Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 17:52, контрольная работа
1.Неге алғашқы өмір сүру дәуірі тас дәуірі деп аталды?
2.Тас дәуірінің кезеңдерін ата, сипатта.
3.Микролит деген не?
тарих
1.Неге алғашқы өмір сүру дәуірі тас дәуірі деп аталды?
Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезде адамның жерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққа созылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды.
2.Тас дәуірінің кезеңдерін ата, сипатта
1.Палеолит: б.з.б. 2 млн 500 мың-12 мың ж.б.
(үш кезеңге бөлінеді)
1.1.Ерте палеолит: б.з.б. 2 млн 500-100 мың ж.б.
1.2.Орта палеолит: б.з.б. 100-40 мың ж.б.
1.3.Кейінгі палеолит : б.з.б. 40-12 мың ж.б.
2.Мезолит
Б.з.б. 12-5 мың ж.б.
3.Неолит
Б.з.б. 5-3 мың ж.б.
4.Энолит
Б.з.б. 3- 2800 жыл бұрын
3.Микролит деген не?
Микролит (ұсақ тас) ұзындығы 1-2 см ұсақ жаңқа тастан жасалған құрал. Бұлардан басқа тас қырғыш, тескіш, пышақ, кескіш, иен болды. Инені үшкір сүйектен жасады. Жіп орнына жануарлардың сіңірлері пайдаланылды.
4.Неолит дәуірінің басты ерекшелігі неде?
Неолит дәуірінің басты
5.Өркениеттік мәдениеттің болғандығын қандай жаңалықтардан байқаймыз?
өркениеттің қалыптасу адамның жетілуіндегі еңбектің шешуші рөл атқарғандығында. Еңбек арқылы қолы, ми мен сөзі дамыды. Соның нәтижесінде тасты жару арқылы жүзі өткір құрал-чоппер, ирек арас секілді құрал-чоппинг, теріні кесуге арналған құрал –үш бұрышты қалақша, шапқыш құрал-бифасты ойлап тапты. Бұл өркениеттің алғашқы нәтижелері. Қоршаған орта туралы түсініктері қалыптасып, анимизм, тотемизм, магия сияқты діни ұғымдар келді. Сүйек пен тастан түрлі қашау арқылы мүсіндер жасау, ежелгі адамзаттық дүние туралы философиялық ұғымдары туралы түсініктер береді. Адамдар өз білімдерін тасқа түсірілген суретті хат-пиктография арқылы хабарлаған.
6.Өндіргіш шаруашылықтың
пайда болуының себептерін
Біздің заманымыздан бұрынғы екі мың жылдықта мал және егіншілік шаруашылығымен қоса металл өңдеу кәсібі дами бастады. Мұның өзі Қазақстан жеріндегі әлеуметтік өсіруші тайпалар ірі және қуатты бірлестіктер құрды. Бұлардың арасында әр түрлі себептермен келіспеушіліктер болып, қарулы қақтығыстар да орын алды. Қару енді жабайы аңдарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалардың соқтығыстарында да жиі қолданылды, қару жасау бірте-бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды.
Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын жасауды меңгерген. Қола - әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайының, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорытпасы. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқу температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келеді. Ол еңбек қүралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылады. Қазақстан жерінде түсті металдар өңдеуге, әсіресе, мал өсіруге мықтап көңіл бөлген.
7.Қола дәуірінің тарихи шегі...Қола дәуірінде пайда болған тайпа...
Қола дәуірінде Сібірдің, Қазақстанның және Орта Азияның кең-байтақ далаларын тегі және тарихи тағдырының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бүл тайпалар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас мәдениет қалдырды. Олар қалдырған ескерткіштердің табылған жері Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андронов селосының атымен ғылымда шартты түрде "Андронов мәдениеті" деп аталды. Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі - Қазақстан жері. Археологиялық деректерге қарағанда, Андронов мәдениеті дәуірінде халықтың басым көпшілігі отырықшылықта өмір сүрген. Өзендердің, көлдердің жағасындағы жайылымы мол жерлерге орналасқан рулық-патриархаттық отбасылардың үйлері мен үлкен жертөлелері болған. Олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын орындар салынған. Өйткені, бұл кезде мал бағу кәсібі басымырақ еді. Тайпалар малшылық-егіншілікпен аралас шұғылданды.
