Коммунизм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 20:54, реферат

Описание

Коммунизм - [латынша Communis - ортақ] - а) болашақтың қияли көрінісін; ә) кейбір саяси партиялар мен қозғалыстардың идеологиясын; б) ерекше өмір салтын білдіретін ұғым. Коммунизм қиял ретінде. Коммунизм бір уақытта өткенге де (алғашқы қауымдық коммунизм), болашаққа да қаратылатын ұғым, онда коммунизмге өткеннің ең жақсы белгілерін жинақтаған қоғам (таптардың, мемлекеттің, тауар-қаржылық қатынастардың, заңды неке институтының болмауы) және бүгінгі күннің жетістіктерін (адам бостандығы, экономикалық игіліктер, жоғары мәдениет) жиынтықтап қарау тән. Коммунистік қиял үшін оның ғаламдық сипаты аса маңызды, яғни коммунистік құрылым бүкіл адамзаттың бірлігін қарастырады.

Работа состоит из  1 файл

Коммунизм.docx

— 669.65 Кб (Скачать документ)

Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия

Мазмұны 

[көрсет

[өңдеу] Пайда болуы

Фридрих Энгельс

Карл Маркс

Әдетте "коммунизм" ұғымын Карл Маркс пен Фридрих Энгельс есімдерімен байланыстырады, олардың ізбасарлары - XIX ғасыр утопистерінің көзқарастарын "коммунистік" деп атады. Осы тұрғыда жаңа қоғамдық құрылым "үйлесімнің" ғаламдық сипатына баса мән берілетін Шарль Фурьенің еңбектері ерекше қызығушылық тудырады. Өткеннің қияли коммунизмі мен Маркстің ғылыми коммунизмінің негізгі айырмашылығы - қиялға берілген сипаттамаларда емес, Маркстің коммунизмге барар жол ретінде Пролетарлық төңкерістің теориясын жасауында.

[өңдеу] Марксизмде коммунизм

В.И.Ленин

Марксизмде коммунизм - коммунистік қоғам дамуының екінші (социализмнен кейінгі) кезеңі. Социалистік қоғам әлі капитализмге тән бірқатар белгілерді сақтайды (мысалы, таптық айырмашылықтар, тауарлық өндіріс, мемлекет және оның зорлау аппараты және т.б.). Коммунистік қоғамда таптық айырмашылықтар, тауарлық өндіріс, мемлекет және оның зорлау аппараты жоқ, ол "әркімнің қабілетіне қарай, әркімнің қажеттілігіне орай" қағидатына негізделген. Алайда, Маркстан да, Энгельстен де, Лениннен де болашақ қоғамның нақтылы сипаттамаларын табу мүмкін емес. Дегенмен де кейбір марксистер (Август Бебель) тұрмысты қайта құруға баса мән бере отырып (коммунизмнің басты тұрақты белгілерінің бірі үй жұмысын механикаландырып, ортақтастыру болып табылады), осы тақырыпқа бас қатырды.

[өңдеу] Cоциализмнен коммунизмге өту теориясы

И.B.Сталин

Кеңестік қоғамтанушылар социализмнен коммунизмге өтудің аса  күрделі теориясын ойластырды. Жарқын қияли суреттемелер құпталмады, XXII съезде КОКП бағдарламасында қазіргі ұрпақ өмірінде коммунизмге өту алдында социализм құру жөнінде шешім қабылдаған бірден-бір ресми талпыныс жасалды. Бағдарламада коммунизмге өтудің жаңа теориялық тәсілдері көрсетілмеді, дегенмен оның нақтылы белгілерін атап өтті: ақысыз коммуналдық қызмет, ақысыз көлік тасымалы, ақы¬сыз қоғамдық тамақтандыру және т.б. Алайда [Никита Сергеевич Хрущев|Никита Сергеевич Хрущевті] биліктен аластатқаннан кейін бұл бағдарлама тежеліп қалды. "Дамыған социализм" тұжырымдамасы пайда болды, ал коммунизмге өту белгісіз уақытқа шегерілді. Дегенмен, 1960-шы жылдардан бастап, [КСРО|КСРО-да] болашақ коммунистік қоғамды сипаттаған, "ғылыми фантастикаға" жатқызылған әдебиеттер көбейді. Мысалы, Иван Ефремовтің "Туманность Андромеды" романында (1957) мемлекет те, неке де жоқ коммунистік қоғам жайлы сыр шертіледі.

