Кіші жүздің жəне Ресей бодандығын қабылдауы. Əбілқайыр хан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2012 в 17:24, реферат

Описание

ХVIII ғасырдың басында Ресей империясының “Шығыс саясаты” жандана
түсті. Шығыс жақтағы отарлау қозғалысының күшеюіне əр түрлі жағдайлар əсер
етті. Қазақ даласы Ресейді Шығыс елдерімен байланыстыратын көпір іспеттес еді.
Қазақ жерлері арқылы Европа мен Шығысты байланыстыратын ең қысқа сауда
жолдары өтті. Сонымен қатар, бұл аймақтың жер қойнауындағы мол байлықты
иелену, оны империяның мұқтажын өтеуге ұмтылыс та орын алды.

Работа состоит из  1 файл

Кіші жүздің жəне Ресей бодандығын қабылдауы.doc

— 48.50 Кб (Скачать документ)

Кіші  жүздің жəне Ресей  бодандығын қабылдауы. Əбілқайыр хан 

     ХVIII ғасырдың басында Ресей империясының “Шығыс саясаты” жандана

түсті. Шығыс жақтағы отарлау қозғалысының күшеюіне əр түрлі жағдайлар əсер

етті. Қазақ  даласы Ресейді Шығыс елдерімен  байланыстыратын көпір іспеттес еді.

Қазақ жерлері арқылы Европа мен Шығысты  байланыстыратын ең қысқа сауда

жолдары өтті. Сонымен қатар, бұл аймақтың жер қойнауындағы мол байлықты

иелену, оны империяның мұқтажын өтеуге ұмтылыс  та орын алды.

     Алайда, ХVIII ғасырдың басында Ресей Қазақстанға қарсы ашық

отаршылдық  саясат жүргізе алмады. Өйткені I Петр патшаның алдындағы басты

мақсат - “Европаға терезе ашу”, яғни елдің  батыстағы позициясын нығайту болды.

          Осы кезде басталған орыс-швед соғысы соның дəлелі болатын. Сонымен бірге өзінің əскери жəне экономикалық басымдығына қарамастан сол кезде Қазақстанды

күштеп  бағындырып алуға бұл аймақтағы  күші жеткіліксіз болатын. Дегенмен

Қазақстанды өз уысынан шығарып алмау үшін бұл жерлерде өзінің саяси ықпалын

орнатуға  тырысты.

     ХVIII ғасырдың басында Орыс мемлекеті өз тарихының аса бір күрделі

кезеңін басынан өткізіп жатты. Елдің  экономикалық жағынан бірігуі, мануфактуралық өндірістің пайда болуы Ресейдің артта қалушылығын

жоюға, I Петрдің реформаларының жемістілігіне  алғы шартттар жасады. Елдің

сыртқы  саясаты жер иеліктерін кеңейтуге, ашық теңіздерге жол ашуға, Шығыс

жəне  Батыс елдері арасындағы сауда-саттықтың  қауіпсіздігін қамтамасыз етуге

бағытталды.

     Ресейдің  шығыс бағыттағы саясатының жандануына əр түрлі факторлар əсер етті.. Ең алдымен бұл Ресейдің жер көлемін кеңейтуді қамтамасыз етті. Сонымен

қатар Қытай жəне Үндістанмен сауда-саттықты жеңілдетті. Ең бастысы бұл

аймақтарда  бай руда көздерінің табылуы патша  əкімшілігінің ерекше

қызығушылығын тудырды.

     1713 жылы Сібір губернаторы М.Гагарин I Петрге Ертіс бойына бекініс

салып, “алтын құмға” бай Жаркентке дейін  жол салу жоспарын ұсынды.1714 жылы I Петрдің Ертіс бойына подполковник И.Бухгольц бастаған ірі əскери

экспедицияны  жіберу туралы жарлығы шықты. Оның құрамында 3017 адам болды.

          Мақсаты – “қалалар салу үшін алтын, күміс жəне мыс кендері көздерін табу”. Алайда 1715 жылы басталған экспедиция сəттіз аяқталды. Жоңғарлардың

шабуылына ұшыраған отрядтың тек 700 адамы ғана қоршаудан шығып, 1716 жылы Ямышев жəне Омбы бекіністерінің негізін салды. 1717 жылы полковник И Ступин басқарған экспедиция ұйымдастырылып, олар Железинка (1717), Семей (1718) бекіністерін салды. 1719-1720 жылдары И Лихарев бастаған экспедиция Өскемен, Коряков (1720) бекіністерін салды. Осы əскери бекіністер Жоғарғы Ертіс қорғаныс шебін құрады.

