Президент Қазақстан Республикасының

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 19:36, статья

Описание

Қазақстан Республикасының Президенті — Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртүтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 44.34 Кб (Скачать документ)

 

ҚР Вице-президенті Республика Президентімен бірге сайланады. ҚР Президентінің уәкілдік беруі бойынша оның жекелеген функцияларын орындайды және Президент жоқ кезде немесе Президенттің міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаған ретте оның қызметін атқарады. ҚР Президентінің мәртебесіне айтарлықтай өзгертулер енгізген

1993 жылы 10 желтоқсанда

1993 жылы 10 желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасының Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша қосымша өкілеттік беру туралы" ҚР Заңы[11] қабылданды. ҚР Президентіне Конституцияның негізінде және соған сәйкес жаңадан сайланатын ҚР Жоғарғы Кеңесі[12] бірінші сессиясының жұмысы басталғанға дейінгі мерзімге заң күші бар қүжаттар шығару құқығы берілді. Сонымен қатар, Президентке сол мерзімге қажет болған жағдайда Жоғарғы Кеңестің ҚР Конституциясы 64-бабының 12—15, 18 және 20-тармақтарында көзделген өкілеттігін жүзеге асы-у құқығы берілді, кейін оны жаңадан сайланатын ҚР Жоғарғы Кеңестің бекітетін болды. Онан басқа, ҚР Конституциясының 78- бабының 3, 7 және 16 тармақтарында көзделген өкілеттікті дербес жүзеге асыруға құқық берілді.

1993 жылы 10 желтоқсанда

 

"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің өкілеттігін мерзімінен бүрын тоқтату туралы" ҚР Заңы[13] қабылданды.

1995 жылы 30 тамызда

1995 ж. 30 тамызда өткен бүкілхалықтық референдумның нәтижесінде қабылданған жаңа Конституция[14] Президент мәртебесіне көп өзгертулер енгізді.

 

Конституцияда Қазақстан Республикасының президенттік басқ- ару нысанындағы біртүтас мемлекет болып табылатындығы айқындалды. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық болып та- былады. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентіне, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде парламенттің құқығы бар. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде ғана мемлекет атынан билік жүргізеді. 40-бабының 3 "Президент" бөлімі ҚР Президентінің мәртебесі белгіленді, ол бойынша ҚР Президенті мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан- ның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды түлға. Республика Президенті — халық пен мемлекеттің билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостан- дықтарының рәмізі әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

41-бабында Президент өкілеттігінің мерзімі анықталды —5 жыл, сондай-ақ Республика Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын, отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алатындығы көрсетілді. Жаңа Констнтуцияда республика Президенті болып бір адамның қатарынан екі реттен артық сайлана алмайтындығы сақталды. ҚР Президентінің жаңа мәртебесіне сәйкес: Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жоддау арнайды; Республика Парламентінің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламент Палаталарының кезектен тыс бірлескен отырыстарын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған заңға қол қояды, хадыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; Парламенттің келісімімен республика Премьер-Министрін қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің үсынуымен Республика Үкіметінің қүрылымын белгілейді, оның мүшелерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, сондай-ақ Үкімет қүрамына кірмейтін Республиканың орталық атқарушы органдарын қүрады, таратады және қайта қүрады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды, ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобаларын Парламент мәжілісіне енгізуді тапсырады; Үкіметтің және облыстар, республикалық астанасы әкімдері актілерінің күшін жояды не толық немесе ішінара тоқтата түрады; Парламент келісімімен ҚР Ұлттық банк төрағасын қызметке тағайындайды, оны қызметтен алады; Парламент Сенатының келісімімен республика Бас Прокуроры мен ҮҚК төрағасын қызметке тағайындайды, оларды қызметтен алады; республика дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасын бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды; республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекітеді; республика Премьер-Министрінің үсынуымен Республика мемлекеттік бюджеті есебінен үсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді; республикалық референдум өткізу жөнінде шешім қабылдайды; келіссөздер жүргізеді және ҚР халықаралық шарттарына қол қояды, бекіту грамоталарына қол қояды; Республика жасасқан шарттар мен ол қабылдаған міндеттемелердің сақталуын қамтамасыз етеді; өзінің жанында тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Республиканың мемлекеттік марапаттарымен марапаттайды, қүрметті, жоғары әскери және өзге атақтарды, сыныптық шендерді, дипломатиялық дәрежелерді, біліктілік сыныптарын береді; ҚР азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерін шешеді; азаматтарға кешірім беруді жүзеге асырады; Республиканың демократиялық институттарьша, оның тәуелсіздігі мен аумақтық түтастығына, саяси түрақтылығына, азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қатер төнген, мемлекеттік конституциялық органдарының қалыпты жүмыс істеуі бұзылған жағдайда Премьер-Министрімен және Республика Парламенті Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялар алысқаннан кейін бүл туралы Республика парламентіне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкіл аумағында және оның жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізуді, Республиканың Қарулы Күпггерін қолдануды қоса алғанда, аталған жағдаяттар талап ететін шараларды қолданады; Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сыртган тікелей қатер төнген жағдайда Республиканың бүкіл аумағында немесе оньщ жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялап, бүл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды; өзіне бағынысты Республика Президентінің Күзет қызметін және Республикалық Үланды жасақтайды; ҚР Мемлекеттік хатшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесі мен өкілеттігін белгілейді; Республика Президентінің Әкімшілігін қүрады; Қауіпсіздік Кеңесін, Жоғары Сот Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды қүрады; Республиканың Конституциясы мен зандарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

1995 жылы 26 желтоқсанда

1995 ж. 26 желтоқсанда ҚР жаңа Конституциясының ережелерін жүзеге асыру мақсатында "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Конституциялық заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығы[15] қабылданды.

