Сақ дәуірінің көрнекті ескерткіштері: Есік, Бесшатыр, Тасмола қорғандары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 21:34, реферат

Описание

Мәдениет сипаттамасы. Сақ мәдениеті— ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Сақтар көшпенділердің жоғары деңгейде дамыған өркениетін қалыптастырды. Сақтар адамзат қоғамы үшін аса маңызды мәдени құндылықтар қалдырды. Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетінің аса маңызды бастау деректері – қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері.

Содержание

Кіріспе. Мәдениет сипаттамасы............................................................................ 3
Ертедегі темір дәуіріндегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан.............................. 3
Бесшатыр қорымы.................................................................................................. 4
Архитектурасы және құрылыс техникасы........................................................... 6
Есік обасы................................................................................................................ 9
Ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан................................................. 11
Тасмола мәдениеті................................................................................................ 11
Қорытынды........................................................................................................... 15
Қолданылған әдебиеттер..........................................

Работа состоит из  1 файл

Жоспар сактар.docx

— 43.92 Кб (Скачать документ)

 Тас тізбекті  обалар ішіне тастан жәшіктер  мен дөңгелектер салуда, б. з.  б. VII-V ғасырдың кейбір обаларында тақтатастарды жалпағынан қалап, тас лақаттар тұрғызу тәсілдерінде, қаруларда, өрнектерде (мысалы, Сыпыра-оба моласынан табылған қорамсақтың алтын қалақшасында) андроновтық құрылыс дәстүрі сақталған.  

 Археологиялық  деректер және ішінара жазбаша деректерден алынған үзінді мәліметтер Тасмола мәдениеті тайпалары сақ тайпаларының қуатты одағы құрамына кіргенін көрсетеді. Қазақстан аусағының басқа аудандарының көпшілігіндегі сияқты, Арал-Ертіс суайрығы аумағын мекендеген тайпалардың да нақты этнонимін анықтау қиын. Дегенмен де ертедегі темір дәуірінлегі Орталық Қазақстан тайпаларын негізінен Аристей Проконесский жылқыға, қой мен өгіздер табынына бай сансыз көп және даңқты жауынгерлер деп сипаттаған исседондар деп жорамалдауға болады. Басқа авторлар, атап айтқанда, Гекатей Милетский олардың шығыс скифтеріне немесе сақтарға жататынын атап көрсетеді.   

 Обаларды  қазғандағы материалдар бойынша  Тасмола мәдениеті тайпаларының  үш даму кезеңі шартты түрде  бөлінген.  

 Бірінші  кезең б. з. б. VII-VI ғасырларды қамтиды. Бұл кезең туралы Тасмола -1-5, Қарамұрын-1,Нұрманбет-4 қорымдары неғұрлым мәліметтер береді.  

 Екібастұздан  солтүстік-батысқа қарай, далалық Шідерті өзенінің оң жағасындағы әр түрлі кезде жерленген Тасмола-1 құрылыстар тобында 19-обаның бейіті мейлінше назар аударарлық болып шықты. Жерден қазылған қабір шұңқырында төселген қамыс үстінде қола айнасы, темір пышағы және қайрақ тасы бар әйел жатты.

Осында  аттың басы, жауырыны және екі  қойдың басы табылды. Аттың  басында жүгені бар, ал қайыс  жүген әр түрлі қола бұйымдармен  сәнделген.   

 Басқа  бір обаға (Тасмола-5, 2) жерленген адамның аяқ жағына жеті жылтығы, таутеке мүсіні түрінде қоладан жасалған әшекей заттар, салмақты қоңыраулар табылды. Алайда бұл жай ғана құрбан шалу, не арнау ғұрпы емес, қайта жеті ат жегілген «аспан арбасын» жабдықтау салты. Бір ғажабы, Ригведада күн-құдай Сурья нақ жеті алтын түсті бие жегілген күймемен жүреді.  

 Тасмола  мәдениетінің алғашқы кезеңінің  обаларынан табылған заттар жиынтығы  тұрақты болып келеді; ұңғылы, қос  қанатты және үш қалақты жебе  ұштары, сабының жоғарғы ұшы кесек  немесе саңырауқұлақ тәріздес  қол жылжымас үшін жасалған  қаптамасы бар ақинақ-қанжарлардың айрықша түрі тек осы кезеңге ғана тән.   

