Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 19:53, реферат

Описание

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі хандық басқару жүйесін патша өкіметінін жойып, жаңа билік жүйесін еңгізуі ХVIII ғасырдың өзінде-ақ Орта жүз бен Кіші жүз хандарын патша өкіметі тағайындай бастаған. Олардың ел басқару қызметін жергілікті патша әкімдері бақылап отырды. XIX ғасырдың 20-жылдарында Ресей үкіметі қазақ арасында хандық өкіметті біржола жойып, ел басқарудың жалпы ресейлік тәртібіне жақындатуға кірісті. Бұл шараларды іске асыру Орта жүзден басталды. Уәли хан өлгеннен кейін (1819), «Сібір қазақтары туралы Жарғыға» сәйкес (1822) Орта жүзде хандық билік жойылды. Жүз территориясы сыртқы сегіз округке бөлініп оларды аға сұлтандар басқаратын болды.

Содержание

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
а) Хандық билікті жоюға бағытталған саясат.
ә) Қазақтың соңғы ханы Шерғазы.
б) Хандық билікті жою мақсатында жасалған іс-шаралар.
ІІІ.Қорытынды.
а) Кіші жүздегі хан билін жоюдың себептері, оның жүзеге асуы.

Работа состоит из  1 файл

Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы.doc

— 55.00 Кб (Скачать документ)

 Жоспары:

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім 

а) Хандық билікті жоюға  бағытталған саясат.

ә) Қазақтың соңғы ханы Шерғазы.

б) Хандық билікті жою  мақсатында жасалған іс-шаралар.

ІІІ.Қорытынды.

а) Кіші жүздегі хан билін жоюдың  себептері, оның жүзеге асуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі хандық басқару жүйесін патша өкіметінін жойып, жаңа билік жүйесін еңгізуі ХVIII ғасырдың өзінде-ақ Орта жүз бен Кіші жүз хандарын  патша өкіметі тағайындай бастаған. Олардың ел басқару қызметін жергілікті патша әкімдері бақылап отырды. XIX ғасырдың 20-жылдарында Ресей үкіметі қазақ арасында хандық өкіметті біржола жойып, ел басқарудың жалпы ресейлік тәртібіне жақындатуға кірісті. Бұл шараларды іске асыру Орта жүзден басталды. Уәли хан өлгеннен кейін (1819), «Сібір қазақтары туралы Жарғыға» сәйкес (1822) Орта жүзде хандық билік жойылды. Жүз территориясы сыртқы сегіз округке бөлініп оларды аға сұлтандар басқаратын болды. Жарғы бойынша 50-70 үй бір ауыл, 10-12 ауыл бір болыс, 15-20 болыс бір округ. Ауылды үш жылға сайланатын старшын, ал болысты болыс басқаруға тиіс болды патша үкіметі XVIII ғасырдың аяқ шеніне қарай Кіші жүзде хандық өкіметті жоюға кірісті (қ. «реформасы»). Игельстром реформасы Кіші жүзді басқарудың 1786 жылғы Екатирина ІІ қуаттаған жобосы. 1775 жылғы реформаға сәйкес О.А.Игельстром далалық жерлерді жалпы империялық негізде басқару мақсатында Кіші жүзде хандық басқару жүйесін жоюды көздеген жоба ұсынып, патшайымның мақұлдауынан соң ол «И.Р.» деп аталды. Бұл жоба бойынша негізгі билік шекаралық комиссияның орнын басатын шекаралық сотқа берілуі тиіс болды. Оның құрамына патша шенеуніктері мен басқа да жергілікті қауым өкілдері кірді. Орынбор губернатор басқару кеңсесінің бақылауында болатын жаңа әкімшілік органдар – расправалар құрудағы Ресей үкіметінің мақсаты ең алдымен сұлтандарды басқару ісінен шеттету болатын. Расправаларды алғаш құрған кезде көптеген беделді старшындар оның құрамына енуден бас тартты. Сондықтан патша әкімшілігі енді «бас старшын» деген атақ енгізілді. Дегенмен расправалардың Кіші жүзді басқару ісіне араласуына сұлтандар қарсылық білдірді. Ресей үкіметінің Кіші жүзде расправалар құру жолымен хандық билікті жою жөнінде шаралары болмады. Игельстром реформасының сәтсіздікке ұшырауының басты себебінің – дәстүрлі басқару түрін жоюдың алғы шарты қалыптасуында болатын. Расправаларының басқару ісіне араласуына Кіші және Орта жүздердегі ықпалды сұлтандар қарсы шықты, олар Кіші жүздегі хандық билікті қалпына келтіруге ұмтылды. 1789 жылғы Француз революциясынан шошынған патша үкіметі И.р. туғызған наразылықтардың монархиялық басқару негізін шайқалтуы ықтималдығын ойлап, И.р – н аяғына жеткізуден бас тартты.