Андронов мәдениеті дәуірінде адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар және сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар түбі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға, шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер, егін оратын орақ, пішен шабатын шалғы сияқ-ты қүралдарды өздері жасап, күнделікті түрмыста кеңінен қолданды.
8..Андрондықтардың ең көне қаласы ....Беғазы-Дандыбай мәдениеті табылған аймақ...Андронов мәдениетінің ең негізгі сипаты...
Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. Содан бері өткен уақыт ішінде Кеңес елінде, сонымен бірге Қазақстанда бұл мәдениетке қатысты орасан көп археологиялық материалдар жиналды. Андронов мәдениеті қола дәуірінің алғашқы кезеңін /б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғасырлар/ және орта кезеңін /б.з.б. ХУ-Х ғасырлар/ түгелдей қамтиды. Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңінде /б.з.б. Х-ҮІІІ ғасырлар/ Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары Дәндібай-Беғазы мәдениеті болғанын білеміз. Ол Қарағанды қаласы маңындағы Дәндібай ауылында және Балқаштың солтүстік төңірегіндегі Беғазы қойнауында қола ескерткіштерінің алғашқы қазылған жеріне қарай аталған. Дәндібай-Беғазы мәдениеті Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген ескерткіштерімен сипатталынады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2, Бесоба, Бүғылы-3 кешендері жатады. Бүл ескерткіштерге тән нәрсе, бір жағынан, Андроновтық дәстүрлердің сақталуы, екінші жағынан, мәдениеттің жаңа элементтерінің, тұрпаты ерекше бәйіттік тамдардың, жатаған, домалақ ыдыстардың пайда болуы. Жерлеу ғүрпы да Андронов мәдениетіне тән емес. Әдеттегі бүктелген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған каңқалар да кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі ерте темір дәуірінде Қазақстан жерінде тұрған малшы тайпаларда кеңінен таралған. Беғазы мәдениеті жерінде жерленгендерден мүлік теңсіздігінің болғанын да байқаймыз. Басына обалар жасалып, оның айналасы ірі гранит тақталармен белдеуленген молалар да кездеседі. Бұл патриархаттық-рулық қоғамның көрнекті мүшелерінің қабырлары. Сондай-ақ, бұл тағы малдарды, жануарларды қолға үйрету көшпелілер қоғамы дамуының заңды кезеңі еді.Қазақстан жерінде мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дамыған. Мәселен, Усть-Нарым қонысында /Шығыс Қазақстан/ табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Тастан астық үгетін құралдар: астық түйгіштер, тоқпашалар, келілер, келсаптар жасалған. Егін жинауда алғашқы кезде пышақ пайдаланылған болса, соңғы қола дәуірінде әр түрлі қола және мыс орақ, шалғы қолданылады. Алқаптарда негізінен бидай, қара бидай, тары егілген.
9.Қазақ даласында пайда болған тайпалық бірлестіктерді атаңдар
10.Сақ тайпаларының өмір сүрген уақыты мен Сақтардың қоғамдық құрылысы қандай?Сақ тайпалырының жүргізген саяси тарихи оқиғалары туралы баяндаңдар
Сақ әулетінің іргесін қалаушы Алып Ер Тоңға /Афраси-аб/ болған деген деректер бар. Археологиялық қазбаларға қарағанда, сақ тайпалары темірден зат жасай білсе де, мыс пен қоланы пайдалануды артық көрген. Оларда жабайы аңдардың суреттері салынған қоладан құйылған үлкен тай қазандар болған. Сақтардың аңдарды өрнектеумен дүние жүзіне әйгілі болған даналық өнері жалпы адамзаттың даму процесіне елеулі әсерін тигізді.Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып, әйелдер ерекше жағдайда болған. Мәселен, олардың кесемдерінің бірі - тамаша сұлу, әрі жігерлі, елге әйгілі патша ханум Зарине ел билеп, қалаларды салуға және әскери жорықтарға өзі қатысқан.Персия мемлекетінің патшасы Кир - Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқан кезде - сақтармен одақ жасасып, олардан әжептеуір көмек алған. Кейін Кир сақтар мен массагеттерді өзіне бағындыруды ұйғарады. Сөйтіп, Мидия патшалығын жеңгеннен кейін, Кирдің әскерлері сақ-тардың жеріне басып кіреді. Сақтар парсылардың басқыншылық әрекетіне қарсы қайсарлықпен қарсылық көрсетеді. Кирдің әскерлері өздерінің жеңісін тойлап жатқан кезде, сақтардың жауынгерлері тұтқиылдан лап қойып, парсыларды қырып салады. Осы шайқаста олар Кирдің өзін де өлтіреді. Осыған байланысты Геродот жазбаларында мынадай аңыз бар: парсыларды жеңгеннен кейін сақтардың әйел патшасы Томирис: "Сен канға құмартып едің, енді шөлің қансын" деп үлкен торсыққа толтырып қан құйғызып, оған Кирдің басын салдырады.
