Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 20:23, реферат
Кесте – қазақ халқының қолөнерiндегi өзiндiк ерекше түрлерiнiң бiрi. Кесте деген атының өзi бағзылықты бiлдiредi және Орталық Азияның байырғы иран тiлдi тұрғындарының (қазақ халқының арғы негізі) арасында пайда болуы мүмкiн. Кейбiр зерттеушiлердiң пiкiрiнше, бұл сөздiң семантикасында (кесте, кеште, кашта көне иран тiлiнде «суреттелген» деген мағынаны бiлдiредi) алғашқы қауымдық кездiң жаңғырығы болуы мүмкiн. Әлі кесте тоқуды білмегенімен, сол бағзы дәуiр адамдары арасында дүлей күштер мен тiл-көзден қорғану үшiн иленген терi мен матаға дуалы белгiлердi бейнелеген суреттер салатын салты болған.
Кесте – қазақ халқының қолөнерiндегi өзiндiк ерекше түрлерiнiң бiрi. Кесте деген атының өзi бағзылықты бiлдiредi және Орталық Азияның байырғы иран тiлдi тұрғындарының (қазақ халқының арғы негізі) арасында пайда болуы мүмкiн. Кейбiр зерттеушiлердiң пiкiрiнше, бұл сөздiң семантикасында (кесте, кеште, кашта көне иран тiлiнде «суреттелген» деген мағынаны бiлдiредi) алғашқы қауымдық кездiң жаңғырығы болуы мүмкiн. Әлі кесте тоқуды білмегенімен, сол бағзы дәуiр адамдары арасында дүлей күштер мен тiл-көзден қорғану үшiн иленген терi мен матаға дуалы белгiлердi бейнелеген суреттер салатын салты болған. Кейінірек өрнекті кестелер осындай дуалық – қорғану мiндетiн атқарған және осы дәстүр оның эстетикалық мән-мазмұны жоғарылаған біздің заманымызға жеткен.Кесте тiгу өнерi қазақтарда бағзы кездерден берi болғандығын дәлелдейтiн археологиялық қазбалар мен жазба ескерткiштер көп болмағанымен, баршылық.Бұл салада Солтүстiк Моңғолиядағы Ноин-Улин қорғандарынан табылған археологиялық қазбалардың маңызы зор. Гун кестелерi деп аталатын қазба деректердің де құндылығы ерекше. Оның iшiнде әсiресе юечжийлер немесе үйсіндердің қолынан шыққан деп саналатын екi шымылдық кесте бар. Бұл шымылдықтар гун тұрақтарының қабырғаларын шаршаулауға, бөлмені екіге бөлуге пайдаланған болуы мүмкін. Мұндай бұйымдардың болуы көшпендiлер үйлерінде әсемдiк үшін iрi кестелi дүниелердi пайдаланғандығын көрсетедi.Кесте тiгу өнерi көшпендi тұрмыс салты жағдайында қалыптасқан, сондықтан да ою-өрнектер малшы, бақташы қазақтардың тұрмысы мен шаруашылығын айқындаған. Кесте тiгумен тек қана әйелдер айналысқан және мұндай үй кәсiбi қазақ әйелдерiнiң арасында өте кең таралған. Кестелеу өнерi анадан қызына мұраға берiлiп, қолынан ісмер қыз-келіншектердің қоғамда алатын орны да ерекше болған. Той үстiнде жас келiндi күйеудiң туыстарына таныстыратын «беташар» кезiнде күйеу жiгiт қалыңдығына ине сыйлаған, мұнымен ол қалыңдығының шебер екенiн бiлдiрген. Қыздың жiгiтке сыйлаған кестелi орамалы оның махаббатының белгiсiндей болған.Кесте тiгуге пайдаланылған неғұрлым көне материалдар киiз, иленген терi, жүннен тоқылған мата және жiп. Ноин-Улин қорғаны қазбаларының өзiнен бiз түрлi түстi жiбек жiптермен «бiз кесте» тәсiлiмен бай кестеленген былғары етiктi көрдiк. Қазақтар жарғақ шапан, жарғақ шалбар және аяққаптарды кестемен әшекейлеген. Мемлекеттiк орталық мұражай жiңiшке тiлiнген жарғақ қиындыларымен тiгiлiп, жiбек кестелермен әшекейленген түскиiз сақталған. Бұл кiлем ХХ ғасырдың басында наймандардың iсмер әйелдерiнiң қолымен тiгiлген.Дегенмен, сәндiк кестелерге сырттан әкелiнген барқыт, шұға, фланель, шибарқыт және шыт пайдаланылған. Ал кестенi жүн, жiбек, мақта-мата, сондай-ақ алтын, күмiс жiптерiмен тiккен. Кестеге маржан, iнжу, iрiлi-ұсақты құбылмалы моншақтар қолданылған. Бұйымның үстiне күмiс алқа бастырылып, зермен жиектелген, кейбiр аса көркем әсемдiк кестелерге құндыз, сусар, кәмшаттың құйрықтары тiгiлетiн болған. Қазақтың кесте тiгу техникасының негiзгiсi – «бiз кесте». «Бiз кесте» көбiне бастырмамен жарасым тауып шыралжынмен тiгiледi. Қазақтың кесте өнерiнінің тағы бiр ерекше түрі – шалма кесте. Оның шалып тiгiлген ирек жiбi кестеге өзiндiк көрiк бередi. Ал жөрмеме түрі, негiзiнен, әйелдердiң әшекейлi бас киiмдерi мен әсемдiк бұйымдарында қолданылған. Жөрмеме қазақтың кесте өнеріне ХХ ғасырдағы орыс келiмсектерi арқылы келгендiктен, оны кейде «орыс кесте» деп те атайды. Қазақтың iсмер әйелдерi алтындап тiгу өнерiне де шебер болған. Ірi кестелі бұйымдардағы ою-өрнектің ортаңғы элементтерi, кейде бүкiл бұйым тұтастай алтындап кестеленген. Қазақтың көркем безендiрiлген үйiнде сәндік кестелердiң алатын орны ерекше. Қабырға кiлем-түскиiздер төрге ілінеді. Кестеленген шағын дүниелер есiкке жақын тұрған шаруашылық жағына iлiнедi. Кестеленген жалпақ тегерiш үйдiң күмбез тұсын айнала көмкерiп тұрды. Әсiресе той шымылдығы ерекше кестеленетiн болған. Олар моншақтармен төгiлiп, асыл тастармен зерленген. Өйткенi жас жұбайлардың неке қию салтында той шымылдығының маңызы ерекше болған. Той күнi, әсiресе, «қол ұстатар» салты кезiнде шымылдық жастарды жат көзден жасырып тұрған. Кейiнiрек осы шымылдық артында жастардың төсегi болды. Қымбат матадан жасалған шымылдықтың жоғарғы жағы кестеленiп, жиектерi шашақталып келеді. Жастардың төсек бұйымдары – «төсек жапқыш», «жастық қаптары» да көркем кестеленiп отырған.Қазақстанның солтүстiк және оңтүстiк-шығыс аудандарында арнайы кестеленген мерекелiк дастархан болған. Бұрынғы кезде дәулеттi адамдардың үйiнде құрметтi қонақтар отыратын кестеленген кiлемшелер тiгiлген. Жайнамазды кестелеу, негiзiнен, Қазақстанның солтүстiгi мен оңтүстiгiнде кездеседi.ХХ ғасырдың басында қазақ үйлерін безендіруде орыс, украин қоныстанушыларының үлгiсiндегi кестелер пайда болады. Киiз үйдiң iшiн безендiруде кестеленген ұсақ бұйымдар көп пайдаланылған: ыдыс-аяқ салатын аяққап, сандыққап, қолдорба, қоржын, айна, шам, қайшы салатын кестеленген кiшкене дорбалар және т.б. Ұлттық кесте өнерiнiң неғұрлым жарқын көрiнiсi қабырғаға iлiнетiн көркем түскиiздерден көрiндi. Көшпендi тұрмыстың көптеген қолөнер түрлері жойылып кеткенімен, түскиiздердi кестелеп өрнектеу өнерi Қазақстанның көптеген аудандарында бүгінгі күнге дейін сақталып қалған. Кестелеудiң бұл түрi қазiргi заман талғамымен үндесiп, мерекелiк әсемдiктi, ерекше ұлттық колориттi көрсетедi. Киiз үйдiң ортаңғы бөлiгiнде, төсектiң тұсына, әдетте бiр немесе бiрнеше түскиiз iлiнедi. Қазақ түскиiздерiнiң өзiне тән ерекшелiгi – олар «П» әрпiнiң белгiсiнде жиектелiп, кiлемнiң төменгi жағы жиектелмей ашық қалады, себебi оның төменгi жағын кестелi жастық, алуан түрлi өрнектi жапқыштар жасырып тұрған. Астыңғы жиегi сырылып көмкерiлген түскиiздер сирек кездеседi. Түскиiздiң орта тұсындағы оюлардың композициялық орналасуының өзiндiк дәстүрлi тәсiлдерi бар. Мұндағы ою алыстан көзге бiрден түсуi үшiн iрiлеу етіп тiгiледі. Түскиiздiң ортаңғы бөлігі көбіне ашық қалады, бұл «П» әрпiнiң белгiсiнде жиектеле жүргізілген өрнектің мәнін арттыра түседі. Қазақтың сәндік кестелеу өнерiндегi көмкермелеу композициясының кең таралған түрi – өсiмдiк өскiнiнiң иректелiп оюланған көрiнiсi, оның сол ирек тұстарына әр алуан гүл өрнектерi салынады. Әдiптеп көмкерудiң тағы бiр тәсiлi – бiр немесе екi үлгiнi қосарлап қайталап отыру (жапырақ үлгiсiнде немесе шаршыланған ортадан тарайтын сан алуан күрделi бұтақтар). Қазақтың кестелеу өнерiнде түс пен бояудың мәнi зор. Бояу түрлерін үйлесiмдi пайдалану оюдың байлығын көрсетiп, кестенiң композициялық жарасымдылығын айқындайды. Қазақ iсмерлерiнiң негiзгi тәсiлi – алуан түстердi үйлесiмдi жарастыру, бiр түстiң жеке басымдығы қолданылмайды. Түстердiң түрлерi де шектеулi – қызыл, жасыл, сары, көк және ақ түс. Неғұрлым көне кестелерiнде, көбiне қызыл түс қолданылған – қасиеттi отты тазартатын күннiң нысаны. Ұлттық кестелеу өнерiнiң оюлары қатаң симметриялы, өрнектерi ирек сызықты болып келедi. Көбiне өсiмдiк бейнелi, хайуансал және геометриялық нақыштар жоқтың қасы. Оюлардың образдық құрылымы халық iсмерлерiнiң шығармашылығы негiзiнде айшықталған табиғаттың табиғи көрiнiстерiн бейнелейдi. Даланың түлеп гүлденген шағы – көктем маусымы қазақтар үшiн жылдың ең мерекелi кезi болған. Даланың өзi бұл кезде жасыл дүниенiң үстiнде қызғалдағы құлпырған алып кiлемге ұқсайды. Қазақтың iсмер әйелдерi өздерiнiң шығармашылық шабыт қайнарын сол көктемнен алғандай. Қызғалдақ бейнесі тек кестелеуде ғана емес, қазақтың басқа да қолөнер түрлерiнде аса көп қолданылған. Өсiмдiксал нақышының кестелеу өрнегiнде ең көп бейнеленетін түрлері: гүл шоқтары, сабақтар мен жас өскiн және т. б. Ұлы Жiбек жолының бойында болғандықтан, қазақтың ою-өрнек