Бірақ ол 1824 жылы ғана жүзеге асырылды. Сол кездегі Кіші жүзді билеген беделді хандардың бірі Шерғазы Айшуақұлы болатын. Шерғазы Айшуақұлы – Кіші жүздің ханы (1812-24). Айлакер мәмлегерлік қабілетімен ерекшеленген. 1812 ж. І Александр патшаның шарлығымен Кіші жүз екіге бөлінді: Кіші орда да Бөкей, Жайықтың сол жағасынан шығысқа қарай өңірде Ш. Хан болып жарияланды. Оның хан болған  кезеңі – Кіші жүзде саяси қайшылықтардың ең шиеленіскен заманы. Әсіресе қолына хандық тиген Қаратай сұлтан Ш. мойындамады. Көптеген мәселелерді хандық кеңестің төрағасы сұлтан Медетғали Тұралиев шешіп отырды. Өзін хан деп жариялаған Арынғазы сұлтанды Ш. – қарсылық білдірді. Орынбор губернаторы П.К. Эссен осы шымтырық қайшылыққа араласып Арынғазыны қолдады. Бір жағынан Қаратаймен, екінші жағынан Арынғазымен тайталастан әбден жалыққан Шерғазы 1819 жылы Петербургке барып патша І Николайдан қолдау табуға тырысты. Алайда ойлаған мақсатына жетпеді. Шекаралық  комиссияның төрағасы В. Тимковский тартысқа көп араласпай, негізінде бейтарап саясат ұстанды. Ш. Хиуа хандығына арқа сүйемек болды. Беделді, ақылды бәйбішесі Анам ханым Әбілхайырдың тұқымдарының басын жинап, Шерғазының билігін күшейтуге тырысты. Алайда, П.К. Эссен сыртқы істер министірлігінің ханындағы Азия істері жөніндегі к – ттің тапсырмасымен Кіші жүздегі хандықты жою туралы шаралар ұйымдастырды. Орынбор қазақтарын басқару жайлы жарғының қабылдануымен хандық осы өлкеде де жойылды. 1824 жылы мамыр айында Ш. хандықтан алынып, Орынборға мемлекеттік қызметке тағайындалды. Алайда елін аңсаған Ш. 1825 жылдың күзінде жасырын ауылына қайтып қайтып оралады. Патша үкіметінің қудалауынан сескенген хан Хиуа хандығынан баспана іздеді. Ш-ны қолға түсіруге тырысқан Орынбор шекаралық комиссия оның үлкен ұлдары Мұхамедқазы мен Ермұхемедті «әкелерінің дүниесін ауылына жеткізу» дегенді желеу етіп, сол қалаға шақыртты. Алайда аманат ретінде қапасқа қамалудан қорыққан Ш. балалары Орынборға баруға бас тартты. Ш. осыдан кейін саяси өмірге араласпады. Өкіметте оның қаусіздігіне көзі жетіп, 1500 сом жылдық жалақы тағайындады. Ш. Хиуа хандығын Ресеймен күреске үгіттеді, хандықты қалпына келтіруді аңсап өтті.

Шерғазы сөз жүзінде Орынбор  шекара комиссиясында басқарушы  атанғанымен іс жүзінде ел басқарудан мүлдем тайдырылды. Ендігі жерде елді үкімет орынары тағайындайтын сұлтандар  басқарды.

