Мұстафа Кәмәл Ататүрік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 20:48, реферат

Описание

Мұстафа Кәмәл Галлиполи операциясы кезінде дивизия командирі қызметін атқарып жүрген кезінде өзін табысты және мейлінше дарынды қолбасшы ретінде көрсете білді. Кейінірек ол Анатолия және Палестина фронттарында әскер қимылдарды ерекше табысты жүргізуімен көзге түсіп, Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде зор атақ-даңққа ие болды. Османлы империясының соғыста жеңіліп, Антанта тарапынан елді бөлшектеп тастауға жоспарлар жасалғаннан кейін, Мұстафа Кәмәл Түрік ұлттық қозғалысынбастады. Ол кейін Түрік тәуелсіздік соғысына ұласты.

Работа состоит из  1 файл

Мұстафа Кәмәл Ататүрік.docx

— 170.19 Кб (Скачать документ)

Мұстафа Кәмәл  Ататүрік


Мұстафа Кәмәл  Ататүрік

 

1ші Түркия президенті

лауазымына ие болғаны 
1923 қазанның 29 — 1938 қарашаның 10

Ізабасары

Інөні, Ісмет

 

Дүниеге келгені

1881 ж. мамырдың 19(130 жас) 
 Селәнік(Фессалоники)

Қайтыс болғаны

1938 ж. қарашаның 10(57 жаста) 
 Долмабахче сарайы,Ыстамбұл

Ұлты

Түрік

Саяси партиясы

Республикалық Халық Партиясы

Жұбайы

Ләтифә Ұшақлыгіл(1923—25)

Қолтаңбасы


Қарындасы Макбуле, анасы Зүбейде ханым, Мұстафа  Кәмәлдің өзі.

Мұстафа Кәмәл  Ататүрік — Түркия Республикасының тұңғыш президенті, оның негізін қалаушысы, жалпыұлттық көсемі, саяси реформаторы, әскери сардары және революцияшыл мемлекет қайраткері.

Мұстафа Кәмәл Галлиполи операциясы кезінде дивизия командирі қызметін атқарып жүрген кезінде өзін табысты және мейлінше дарынды қолбасшы ретінде көрсете білді. Кейінірек ол Анатолия және Палестина фронттарында әскер қимылдарды ерекше табысты жүргізуімен көзге түсіп, Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде зор атақ-даңққа ие болды. Османлы империясының соғыста жеңіліп, Антанта тарапынан елді бөлшектеп тастауға жоспарлар жасалғаннан кейін, Мұстафа Кәмәл Түрік ұлттық қозғалысынбастады. Ол кейін Түрік тәуелсіздік соғысына ұласты. Анкарада уақытша үкімет ұйымдастырған соң, ол Антанта мемлекеттері жіберген әскерлерді талқандады. Оның жеңімпаз әскери жорықтарының нәтижесінде ел басқыншылардан азат етіліп, Түркия Республикасының негізі қаланды.

Содан соң Мұстафа  Кәмәл Түркия өмірінің саяси, экономикалық және мәдени жақтарына терең өзгерістер енгізуге бағытталған реформаларға кірісті. Ол реформалардың басты  бағыттары Кәмәлдің саяси идеологиясында баяндалған. Ол көзқарас бойынша осы заманғы, демократиялық және зайырлы ұлттық мемлекет құрылуға тиіс.

 

Жеке өмірі

Мұстафа Кәмәл Османлы империясындағы Сәләник қаласында дүниеге келген. Туған кездегі толық есімі — Әли Риза ұлы Мұстафа. Әкесі — Әли Риза Ефенді, анасы —Зүбейде ханым. Балам батыр болсын деген ырыммен әкесі Мұстафаның бесігінің үстіне қылыш ілген екен. Мұстафа Кәмәлдің нақты қай күні туғаны белгісіз. Оның себебі, Османлы империясында екі түрлі күнтізбе қолданылған: һиджри және руми. Оның туған жылы 1296 жыл деп тіркелді де, қай күнтізбе бойынша екендігі айтылмады. 1296 жылқазіргі жалпы қолданыстағы күнтізбенің 1880-1881 жылдарына сәйкес келеді. Мұстафа Кәмәлдің өзінің айтуынша, анасы оған көктемде туғансың деп айтқан, ал қарындасы Макбуле Атаданның айтуынша, аналары Мұстафа қыстыгүні боран тұрған кезде түнде туғансың деп хабарлаған. Тарихшы Решит Саффет Атабиненнің ұсынысынан кейін Ататүріктің өзі туған күні ретінде Түрік тәуелсіздік соғысы басталған күнді, яғни мамырдың 19-ын қабылдады. 
Селанік пен Манастырдағы әскери мектептерде оқыған. 1895-ші жылы Манастырдағы Османлы әскери академиясына оқуға түсті. Мұстафа Кәмәл Латифе Ұшақлігілгеүйленген. Ол 3 жыл отауласқаннан кейін ажырасты. Ататүрік жеті қыз бен бір ұл асырап алған. Бос уақытында кітап оқуды, атқа мінуді, шахмат ойнауды және суда жүзуді ұнатқан. Биге әсіресе құмар болған; вальс пен халықтық «Зейбек» би мәнеріне әуес болған. Мұстафа Кәмәл көптеген кітап жазып, жеке күнделік те жүргізген.

