Ал, техникалық көрменің
ашылу салтанатына облыс әкімі
Қырымбек Көшербаев қатысты. Көрмеге
қатысқан Германия, Қазақстан, Қытай, БАӘ
және Ресейдің 70-тен аса мұнай-газ
секторындағы компаниялары осы саладағы
сервистік қызметтерін, мұнай-газ
жабдықтарын таныстырды. Ұлыбритания
мен Ресейдегі халықаралық серіктестермен
бірлестікте қазақстандық «Iteca»
көрмелер компаниясы ұйымдастырған
шараның жоғары деңгейде өткізілуіне
ҚР Мұнай және газ министрлігі, Маңғыстау
облыстық және Ақтау қалалық әкімдіктері,
«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ тікелей
қолдау көрсеткен. Өз кезегінде облыс
әкімі Қ.Көшербаев мұнай-газ секторындағы
компаниялардың елдің экономикасын
арттыруға септігін тигізетініне сенім
білдіретінін айтты.
- Елбасымыз Н.Назарбаев
дағдарыстың алдын алу мақсатында
қазақстандық мұнай өндіру көлемін
арттыруды, елді индустриалды-инновациялық
дамытуды тапсырып отыр. Облысымыздың
инвестициялық ахуалы жоғары
бағаланады, инвестиция тарту жөнінен
16 облыс ішінде екінші орындамыз.
Ішкі өнімнің көлемі 19 мың 700 АҚШ
доллары, бұл республикалық орта
көрсеткіштен екі жарым есе
өсті. Облыстың потенициалы жоғары
болғандықтан, біз отандық және
шетелдік ірі компаниялармен
бірлесіп, жаңа технологиялар мен
әлеуметтік–экономикалық даму жобаларын
жүзеге асырып келеміз. Облыс
экономикасының негізін мұнай-газ
секторы құрайтындықтан, аймақта
«Қашаған» жобасы, «Н» блогы секілді
ірі жобалары іске асырылуда.
Маңғыстауда мұндай көрмені өткізу
дәстүрге айналды. Облыста ірі
мұнай-газ компаниялары өз жұмыстарын
жасап келеді, - деді Қырымбек
Елеуұлы. Ал, еліміздің Индустрия
және жаңа технологиялар вице-министрі
облыста атқарылған істерге көңілі
толатынын жеткізді. «Біздің басты
мақсатымыз – экономиканының
бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Біздің министрлік көтерген бастамаларға
әсіресе Маңғыстау облыстық әкімдігі
белсенді қатысады. Мұнда шағын
және орта бизнесті дамыту
жолында көптеген жұмыстар қолға алынған»,
- дейді Н.Сауранбаев. Қала басшысы Оспан
Қазақбаевтың төрағалығымен, қала әкімінің
орынбасары Р.Елтизаров және қала прокуроры
Т.Әлібаев, Маңғыстау облысы Қазақстан
халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі
М.Қамалов пен қаладағы ұлттық этно-мәдени
орталық өкілдері, Ақтау қаласы ІІБ-ның
қызметкерлері мен Ақтау қалалық мешітінің
бас имамы І. Мизамұлы, «НұрОтан» ХДП Ақтау
қалалық филиалы төрағасының бірінші
орынбасары К.Қорғанбекова мен бөлім басшыларының
қатысуымен кезекті жиын өтті. Онда ұлтаралық
келісім және Маңғыстау облысындағы Қазақстан
халық ассамблеясының 20 жыл ішіндегі жетістіктері
мен ҚР «Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының
орындалуы, «Діни қызмет және діни бірлестіктер
туралы» Заңына сәйкес шаралар алу мен
діни экстремизмді насихаттайтын табыну
орындарына талдау жүргізу, заңға сәйкес
шаралар қолдану мәселелері қаралып, «Ақтау-есірткісіз
қала» аймақтық бағдарламасының жобасы
талқыланды.
Жиында сөз алған
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы
ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі,
Мұқанжан Қамалов ұлттық-мәдени отаулардың
тыныс-тіршілігімен, жалпы ассамблея
жұмысымен таныстырды.
– 26 қараша күні Ақтау
қаласындағы №23 мектепте «Біз –
Қазақстандық балалармыз» атты фестиваль
өтеді. Ал, 30 қарашада этно-бірлестіктер
арасында байқау ұйымдастырылады. Бұл
байқау ұлттық мәдени бірлестіктердің
салт-дәстүрін, ұлттық тағамын, ұлттық
киімдерін дәріптейді. Желтоқсанның
1 мен 4 күндері аралығында ел Тәуелсіздігінің
20 жылдығына орай спорттық шаралар
да өткізіледі,– деді өз сөзінде
М. Қамалов.
Қала басшысы О.
Дәденұлы ұлттық-мәдени отаулардың жұмысы
мен олардың 20 жылда тәуелсіз елге
қосқан үлесі жайында баспасөз беттерінде
жиі көрсетіп тұрса деген ұсынысын
жеткізді.