Орта жүздегі  хан билігінің жойылуы Кіші жүзде  тап осылай әрекет жасауды әлдеқайда жеңілдетті. Бұл кезде Кіші жүз сұлтандарының арасындағы алауыздық әліде тоқтаған жоқ еді Хан билігі әлсіреп, қол астындағы халық арасында беделінен айрылып тынған болатын. 1822 жылы Орынбор өлкесінің губернаторы П.К. Эссен Ресей астанасына «Орынбор қырғыздары (қазақ.- авт.) жөніндегі жарғының» жобасын жөнелтті. Бұл кезде Кіші жүзде Шерғазы әлі де хан болып тұрған еді. Қазақтардың шекара шебіне және Орынбор өлкесінің ішкі округтарына шабуыл жасау жиі-жиі қайталанумен болды. Орынбор өлкесінің бастығы ұсынған жобаны толықтыра түсу үшін Азия комитетіне қайтадан жіберілді жарғының түпкілікті жобасын Ресей патшасы І Александр 1824 жылы көктемде біржолата бекітті. Шерғазы хан Орынборға шақыртып алынды. Оған ғұмырының ақырына дейін ай сайын жалақы төленіп тұратын болды. Сөйтіп Кіші жүздегі хан билігіде жойылды. Бұл реформа бойынша Кіші жүз аумағы Жайықтың сырт жағындағы үш округқа бөлінді. 1828 жылы ондағы әкімшілік бірліктерінің аттары өзгертіліп, Батыс, Орта және Шығыс округтары деп аталынды. Кіші жүздегі өкімет билігі Орынбор генералгубернаторлығына тікелей бағынатын басқарушы сұлтандардың қолына көшті. Басқарушы-сұлтандарға казактардың жасақтарыда бағындырылды. Осындай жасақтардың әрқайсысында 100-ден 200-ге дейін адам болды. Басқарушы -сұлтандар казак станцияларында және шекара шебіндегі бекіністерде тұратын болып белгіленді. Мұның өзі олардың патша үкіметіне тәуелді болуын күшейте түсті. Басқарушы-сұлтандардың атқаратын негізгі қызметі өздеріне қарайтын халықты «тәртіп сақтайтын және патша үкіметіне әрқашан адал әрі айтқанын екі етпейтін бағыныста» болатындай етіп ұстау еді. Кіші жүздегі ауыл старшындарынан бастап, басқарушы сұлтандарға дейінгі барлық лауазымды тұлғаларды Орынбор губернаторының өзі тағайындайтын болды. Сайлау жүйесі жойылды.  Ресей өзінің саясатын ел басқару саласын өзгету арқылы жүзеге асырумен болды және де ол өте сәтті жүргізіліп жатты. Қазақтар арасындағы ауыз бірліктің жоқтығы қолындағы бостандықты жоғалтудың басты себебі болды. Ресей отарлау саясатын одан әрі күшету масатында Кіші жүзді басқарудың дистанциялық (бекінісаралық) жүйесі енгізілді. Бұл шекара маңындағы қазақтарды басқаруға бағытталған шара. Жайық қазақтарын басқару ісіндегі дистанциялық жүйе тәжірибесіне (1824-31) сүйенген патша үкіметі бұл шараны Кіші жүзге 1831 жылы енгізді. Негізгі мақсаты қазақ даласындағы казак-орыстардың қолына көшіру, қазақтар арасында тәртіпсіздікті болдырмау, ауылдардағы жағдайды шекара комиссиясына жедел жеткізу болды. 1831- 68 жыл арасында Кіші жүз даласында шекара маңыннан 31 дистанция ашылған. Олар реттік номермен белгіленіп, әрбір дистанция ауылдарға бөлінді. Дистанцияларға 400-1500 шаңырақ кірген. Мыс., 33 дистанцияда – 324 шаңырақ, 49 дистанцияда – 1547 шаңырақ болған. Олар рулық туыстықжағынан ғана емес, жер жағдайына қарай құрылған жүйе. Дистанциялық жүйе патша үкіметіне қазақ жеріне біртіндеп енуге, бекіністер салуға, казак-орыстарды осында орналастыруға және қазақ даласын отарлауға қолайлы жағдай туғызды.

