Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2011 в 18:50, реферат
Біздің қазіргі тарих пәнінен білетініміз, Шыңғысханның руы Қият-Боржигин. Бірақ, оның көшпелі мәдениеттің өкілі ретінде рудан басқа ірі көшпенді бірлестік, яғни туған тайпасы да болуы керек қой. Бүгінгі тарихтанушылар Қият-Боржигин, Тайчут, Барин, Жатжират, т.б моңғол тайпалары деп атайды. Бірақ олардың бәрі ру, бір рудың ішіндегі ата болып, өзара туыстасып келіп, бір тайпаны ғана құраған. Сол себепті қазір бұл руларды өз ішімізден таба алмаймыз. Ал тайпаның ішіндегі рулар өзіндік сүзгіден өтіп, жаңарып отырған.