Сондай-ақ, жиында ҚР
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
жастар саясаты туралы» Заңының
орындалуы жайында баяндама жасаған
қала прокуроры Т. Әлібаев жастар
саясатын жүзеге асыруға 2 млн теңгеден
астам қаржы бөлінген, оның қандай
бағыттарға жұмсалатынына тоқталды.
Оның айтуынша, Ақтау қаласы бойынша
14-29 жас аралығында жалпы жастар
саны – 51 839 құрайды. Бүгінгі таңда
қала аумағында 4 351 азамат жас отбасы
ретінде тіркелген. Жалпы қаланың
14 772 жастары әкімшілік жауапкершілікке
және 1000-нан астам жас қылмыстық
жауапкершілікке тартылған. Сонымен
қатар, жыл басынан бері қалада 6
мүгедек жас жұмыссыздар қатарына
есепке алынып, екі мүгедек жас
жастар тәжірибесі аясында, үш жас тұрақты
жұмыспен және бір жас қоғамдық жұмыспен
қамтамасыз етілген.
Қала әкімі өз
сөзінде 32 «б» шағынауданда жастар
ғимаратының салынатын жеткізді.
Бүгінде жер аумағы белгіленген.
Шаһардың бас прокуроры Т. Әлібаев
«Діни қызмет және діни бірлестіктер
туралы» Заңына сәйкес шаралар алу
мен діни экстремизмді насихаттайтын
табыну орындарына талдау жүргізу бойынша
дайындалған баяндамасында «Жаңа
заңнаманың мақсаты – діни қызмет
пен діни бірлестіктердің жұмысын реттеу
және жүйеге салу. Ақтау қаласы аумағында
13 діни бірлестік тіркелген, оның 4-уі –
діни бірлестіктердің аймақтағы филиалы.
Діни ахуалға қатаң бақылау және мемлекеттік
реттеу саясаты болуы керек. Қазіргі таңда
тұрғындардың діни бағыттағы құқықбұзушылықтармен
күресу белсенділігі төмендеп отыр. Бұрынғы
құқыққорғау органдары мен тұрғындар
арасындағы жан-жақты байланыс жоқтың
қасы. Бұл ҚР-ның «Азаматтардың қоғамдық
қауіпсіздікті қалыптастырудағы қатынасы»
туралы Заңының 2004 жылы қабылданса да,
жеткілікті деңгейде қолданылмай отырғанын
білдереді»,– деп атап өтті Т.Әлібаев.
Сондай-ақ, прокурор
қала мектептерінің ғаламторға қосылғанын
айта келіп, білім алып жатқан жеткіншектердің
ғаламтормен жұмыс жасауына бақылау
қойып, ғаламтордағы жасөспірімдердің
психикасы мен дамуына кері әсерін
тигізетін сайттарға мониторинг
жүргізілуі керектігіне тоқталды. Мұны
қала басшысы О.Қазақбаев та құптап,
қала әкімінің орынбасары Р.Елтизаровқа
осы бағытта жұмыс жасауға
тапсырма берді.
Жиында сөз алған
Кәріс ұлттық мәдени орталығының
төрайымы Райса Маденова-Хван базар
аумақтарында сатылатын насыбайға
тыйым салуға ұсыныс жасады. «Жастарды
нашақорлық пен темекіден шеттенкенімізбен,
олар әр көшенің қиылысында, базар
аумағында арзан бағамен сатылатын
насыбайды сатып алып, пайдалануға
құмар. Осы тұрғыдан құқық қорғау
органдары қатаң айналысып, тиісті
шараларды қолданса деймін. Мектеп,
жоғары оқу орындарындағы жастардың
киім үлгісін де қадағалап, жөнге
салатын кез келген сияқты», –
дейді Райса Маденова-Хван.
Мұнан кейін қалалық
ішкі істер басқармасы қауіпсіздік
бөлімінің бастығы Самат Нысан
Ақтаудағы ахуалға назар аударды.
Оның айутынша, жыл басынан бері
облыс көлемінде сегіз дерек
тіркеліп, әкімшілік материал жинақталып,
сот шешімімен айыппұл салынған.
Сонымен қатар, 258 діни кітаптар мен
журналдар және 23 дана дискі тәркіленіп
алынып, деректер бойынша теологиялық
экспертиза тағайындалғанына тоқталды.
«Осы орайда айта кететін мәселе –
облысымызта, тіпті еліміздің батыс
өңірінде теолог маманын жоқ. Теолог
маманының жоқтығы – дәстүрсіз
діни ағымдардың мүшелерінен алынған
діни кітаптар бойынша тез арада
заңды шешім қабылдауға кедергі
болуда. Сондықтан басқа аймақтардан
келген азаматтардан алынған, дәстүрсіз
дінді уағыздайтын діни кітаптарды
теологиялық сараптамадан 2-3 ай мерзімінде
өткізуге мәжбүр», – дейді С.Нысан.
«Ақтау – есірткісіз
қала» аймақтық бағдарламасын жасақтау
туралы баяндамасында «Ақтау қалалық
ішкі саясат» бөлімінің бастығы
Асхат Исаев бағдарламаның тиімділігіне
тоқталды. Оның айтуынша, бағдарламаның
орындалуы үш жылға созылған. Бағдарлама
үш бағыт бойынша, яғни нашақорлықтың
алдын-алу, нашақорлықты емдеу, сауықтыру
және есірткі бизнесіне қарсы
күрестері бойынша жұмыс жасайды
екен. Аталмыш бағдарлама еліміздің
тоғыз өңірінде қабылданып, жүзеге
асқан.