11.Үйсіндердің мекен еткен территориясы мен саяси тарихы туралы.
Үйсін тайпаларының тарихын жазуда, археологиялық материалдарды жазба деректермен байланыстыра отырып, зер-ттеуде Қазақстан ғылым академиясының академигі Ә. Марғүлан және атақты археолог ғалым А. Берньштам зор айтуға түралық еңбек сіңірді. Ал республикаға белгілі археолог А. Г. Кушаев Іле өзенінің бойындағы үйсін тайпалары-ның ескерткіштеріне қазу жүмыстарын жүргізіп, олардың өмір сүрген уақытын кезендерге бөліп, бір жүйеге келтірді. Жетісу жерін мекендеген сақ және үйсін тайпаларының тарихымен ұзақ жылдар бойы сондай-ақ атақты тарихшы-археолог К. Ақышев жан-жақты айналысты. Ол өзінің зер-ттеулерінің барысында үйсін тайпаларының қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік-экономикалық жағын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, олардың мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген деген қорытындыға келеді.
Үйсіндер мекендеген жердердің шекарасы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өтіп, Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатқан. Үйсіндер иеліктерінің орталығы - Іле аңғары, басты ордасы - Есік көлімен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасқан Чигу-Чен («Қызыл-аңғар») қаласы. Ол ертеден белгілі «Үлы Жібек жолындағы» мацызды сауда орталығы. Үйсіндердің билеушісі гуньмо (ғұнбек) деп аталған.Үйсін тайпалары туралы алғашқы хабарлар б.з.б. II ғасырдың аяқ кезінде пайда болды. Бұл кезде Қытай императорының сарайындағылар ғұндарға қарсы күресте одақтас іздеп, б.з.б. 138 жылы Батыс өлкеге Чжан Цянь бастаған елшілік жібереді. Жолда Чжан Цяньды ғұндар тұтқынға алып, олардың елінде он шақты жылдай болады. Алайда ол кейінен қашып шығып, Жетісуға барады, бұл жерден Қытайға үйсіндер жөніндегі алғашқы хабарды әкеледі. Чжан Цяннің хабарына қарағанда, үйсіндердің саны 630 мың адам және олардың 188 мың жауынгер жасақтарының болғанын айтады.
Б.з.б. 73-ші жылға дейін үйсіндердің жері үш белікке: сол /шығыс/ белікке, оң /батыс/ бөлікке және ғүньмоның өзіне қарайтын орталық бөлікке бөлінген, бірақ олардың бәрі ғұньмоға тәуелді болды. Үйсіндердің тарихы кіші ғүньмолар мен үлы ғүньмолардың үстемдік үшін өзара бо-лған күрестерімен тығыз байланысты. Үйсіндер көршілес халықтармен тығыз қарым-қатынас жасаған. Хань империясы және ғүн тайпалары үйсіндермен одақ болып, Хань мен ғүн әміршілерінің қыздарын үйсін ғүньмоларына әйелдікке беріп отырған.Б.з.б. 64-51 жылдары Хань империясының Үйсіннің хан тағы мүрагерлігіне араласуы халықтың наразылығын күшейтеді. Халық бүқарасы гуньмоның ғүн тегінен тараған мұрагерлерінен болуды жақтады. Бұл үйсіндердің халқы мен территориясының екі бөлікке: ұлы гуньмо және кіші гуньмо иеліктеріне бөлінуіне алып келген. Олардың қарамағындағы жерлердің шекарасына межелер қойылған.