Отарлаудың  негізгі патша үкіметінің шығарған жарғылармен ережелер болып табылатын. Онда халықты қалай билеп төстеуді негізгі жолдары көрсетілді деседе болады. Сондай жарғылардың бірі 1844 жылы қабылданған «Орынбор қырғыздары (қазақтары.- авт.) туралы ереже». «Орынбор қырғыздары (қазақтары.- авт.) туралы жарғының» кемшілік тұстары көп еді. Сондықтан оның орнына 1844 жылы «Орынбор қырғыздары туралы ереже» шықты. Ендігі жерде Орынбор әкімшілігіне қарайтын қазақтар тұратын жерлер Ресей империясының бір бөлігі деп жарияланды. Кіші жүзге жалпы басшылық жасауды Орынбор шекара комиссиясы жүргізді. Оның құрамына төрағаның өзі, орынбасары, төрт кеңесшісі және қазақтардан сайланатын төрт заседатель, ерекше тапсырмалар жөніндегі шенеунік, адам және мал дәрігері кірді. Жаңа ереже бойынша билер сотына барынша шектеу қойылды, ол ұсақ түйек мәселелерді ғана қарайтын болды. Үкіметке қарсы әрекеттер жасау, кісі өлтіру, қарақшылық жасап ел тонау, барымта алу сияқты қылмысты істерді әскери сот қарады. Ал ұрлық жасау, алаяқтық, бұзақылық, 50 сомнан жоғары мүліктік талап сияқты істер Ресей империясы Шекара комиссиясының жанындағы жалпы заңдар негізінде қаралды. Орынбор әкімшілігіне қарайтын қазақтардың жағдайы олардың Орта жүздегі қандастарына қарағанда әлде қайда ауыр еді. 1844 жылы Кіші жеріндегі шекара шебіне жақын тұратын қазақтар үшін қамқоршы деген қызмет пайда болды. Оның негізгі міндеті шекара шебіне жақын тұратын қазақтарды отырықшы орыс халқының озбырлығынан қорғану еді. Қамқоршы далалық қазақтар шекара шебінен Ресейдің ішкі жағына өтіп кеткен жағдайда ғана олардың құқықтарын қорғай алатын. Басқарушы сұлтандардың жанында шек ауруына қарсы егу жұмыстарын жүргізетін бір-бірден қазақ фельдшері болды.

1822-1824 жылдардағы  жарғыларды енгізудің салдары.  Бұл жарғылар негізінен алғанда,  алысты көздейтін арам ниетті пиғылмен жасалған еді. Соның салдарынан Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары өздерінің дәстүрлі мемлекеттілігінен айрылып қалды, Қазақстан бірте-бірте Ресей империясының отарына айналды. Жарғы жаңалықтары көші-қон шеңберін тарылтты, еркін көшу бостандығы мүмкін болмай қалды. Бұрыннан қалыптасқан рулық ұжымдар бір-бірімен мидай араласып кетті. Бір кездегі дамыған көшпелі мал шаруашылығы тұйыққа тіреліп, күрт құлдырай бастады. Патша үкіметі мемлекеттік салықтың қатаң белгіленген мөлшерін бекітті. Елден жиналатын алым-салық шенеуніктік аппарат пен әскери күштерді ұйымдастыруға қажетті қаржы көзіне айналды. Патша үкіметінің бұл реформалары қазақ ру басылары мен сұлтандарынан іріктелген, айтқанды екі етпей орындайтын «тәртіпті аппарат» құруды одан әрі күшейте түсті. Олар бірте-бірте орыс шенеуніктеріне теңестірілді. Ендігі жерде олар сыйақы мен шен алу үшін қызмет етуге көшті. Оларды қызметке тағайындай да, қызметінен алып тастау да Ресейдің аймақтық басшылығының көзқарасымен көңіл күйіне тікелей байланысты болды.