Жарлық республика Президентінің мәртебесін, Президенттің қызметке кірісу жағдайын, өкілетгік мерзімін, сондай-ақ Президентгің Парламентке, Үкіметке, Конституциялық Кеңеске, соттарға және судьяларға, прокуратура органдарына, Орталық сайлау комиссиясына, Ұлттық банкке, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақы- лау жөніндегі есеп комитетіне, әкімдерге қатысты өкілеттіктері және өзге өкілеттіктері айқындалды. Онан басқа, Президент актілерінің нысандары, оларды дайындау және Президенттің қарауына енгізу тәртібі; Президент актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ олардың күшін жою тәртібі белгіленді. Заңда сонымен қатар ҚР Президентін қызметінен бүрын босату, кетіру жағдайы жазылды. Президент қызметін қамтамасыз етуге жеке тарау арналды. Бүрынғы президенттердің мәртебесі мен оларды қамтамасыз етілуі айқындалды.

1996 жылы 11 наурызда

 

1996 ж. 11 наурызда ҚР Президентінің Жарлығымен[16] ҚР Кон- ституциясында көзделген ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі қүрылды. "ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі туралы" ҚР Заңы[17] ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің мәртебесін, қүрылу тәртібін және жүмысының үйымдастырылуын анықтады. ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі ҚР Президенті жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады. Заң Кеңестің өкілетгігін анықтады. Кеңес: судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз етеді; конкурстық негізде облыстық соттың судьясы бос орнына кандидат іріктеуді жүзеге асырады және оны қызметке тағайындау үшін ҚР Президентіне үсынады; Жоғарғы Сот Төрағасының үсынуы бойынша облыстық сот төрағасы мен алқа төрағасының бос орнына кан- дидатураны қарайды және оларды ҚР Президентіне үсынады; Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың алқа төрағасы мен судьясы бос орнына кандидатураны қарайды; Жоғарғы Соттың Төрағасының қызметіне кандидатураны қарайды; Жоғарғы Сот Төрағасының, алқа төрағасы мен судьясының бос орнына кандидатты ҚР Парламентіне үсыну үшін ҚР Президентіне үсынады; Жоғарғы Сот Төрағасын, облыстық және соған теңестірілген соттар мен алқалары төрағаларын қызметтерінен босату мәселелерін қарайды; ҚР Президентіне сот жүйесі мен заңдарды жетілдіру мәселелері бойынша үсыныстар жасайды; ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің регламентін бекітеді; өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады. Кеңес Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасынан, Конституциялық Кеңестің Төрағасынан, Жоғарғы Соттың Төрағасынан, Бас Прокурордан, Әділет министрінен, Парламент Сенатының екі депутатынан, алты судьядан (Жоғарғы Соттың екі судьясынан, облыстық немесе соған теңестірілген соттың екі судьясынан, аудандық немесе соған теңестірілген соттың екі судьясынан), Кеңес Хатшысынан және ҚР Президенті тағайындайтын басқа да адамдардан тұрады. Конституциялық Кеңестің Төрағасына, Жоғарғы Соттың Төрағасына, Бас Прокурор мен Әділет министрі Кеңес қүрамына лауазымы бойынша кіреді. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді ҚР Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады.[18]

1998 жылы 7 қазанда

"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңы[19] ҚР Конституциясына өзгертулер енгізді, ол ҚРПрезидентіне де қаты- сты болды. Мысалы, Президенттің жаңа өкілеттік мерзімі — 7 жылға белгіленді. Жас мөлшері шектеулері өзгертідді; төменгі шек — қырықтан, жоғарғы шек — белгіленбеді. Бүрынғы өкілеттіктермен қатар ҚР Президентіне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындау қүқығы берілді. 48 бабтың 1 тармағы мынадай редакцияда жазылды: "ҚР Президенті қызметінен мерзімінен бұрын босаған немесе кетірілген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Республика Президентінің өкілеттігі қалған мерзімге Парламент Сенатының Төрағасына көшеді; Сенат Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол ПарламентМәжілісінің Төрағасына көшеді; Мәжілісінің Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Республиканың Премьер-Министріне көшеді; өзіне Президент өкілеттігін қабылдаған түлға тиісінше Сенат Төрағасының, Мәжілісінің Төрағасының және Премьер- Министрдің өкілеттігін тапсырады. Бүл жағдайда бос тұрған мемлекеттік лауазымдарды иелену Конституцияда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады".

1999 жылы 10 қаңтарда

ҚР Президентін сайлауы өтті. ҚР Президенті болып тағы Н. Ә. Назарбаев сайланды. ҚР Парламентінің депутаттар тобының ҚР Президентін кезекті сайлауының мерзімін белгілеу мақсатымен ҚР Конституциялық Кеңеске ҚР Конституциясының 94 баптағы 1 тармағы мен 41 бабының 1 тармағына ресми түсіндірме беруін сүрауына байланысты ҚР Конституциялық Кеңесінің 2005 ж. 19 тамыздағы қаулысымен[20] ҚР Президентін сайлауының мерзімі — 2005 ж. желтоқсанның алға- шқы жексенбісі болып беліленді.


Информация о работе Президент Қазақстан Республикасының