Үйсін мемлекетінің дәуірлеген кезі Цылими гуньмоның билік құрған, б.з.б. 45-14 жылдардың арасы деп саналады. Өйткені, ол туралы «билікті берік үстады» және иеліктері-нде «алаңсыз тыныштық пен бейбітшілік орнады» деген деректеме осы уақытқа дейін жеткен.Қытайдың Хань дәуіріпдегі әулеттік жазбаларда үйсіндердің саяси тарихын баяндап жазу, шамамен алғанда, біздің заманымыздың III ғасырына дейін жеткізілген. Біздің за-манымыздың 437 жылы үйсіндер Хань ордасына елшілер жіберді деген хабар Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан бастап Қазақстан жерін мекендеген ірі тайпалардың бірі - қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, иран діни жинағы «Авеста» және үнді діни кітабы «Махабхара-тада» кангха болып кездеседі. Сол кездегі ірі елдердің жазба деректерінде көрсетілуі қаңлы тайпаларының жайғана ру-тайпалық деңгейде емір сүрмегендігін, олардың мемлекеттік дәрежеге көтерілгенін байқатады. Ғылыми пікірлер және Қытай жазба деректері қаңлыларды сақ тайпаларының жалғасы, олардың ұрпақтары деп көрсетеді.
12.Қаңлылар тарихы туралы .Қаңлылардың қоғамдық құрылысын атап, сипаттама беріңдер...
Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан бастап Қазақстан жерін мекендеген ірі тайпалардың бірі - қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, иран діни жинағы «Авеста» және үнді діни кітабы «Махабхара-тада» кангха болып кездеседі. Сол кездегі ірі елдердің жазба деректерінде көрсетілуі қаңлы тайпаларының жайғана ру-тайпалық деңгейде емір сүрмегендігін, олардың мемлекеттік дәрежеге көтерілгенін байқатады. Ғылыми пікірлер және Қытай жазба деректері қаңлыларды сақ тайпаларының жалғасы, олардың ұрпақтары деп көрсетеді.
Б.з.б. II ғасырдың екінші жартысында қаңлылар жерінің оңтүстік аймағы юечжиге, ал солтүстік бөлігі ғұндарға тәуелді болғаны көрсетіледі. Ал б.з. 1-ғасырында мүндағы жағдай өзгеріске ұшырайды. Бүл кезде Амудария мен Сырда-рия аралығындағы юечжилердің негізгі белігінің оңтүстікке, Бактрияға қарай ығысуы, қаңлы тайпаларының күшеюіне мүмкүндік береді. Қаңлылар одағының қүрамына жоғарыда аталған бес иелік кіреді. Қаңлылар Арал-Каспий өңіріндегі сармат-алан тайпалар одағы мен Орал өңіріндегі сармат тайпаларын бағындырады. Қаңлы билеушілері Қытай империясымен қатынаста еркін, тәуелсіз бағыт үстайды. Ол жөнінде мүндағы Хань наместнигі императорға берген есебінде: қаңлылар үйсіндермен салыстырғанда өркөкірек, батыл және Қытай елшілерінің алдында бас имейді. Олар қабылдау кезінде Қытай елшілігі өкілдерін, үйсіндерден төмен отырғызады деп хабарлаған.Ферғана-Қытай соғысы кезінде тек қаңлылардың араласуы ғана ферғаналықтарды қирап жеңілуден кұтқарып қалған. Б.з.б. 47-46 жылдары қаңлылардың билеушісі солтүстік ғұндардың шаньюйы Чжи-Чжиді қолдаған. Бүл кезде ол Қытай императоры сарайымен қатынасын үзіп, байырғы ғұн иеліктерінен айырылған болатын. Б.з. I ғасырының орта шенінде қаңлылардың шығыс шекарасына Қытай мемлекетінің қолдауымен үйсіндер шабуыл жасады