Сақ тайпалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 18:03, реферат

Описание

Қазақ халқының арғы тегi ерте заманда б.ж.с. (бiздiң жыл санауымызға) дейiнгi VII-IV ғасырларда Орта Азияны мекен еткен ежелгi Сақ тайпаларынан шыққан. Ежелгi грек тарихшылары оларды "Азиялық скифтер" деп атаса, парсы тарихшылары оларды "сақ" деп атаған.

Работа состоит из  1 файл

САҚ ТАЙПАЛАРЫ.doc

— 28.50 Кб (Скачать документ)

САҚ ТАЙПАЛАРЫ 
 
Қазақ халқының арғы тегi ерте заманда б.ж.с. (бiздiң жыл санауымызға) дейiнгi VII-IV ғасырларда Орта Азияны мекен еткен ежелгi Сақ тайпаларынан шыққан. Ежелгi грек тарихшылары оларды "Азиялық скифтер" деп атаса, парсы тарихшылары оларды "сақ" деп атаған. 
 
Сақтардың көпшiлiгi көшпендi мал шаруашылығымен, бiр бөлегi егiншiлiкпен шұғылданған. Олардың көшiп-қонатын көлiгi екi, төрт, алты дөңгелектi арба, оған екi, үш жұп өгiз, ат немесе түйе жегiлген. Осы арба күймесiнiң сырты киiзбен қапталған. Бұлар шөптiң сонысы мен судың тұнығын жүзiп, малдарын оттатып, көшiп жүрген. Сақтар көшкенде қатын-бала, үй-мүкәмалмен күймелi арбада, қонғанда киiз үйлерде отырған. Олардың қыстауларында кесектен (сабан араласқан балшық кiрпiштен) там үйлер болған. Мал шаруашылығымен шұғылданған сақтар жылқы, қой, сиыр, түйе өсiрген, егiншiлiкпен шұғылданушылар тары, арпа, бидай еккен. 
 
Ежелгi грек авторларының деректемелерiнде сақтардың бiрсыпыра тайпаларының аты аталады. Олар: массагет, Яксарт, дай немесе дахи, фарат, көмар, асқатағ, исседон, асси немесе аримасып, сармат, каспи, аргиппей, савромат(аорстар), тиграхауда, хаумаварга, т.б. Массагет, Яксарт тайпалары: Көк теңiздiң (Арал теңiзi) оңтүстiк және шығыс солтүстiк өңiрiне, Сырдарияның оң жақ алқабына орналасқан (ерте заманда Сырдария "Яксарт" деп аталған). Дай немесе Дахи тайпасы: Сырдарияның төменгi жағын, Көктеңiздiң қолтығын мекендеген. Аби тайпасы қаратау бойын, Сырдарияның алқабын қоныстанған. Фарат тайпасы Талас Алатауын және қаратаудың солтүстiк, шығыс-солтүстiк бөлiгiн мекендеген. Көмар тайпасы Келес, Шыршық, Ангрен өзендерiнiң бойында және Тянь-Шань тауларының батыс сiлемдерiнде болған. Асқатағ тайпасы: Шу Өзенi мен Талас өзендерiнiң аралығында, қырғыз Алатауының орта етегiнде тұрған. Исседон немесе асси тайпасы Iле өзенi мен Шу өзендерiнiң бойын, оның шығыс жағындағы Тарбағатай тауына дейiн созылған алқапты мекендеген. Аримасып тайпасы Исседондардың солтүстiк және шығыс солтүстiк жағында, Алтайдың батыстағы сiлемiне дейiнгi жерлерде тұрған. Сармат тайпасы Каспий теңiзiнiң терiстiгiнде, шығыста Жем өзенiне дейiнгi, солтүстiк Жайық Өзенiнiң басына дейiнгi жерлерде тұрған. Каспий тайпасы Каспий теңiзiнiң шығыс жағалауын мекендеген. 
 
Ежелгi сақ тайпалары өз атырабындағы мәдениеттi елдермен – Ассириямен, Мидиямен, Парсымен қарым-қатынаста болған. Мәдениеттi, жауынгер ел едi. 
 
Б.ж.с. дейiнгi VI ғасырда сақ-массагеттердiң Томирис деген әйел патшасы болған. Ол парсы патшасы Кирдiң (529-558) шапқыншы әскерлерiн талқандап, өзiн өлтiрген. Б.ж.с. дейiнгi 521-486 жылдарда өмiр сүрген парсы патшасы Дари I сақтарға шабуыл жасаған. Бұл шабуылдарды сақтар талқандап керi қайтарған. Б.ж.с. дейiнгi IV-ғасырдың 30-жылдарында Македониялық Александр (Ескендiр Зұлқарнайын) бастаған грек әскерлерi парсы патшасы Дари III Кодомонның әскерлерiн талқандап, Орта Азияға басып кiрiп, Мараканданы (Самарқанды) жаулап алып, Сырдария өңiрiне қарай қаптайды. Сақтар осы соғыста Александрды атып өлтiрiп, оның әскерлерiн талқандап жеңедi. 
 
1969-1970 жылдары Алматы қаласынан 50 шақырым жердегi Есiк өзенiнiң сол жақ жағалауындағы Есiк обасынан ежелгi заманғы сақ жауынгерiнiң зиратынан "Алтын адам" табылған. Сондай-ақ "Есiк жазуы" деп аталатын күмiс зере табылған. 
 
Қазақстан территориясын б.ж.с. дейiнгi VI-IV ғасырларда мекендеген сақ тайпаларының солтүстiк тобы түркi тiлдес болған да, оңтүстiк тобы иран тiлiнде болған. 
 
Осы сақ тайпалары дами келе б.ж.с. дейiнгi IV-III- ғасырларда ұлы жүздер, үйсiндер, қаңлылар, аландарға ауысқан. қытай деректерi бойынша һұндар (Ғұн), ұлы жүздер, үйсiндер б.ж.с. дейiнгi III-ғасырда қытай елiнiң қазiргi Гансу өлкесiндегi Дұнхуан мен Чилан (Шүлен) тауы аралығындағы Хыши аңғарын мекендеген. Ұлы жүздер мен үйсiндердiң шығысында һұндар отырған көшпелi ел болған. Алғашында һұндар ұлы жүздерге тәуелдi ел болған, кейiн һұндар Монте хан тұсында күшейiп алдымен ұлы жүздердi батысқа ығыстырды. Б.ж.с. дейiнгi 209 жылы өз қонысынан айырылған ұлы жүздер батыстағы Iле алқабындағы сақ тайпаларымен соғысып, оларды жеңдi. Сақ патшасы оңтүстiкке қашып кеттi. Сақ тайпаларының бiрсыпырасы көшiп кеттi де, орнында қалғандары ұлы жүздерге қосылып кеттi. Һұндар кейiннен үйсiндердiң жерiн тартып алып, олардыда батысқа ығыстырды. Батысқа қоныс аударған үйсiндер Iле алқабымен Ыстықкөл алқабындағы ұлы жүздердi батысқа ығыстырып, қонысын тартып алды. Ұлы жүздiң орынында қалған тайпалары үйсiндерге қосылып кеттi. Ал батысқа ығысқан ұлы жүз тайпалары Амудария бойына барып қоныстанып, кейiн олар ұлы жүз және кiшi жүз болып екiге бөлiндi. 
 
Осы мезгiлде сақ тайпалары мекендеген өңiрде үш iрi тайпалық одақ үйсiндердiң, қаңлылардың және аландардың тайпалық одақтары жарыққа шықты. Бұл өңiрдегi қалған сақ тайпалары осы одақтарға қатынасып, олардың атымен аталатын болды.

Информация о работе Сақ тайпалары