 Екінші  кезеңде (б. з. б. V-III ғасырлар) Тасмола тайпаларының мәдениеті көбінесе өзінен бұрынғылардың дәстүрлерін жалғастырды.Жерлеу жоралғыларының кейбір бөлігі өзгерді, атап айтқанда, өлікке ат арнап, бірге көму ғұрпы жойылды.  

 Үшінші кезеңде - б.  з. б. III-I ғғ обалардың бұрынғы  құрылымы, түрі сақталады, бірақ мола ішінде түбі тегіс домалақ ыдыстар пайда болады.                                                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды  

 Сонымен, Есік, Шілікті қорғандары, Бесшатыр, Тасмола мәдениеттері, Түгіскен мен Ұйғарақ кесенелері, Шірік-Рабат пен Баланды қалалары секілді сақ мәдениетінің көрнекті ескерткіштерін археологтардың ашуы ( Бесшатыр 31 обадан, оның ішінде 3 үлкен оба қазылды ; Есік 40-тан астам қорғаннан, оның ішінде ең құндысы, әрі бастысы - Есік қорғаны ; Тасмола ескерткіштерінің ерекше түрі - « мұртты қорғандар » негіз болды ) тағы бір кедергіден өтуге мүмкіндік берді. Табылған жазбалардың, көрнекті өнер туындыларының жәдігерлеріне сүйене отырып, біздің дәуірімізге дейінгі 1мың жылдықтың ортасында Қазақстан аумағында пайда болған көне сақ мемлекеттері туралы сөз етуге болады. Сақ тайпаларының ескерткіштеріне жүргізілген зерттеу жұмыстары олардың өмір-тіршілігі( киіз үйге ұқсас, төбесі шатырланып, дөңгелете жабылған ағаш құрылыста тіршілік еткен ), әдет-ғұрпы ( ата-баба аруақтарына,патшаларға, күн бейнелі күшті қамқоршыларға табынды ), салт-санасы ( жазудың, әліпбидің болу фактісі әлеуметтік - экономикалық ұйым дамуының жоғарғы деңгейін білдіреді ), жерлеу ғұрпы ( сақтар өздерінің өлген патшаларына алтын киімін киіндіріп, кең лақытқа қойған, ал олардың үстіне зәулім архитектуралық ескерткіш – алып оба тұрғызған), шаруашылығы (мал шаруашылығы мен егіншілікпен қатар қосалқы кәсіп ретінде аңшылық пен балық аулау) туралы көптеген деректерді береді. Бұл ескерткіштер осы арадағы өмір сүрген тайпалардың мәдениет дәрежесінің, әлеуметтік-экономикалық даму сатысының, бірдей өмір сүру сипатының этникалық, қан жағынан және географиялық шоғырлану жағынан ( Іле өзенінің жаға лауында) туыстық, жақындық белгілерін дәлелдейді.  

 Бүкіл адамзат тарихының  дамуымен біздің тарихымыздың  тығыз және ажырамайтын байланысы  және өзара қатынасының нәтижесі  болып табылатын материалдық  мәдениет ескерткіштерін сақтауға  бәріміз борыштымыз.   
  
  
  
  
  
  
  
                                      

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

  1. Ақышев К.А., Байпақов К.М. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. – I том. – Алматы «Атамұра», 2010.
  2. Аманжолов К.Р. Қазақстан тарихының дәрістер курсы. 1-кітап. – Алматы «Білім», 2004.
  3. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. – Алматыкітап, 2007.
  4. Сәйден Жолдасбайұлы. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. – Алматы «Ана тілі», 1995.
  5. Ақышев А.К., Асылбеков М.Х., Байпақов К.М. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк). – Алматы «Дәуір» баспасы, 1994.
  6. Қожабекұлы Б.А. Тарихи таным: Ежелгі халықтар, тайпалар, рулар, жер жұтқан қалалар. – Алма-Ата,1987.
  7. Аспендияров С. Қазақстан тарихының очерктері. – Алматы, 1994.
  8. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. – Алматы, 1995.
  9. Маданов Х. Қазақ халқының арғы – бергі тарихы. – Алматы, 1995.
  10. Қани М. Қазақтың көне тарихы. – Алматы,1993.

 


Информация о работе Сақ дәуірінің көрнекті ескерткіштері: Есік, Бесшатыр, Тасмола қорғандары