Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 05:33, реферат
Палеолог династиясының Византия тарихында алатын орны өте зор. Себебі нақ осы династия кезінде Константинополь азат етіліп, Латын империясы өмір сүруін тоқтатты. Константинопольға Никеядан патриарх Арсений келіп Михаил VIII Палеолог пен оның әйелі Феодораны екінші рет ұлықтап елде мейрам, ойын-сауық басталды. Дегенмен де, мемлекеттің жағдайы бұрынғы держава кезіндегімен салыстырғанда, анағұрлым нашар болды. Оның шекарасы күрт кеміді.
Жоспары:
XIV-XV ғасырлардағы Византиядағы жағдай.
1.1. Палеолог династиясының билігі.
Палеолог империясы кезіндегі Византияның мәдениеті.
Палеолог дәуіріндегі философия.
Палеолог дәуіріндегі әдебиет.
Палеолог дәуіріндегі тарихи шығармалар.
Палеолог дәуірінің тарихшылары.
Палеолог дәуірінің Византия мәдениеті тарихындағы орны.
Қазақстан
Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік
университеті
Факультеті: Тарих-филология
Кафедрасы:
Отан тарихы және тарихи пәндер
Мәнжазба:
Тақырыбы: Палеолог
дәуіріндегі философия
және әдебиет.
Дайындаған: Зинуллина Г.Қ.
«Тарих» мамандығының 2 курс студенті.
Ақтөбе 2012
Жоспары:
1.1. Палеолог династиясының билігі.
Палеолог
дәуіріндегі философия
және әдебиет.
Палеолог династиясының Византия тарихында алатын орны өте зор. Себебі нақ осы династия кезінде Константинополь азат етіліп, Латын империясы өмір сүруін тоқтатты. Константинопольға Никеядан патриарх Арсений келіп Михаил VIII Палеолог пен оның әйелі Феодораны екінші рет ұлықтап елде мейрам, ойын-сауық басталды. Дегенмен де, мемлекеттің жағдайы бұрынғы держава кезіндегімен салыстырғанда, анағұрлым нашар болды. Оның шекарасы күрт кеміді.
Еуропада императордың билігі
тек Фракия, Македония және Эгей
теңізі аралдарының
Нақтырақ айтсақ Византия тек үш территориялық бөлікте ғана өз билігін жүргізді. Олар: Азияда – Никей империясының бұрынғы иеліктері; Еуропада – Константинополь, Фракия мен Македонияның бір бөлігі, басты қаласы – Фессалоника; Және соңғы Радос, Лесбос, Самофракия, Имброкс секілді бірнеше аралдар.
Палеолог империясы саяси және экономикалық жағынан қиын кезді басынан өткеріп жатқан кезде, яғни осман түріктерінен жеңіліп, шекарасы тарылып, тек қана Константинополь және Мореей аймағымен шектелген кезде, қандай да бір мәдени жұмысқа уақыт та, орын да тиісті жағдай да болмағандай көрінеді.
Алайда, шынымен де XIV-XV ғасырларда құрып бара жатқан мемлекет болғанына қарамастан, Константинополь жоғарғы мәдениет және өнер орталығы болып қала берді. Бұрынғы өткен замандағыдай константинопольдік мектептер жанданып, гүлдене берді. Және оларға оқуға жас адамдар тек Спарта және Трапезунд секілді шалғай грек қалаларынан ғана емес сонымен қоса, осы ғасырда ұлы Қайтаөрлеу туындылары дүниеге келген Италиядан да келе бастады. Гемист Плифон бастаған философтар Аристотель мен Платон шығармаларын талқылады.
Көне ғажайып антикалық үлгілерді зерттеп, классикалық жазушыларға жақындай түскісі келген риторлар мен филологтар, өз кафедраларының жанына топ-топ тыңдаушыларды жинады.
Көптеген тарихшылар өз еңбектеріне императорлардың соңғы тағдырларын белгілеп отырды. Исихаттық қозғалыстан көп қысым көрген, сонымен қоса Римдік шіркеумен уния туралы бәсекелесіп жүрген шіркеу де әдебиеттің догматикалық, аскеттік, мистикалық және полемикалық салаларында өзіңдік маңызды із қалдырды. Халық өмірінде поэзияның да өскені байқалды.
Әдебиеттің жоғары дәрежеде дамығаны, құнды ескерткіштер қалдырған бейнелеу өнерінің де дамуына өз септігін тигізді. Константинопольмен қоса Мистра-Спартада жоғарғы дәрежелі мәдени өмірімен ерекшеленді. Он төртінші жүзжылдық Фессалоникадағы өнер мен әдебиеттің Алтын ғасыры болып табылды.