– Енді
осы бағдарламаны Ақтау қаласында
жүзеге асырсақ деген ойдамын. Бұл
бағдарлама Ақтау қаласында құқық
қорғау органдары мен мемлекеттік
мекемелер, денсаулық сақтау басқармаларымен
бірлесе жүзеге асырылады. Егер аталған
құзырлы органдар тарапынан қолдау
тауып жатса, 2012 жылдың бюджеттік
ұсынымына енгізуді жоспарлап отырмыз,
– дейді А.Исаев.
Ал, жиын соңында «Халық
келісімі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Ю.Шахшаев Ақтау қаласында «Достық үйін»
ашу жөнінде ұсыныс айтты. Маңғыстау облысында
жеделдете индустриялық-инновациялық
даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге
асырылуы талқыланды
20 қаңтарда Маңғыстау
облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың
төрағалығымен 2010-2014 жылдарға
арналған индустриялық-инновациялық
даму мем лекеттік бағдарламасын жүзеге
асыру мәселелері бойынша жұмыс тобын
басқарған ҚР индустрия және жаңа технологиялар
вице-министрі Берік Қамалиевтің қатысуымен
индустриялық даму аймақтық үйлестіру
кеңесінің отырысы өтті
Отырысқа жұмыс
тобының мүшелері - ҚР индустрия және
жаңа технологиялар министрлігінің, «Қазақстандық
индустрияны дамыту институты» АҚ-ның,
«Kaznex Invest» ұлттық экспорт және инвестицяиалр
агенттігі» АҚ-ның, «Қазақстанның даму
банкі» АҚ-ның өкілдері қатысты.
Отырысқа қатысушылар
облыста 2010 жылы жеделдете индустриялық-инновациялық
даму бағдарламасының жүзеге асырылуы
қорытындыларын талқылады. Маңғыстау
облысының Индустрияландыру картасына
17 инвестициялық жоба енгізілген болатын.
Оның ішінде - республикалық Индустрияландыру
картасына енгізлген жалпы сметалық құны
501,8 млрд. теңгенің 8 жобасы бар, оны жүзеге
асыруда 22 мыңнан астам жұмыс орындары
құрылады. Аймақтық индустрияландыру
картасына енгізілген құны 33,2 млрд. теңгенің
9 жобасы арқасында 33 мың жұмыс орны ашылады.
2010 жылы экономиканың
шикізаттық емес секторында 9 нысан
іске қосылды, оның нәтижесінде
1 193 жаңа жұмыс орындары ашылды. Нысандардың
жалпы сметалық құны 37,1 млрд. теңгені құрайды.
Ақтау қаласының
аумағында Қазақстанда ғана емес,
ТМД елдеріндегі алғашқы тақтайтас
зауыты, халықаралық терминал мен
ұшу-қондыру желектерін қайта құрастыру
жөніндегі зауыттың құрылысы аяқталды.
Тағы бір ірі
жоба - «Диірмен кешені мен құрама жем
зауытын қоса алғандағы элеваторлық кешеннің
құрылысы» Бейнеу ауданында жүзеге асырылып
отыр. Бүгінгі таңда кәсіпорын 3,5 мың тонна
ұн шығарады. Қоймада жүзеге асырылуға
дайын 1 000 тонна ұн сақталуда, 700 тонна
құрама жем өндірілген.
Биылғы жылы
жалпы сомасы 83 миллиард теңгені
құрайтын 7 нысан пайдалануға берлімек.
Сол арқылы жаңадан 2,8 мың жұмыс орны құрылады
деп көзделуде.
Отырыс барысында
өңдеуші өнеркәсіптің жаңа жобалары,
атап айтқанда жасанды тастар шығаратын
зауыт, жаңа нан зауыты мен бекіре балық
фермасының таныстырылымы болды. Аймақтық
деңгейде келісілген соң олар Индустрияландыру
картасына енгізілу үшін ҚР Индустрия
және жаңа технологиялар министрлігіне
ұсынылатын болады.
2010-2014 жылдарға арналған
мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық
даму бағдарламасына қатысты өткен кеңестен
соң ҚР индустрия және жаңа технологиялар
вице-министрі Берік Қамалиев бастаған
жұмыс тобының мүшелері облыстағы кәсіпкерлердің
сұрақтарына кеңінен тоқталып, жауап берді.
Сонымен қатар
кеңесте жергілікті өндірушілердің
жағдайын барынша пайдаланып, мұнай-газ
саласында жүзеге асырылатын
инвестициялық жобалардағы қазақстандық
үлестің қамтамасыз етілу мәселелерін,
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының
жүзеге асырылуын талқыға салынды.
Сол күні жұмыс
тобының мүшелері бірқатар өнеркәсіп
кәсіпорындарында болып, аймақта инвестициялық
жобалардың жүзеге асырылуы барысымен
танысты.