өнерiне жат жерлiк нақыштар да енген. Мысалы, бадам, анар, бұлт, саңырауқұлақ және т. б. Олар өзінше өңделiп, уақыт өте келе этникалық мәртебеге ұласқан. Тек мұқият зер салып қарағанда ғана олардан байырғы қиыр шығыстық, сасандық, тағы басқа да нақыштарды байқауға болады. Кейбір кестелерден мыңжылдықтар тұманына оралған архаикалық образдарды да байқауға болады. Мемлекеттік орталық мұражай қорында алты бұрышты, тор iспеттi сызықтармен әшекейленген, жоғары биiктен түскен сабақтарының ұшында өскiндерi бар қызықты және өзгелерiне ұқсамайтын ерекше оюлы кесте сақталған. Сырттай қарағанда, ол алыстан анар ағашына ұқсайды. Алайда мұқият үңiлiп қарағанда, бұл өрнектi тасбақаның бейнесiне ұқсатасыз. Ноин-Улин қорғанынан табылған кестелi шымылдықтың бiрiнде де тап осындай тасбақаның мүйiз сауытын, өсiмдiк өскiндерiне ұқсастырып кескiнделген қолын, тiптi аузына тiстеген өсiмдiк сабағын да байқайсыз. Мұнда бiздiң скиф-сiбiр анимализмiнiң (хайуанаттарды кескiндеу) өзгерген түрiне, нақтылай айтқанда, ондағы хайуанаттардың нақты образдарының кейiнгi көшпендiлердiң ою-өрнек шығармашылығына сiңiсiп кеткен одан арғы эволюциясына тап болуымыз әбден мүмкiн: жерде жүретiн тасбақаның сауыты шартты түрде геометрияланған, бiрақ өзiне тән суретi сақталған, басы мен аяғы, құйрығы өсiмдiк өскiндерiне ұқсастырылып өзгертiлген. Соңғы жылдары Орталық Азияда Новосибирскiнiң археологтары ашқан бұл қайран қаларлық қазбалары тасбақаның жоғарыпалеолиттiк адамның көркемдiк шығармашылығының обьектiсi болғанын дәлелдейдi. Ал оның образы дүние жаратылысының, ғаламның, алғашқы қауымдық дүниетанымдық концепциясының көркемдiк бейнелеуiмен байланыстырылады. Кестелеу өрнегiнде кеңiнен пайдаланылатын дөңгелек жапырақтың да архаикалық тамыры тереңде жатыр. Кездесе беретiн көп жапырақшалы гүлдерге бөленген жапырақ композициясы немесе жиектелген жiңiшке сызықтардың Қазақстанның қола дәуiрiндегi жартасқа салынған, күн сәулелi құдайларды бейнелейтiн суреттерiне тiкелей ұқсастығы бар. Кестешiлердiң жапырақ бейнесiнде тiккенi «күн» деп аталады, жоғарғы жапырақ – «айшық» (Ай). Айта кететiн бiр ескертпе, оюлардың халықтық атауы көбiне еркiн аталған, онда бастапқы ой-жүйенiң ұстанымдары аталмаған. Сондықтан оларға мән беру сол кездiң дүниетанымын, ою-өрнек кестелердiң шығармашылық, көркемдiк болмысын зерттейтiн ғылым үшiн қажет. Кестелеу өнерiнде сондай-ақ, таңба мен ай-күн, сенiмге байланысты белгiлер де кең тараған. Қазақтың әсемдiк кестелеу өнерi қазiргi кезде де халық өнерiнiң жалыға тән сүйiктi бiр түрi болып отыр. Бұл өнердiң өмiршеңдiгi – оның тамыры терең дәстүрлiлiгiнде, көркемдiк бейнелеу құралдырындағы бояуының байлығы және орындалуының қарапайымдылығында.
Информация о работе Кесте – қазақ халқының қолөнерiндегi өзiндiк ерекше түрлерiнiң бiрi