     Аңырақай  шайқасындағы жеңіс қазақ қоғамындағы  əртүрлі шиеленісті

мəселелерді шеше алмады. Жоңғар хандығы тарапынан  жаңа шабуыл қаупі

сақталып  қалды. Осы кезде Иран шахы Надирдің Хиуа хандығына шапқыншылық жасап, Сырдария бойындағы аймақтарға қауіп төндіруі де жағдайды біраз ауырлатты. Жоңғар басқыншылығы қазақ қоғамының əлеуметтік қатынастарында да терең із қалдырды. Елдің қаңыратылып, күйзетілуі кедейлердің санын

көбейтті.Осы  кезде Болат ханның қайтыс болуына  байланысты қазақ

жасақтарының  жетекшілері билікке таласа жанжалдасып  қалды да, мұның өзі

ойраттардың жағдайын жеңілдетіп, қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресіндегі көптеген құрбандықтары мен күш-жігерін жоққа шығарды.

     Қазақ хандықтары билеушілерінің алдында  маңызды да күрделі міндет –қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіз ету жəне елде күшейе түскен феодалдық

бытыраңқылықты  жою міндеті тұрды.

     Қазақтардың сыртқы жағдайларының күрделілігі  одан аман шығудың

жолдарын  іздестіре беруге түрткі болды. 1726 жылы Кіші жүз ханы Əбілқайыр,

ағамандар Сүгір, Едікбай, Қажыбай, Құлымбай жəне басқалары Ресейден Кіші жүз қазақтары үшін “қорғаушылық сұрауға” елші Қойбағарды жөнелтті. Бірақ оның іс-сапары сəтсіз аяқталды. Орыс жағы елшінің өкілеттігіне күмəн келтірген сыңай танытты. Шындығында Ресей басшылығы қазақ-жоңғар қақтығысында оқшау позиция ұстауға тырысты. Əйтсе де Əбілқайыр өзінің көздеген мақсатын аяқсыз қалдырмайды. Ол 1730 жылдың жазында Уфа наместниктігі арқылы Петербургке өз елшілігін жіберіп, Ресей императрицасынан өзін ұлысымен бірге Ресей империясының бодандығына қабылдауды өтінеді. Бұл жолы Əбілқайырдың елшілігіне барынша құрмет көрсетіліп, оның Құтлымбет Қоштав бастаған 7 адамнан тұратын елшілеріне бағалы сыйлықтар тартылады. 1731 жылдың 19 ақпанында императрица Анна Иоанновна Кіші жүзді Ресей бодандығына қабылдайтыны жөніндегі сенім грамотасына қол қойды. Қазақ елшілері Дала өңіріне Сыртқы істер алқасының тілмашы А.И.Тевкелев бастаған үлкен комиссия қосылып, əскери күзет ертіліп қайтарылды, олардың ішінде “ жерлерді сипаттау үшін жіберілген екі геодезист – А.Писарев пен М.Зиновьев болды” .

     Əбілқайырдың  сендіруіне иек артқан Ресей жағы бодандыққа өтуді Кіші

жүздің  барлық сұлтандары мен ағамандары қалайтын болар деп шешті. Алайда,

1731 жылы  қазанда А.Тевкелев Ырғыз өзені бойындағы Əбілқайырдың ақ ордасына келгенде Ресей азаматтығын қабылдау мəселесі бойынша феодалдық ақсүйектер арасында айтарлықтар алауыздық бар екендігі анықталды. Барақ сұлтан бастаған “қарсы партия” келіссөздердің өтпеуіне шаралар жүргізді. Олар Əбілқайыр ханға Ресеймен тек əскери одақ құруға ғана өкілеттік бергендерін алға тартып, бодандыққа өтуге үзілді-кесілді қарсы шықты.

     Бөгенбай  тобының ханға қолдау көрсетуі тартысты біраз бəсеңсітті. Сатып

алу, сөз  байласу, ал кейде ашық қоқан-лоққы  көрсетіп, қорқыту арқылыА.Тевкелев

хан ордасындағы  күштердің арақатынасын өзгертуге  қол жеткізді. Сонымен, 1731

жылдың 10-қазанында хан ордасында Əбілқайыр  бастаған 29 ақсақал ант берді.

Осылайша  қазақ жерлерінің Ресей құрамына енуі басталды.

     Орта  жəне Ұлы жүздер Ресейге кейінірек қосылғанымен, Əбілқайыр хан

патша өкіметіне өтініш білдіргенде бүкіл  қазақ халқы атынан сөз салған-ды.

Мұның өзі жоңғарларды сөзсіз абайлаттырды жəне оларды орыс-қазақ

қатынастарының  онан əрі дамып бара жатқанына  секеммен қарауға мəжбүр етті.

Ресей императрицасының жарлығында сол кезде-ақ ресми түрде азаматтығын алған  қазақтарды мазасыз көршілерінің жауластық  əрекеттерінен сақтайтындығына  кепілдік беретін пункттер болды: ”егер  Сіздерге, қайсақтарға (қазақтарға) жаулар шабуылдайтын болса, онда Сіздер олардан біздің күшімізбен қорғаласыздар”.