Болыс сайлауы  парақорлық, шар салушылардың даусын, орыс шенеуніктерінің ықыласын сатып  алу сияқты жиіркенішті масқара  құбылыстардың етек алуына алып барып  соқтырады. Неміс зертеушілерінің  бірі Ф. фон Шварц былай деп жазды: «Округ басшылары неғұрлым тиімді де пайдалы болыс лауазымын параны кім көп берсе, соған сатудан тіпті де тартынбайды». Сайлаудың мұндай сиқы бір руды екінші руға қарсы қойып, өзара өшіктірді. Әркім өз руының адамына дауыс беруге тырысты. Ал аға сұлтандарды сайлауға қара сүйек   өкілдерінің де қатысуына рұқсат етілген кезде сұлтандармен рубасыларының бір-біріне қарама – қарсылығы күшейе түсті.Округтік приказдар империяның қазақ даласындағы және Орта Азия иеліктеріндегі әскери-отаршылдық әрекеттерін одан әрі өршітудің әзірлік алаңдарына айналды. Сұлтандардың бір бөлігі әсіресе жаңа қызмет лауазымдарына бөлу кезінде ескерусіз қалған бөлігі патша үкіметінің реформаларына қарсы шықты. Ондай наразылықтардың бірқатары қарулы көтеріліске ұласты. Дегенмен де ХІХ ғасырдың 20 жылдарындағы реформалардың отаршылдық сипатымен мәні күшті болғанына қарамай, олар қазақ даласында сауда-саттықты, денсалық сақтау ісін және халыққа білім беруді едәуір дамытуға оң ықпалын тигізді.

Қорытындылай келе хан  билігінің жойылуы сол кездегі  ел басқарған хандар мен сұлтандың өздерінің алауыздықтарының салдарынан. Хан билігін жоюдың  себептері мен алғышарттары. ХІХ ғасырдың жиырмасыншы жыдарына қарай патша үкіметі Қазақстандағы хан билігін жоятын уақыт келіп жетті деген қортынды жасады. Бұған салмақты негізді де, қажетті бірқатар алғышарттар да жеткілікті деп санады.

Біріншіден, қазақ хандары дала тұрғындарының басым көпшілігінің алдында өздерінің беделінен айырылып қалды. Жергілікті байырғы халық патша үкіметі тағайындаған хандарды баяғыдай дебес ел басқарушылар деп емес, көбінесе Ресей империясының кәдімгі көп шенеуніктерінің бірі хана деп қабылдады. Оның үстіне, тап сондай дәрменсіз билеушілердің саны да көбейіп бара жатты. Патша үкіметі әр жүздің бұрыннан бар хандарының қатарына жаңа хандарды қосып отырды. Мәселен, 1812 жылы Кіші жүздің Жайықтың оң жақ бетіндегі Бөкей сұлтан өз алдына жеке хан болып шыға келсе 1815 жылы Орта жүзде Уәли ханмен қатар және Бөкей сұлтан да хан болып тағайындалды.                     

Екіншіден, бұл кезде патша үкіметі Кіші жүзде де, Орта жүзді де бір неше әкімшілікке бөлшектеген еді мұның өзі патша үкіметінің көшпелі қазақтарды басқаруына өте қолайлы болып шықты. 1788 жылы Ертіс бойындағы қазақтардың сұлтан Сұлтанбек  басқарған бір бөлігі Ертіс өзенінің оң жағында «мәңгілік көшіп - қонып  жүру құқығына жүру» құқығына ие болды. Сөйтіп Орта жүз бірі Ертістің оң жағына, екіншісі Ертістің сол жағалауы болып екіге жарылды. 1801 жылы Жайықтың оң жағалауында Кіші жүзден бөлінген Ішкі Орда құрылғанын айттық. Оның үстіне, 1808 жылы ашаршылық кезінде Кіші жүздің 20 мыңға жуық қазағы башқұрт кантондарының аумағына уақытша көшірілді. Бір кездегі бір тұтас жүздердің арасында ендігі жерде ешқандай да еркін байланыс жасау мүмкіндігі қалмады, өйткені ондай байланыс қатаң тиым салынды.

Үшіншіден, ХІХ ғасырдың бас кезінде Шыңғыс бірқатарының патша үкіметінің әкімшілігіне белсенді қарсылық білдірген оқиғалары көбейіп кетті. Ал ақыры соңында, патша үкіметі Франциямен соғыс аяқталғаннан кейін жеткілікті әскер күші мен адам ресурстарына ие болды. Мұның өзі оның тәуелсіз қазақтардың заңды билігін – хан билігін бір жолата жоюға итермеледі. Өйткені хан билігінің сақталуы патша үкіметінің өлкені шаруашылық тұрғысынан кең көлемде отарлауына кедергі келтірген еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Чапай Мусин  «Қазақстан тарихи»
  2. Қазақстан тарихи энциклопедиясы

Информация о работе Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы