Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 18:27, реферат
Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік
мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиеті парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады.Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандарының бірі – Қожа Ахмет Йассауи болып табылады.
Йассауи хикметтерінің мәні – адам. Адам “кемелдікке” жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек. Бұл білімнің қайнары – хикмет. Хикметтерде адам жаратылысы – Жаратқан иенің ұлылығын көрсететін, көркемдігі жағынан ең жоғарғы кейіпте жаратылған болмыс екендігі айқын көрсетілген. Қожа Ахмет Йассауи хикметтерінде адамның табиғаты Құранда айтылғандай – су мен топыраққа телінеді. “Асылың білсең су уа кил (топырақ) және килге (топыраққа) кетер йа” – дейді ол. Сопылық мағынада “топырақ” – адамның жаратылыс табиғаты, парасаттылық пен қарапайымдылық. Ал, нәпсіқұмарлық, менмендік, өркөкіректік – адамды адамшылықтан кетіретін қасиеттер. Жинақта бүкіл адамзатты толғандырған "Тіршілікті жаратушы кім?", "Өмір дегеніміз не?", "Адамның өмір сүрудегі мәні мен мұраты не?" – деген сұрақтарға Йасауи да жауап беруге тырысады. Йасауи хикметтері бойынша ғаламат ғарышты, шексіз өмірді, рух дүниесін жаратқан – құдірет пен хақ тағала. Ал адамның өмірінің мәні мен мұраты Алланың аманат етіп тапсырған рухани жанын дүние күнәсінен таза түрінде алланың өзіне о дүниеде қайтарып беру парызында деп түсіндіреді. Сөйтіп, адам Алланың тұтастығынан бөлініп жаралған тағдыр бола отырып, енді қайтадан сол тұтастыққа, Алламен рухани бірігуге дайын болуға тиіс деп табады. Хақ тағала сеніммен, рухани бірлікпен суарылған махаббаттың мазмұны жеке құлқынның ләззаты емес, қайта өзін-өзі дүние қызығынан шектеу дейді. Сондай махаббат қана нағыз пәк, берік болмақ деп, оның небір керемет поэтикалық бейнелерінің түркі халықтары ұғымындағы махаббат ғажайыптары суреті арқылы көркем үздік образдар жасайды. Ғылым мен ілімге (сопылыққа) тек махаббат жолымен ғана жетуге болатынын айтады:
Махаббаттың дариясына шомылушы
Ғылым, амал қыл, қалар көп үлгісі, – дейді.
«Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін құдіретті күш, айқын бағдарлама деуге болады. Қожа Ахмет Йасауи әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты деген түйін жасайды. Ал имандылық дегеніміздің өзі Алланың құлына ғана тән, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, оны құдай жолына салып отыратын киелі күш деп түсіндіреді. Ақынның айтуы бойынша, имандылықтың ең басты көрінісі – мейірімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарау болып табылады. «Диуани хикметте» әрбір адамға қажетті қанағат-ынсап сезіміне ерекше мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екенін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады. «Ақыл кітабы» адамның ішкі жан-дүниесінің түрлі теріс ой-пиғылдардан, жаман ниеттерден таза болуын талдап, Алла алдында пәк, кіршіксіз болуға шақырады.
Бүкіл әлемдегі түркі халқы «Диуани
хикмет» арқылы исламның рухани әлемімен,
сол дәуір үшін ілгерішіл саналған
сопылық ағымның философиялық ой-пікірлерімен
танысты. «Диуани хикметте» жырланған
адамгершілік, имандылық, қанағат, кішіпейілділік,
жомарттық жайындағы этикалық-
«Диуани хикмет» шығармасының медреселерде оқытылу тарихы
Қожа Ахмет Ясауиді түркі халықтары «Ұлы ұстаз» деп құрмет тұтысады, бұл тегін емес. Әзірет Сұлтанның ғұмырлық міндеті – халықты тура жолға салу, оларға тағылым-тәрбие беру. Сондықтан оған келіп шәкірт болғандардың барлығы да ең бірінші орынға ел-жұртқа пайдалы хақиқат ілімді игеруге ден қойған. Ел аузындағы аңыздарда айтылатын Әулие Бабаның тоқсан тоғыз мың шәкірті болғандығын ешқандай қоспасы жоқ шындық деп білеміз. Себебі оның «хәл-хикмет» ілімі көптеген елдерге жайылған, түркі мұсылмандығының негізін салған Қожа Ахмет Ясауи екендігін сопылықты зерттеуші көптеген ғалымдар мойындайды. Ясауи жолын жалғастырушы шәкірттері әлемнің түкпір-түкпіріне тарап, ілім жайған. Ясауи шәкірттерінің ілім жайып, өз бетінше мектеп ашып, олардың жерленген жерлеріне қарай, Ясауи жолының жайылу картасын жасаған. Мысалы, бүгінгі мемлекеттік карта бойынша Ясауи шәкірттерінің Башқұртстанда бір, Тәжікстанда он жеті, Өзбекстанда отыз төрт, Түркісменстанда екі, Ауғанстанда тоғыз, Иранда жеті, Әзірбайжанда үш, Түркияда отыз алты, Болгарияда үш, Босно-Герцеговинда бір, Венгрияда бір, Үндістанда бір, Қытайда бір, Арабстанда үш, Сирияда үш, Ирақта сегіз, Мысырда екі, Мароккада екі мазары мен кесенесі бар. Тіптен көптеген мемлекеттердегі сопылық ілімнің, сопылық мәдениеттің және әдебиеттің таралу, көркею көкжиегі Ясауи мен оның шәкірттерінің жанқиярлық еңбектерінің арқасында жүзеге асты деген көзқарастар бар. Мәселен, ғалым К.Н. Татаркулов мынадай құнды тұжырым айтады: «Сопылық ықпалдың бастауларын ұлы түркітілдес сопы-ақындар Ясауи, Бақырғани, Иүгінеки шығармалары арқылы ислам дінінің кеңінен жайылуынан іздестіру қажет. Қарашай мен Балқарға олардың шығармалары ислам дінін таратушылармен, қажылармен, мұсылмандық мектепте білім алғандардың әрекетімен таралды және көршілес Дағыстандық мұсылман ақындарының шығармаларымен бірге халықтың рухани мәдениетінің бір бөлшегіне айналды. Осылайша, Қарашай және Балқариядағы руханияттың дамуына XIX ғасырдағы құмық ақыны Қақашорлық Әбдірахманның шығармашылығы тікелей әсер етті. Оның 1909 жылы Темірхан-Шорада жарық көрген жинағында мынадай ойлар айтылады: әлем – Тәңірлік бастаудың, абсолюттік ақиқаттың туындысы және барлық жаратылыс үшін Алламен бірігуден асқан құрметті мақсат жоқ, дүниелік тіршілік – бұл адамды қызылды-жасылды алданышпен сынау. Сонымен қатар Кәзим мен Ю. Хачировтың шығармаларында Ясауи мәдениетінен сусындаған тұлғаның дүниетанымы айқын танылады» дейді. Ғалым Д.Кенжетайдың «Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы» кітабындағы дәйектеме жоғарыдағы пікірмен үйлесіп келеді: «Ясауи жолының мұрагерлері Азірбайжанда Насими, Хасаноғлу, Омар Раушани болса, Түркіменстанда мәшһүр Мақтұмқұлы Ясауи жайлы: “Ей дүниенің иесі, тірегі Ахмет Ясауи, Менің Сахиб-жамалымды (Менің Тәңірімді) көрдің бе?, “Хырка киген Қожа Ахмет Сайрамдадүр, Сайрамда,” -деп жазады. Кавказ жерінде Қопыз Абдулла, Умми Кемал, Абдурахман әл-Қақашора Дағыстани сынды Ясауи ілімінің мұрагерлері бар».
