Столыпин реформасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 07:11, реферат

Описание

Барысы
2. Сырымның орал казак әскерімен кескілескен күресі басталды.
3.Сағыз өзені бойында Сырым тобы 1000 адамға жетті.
4. 1785ж 17 ақпанда Смирнов басқарған топ қазақ ауылдарын талқандады
5.1785ж 17 наурызда Колпаковтың басшылығымен адай,беріш руларына бас салды.Бейбіт ауылдарды аяусыз ойрандады
6.1785ж Назаров басқарған Орал казактары табын руына шабуыл жасады

Содержание

Сырым Датұлының басқаруымен отаршылдыққа қарсы қозғалыс (1783-1797);
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының ұлт-азаттық қозғалысы (1836-1838);
Кеңесары Қасымұлының ұлт-азаттық көтерілісі (1837-1847);
Жанқожа Нұрмұхамедұлының көтерілісі (1856-1857);

Работа состоит из  1 файл

КЕСТЕ.docx

— 22.83 Кб (Скачать документ)
  • Сырым Датұлының басқаруымен отаршылдыққа қарсы қозғалыс (1783-1797);
  • Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының ұлт-азаттық қозғалысы (1836-1838);
  • Кеңесары Қасымұлының ұлт-азаттық көтерілісі (1837-1847);
  • Жанқожа Нұрмұхамедұлының көтерілісі (1856-1857);

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көтеріліс  аты

Болған уақыты

Барысы

Тарихи маңызы

Жеңілу себептері

Ұқсастығы

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс 

1783-1797

1.Сырымды Орал казктары тұтқындады.

2. Сырымның орал  казак әскерімен кескілескен  күресі басталды. 
3.Сағыз өзені бойында Сырым тобы 1000 адамға жетті.

4. 1785ж 17 ақпанда  Смирнов басқарған топ қазақ  ауылдарын талқандады 
5.1785ж 17 наурызда Колпаковтың басшылығымен адай,беріш руларына бас салды.Бейбіт ауылдарды аяусыз ойрандады 
6.1785ж Назаров басқарған Орал казактары табын руына шабуыл жасады

1)патша үкіметінің отарлау саясатының түпкі мақсаты – ең шұрайлы Жайық өңірін басып алу мүмкін екендігін дәлелдеу. 
2)Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс болып, 14 жылға созылды. 
3)Руаралық қайшылықтардың басты мақсатқа жетуде зор кедергі болатынын дәлелдеді. 
4)Еділдің шығысындағы ірі халықтық сипаттағы қозғалыс.

1)Көтерілістің әр кезеңде мақсатының  өзгеруі 
2)Қару жарағының аздығы 
3)Көтерілістің нашар ұйымдастырылуы 
4)Ру аралық қайшылықтар

 

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының ұлт-азаттық қозғалысы

1836-1838

Көтерілістің барысы. Көтерілістің кезеңдері- үш кезеңге бөлінді.

Бірінші кезең: 1833-1836 жылдырға келеді және қарулы көтеріліске әзірлік кезеңі ретіңде сипатталады.

Екінші кезең: көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап олардың жеңіліске ұшырауына дейінгі-1837 ж. қарашаның орта шеніне дейінгі кезең.

Үшінші кезең: Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтық сол жағалауына өтуінен (1837 жылдын желтоқсанынан 1838 жылдың шілдесіне дейін көтерілістің жеңілуі).

Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды.Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы Аббас Кошайұлы мен Лаубай Мантайұлы бастаған баскөтерулер болып өтті.

Жәңгір хан көтерілісшілердің  кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алым-салық көлемін едәуір жеңілдетті. Патша үкіметіненаразылық білдірген старшындардың пікірімен санасу керектігін түсінді

Үстем тап өкілдерінің опаздығы. 
• Көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі және Ішкі Ордадағы көтерілістерді біріктіре алмады. 
• Қару – жарақтың теңсіздігі. 
• Стихиялығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі. 
• Патша үкіметінің жазалау отрядтарының күші басым болуы. 
• Көтерілісшілердің бір бөлігінің өз ісіне сенімсіз болуы. 
• Көтеріліс жергілікті (локальдық) сипатта болды.

 

Кеңесары Қасымұлының ұлт-азаттық көтерілісі

1837-1847

Бұл ұлт-азаттық күрестің басында тұрған Сырым, Саржан, Жоламан, Исатай мен Махамбеттердің  күрес дәстүрінодан әрі жалғастырды.