 

Бастапқы кезең, 1905-1914 жылдар


Штаб капитаны Мұстафа Кәмәл. 1907жылғы маусымның 20-сында.

Мұстафа Кәмәл әскери оқу орнын 1905 жылы лейтенант әскери шенімен тәмамдап,Дамаскіде орналасқан 5-ші армияға жолданды. Ол сонда Vatan ve Hürriyet («Отан және азаттық») деген реформашыл офицерлердің құпия революциялық қоғамына мүше болып,османлы сұлтаны ІІ-ші Абдулхамидтың автократиялық билігінің қарсыласына айналды. 1907 жылы ол капитан шенін алып, Манастырдағы 3-ші армияға жолдау алды. Осы кезеңде ол Жас түріктер деген атпен де белгілі Бірлік және прогресс комитетіне (БПК) кірді. 1908 жылы Жас түріктер ІІ-ші Абдулхамид сұлтанды тақтан тайдарап, билік басына келді. Мұстафа Кәмәл жоғарғы әскери басшылардың біріне айналды. БПК-ның ең алғашқы мүшелерінің бірі ретінде ол да 1908 жылғы революцияға қатысты. Бірақ кейінгі жылдары БПК-ның жетекшілері жүргізген саясатқа қарсы бола бастап, кейде тіпті сынға алып та жүрді. Оның үстіне Мұстафа Кәмәлдің Енвер пашамен қатынастары да нашарлап кетті. Ақырында Енвер паша 1913 жылы ең жоғарғы әскери лауазымға ие болған соң Мұстафа Кәмәл биліктен шеттетілді.

1910 жылы Ататүрік Франциядағы Пикардия әскери маневрлеріне қатысты. 1911 жылы Ыстамбұлдағы Соғыс министрлігінде (Harbiye Nezareti) қызмет етті. Сол 1911 жылы олТраблусгарб уәләятына (қазіргі Либия мемлекетінің жерінде) италиян әскерлерінеқарсылық ұйымдастыруға жіберілді. Тобрук қаласын табысты қорғағаннан соң ол 1912жылғы наурыздың 6-сында Дернедегі әскердің қолбасшысы болып тағайындалды.

Мұстафа Кәмәл Ыстамбұлға 1912 жылғы  қазан айында, Балқан соғыстары басталып кеткеннен кейін оралды. Бірінші Балқан соғысында олФракияның жағалауындағы Галлиполи мен Болайырда Бұлғарстан әскерімен соғысты. Екінші Балқан соғысының кезінде Едірне мен Дидимотейхонықайтаруда маңызды роль атқарды. 1913 жылы олСофияға жіберіліп, сонда әскери атташе болып тағайындалды. Бұның себебі — Енвер паша Мұстафа Кәмәлді өзінің бақталасы ретінде қарастырып, оныңЫстамбұлдағы саяси ықпалының күшейіп кетуінен қауіптенген болатын. 1914 жылғы наурызда Софияда жүрген кезінде ол подполковник әскери атағын алды.

