Революция және Азамат соғысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 22:54, лекция

Описание

1917 жылғы Қазан төңкерісі – 1917 жылы 25 қазанда Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ә. Жангелдин, С. Сейфуллин, К. Сүтішев, А. Асылбеков, Ә. Майкөтов, И. Дубинин, К. Шугаев, Я. Ушанов, А. Иманов, С. Цвиллинг, Т. Рысқұлов, Т. Бокин, П. Виноградов, Л. Емелев, Т. Өтепов, А. Розыбакиев, т. б. белсене қатысты.

Работа состоит из  1 файл

Революция және Азамат соғысы.docx

— 56.03 Кб (Скачать документ)

Революция және Азамат соғысы (1917 — 1920 ж.ж.)

 

1917 жылғы Қазан төңкерісі – 1917 жылы 25 қазанда Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ә. Жангелдин, С. Сейфуллин, К. Сүтішев, А. Асылбеков, Ә. Майкөтов, И. Дубинин, К. Шугаев, Я. Ушанов, А. Иманов, С. Цвиллинг, Т. Рысқұлов, Т. Бокин, П. Виноградов, Л. Емелев, Т. Өтепов, А. Розыбакиев, т. б. белсене қатысты.

Азамат соғысы Қазақстанды да қамтыды. Ол іс жүзінде 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жалғасы болды. Большевиктер мен кеңес өкіметін жақтаушылар «қызылдар» деп аталса, оларға қарсы тұрғандар «ақтар» деп аталды. Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде ресейден қоныс аударып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар болды. 1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды.

 

Күнтізбе

1917 ж. қазан-қараша – Перовскіде, Әулиеатада, Шымкентте, Орынборда кеңес үкіметі орнады.

1917 ж. 14 қараша – Орынборда Әскери-төңкерістік комитеттің құрылып қаладағы бүкіл өкімет билігінің өзіне көшкендігін жариялауы.

1917 ж. 20 қараша – РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің «Россия мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне» үндеуін қабылдауы.

1917 ж. қараша-желтоқсан – Петропавлда, Оралда, Қостанайда, Ақмолада Кеңес үкіметі орнады.

1918 ж. қаңтар-наурызда – Ақтөбеде, Павлодарда, Семейде, Верныйда Кеңес үкіметі орнады.

1918 ж. 14 мамыр – РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Ә. Жанкелдинді Дала өлкесінің төтенше комиссары етіп тағайындауы.

1918 ж. 20 шілде-11 қараша – Мәскеуден Ақтөбе майданына қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізу жөніндегі Ә. Жанкелдиннің экспедициясы.

1918 ж. 10 қыркүйек-1919 ж. 14 қазан – Черкасск ерлік қорғанысы.

1919 ж. 22 қаңтар – Қызыл Армияның Орынборды азат етуі, Түркістанның еліміздің орталығымен төте байланысын қалпына келтірілуі. Ақтөбе майданының жойылуы.

1919 ж. 24 көкек-11 шілде – Оралдың ерлік қорғанысы.

1919 ж. 16 маусым – В. И. Лениннің Орал қаласының қаһарман қорғаушыларына жолдаған құттықтау телеграммасы.

1919 ж. 10 шілде – РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің «Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі Төңкерістік комитет туралы» В. И. Ленин қол қойған декреті.

1919 ж. 11 шілде – 25-ші Чапаев дивизиясының Орал қаласын азат етуі.

1919 ж. 19 тамыз – Қызыл Армияның Қостанайды азат етуі.

1919 ж. 30 қазан – Қызыл Армияның Петропавлды азат етуі.

1919 ж. 12 қараша – Қызыл Армияның Көкшетауды азат етуі.

1919 ж. 26 қараша – Қызыл Армияның Атбасар мен Ақмоланы азат етуі.

1919ж. 30 қараша – Қызыл Армияның Павлодарды азат етуі.

1920 ж. 26 тамыз – Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитеті мен РКФСР Халық комиссарлары Кеңесінің В. И. Ленин мен М. И. Калинин қол қойған «Автономиялық Қырғыз (Қазақ) Кеңес Социалистік Республикасын құру туралы» декреті.