Қысқасы, саяси және экономикалық өлім кезеңінде элленизм өз қолына бүкіл күшті жиғандай болып көрінеді. Ол мәдени классиканың мәңгілігін көрсетті, сонымен қоса, XIX ғасырдағы эллиндік қозғалысқа үміт тудырды. Тарихшылардың айтуынша «Барлығының құлау науқанында – Эллада соңғы жұлдызы жанғанынша, бүкіл күшті өз бойына жинады» дейді.
Император тағын иемденген көптеген фамилиялар мысалы, Палеолгтар мен Кантакузендер өздерін ғылым жағынан көрсете алды. Михаил VIII Палеолог құнды дерек, Мәскеу кітапханасынан табылған автобиография жазып қалдырды және Константинопольдегі грамматикалық мектептің негізін қалады.
Андроник II Үлкен - ғылым және өнерді сүйуші, ғалымдар мен суретшілердің қамқоршысы болды. Көптеген тарихшылардың ойы бойынша нақ осы Андроник II Үлкен кезінде, оның бастауымен сурет мектептері ашылды, Константинопольдегі Хора шіркеуіндегідей тамаша мозаикалық өнер ескерткіштері бізге жетті.
Өзінің білімі және әдеби талантымен Мануил ІІ ерекше көзге түсті. Ол – шешен, классикалық тілдің білгірі, диалетик және тамаша стилист болды. Ол бізге бай әдеби туындылыр қалдырды. Қасиетті Рухтың пайда болуы туралы трактат, исламға қарсы аполлогиялар, өмірдің түрлі жағдайларына қатысты айтылған өнегелі сөздер, Парижде әзіл түрінде жазылған «Изображения весны на королевском тканом занавесе», сонымен қоса императордың бұйрығымен османдық сарайларда және Батыс Еуропаға саяхат кезінде жазыылған бірқатар әдеби туындыларын қалдырды. Тарихшылардың есебі бойынша оның шамамен 109 шығармалары болған.
Византия әдебиеті тарихындағы императорлардың арасында бірінші орынды Иоанн VI Кантакузен алады. Ол өмірінің соңғы кездерін Иосиф атты монах болып өтеді. Өз өмірін ғылыми зерттеулер мен әдеби қызметке арнайды. Оның ең маңызды шығармасы болып «Тарих» туралы төрт кітабы, дәлірек айтқанда «Мемуарлары» болып табылады. Онда 1320 жылдан 1356 жылғы оқиғалар айтылады. Ол бұл еңбегінде өзін басты орталыққа алып, өзің, достарын және жақтастарын ақтап шығаруға тырысады. Ал жауларын күлкілі және қаралап көрсетеді. Михаил Палеологтың автобиографияын санамағанда, Кантакаузен өзін жоғарылатып көрсетуіне қарамастан, XIV ғасырдағы Балқан түбегінің тұманды тарихы және славаяндар тарихына, географиясына қатысты құнды деректе қалдырды. Иоанн Кантакаузен мемуарлармен қоса құдайшылық ісіне қатысты өнегелі сөздер қалдырдырды. Мысалы, иудейлер мен мұсылмандарға қарсы сөздер.
Иоанн Кантакаузен өзінің әдеби талантын ұлы Матфейге мұра етіп қалдырды. Ол да әкесі секілді шіркеуде тұрып, бірнеше құдайшылық ісіне қатысты және риторлық шығармалар жазды.XV ғасырдағы империяның саяси өмірі сол заманның тарихи әдебиетінде де өзіңдік із қалдырды. 1422 жылғы Мурад ІІ Константинопольді сәтсіз қоршауға алуы, Иоанн Кананның халыққа арналған арнайы шығармасын дүниеге әкелді. Ол шығармасында астананың аман қалуы Құдайананың аарқасында деді. Тарихшылардың айтуынша, оған Канан Ласкар атымен мәлім Германия, Швеция, Норвегия, Ливония тіпті Исландияға саяхат туралы шығармалары жатады.
Ал Иоанн Анагност, ол Кананға қарама-қайшы 1430 жылғы түріктердің Солунды алуындағы шынайы мәліметтер келтірді.
1453 жылғы
қайғылы оқиға, Яғни
Франдзидің тарихи шығармалары екі түрлі формада сақталған – қысқартылған және нақтылы. Қысқартылған нұсқасында 1413-1478 жылғы оқиғалар, ал толық нұсқасында Франдзидің «Хроникасында» 1258 жылдан 1478 жылға дейінгі оқиғалар қамтылған. Шығарма Никей империясының соңғы жылдарындағы оқиғалармен басталып, Константинопольдегі түріктердің үстемдігімен аяқталады. Ол осы оқиға кезінде астанада болды, және бұл шығарма нағыз куәгердің атынан жазылғандықтан, толық және нақты мәліметтерге толы.
Константинополь құлағаннан кейін ол түріктерде тұтқында болды. Кейін босатылып, әлі де болса түріктер жаулап алмаған Мистра қаласында өмір сүрді. Пелопоннесті түріктер жаулап алғанша Франдзи, Венецияға бағынған Корф аралын мекендеді. Осы жерде, шіркеуде шашын алдырып, Григорий атын алады. Аралдың бір ауқатты адамының сұранысымен «Хроникасын» жазады. Ол Палеологтармен жақын қарым-қатынаста болды. Сондықтан Палеологтардың кейбір кемшіліктеріне көз жұма қарап, парақ беттеріне түсірмеген.
Франдзидің негізгі артықшылығы – түріктерді жек көру, православие дініне адалдық және Палеологтармен жақындығы. Франдзи шығармаларының стилі қарапайым және жеңіл. Оның құрамында түрік және итальян сөздері кездеседі. Ол басқа да византиялық тарихшылыр секілді әдебиет саласын жақсы меңгерген.
Кіші Азиялық грек Дука, Крумбахер сөзінде жазылған, яғни «жеңілдетілген халықтық грек тілі» 1341 жылдан 1462 жылдар аралығындағы тарихты қалдырды. Ол таққа Иоанн V келгеннен түріктердің Лесбос аралын жаулап алғанға дейінгі аралықты қамтиды. Автор еңбегінің басында дүниежүлік тарихқа тоқталып кетеді. Палеологтардың соңғы үш ханының билік еткен кезі туралы құнды да толық деректер қалдырады. Ол бүкіл өмірін Лесбостың генуялық билеушісінің қызметінде өткізді. Соған қарамастан Дука өзінің қандас грек бауырларымен қарым-қатынасын үзбеді. Константинопольдің құлауы туралы әңгімесін жылап отырып жазды. Оның шығармалары тек грек тілінде ғана емес, сонымен қоса көнеитальян тілінде де сақталды.
Дуканы зерттеуші қазіргі тарихшы Е.Черноусов жазады: «Ақыл-есі дұрыс, қарапайым, жан-жақты дамыған, әділ, патриот – Дука , ол нағыз билеушілерге ғана қызмет етіп, оқиғаның шынайы мән-мағынасын түсінген».
Шыққан тегі Афиналық Лаоник Халкондил, немесе Халкокандил ол басқа тарихшылар секілді өзінің еңбегінің бас тақырыбы етіп Константинопольді, Палеолог сарайын емес ал, жас әрі күшті Осман мемлекетін алды. Ол өзінің «Тарих» атты он кітаптан тұратын еңбегін жазды. Онда 1298 жылдан 1464 жылғы оқиғалар туралы айтылады.
Ол мұнда Палеологтар династиясының тарихын емес, ал осман мемлекетінің тарихын және оның билеушілерінің тарихын жазды. Лаоник Афинадан қашып, түрік жаулаушылығына дейін Пелопоннесте болып, одан Италияға, дәлірек айтсақ Критке барды. Осы жерде ол «Тарих» атты еңбегін жазды. Ол Герадот пен Фукидитті өзіне үлгі тұтты.Бірақ Лаониктің халық және Батыс Еуропа елдері туралы деректері нақ дәл емес.
Ал енді Критовулға тоқталсақ, ол да Лаоник секілді Фукидитті үлгі тұтқан. Мехмед ІІ туралы мадаққа толы тарих жазды. Оның тарихында 1451 жылдан 1467 жылғы оқиғалар көрініс табады.
Палеолог дәуірінде көптеген тарихшылыр
болғанымен, хронисттер болмады. XIV ғасырда
тек Ефрем есімді біреуі ғана болды.
Ол өлең шумақтары секілді хроника жазды.
10 000 шумақтан тұрады. Бұнда Юлий Цезардан
бастап, 1261 жылы империяның Михаил Палеолог
тұсында қайта қалпына келтіру уақыты
қамтылған. Бірақ та тарихи тұрғыдан қарағанда
ол еш маңызсыз болып табылады.
Пайдаланған
әдебиет:
А.А.Васильев
«Падение Византии. Эпоха Палеологов (1261-1451)».
Диль Ш. « История Византийской империи»
Информация о работе Палеолог дауириндеги философия жане адебиет