     Кіші  жүздің Ресей азаматтығын алуының  оң негізін теріске шығармасақта,

Əбілқайырдың  Ресей əкімшілігіне сүйеніп, өзінің саяси қарсыластарының

позициясын  əлсіретуге, жеке билік жүргізу үшін күресте өзінің негізгі

бақталастарынан асып түсуге үміт артқан пайдакүнемдік  мүддесін назардан тыс

қалдырмаған жөн.

     Өз  миссиясын сəтті аяқтаған А.Тевкелев Найзатескен алқабынан қайтар жолға  аттанды. 1733 жылы 2 қаңтарда ол Əбілқайырдың Петербургке жіберген жауап елшілігімен Уфаға жетті. Бұл миссияны ханның екінші ұлы Ералы сұлтан

басқарды. Келіссөздер нəтижесінде Кіші жүздің Ресей бодандығына кіруі түпкілікті ресімделді.

     Алайда, Кіші жүз Ресейдіің азаматтығын  қабылдағаннан кейін де

Қазақстандағы жағдай күрделі күйінде қала берді. Орта жəне Ұлы жүз шектеріне

жоңғарлардың  тұтқиылдан басып кіру қатері сақталып қалды.

30-жылдардың  екінші жартысында Ғалдан-Церен  Орта жүздің шекарасына

əскер төге бастады. Осыған байланысты Ресей  императрицасының 1734 жылғы

маусымда  Орта жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы жарлығы саяси жағынан

ақталды. Осы жылы Ұлы жүздің Жолбарыс хан  бастаған бір топ билері мен

сұлтандары  да Ресей бодандығын қабылдауға ниет білдірді. Дегенмен бұл

аумақтардың көп бөлігі іс жүзінде Х1Х ғасырдың ортасына дейін дербес күйінде

қалып келді.

     Қосып алған жерлеріндегі шептерін нығайту  үшін 1734 жылы арнайы

Орынбор комиссиясы құрылды. Оны Сенаттың обер-хатшысы  И.К.Кириллов

басқарды. 1735 жылы отаршылдық саясаттың тірегіне айналған бекініс, қазіргі

Орынбор қаласының іргесі қаланды.

     1737 жылы И.К.Кириллов қайтыс болғаннан  кейін Орынбор өлкесінің

губернаторы болып белгілі тарихшы, қабілетті  əкім Н.Татищев тағайындалды. Кіші жүз бен Орта жүздегі ықпалды шыңғыс ұрпақтарының бодандығын нығайту оның ең басты саяси мақсаты болып қала берді.

     Ресей империясы мен қазақ жүздері  арасындағы келісім-шарттарда көптеген маңызды мəселелер мүлде қарастырылмай, орағытылып өтіп отырды. Осы жағдай əртүрлі түсінбеушіліктер тудырды. Əбілқайыр ханның Ресей əскери күшінің  көмегімен өз ықпалын нығайтпақ болған үміті де ақталмады. Орынбор

губернаторлығына  И.И.Неплюев тағайындалғаннан кейін  ол Əбілқайырдың

өзінің  жеке билігін əлсіретуге тырысты. И.И. Неплюев өз мақсатына жету үшін

күрестің  ең жымысқы əдістерін қолдануды  тартынбай жүргізді. Ұлтаралық

араздықты ұшықтыруға тырысты.

     Көреген хан ойрат қаупі жойылғаннан  кейін Петербургтің жəне Орынбор

губернаторының  түпкі мақсаты бүкіл Қазақстанды  империяның отарына

айналдыру, өздеріне ұнамайтын ықпалды сұлтандар  мен ақсақалдарды əр түрлі

əдістермен  жою, ал ханды айтқанынан шықпайтын орындаушы деңгейіне дейін

төмендету екенін бірден-ақ аңғарды. Орыс əкімшілігі тарапынан болған

дөрекіліктерге  ашуланған хан мен “бодандыққа  қылыштың күшімен емес, өз

еркіммен  кірдім...”, “орыстар бізді қалмақтар  мен башқұртттар сияқты еткісі келеді,

бірақ біз ауыр езгіге көніп тірі жүргенше, өлуге дайынбыз”, “біз Жайықтың суы

кері  аққанда ғана отар боламыз” деп  мəлімдеген болатын. ХVIII ғасырдың 40-

жылдарында  Əбілқайыр ханның бастамасымен біраз  қақтығыстар болды. 1748

жылы  Барақ сұлтанның адамдары Əбілқайырды өлтіріп кетпегенде бұл күрес ары жалғасуы мүмкін елі.

     Тұтас алғанда, қазақ жүздерінің бір бөлігінің  Ресей бодандығын қабылдауын екі тұрғыдан қарастыру керек: бір жағынан, ол қазақтарды ойраттардың жиі қайталанған жойқын жорықтарынан, олардың халық үшін қырғынды салдарынан құтқарды, ал екінші жағынан, кең байтақ дала өңірін біртіндеп əскери-казак қоныстары арқылы отарлаудың жəне қазақтардың мемлекеттілігін жоюдың басы болды.

Информация о работе Кіші жүздің жəне Ресей бодандығын қабылдауы. Əбілқайыр хан