[өңдеу]Бірінші дүниежүзілік соғыс


Софиядағы қызмет кезінде Мұстафа КәмәлТүркияның соғысқа Германияның одақтасы ретінде қатысуын қатты сынға ала бастады. 1914 жылғы шілденің 6сында ол Истанбулдағы соғыс министрлігіне соғыс бастала қалған жағдайда Түркияның бейтараптық саясатын ұстанып, кейінірек соғысқа Германияға қарсы кірісу керектігі туралы ұсыныс жасап хат жазды.[1] Алайда соғыс министрі Енвер паша Германиямен одақтасуды дұрыс көріп, екі үкіметтің арасында одақ құру туралы құпия келісім жасалды. Соның нәтижесінде Османлы империясы Бірінші дүниежүзілік соғысқаГерманияның одақтасы ретінде енді.

[өңдеу]Галлиполи шайқасы, 1915–1916


Мұстафа Кәмәл Галлиполи шайқасының кезінде жағалауға келіп түскен Антанта әскерлерінің барлығын дерлік талқандаған 19-шы дивизияға қолбасшылық етті.

Дарданелл бұғазын қорғауға арналған 5-ші армияны басқаруға неміс маршалы Отто Лиман фон Сандерс тағайындалды. Мұстафа Кәмәлға сол 5-ші армияның құрамына енгізілген 19-шы дивизияны ұйымдастырып, оған басшылық ету міндеті жүктелді. Ал 1915 жылғы қаңтардың 8-інде Британия соғыс кеңесі «Галлиполи түбегін зеңбірекпен атқылап, Истанбулды қолға түсіру мақсатымен басып алу» үшін соғыс оперциясын бастап жіберді.

Галлиполи операциясының кезінде жауынгерлеріне басшылық етіп жүрген Мұстафа Кәмәл, 1915 жыл.

Дарданелл бұғазының жағалауындағы қорғаныстарды бұзып-жарып өтіп Истанбулға шабуыл жасау тапсырмасын Британия соғыс кемелері орындай алмады. Сол себепті британиялықтар флотының қимылдарына қолдау болсын деп құрлыққа түсу операциясын бастады. Бұл операция 1915 жылғы сәуірдің 25-інен 1916 жылғы қаңтардың 9-ына дейін орын алды. Галлиполидеорналастырылған Мұстафа Кәмәлдің басшылығындағы дивизия түбекті басып алмақ болған Антанта әскерлерімен бетпе-бет келіп соқтығысты.

1915 жылғы сәуірдің 15-інде Аустралия және Жаңа Зеландияның әскерлері (АНЗАК) АНЗАК қойнауында жағалауға келіп түсіп, ішкеріге басып кіруге бет алды. Бірақ көп ұзамай олар Мұстафа Кәмәлдің қолбасшылығындағы түрік әскерінің қарсы шабуылына ұшырады. Мұстафа Кәмәл жау әскерлерімен төбелерде кездесіп, оларды тоқтатып, биіктіктерді қайтадан қолға түсірді. Оның әскери басшылығының арқасында АНЗАК әскерлері тоқтатылып, жағалауға түсуде қарастырылған әскери мақсаттар орындалмай қалды.[2]

Екі әскердің соқтығысуының алдында Мұстафа Кәмәл өзінің сарбаздарына мынадай бұйрық берді:

Үлгі:Quote

Түн түскенге дейін АНЗАК әскерлерінің шығыны 2000-ға жетіп, олар енді теңізге ығыстырылып тасталмай, жағалауда қалу үшін ғана соғыса бастады.[3] Содан кейінгі екі аптаның ішінде Антанта әскерлері жағалауда қалып, әскердің үштен бірінен айырылды.[3] Мұстафа Кәмәл операцияның бастапқы кезеңіндегі Чунуқ Баир шайқасында қарсылас әскерін тоқтатыпполковник әскери дәрежесін алған болатын. Галлиполи операциясының екінші кезеңі тамыздың 6-сында басталды. Соның кезінде қолбасшы Мұстафа Кәмәл қызметтерін көбінесе алғы шептен 300 метр ғана қашықтықта атқаратын. Осы операцияның Чунуқ Баир, Юсуфчук тепе, Сары Баир сияқты шайқастарында түрік әскерлеріне басшылық етті.

АНЗАК қойнауы ескерткішіндегі Ататүріктің сөздері.

