Киімдерді моделъдеу мен конструкциялау" мамандығы бойынша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 07:01, доклад

Описание

Халық тұтынатын товарларды өңдіру мен қызмет көрсету саласын дамытудың комплексті бағдарламасына халықтың матаға, киімге, аяқ киімге, мәдени-тұрмыстық және шаруашылық товарларына көпшілік қолды басқа да товарларға жан-жақты сұранысын мейлінше толық қамтамасыз ету қарастырылған.
Себебі халықтың түрлі топтарының тілегіне сай, ассортиментте әзірлеу белгіленген. Бұйымдардың сапасының едәуір жақсаруы, олардың техникалық және эстетикалық деңгейі артуы тиіс. Тігін бұйымдарын үлгілеу мен жобалауды айтарлықтай жақсарту қажет.

Работа состоит из  1 файл

Асиметриялы тігіспен жалғанған етегі қиғаш бөлікті.doc

— 4.44 Мб (Скачать документ)

Асиметриялы тігіспен жалғанған етегі қиғаш бөлікті

юбканы өңдеу  әдісі

"Киімдерді моделъдеу мен  конструкциялау" мамандығы бойынша

 

Халық тұтынатын товарларды өңдіру мен қызмет көрсету саласын дамытудың комплексті бағдарламасына халықтың матаға, киімге, аяқ киімге, мәдени-тұрмыстық және шаруашылық товарларына көпшілік қолды басқа да товарларға жан-жақты сұранысын мейлінше толық қамтамасыз ету қарастырылған.

Себебі халықтың түрлі топтарының тілегіне сай, ассортиментте әзірлеу белгіленген. Бұйымдардың сапасының едәуір жақсаруы, олардың техникалық және эстетикалық деңгейі артуы тиіс. Тігін бұйымдарын үлгілеу мен жобалауды айтарлықтай жақсарту қажет.

Алға қойылған міндеттер  өндірістік оқу шеберлерінің мол білім, іскерлік пен кәсіби дағдыларсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Өндірістік сабақ оқушыларға түсінікті болу үшін шебердің тілі жатық, дауыс ырғағы әсерлі, сенімді, үйрететін іс әрекетін жетік меңгерген, әр әдісін ісімен көрсете ала болуы керек.

Шебер үнемі жаңа үлгілердің өңдеу жолдарын құрастыру түрліше жаға, жең, қалта, белдік.

Мысалы: Ассиметриялы тігіспен жалғанға етегі қиғаш бөлікті юбканы өңдеу.

Бұйым тігілетін матаны пішуге жайып бетіне лекала орналастырамыз. Матаны өлшеміне сәйкес пішіп алу  осы лекаланы үнемді ретпен жобалап  орналастыруға байланысты болады.

Лекала контурынан айналдыра бормен тігістен артылдырып сызып шығамыз. Пішім бөліктерін сызған бойынша қырқып аламыз.

  1. Алдыңғы бөлік- 1 деталь
  2. Артқы бөлік -    1 деталь
  1. Қиғаш етек бөлігі 
    (алдыңғы бөлік) - 1 бөлік 
    (артқы бөлік) -     1 бөлік

Суретте көрсетілген

 

 

 

Юбканың сыртқы көрінісі


 

 

 

 

 

 

 

 

Бұйымның  пішу бөліктері

  1. Алдынғы бөлік 1
  2. Артқы бөлік     1
  3. Қиғаш етек      2 бөлік

Матаға пішу бөліктерін тиімді орналастыру, егер матаның  ені 150 см болса.


 

 

 

 

 

 

 

Пішу бөліктері дайын  болған сон бұйымды өңдеу жолына кірісеміз.

       Әр бөлікті жекеше өндеп, бүкпелерінен бастаймыз.

1. Бүкпелері

Әр бөлікті оң бетін беттестіріп бүкпе белгілерін теңестіріп белгілеу керек. Бүкпе тігісін басынан бастап бекітпе тігіп, жіп ұштарын байлау керек, тігіп болған соң үтіктеуіміз қажет.

1 сурет бойынша орындау  қажет.

2. Қиғаш етек.

        Әр қиғаш етекті өз бөлігіне оң бетімен беттестіріп тігіп шығуымыз керек, одан кейін біріктірген тігісті жатқызып үтіктеп шығу керек.

 

3.   Жасырын сыдырмақ және сол жақ жан тігіс.

Сыдырмақты алып тегіс  жолын анықтап аламыз, сонда ол белгіленген сызықпен тігіледі. Сыдырмақ тесьма шеті мен бұйым арақашықтығы 1 см тең. Тігісті ішкі бетінен түсіреді, бір басын ілгек пен қадап қонып тігеді. Екі жағын тігіп болғаннан кейін оң бетінен бетіне ылғал дәке салып үтіктейді.

4. Он  жақ бүйір тігіс

Алдынғы мен  артқы бөліктерді беттестіріп, барлық ұзындығы бойынша тігіп шығады, тігісті айыра үтіктеп шетін торлап шығады.

5. Белдік

Юбканың жоғарғы сызығына беттестіріп белдікті біріктіреміз, екі үшін сыдырмақ басынан асырып қоямыз. Белдік тігіп болғаннан кейін (7) теріс бетінен екі үшін тігеміз. (8) екі ұшын кесеміз, онға қаратып үтіктеп (9) суреттен түйрегіш көмегі мен тегістеп қолмен көмкеріп шығамыз.


 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

      

  Оң басына түймелік, сол басына түйме қадайды.                                                                                 6. Етекті қайыру

Етекті қайыруға қалдырған  бөлікті ішке қаратып үтіктеп, ирек тігіспен жіңішке тігіп шығады, оны жәй созып отырады. Тігіп болған соң, ішкі жағынан артығын қырқып шығады. (10) суреттегідей бөліктерін дұрыс қолдануды көрсете білу керек.

Қай жаңа үлгінің болмасын өзіне тән қиындықтары болады.

 


Информация о работе Киімдерді моделъдеу мен конструкциялау" мамандығы бойынша