Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 12:43, реферат
Б.з.д. І мың. Ортасынан бастап Қазақстан жеріндегі көшпелі тайпалар “сақ” атауымен белгілі. Жазба деректердің мәліметі бойынша олар Қазақстанның барлық этникалық территориясында қоныстанып, бірнеше топқа бөлінген: оңтүстікте тиграхауда сақтары (грек деректерінде массагеттер, дон тайпалары), Бактрия мен Маржанада құрамына парасогда сақтары кірген хаумаварга сақтары.
Солтүстік шығыста — аримаспы, Орта Қазақстан — исседондар, Батыс савроматтар, Геродот бойынша савроматтардың аржағында “биіктаулардың етегінде”, оңтүстік шығыс Орал таулары болуы мүмкін, аргипей тайпалары өмір сүрген.
Рустам өз еліне келгенде оны « сен парсылардың қызметшісі долдың»- деп қанайды. Сөйтіп Томирискі Кирдің өздеріне таяп қалғанын айтады. Сөйтіп Кирдің келгенін күтеді.
Кир сақтардың жеріне таяп қалғанда қулық жасағысы келеді. Яғни, ондағы ойы бірден басып кірмей, амал жасап демалыс отырысын ұйымдастырады. Сөйтіп ол жерге әлсіз жауынгерлерін тастап, өздері жақын аралықта тығылып қалады. Рустамның жасақтары бұл келісімді жерге келіп, олардың аранына түсіп қалады. Түскенде сол жерде олар дем алып, дастарқандарын жайып , әлсіз Кирдің жасақтарын өлтіріп тастайды. Сол жерде олардан қалған шарапты ішіп, жайғаса бастайды. Ал ол шарапта ұйықтататын дәрі қосылған еді. Сол жерде барлық жасақтары қалың ұйқыға кетеді. Артынша Бақтияр да өзінің жасақтарымен келіп ,бұл шарптың уланғанына көзі жетіп, осы сәтті пайдаланғысы келеді. Сөйтіп Спаргапписке: « мен сенің туған әкеңмін менімен бірге жүр»- деп бәрін айтады. Ал Спаргаппис болса , оны әкемдеп мойындамайды. Менің әкем Рустам, мен тек Рустамның баласы болып қаламын,- деп сол жерде қалып қояды. Ал Бақтияр жасақтарымен кетіп қалады. Үйқыдан түрған Спаргаппис жан- жағын парсылар жаулап алғанын сезіп, Рустамды оята бастайды. Бәрі кеш болатын парсылар өте көп, ал сақтар санаулы ақ болып қалады. Сол жерде шабуыл кезінде Рустамға оқ тиіп жан тапсырады, ал Спаргаппис тұтқынға алынады. Тұтқынға түскен Спаргаппис өз-өзіне қол жұмсап , жүрегіне қанжар тығып өледі. Бұл жайында Томирис Бақтиярдан мүлдем басқаша, керсінше естіп Рустамның сатқындығына жыны келеді. Оның қалған жасақтарын қолдамай жайлауды тастап кетеді.
Кир ауыл маңына жақындай келе тыныш жатқан ауылға таң қалады. Ауылға баса көктеп кіре бергенде сақтар жан – жақтан тойтарыс бере бере бастайды. Қырғын соғыс басталып кетеді. Екі жақта тайсалмай қызыл майдан шайқас үстінде болады. Шайқас соңында «өлім дегенді білмейтін»- Кирдің жасақтары шайқас десе жанын беретін Томирис өзі де шығакды. Жеңіс Томирис жағында болып сақтар жеңе бастайды. Шайқас соңында Томирис өлуге сәл – ақ қалғанда фарнакадан Рустамның қалай қаза болғанын шындығын естиді. Сүйіктісі Бақтиярдың бүндай сатқындығын естігенде оны және оның жасақтарын өлтіруге бұйырады, олардың қанын қапқа толтырыңдар дейді. Ал Рустамды тауып, оны қадірлеп, атасы ұқсап жерлеуді өтінеді. Әбден шаршаған Томирис жерге құлай кетеді. Оның қасына қызметшісі келіп, шашынан сипағанда Томиристің шашы ағарып картайғаны көрінеді.