[өңдеу] Коммунизм идеология ретінде

Коммунистік идеология XX ғасыр Бүкіл әлемдегі коммунистік партиялардың қызметінің негізіне айналды. Коммунистік қиялдың нақтылы белгілеріне аса көңіл бөлмей-ақ, компартиялар билікті басып алу мәселесіне және төңкерістік күрестің қозғаушы күштеріне бар назарларын тікті. Алдымен, олар пролетариаттың билікті қарулы күшпен басып алуына бағытгалды, кейіннен 1910 жылы соңында Еуропа елдеріндегі коммунистік төңкерістер жеңіліс тапқаннан соң, компартиялардың басым көпшілігі қарулы көтеріліс бағытынан бас тартып, күрестің заңды жолдарына (ол мүмкін болған кезде) көшті. II дүниежүзілік соғыстан кейін компартиялар заңды жолмен Шығыс Еуропада билік басына келді. 1950 жылы соңына дейін әлемдегі көпшілік компартиялар кеңестік құрылымды коммунистік қоғамның үлгісі ретінде қарады.

[өңдеу] Сталинизм және коммунизм

Сталинизм

1960-шы жылдары,  Сталиннің жеке басқа табынушылығы  әшкереленгеннен кейін, КСРО-дан  тыс жерлердегі көптеген коммунистер  кеңес коммунизмінен көңілі қалып  түңілді. Маркстің шығармашылық  жолын қуған жаңа идеологтардың  (Герберт Маркузе және т.б.), пікірінше, жұмысшы тап төңкерістік күшін жоғалтты, қазіргі әлемде төңкеріске қабілетті жастар мен капиталистік қоғамға сыйыспаған әртүрлі дүбәра топтар. 1960-шы жылдардағы коммунистік қозғалыстарға үлкен ықпал еткен, дамушы елдердің идеологтары жалғастырған (мысалы Франц Фанон) ҚХР-ның төрағасы Мао Цзэдунның көзқарастары болды. Олардың пікірінше, төңкерістік күрес әр елдің ішінде буржуазия мен пролетариат ара¬сында емес, ғаламдық деңгейде дамыған әлем ("әлемдік қала") мен дамушы әлем ("әлемдік ауыл") арасында жүруде, ал негізгі төңкерістік күш - пролетариат емес, кедейленген шаруалар. Коммунистік қозғалыстар бүгінгі таңда күйреуде. Бір жағынан, КСРО-дан қаржылық қолдау көрген кеңестік компар¬тиялар, екінші жағынан, төңкеріске дәстүрлі емес тәсілдер дамуда (мысалы, "азат ету теологиясы" - марксизм мен католицизмнің қорытындысы). Социализмнің әлемдік жүйесі қирағаннан кейін көптеген дәстүрлі компартиялар қызметін тоқтатты, ал дәстүрлі емес нұсқалар, көп жағдайда коммунизммен қабыса бермейді.

[өңдеу] Коммунистік партиялар

Коммунистік партия

Коммунистік партиялар - Әлемнің бірқатар елдерінде құрылған марксшіл саяси ұйымдардың ортақ  атауы. Коммунистік партиялар жалдамалы  жұмысшылардың негізгі тапқа айнала бастауына және коммунистік дүниетанымның идеологиялық тұрғыда негізделуіне байланысты XIX ғасырдың ортасынан бастап пайда болды. Жұмысшы қозғалыстары Карл Маркс пен Фридрих Энгельске дейін тек қана жергілікті сипат алып келді. Маркстік идеология жұмысшы табын қанамайтын жаңа қоғам құруды мақсат етіп қойды. Бұл үшін пролетариат көсемдері жұмысшыларды ұйымдасқан күшке айналдыруға тиісті болды. Коммунистік партиялар өз елдерін жоспарлы ұжымшылдыққа негізделген қоғамға алып баратын төңкерісшілдік өзгерістерді дайындау және жүзеге асыру мақсатында құрылды. Саяси партияның тарихи рөлі, міндеттері мен қағидаттары Маркс пен Энгельстің "Коммунистік партия манифесінде" (1848) тұжырымдалды. 1903 жылы Ленин Коммунистік партияның жұмысшы табы төңкерістік ұйымның жо¬ғарғы түрі ретіндегі теориясын жасап, Коммунистік партияның ресейлік негізін қалыптастырды. Осы кезеңнен бастап әлемнің көпте¬ген елдерінде өздерін "әлеуметтік про¬гресс пен демократия бейбітшілік үшін күресте еңбекшілердің мүддесін қорғаушылар" деп санайтын коммунистік партиялар құрылды. Олар белгілі бір кезеңдерде өздерінің халықаралық ұйымдарын құрды, басқа да ынтымақтастық шараларын жүзеге асырды.

Информация о работе Коммунизм