1920 ж. 4–12 қазан – Қазақ АКСР Кеңестерінің бірінші съезі.

 

 

Тарихи хроника

1917 жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы

1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін орнаған Уақытша буржуазиялық үкімет елдегі әлеуметтік және ұлттық езгіні жою, жер мәселесін, империалистік соғыстан шығу және т. б. мәселелерді шешпеді. Қазақстандағы жергілікті халықтарды саяси құқықтарынан айырған бұрынғы патша үкіметінің заңдары өз күшінде қалды. Өлкедегі казак-орыс әскерлерінің ұлан-байтақ жер иеліктері мен барлық әлеуметтік артықшылықтары толығымен сақталды. Қазақстанның ең жақсы шұрайлы жерлерін отаршыл кулактар тартып алып берген Қоныс аудару басқармасының жергілікті аппараты өз жұмысын одан әрі жалғастырды. Өнеркәсіп орындарында 8 сағаттық жұмыс күні енгізілмеді. Мемлекеттік мекемелер мен мектептерде қазақ тіліне көшуге бұрынғысынша тыйым салынды. Ресей мемлекетіндегі бұл жағдайларды В. И. Ленин бастаған большевиктер партиясы «Бүкіл өкімет кеңестерге берілсін» — деген ұранды пайдалана отырып, Уақытша үкіметті құлату үшін оны басты құралға айналдырды. Сөйтіп, 1917 жылғы 25 қазанда (7 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталып, Уақытша буржуазиялық үкімет құлатылды.

Революция бүкіл билікті жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әр түрлі топтары мен түрлі ұлттардың, халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан революциясынан кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Ал Ленин бастаған большевиктер зауыт, фабрикалар жұмысшыға, жер шаруаға, бейбітшілік – бүкіл халыққа деген ұран көтере отырып, Ресейге тәуелді болып келген халықтар жөнінде өз бағыттарын белгіледі. Олар барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды революция туының астынан кетпеуге шақырды.

Петроградтағы Қазан төңкерісі

1917 жылы 25 қазанда Ресей империясының астанасы Петроград қаласында Қазан төңкерісінің нәтижесінде мемлекет билігі Кеңестердің қолына көшті. Қазан төңкерісінің идеологы, яғни басшысы В. И. Ульянов (Ленин) болды.

Қазан төңкерісінен кейін  билікті қолына алған Кеңестер «Ресей халықтары құқықтарының декларациясын» қабылдады. Осыдан кейін Кеңестердің «Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына» үндеуі жарияланды. Аталған үндеуде халықтардың діни сенімдері мен ұлттық мүдделеріне ешкім тиіспейтіні, барлық халықтардың құқықтары бірдей болатыны туралы айтылған.

1917–1918 жылдары Қазақстанда Кеңестер өкіметі кейбір өңірлерде күрес нәтижесінде, ал енді бір жерлерде бейбіт түрде орнады.

Қазан төңкерісінен кейінгі  Қазақстандағы ұлттық үкіметтер

1917 жылы қарашада Орынбор контрреволюциялық төңкеріс нәтижесінде Дутов басқарған «Әскери үкімет» билікті қолына алды.

1917 жылы 15 қарашада Ташкентте болған мұсылман депутаттары Кеңестерінің өлкелік съезінде жаңа үкімет «Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі» орнады. Бұл үкіметтің Кеңесі құрамында мұсылмандар болған жоқ. 1917 жылы 22 қарашада Қоқанд қаласында болған бүкіл түркістандық IV съезде Түркістан автономиясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны туралы жарияланды. Бұл үкімет кейбір деректерде «Қоқанд автономиясы» деп аталды. Алғашқы басшысы М. Тынышбаев, одан кейін басшы қызметін Мұстафа Шоқай атқарды.

1917 жылы 5–13 желтоқсанда Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі болды. Съезді М. Шоқай басқарды.

Съезде Алаш автономиясын құру туралы қаулы қабылданды.

