Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 14:13, доклад
Сталинград Шайқасы – 2-дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қорғаныс (1942 жылы 17 шілде – 18 қараша) және шабуыл (1942 жылы 19 қараша – 1943 жылы 2 ақпан) кезеңдерінен тұрады. 1942 жылдың жазында фашистік Германия мен оның одақтастары Еуропада екінші майданның ашылмауын пайдаланып, кеңес-герман майданының оңтүстік қанатына басты соққы беруді ұйғарды. Олар Қызыл АрмияныОрелдің оңтүстігнде талқандап, Донбасс, Дон және Кубань экономика маңызды аудандарын алуды, Кавказ арқылы өтетін жолдарды, Сталинградты басып алуды басты мақсат етіп қойды.