Галлиполи операциясының он айында түріктерден қорғанумен болып, тырп ете алмаған Антанта әскерлері үшін бұл операция ауыр жеңіліспен аяқталды.[3] Ақыры Антанта басшылары операцияны тоқтатып, әскерді шығаруға шешім қабылдады. Аман-есен кете алғандарының өзі олар үшін ең зор олжа және табыс болды. Османлы империясының жағында соғысқан 5-ші армияның басшысы Отто Лиман фон Сандерс және бірнеше басқа түрік қолбасшылары зор табысқа жетіп, көзге түсті. Алайда Мұстафа Кәмәл өзінің ерекше үздік әскери қолбасшы екенін іс жүзінде көрсетіп зор даңққа бөленді. Шайқастың кезіндегі ерлігі мен жеңімпаздығы үшін ол өзінің бұрынғы қарсыластарының да құрметіне ие болды. Аустралияның Канберра қаласында өткізілетін АНЗАК әскерлерін еске алу парадында Мұстафа Кәмәл Ататүріктің есімі де зор құрметпен аталады. Оның қаза тапқан мыңдаған түрік және АНЗАК әскерлерінің құрметіне сөйлеген сөзіндегі мына сөздер АНЗАК қойнауы ескерткішінде тасқа ұрылып жазылған:

Үлгі:Quote

 

[өңдеу]1916–1917 жылғы Кавказ жорығы


Мұстафа Кәмәл - жаңа қызметке тағайындалған кезде османлы әскері үздіксіз алға басып келе жатқан генерал Товмас Назарбекянның басшылығындағы орыс әскерімен, Андраник Торос Озанянның басшылығындағы армян еріктілері қосынымен және армян қарулы азаматтарынан құралған әскери топтармен бетпе-бет тұрған болатын. Ван қарсылығынан кейін Арам Манукянныңбасшылығымен Арменияның уақытша үкіметі құрылды[4]. Армян үкіметінің билігі Ван көлінің жағасында алғашқы пайда болған кезінен біраз кеңіген болатын.[5] Бітліс шайқасы мен Мұш шайқасы да басталып кеткен еді. Кәмәл келген кезде бей-берекет жағдайдың қалыптасқанын көрді. Жылдың ең жайлы кезеңдерінде де ондағы ауа райы қатал болатын.[6] Байланыс және әскерді қамтамасыз ету жолдары бас көтерушілердің шабуылдарына ұшырап жатты. Жүздеген мың босқындар, олардың көпшілігі армян қосындарымен жауласқан күрдтер, алға басып келе жатқан орыс әскерлерінен бас сауғалап босып келе жатқан еді.[7] Мұстафа Кәмәлдің алдында тұрған басты мақсат — өз басшылығындағы әскердің дұрыс қызмет атқаруы үшін осы бей-берекет босып келе жатқан жұрттың арасында тәртіп орнат, олардың көріп жүрген азаптарын азайту болды. Орыс әскерлерінің жойқын шабуылы Анатолияның Ерзурум, Бітліс және Мұш қалаларына келіп жетті. Тамыздың 7-сінде Мұстафа Кәмәл топтарын орналастырып, қарсы шабуыл бастап жіберді.[8] Ол өзінің бұрынырақ жеңіліске ұшырап, қатты жүнжіген әскерінің рухын көтере білді. Соның арқасында небәрі бес күннің ішінде оның дивизияларының екеуі зор стратегиялық маңызға ие Бітліс және Мұш қалаларын қолға түсіріп, Ресей қолбасшылығының жоспарларын шатастырып жіберді.[9] Емиль Ленгиель бұл туралы былай деп жазды: «Ол қайтадан егер дұрыс басшылық жасалса түріктің ержүрек жауынгер бола алатынын көрсетіп, түріктердің өздері «Кемел» есімді қолбасшыларының ерекше дарынды қолбасшылығына таңырқай назар аударды».[8]

Алайда майданның басқа бөліктерінде қолбасшылық еткен Іззет паша осы табысты қарсы шұабуылға дұрыс үлес қоса алмады. Қыркүйек айында Мұстафа Кәмәл орыс әскерінің және армян еріктілер қосындарының шабуылынан Мұш қаласын тастап кері шегінуге мәжбүр болды. Бірнеше рет жеңіліс көрсе де Мұстафа Кәмәл бір рет табысқа жетті.[9] Оның басты стратегиялық мақсаты — қарсыластың әскерін таулы аймақтан шығармай ұстау болды. Оның қол жеткізген табыстары оның сол жылы «Имтияз орденінің алтын семсері» медалімен марапатталуы арқылы бағасын алды.