Алашлорданың 25 мүшеден тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрылды.

Автономия орталығы Семей қаласында орналасатын болды.

Алашорда үкіметінің төрағасы болып Ә. Бөкейханов сайланды. «Қазақ» газетінде «Алаш» партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды.

«Алаш» партиясының бағдарламасы:

  1. басқару түрі;
  2. автономия;
  3. азаматтық негізгі құқықтары;
  4. дін ұстану туралы мәселе;
  5. соттар туралы;
  6. қорғаныс;
  7. салық;
  8. жұмысшы мәселесі;
  9. халық ағарту;
  10. жер мәселесі.

Кеңестер билігі Сырдарияда

1917 жылы 30 қазанда Перовскіде билік бейбіт жағдайда жұмысшы солдат депутаттарының қолына көшті. 1917 жылы 1 қарашада 4 күнге созылған шайқас негізінде Ташкентте Кеңес өкіметі орнады.

Кеңестер билігі 1917 жылы қарашада Шымкентте (бейбіт түрде), 1917 жылы 7 қарашада Түркістанда орнады.

Кеңестер билігі Торғай облысында

Торғай облысында атаман Дутов бастаған қазақтар мен Ә. Бөкейханов бастаған Алашорда және эсерлер Кеңес өкіметіне қарсы күресті. Бірақ олар жеңіліске ұшырады. 1917 жылы 25 желтоқсанда Қостанайда күрес нәтижесінде кеңестер билігі орнады. (басшысы В. М. Чекшаров).

1918 жылы 8 қаңтарда Кеңестер Ақтөбеде билікке келді (басшысы В. Ф. Зинченко).

1918 жылы қаңтарда Торғай, Ырғыз уездерінде Кеңес өкіметі орнады.

1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда Кеңес өкіметі орнады.

Кеңестер билігі Солтүстік және Шығыс Қазақстанда

Бұл өңірлерде Кеңес өкіметі күрес нәтижесінде орнады.

1917 жылы 22 қарашада Петропавлда Кеңестер билігін қолына алған Уақытша Революциялық Комитет билікке келді (басшысы И. Д. Дубинин).

1917 жылы 25 желтоқсанда Ақмолада Кеңес өкіметі орнады.

1917 жылы желтоқсанда Кеңес өкіметі Көкшетауда орнады.

1918 жылы 2 қаңтарда Атбасарда Кеңес өкіметі орнады.

1918 жылы 18 қаңтарда Өскеменде билік Кеңестердің қолына көшті.

1918 жылы 19 қаңтарда Павлодарда күрес нәтижесінде билік Кеңестердің қолына көшті.

1918 жылы 17 ақпанда Семейде Кеңестер билігі үкімет басына келді.

Кеңестер билігі Батыс Қазақстанда

1918 жылы 15 қаңтарда Оралда Кеңес өкіметі орнады. Бірақ осы жылдың наурызында ақ гвардияшылар контрреволюциялық төңкеріс жасап, Кеңестерді биліктен тайдырды. Оралда Кеңес өкіметі азамат соғысы жылдарында ғана орнады.

1917 жылы 2 желтоқсанда Бөкей ордасында Кеңес өкіметі орнады.

Кеңестер билігі Жетісуда

1918 жылы 3 наурызда Верныйда Кеңес өкіметі қарулы көтеріліс нәтижесінде орнады.

1918 жылы наурыз айында Жетісу облысының барлық өлкесінде Кеңестер билігі орнады. Жетісу өңірінде Кеңес өкіметін орнату жолында Ж. Бабаев, А. Розыбакиев, Т. Боткин, Т. Өтепов т. б. революционерлер аянбай күресті.

Социалистік экономика және мәдениет

Кеңестер билігінің орнауына байланысты Қазақстанда жаңа үкіметтің басқару жүйелері құрыла бастады. Барлық кеңестер іске кірісті. Кеңестер жанынан қаржы, өнеркәсіп, жер, ағарту, әділет, денсаулық сақтау басқармалары жұмыс істеді.