Мир-Араб медресесі
Қожа Ахмет Ясауидің адамды
тәрбиелеу, білім беру жүйесінің
мақсаты: адамның рухын барлық жаман
қасиеттерден, нәпсіқұмарлықтан, риякерліктен,
тәкаппарлықтан арылтып, «топырақ болуға»,
басқаларға қамқорлық көрсетуге
жеткізу, өзін кемелдендіруге, барлық
асыл Құдайылық қасиеттерді
Көкілташ медресесі
«Диуани хикмет» – мұсылмандық
оқу орындарында білім
Қарнақ медресесіне кірер дарбаза
Қазақстандағы медреселердің ең ескісі, әрі ең үлкені Түркістан қаласының күншығысында Қаратау бөктеріне орналасқан айтулы “Қарнақ” медресесі. Оны бітіргендердің білім дәрежесі кезінде Бұхара, Самарқан, Ташкент қалаларындағы медреселердің шәкірттерінен кем болмаған. Қарнақ медресесінде қазақ халқының ахұн-жыраулары, би-шешендері ілім игеріп, халыққа имандылық, адамгершілік насихатын жайған. Олар Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шортанбай Қанайұлы, Балмағамбет Балқыбайұлы сияқты есімдері жұртқа мәлім болған тұлғалар. Қарнақ медресесі жайлы көпшілік арасында «ол – елдің құты», «Ілім Қарнақтан тараған» деген сөздер тараған, молда алдын көрген талапты жас шәкірттердің көбісі Қарнаққа барып, білім жетілдіріп қайтуды мақсат тұтқан. Зәуде осы медресеге келе қалса, ол шәкірт бақытты шәкірт болып есептелген. Өйткені медреседегі оқыту ісі көркейіп, өркен жайған XVIII-XIX ғасырларда келешекті ойлаған абыздар мен ел тізгінін ұстаған игі жақсылар рухани қажеттілікті айқын сезініп, ынталы балаларды оқуға жіберген, бұл жайт барлық жастардың қызығушылығын оятқан. Қарнақ медресесі ХХ ғасырдың бас кезіне дейін қазақ халқынан шыққан қаншама дін ғұламаларын тәрбиелеп, елдің рухани сұранысын қанағаттандырып келгені мәлім. Тек кеңес өкіметі орнағаннан кейін ғана Қарнақ медресесіндегі оқу жүйесі тоқтатылып, сол кездегі басқа да діни оқу орындарының кебін құшты. Қарнақта төрт медресе болған: 1. Халфе медресесі; 2. Шамухаммед ишан медресесі; 3. Молда Хашыр дамолла медресесі; 4. Әбілхайыр қазы медресесі . Қарнақта оқып шыққан шәкірттердің, кейіннен елге әйгілі болған тұлғалардың Қожа Ахмет Ясауиге құрметпен жыр арнауы өзінше бітімі бөлек рухани дәстүрге айналған. Мәселен, Шортанбай Қанайұлы:
Бәйіт айтып, баян қып,
Жанастырдық әр неге.
Мәсһлән кітап шығарып,
Өткен екен Құл Қожа Ахмет әулие, – деп, Қожа Ахмет Ясауидің дін жайында көптеген кітаптар шығарғанын тілге тиек етсе, осы медреседен тәлім алған тағы бір дін ілімінің білгірі Балмағамбет Балқыбайұлы:
Қожа Ахмет Ясауи
Силсаласы силсалам.
Атын білген бар ғалам.
Хилафлық қылып ол затқа,
Сөз айтпайды бір кәләм, – деп, Әзірет Сұлтанның силсаласын (рухани тізбегін) ұстанғандығын баян етеді. Сол сияқты басқа да көптеген ақын-жыраулардың толғауларында, шығармаларында Қожа Ахмет Ясауи тұлғасы әулие, дана, хикмет ілімінің білгірі ретінде еске алынады. Бұл сабақтастық өткен ғасырдың орта тұсына дейін жалғасып келген.
Аппақ ишан медресесі
1928 жылы аяусыз талқандалған
атақты Қарнақ медресесінде
Жоғарыда аталған мәліметтерді қорыта отырып, түркі даласындағы мектеп-медреселердің оқыту жүйесінде Қожа Ахмет Ясауи еңбектерінің, оның ішінде «Диуани хикметтің» айрықша орын алғандығын аңғарамыз. Сол кезеңдегі кез келген медресені алып қарастырсақ та, олардың оқу бағдарламаларында осы тәртіптің бұлжымай сақталғандығы көрінеді. Бұл үйлесімді жүйе кейіннен бұзылды, соның кесірінен біздің рухани тамырымыздан, ұлттық дүниетанымымыздан ірге ажыратып алғанымыз шындыққа айналып отыр. Сондықтан «Диуани хикметті» заманға сай үлгіде оқу – білім беру – тәрбие процесіне ендірудің құндылығы зор екендігі анықталды.
Қожа Ахмет Йассауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Йассауи кемелдікке жету үшін адамда ашық (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Йассауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайратжігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Қожа Ахмет Йассауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат), ол “Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін” – дейді. Бұл ибадат (убудийат) – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды. “Сүннет екен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар” деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде танытады. Өйткені Қожа Ахмет Йассауи ілімі – дін, мазһаб аясына сыймайтын шексіз ашқ (махаббат) жолы. Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымында “дертті адам”, “топырақ адам”, “кемел адам”, сондай-ақ, “ғарип адам” тұлғалары да дәріптеледі.