1917 жылғы наурыздың 7-сінде Мұстафа  Кәмәл 16-шы корпустың қолбасшылығынан  шеттетіліп, бүкіл 2-ші армияның қолбасшысы болып тағайындалды. Сол екі арада 1917 жылғы Қазан төңкерісі басталып, Ресей әскері бытырап кетті.[8] Мұстафа Кәмәл сол кезде басқа жаққа тағайындалып, ол аймақты тастап кеткен болатын

 

 

Сурет:Caucasus-1917-Mustafa-HQ.png

Мұстафа Кәмәл Диярбакырда тұрақтап, 2-ші армияның 16-шы корпусына басшылық ете бастады.

Галлиполи шайқасынан кейін Мұстафа Кәмәл алдымен Едірнеде 1916 жылғы қаңтардың 14-ні дейін қызмет атқарды. Содан соң ол Кавказ жорығына жіберілді. Сәуірдің 1-інде ол бригада генералыәскери лауазымына ие болды. Тарихшылардың көбі оның әскери лауазымының өсуіне Енвер пашаәдейі кедергі келтіріп отырды деп ойлайды.

Мұстафа Кәмәл Кавказ жорығында

Мұстафа Кәмәл жаңа қызметке тағайындалған  кезде османлы әскері үздіксіз алға басып келе жатқан генералТовмас Назарбекянның басшылығындағы орыс әскерімен,Андраник Торос Озанянның басшылығындағы армян еріктілері қосынымен және армян қарулы азаматтарынан құралған әскери топтармен бетпе-бет тұрған болатын. Ван қарсылығынан кейін Арам Манукянның басшылығымен Арменияның уақытша үкіметіқұрылды[4]. Армян үкіметінің билігі Ван көлінің жағасында алғашқы пайда болған кезінен біраз кеңіген болатын.[5] Бітліс шайқасы мен Мұш шайқасы да басталып кеткен еді. Кәмәл келген кезде бей-берекет жағдайдың қалыптасқанын көрді. Жылдың ең жайлы кезеңдерінде де ондағы ауа райы қатал болатын.[6] Байланыс және әскерді қамтамасыз ету жолдары бас көтерушілердің шабуылдарына ұшырап жатты. Жүздеген мың босқындар, олардың көпшілігі армян қосындарымен жауласқан күрдтер, алға басып келе жатқан орыс әскерлерінен бас сауғалап босып келе жатқан еді.[7] Мұстафа Кәмәлдің алдында тұрған басты мақсат — өз басшылығындағы әскердің дұрыс қызмет атқаруы үшін осы бей-берекет босып келе жатқан жұрттың арасында тәртіп орнат, олардың көріп жүрген азаптарын азайту болды. Орыс әскерлерінің жойқын шабуылы Анатолияның Ерзурум, Бітліс және Мұш қалаларына келіп жетті. Тамыздың 7-сінде Мұстафа Кәмәл топтарын орналастырып, қарсы шабуыл бастап жіберді.[8] Ол өзінің бұрынырақ жеңіліске ұшырап, қатты жүнжіген әскерінің рухын көтере білді. Соның арқасында небәрі бес күннің ішінде оның дивизияларының екеуі зор стратегиялық маңызға ие Бітліс және Мұш қалаларын қолға түсіріп, Ресей қолбасшылығының жоспарларын шатастырып жіберді.[9] Емиль Ленгиель бұл туралы былай деп жазды: «Ол қайтадан егер дұрыс басшылық жасалса түріктің ержүрек жауынгер бола алатынын көрсетіп, түріктердің өздері «Кемел» есімді қолбасшыларының ерекше дарынды қолбасшылығына таңырқай назар аударды».[8]

Алайда майданның басқа бөліктерінде қолбасшылық еткен Іззет паша осы табысты қарсы шұабуылға дұрыс үлес қоса алмады. Қыркүйек айында Мұстафа Кәмәл орыс әскерінің және армян еріктілер қосындарының шабуылынан Мұш қаласын тастап кері шегінуге мәжбүр болды. Бірнеше рет жеңіліс көрсе де Мұстафа Кәмәл бір рет табысқа жетті.[9] Оның басты стратегиялық мақсаты — қарсыластың әскерін таулы аймақтан шығармай ұстау болды. Оның қол жеткізген табыстары оның сол жылы «Имтияз орденінің алтын семсері» медалімен марапатталуы арқылы бағасын алды.

Информация о работе Мұстафа Кәмәл Ататүрік