1918 жылы 21 наурызда Орынборда кеңестердің I Торғай облыстық съезі басталды. Съезде жергілікті басқару жүйесі, әлеуметтік мәселелер жайында қаулы қабылданды. Бұл съездің қаулысы бойынша Алаш қозғалысының үнқағазы «Қазақ» газеті жабылды.

1918 жылы 20 сәуірде Ташкентте Түркістан Кеңестерінің V съезі болды. Бұл съездің құрамында Жетісу облысы бар Түркістан автономиялы Кеңестік социалистік республикасы құрылды. 1918 жылы Кеңес өкіметі көптеген өнеркәсіп орындары мен банкілерді мемлекет қарамағына алды.

Халықты азақ-түлікпен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданылды.

1918 жылы Ақмола мен Семейде сауда ісін жүргізу азық-түлік комитетіне жүктелді.

Кеңес өкіметі ағарту мәселесі бойынша нақты шараларды жүзеге асыра бастады.

С. Сейфуллин Ақмола облысындағы, С. Меңдешев Бөкей ордасындағы білім беру бөлімдерін басқарды.

Кеңес өкіметі Қазақ АКСР-ын құру мақсатында қазақ бөлімін құрды. Бұл істер азамат соғысының басталуына байланысты тоқтап қалды.

Қазақстанда кеңестік мемлекеттік аппарат құру және экономика саласындағы алғашқы өзгерістер

Кеңес өкіметі жеңгеннен кейін Қазақстанда да ескі мекемелер, оның ішінде, Уақытша үкіметтің комиссарлары, отарлау-шенеуніктік әкімшілік қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйесі жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады. Мұндай өзгерістердің іске асуына Қазақстан қалаларында құрылған революциялық комитеттердің рөлі зор болды. Олар қызыл ұландар бөлімдерін, жұмысшы жасақтарын құрды, кедейлерге арқа сүйеп, қанаушы таптардың қарсылығына тойтарыс берді, өкімет билігінің кеңестердің қолына өткенін жариялап, олардың нығаюы үшін ат салысты.

Өкімет билігінің ескі құрылымы Қазақстанда бірден жойылған жоқ. Олар әуелі кеңестердің қарамағына өтіп, сосын аттарын өзгертіп, бірте-бірте кеңес қарауына алынды. Мәселен, 1918 жылы ақпанда жұмысшы, шаруа, солдат, мұсылман депутаттары Ақтөбе кеңесі қалалық басқарманы кеңес басқару орны етіп қайта құрып, қалалық думаны таратты. Семей облыстық кеңесі 1918 жылы 9 наурызда дума мен басқармаларды таратып, уақытшы үкіметтің уездік комиссарларының міндетін жаңа құрылған кеңестерге жүктеді. Сол жылы 12 сәуірде Түркістан өлкесінің Халық Комиссарлар Кеңесі азық-түлік басқармаларына тиісті Кеңестердің азық-түлік бөлімі етіп қайта құру жөнінде жарлық шығарды. Қостанай уезіндегі шаруашылық иелігі Кеңестің қарамағына алынды.

Шіркеудің мемлекеттен, мектептің шіркеуден ажыратылуы, ерлер мен әйелдер теңдігі іске асырылды. Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің 1917 жылғы 10 қарашадағы Жарлығымен адамдардың сословиеге бөлінуі, олардың құқықтық артықшылығы мен шектеушілігі, сондай-ақ сословиелік мекемелер, ұйымдар жалпы сословие атауы жойылды.

Кеңес өкіметінің алғашқы  кезеңінде басқарудың бірыңғай құрылымы болған жоқ. Кейбір жерлерде Орталықтағы сияқты Халық Комиссарлар Кеңесі, екінші бір жерлерде облыстық мекемелер мен басқармалардың Комиссариаттары құрылды. 1918 жылдың күзінен бастап, басқарудағы алақұлалық жойылып, Кеңес атқару комитеттері билікті өз қолына топтастыра бастады. Маңызды мәселелер салалық басқармалардың коллегия мәжілісінде қаралып отырды.

Информация о работе Революция және Азамат соғысы