенесариннің
естеліктер жинағы да құнды еңбек болып
табылады. Кеңес үкіметі тұсында
Кенесарының күрес жолына іргелі ғылыми
зерттеу арнаған тарихшы Е. Бекмаханов
(«ХІХ ғасыдрдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан»
1947 ж) саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Кенесары
тұлғасына жаңаша қарап, оның шынайы бағасын
беру ісі Қазақстан тәуелсіз мемлекетке
айналғаннан кейін қолға алынды. Тарихшылар
(Ж. Қасымбаев, т.б) өз зерттеулерін жариялады.
2002 жылы Кенесары туғанына 200 жыл толуына
орай Халықаралық ғылыми конференциясы
өтті. Астана қаласында Кенесарыға арналған
ескерткіш қойылған және онда оның есімімен
аталған көше бар.
Қолданылған әдебиеттер
- Е. Бекмаханов «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан», 1947жыл
- Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 4 том 500-502 беттер
- Ж. Қасымбаев «Қазақстан тарихы» 8- сынып