1837-1847 жылдардағы күрес үш жүзді  қамтыған, отаршылдық езгіге қарсы  бағытталған ХІХ ғасырдағы ең  ірі көтеріліс болды. Кенесары  қозғалысы – қазақ елінің ішкі  қайшылықтарының  патша    үкіметінің отаршыл саясатымен байланыстылығын көрсетті. Негізінен Кенесарының көзқарасының қалыптасуына әсер еткен - әкесі Қасым. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қазақ шаруалары. Көтеріліске Көкшетау өңірінен қатысқан сұлтандар :Шеген, Қанқожа Уәлиұлы, Таны Тортайұлы, Айғаным ханым; Ақмрла округінен: Күшік, Жадай, Жанай Айшуақұлы болды.

Көтеріліске Құсмұрын, Көкшетау, Ақмола, Қарқаралы, Баянауыл округтерінен қатысқан сұлтан, би, старшындар саны – 80 нен астам.

Кенесары әскеріндегі  белгілі батырлар: Ағыбай, Иман. Жоламан, Бұқарбай, Бұғыбай, Аңғал, Жеке, Байсейіт, Сұраншы т.б. болған.

Кенесары әскерінің  соңынан ермегенЖетісу жеріндегі  белді тұлғалардың аылдарын ойрандауы  – олардың Ресейден көмек сұрауына себеп болды.

Ресей империясынан жеңілдіктер алған  бірқатар жүзге бөлінген  қазақ рулары көтерілісті Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға сұлтандар мен билердің  орталықтанған феодалдық  мемлекетті қалпына келтіруге мүдделі болмауы.Қоқан және қырғыздармен күресуден өздерін алшақ ұстауы. Сұлтан билердің озбырлығы көтерілісшілер қатарын сиретті.

 

Жанқожа Нұрмұхамедұлының көтерілісі

1856-1857

қазақтардың еріксіз жұмыстарға жегілуінде, жолды пайдаланудағы, керуендерге қызмет көрсетудегі ауыр салықтар, сондай-ақ патша өкіметінің қоныс аударушылық саясатында жатты. Бұл көтеріліс кезінде Жанқожа өзінің жақсы меңгерген әскери әдісін қолданды, ол 1856 жылдың аяғында Қазалы фортын қоршауға алды. Бұған дейін көтерілісшілер казак-орыс тұрған Солдатская слобода поселкісін жойды.

Орыс армиясы  Қоқан бекіністерін жаулап алу арқылы Сырдария әскери шебін құрды. Қазақстанның Ресейге қосылуын аяқтау үшін Сырдария әскери шебін Сібір шебімен қосу көзделді. 1853 жылы Перовскийдің басшылығымен Аралдан Ақмешітке дейінгі аралықта бекіністер салынды. Қоқандықтар үшін саяси стратегиялық және экономикалық үлкен маңызы бар Ақмешіт 20 күн қоршаудан кейін аса зор әскери күштің арқасында орыс әскерлерінің қол астына өтті. Ақмешіт Ресейдің қол астына өткеннен кейін Перовск форты салынып, Сырдария шебі құрылды. Райым (Қазалы) мен Ақмешітке дейінгі аймақта отаршылдық тәртіп орнады.

Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістердің тарихи маңызы зор болды. Ол көтерілістер Орта Азия хандықтары мен Ресей империясыныңотаршылдық езгісіне қарсы бағытталды. Халық көтерілістері қазақ халқының бойында бостандықты аңсаған рухтың өшпегенін, тәуелсіздік пен азаттыққа деген ұмтылысының зор екенін көрсетіп берді. Қазақ батырлары, өз бастарын қатерге тіге отырып, XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформа басталар қарсаңында отаршыларға қарсы күрес әрекеттерін жүзеге асырды. Бұл көтерілістер патша үкіметінің Орта Азия мемлекеттерінің аумағын жаулап алу үрдісін біраз уақытқа тоқтатты

Көтерілістің негізгі күштері  жеңілгеннен кейін Жанқожа батыр  Хиуа ханына өтініш жасап, хандықта тұратын қазақтардан, қарақалпақтардан және түрікмендерден әскери жасақ құрап беруді сұрады. Ондағы ойы Қазалы қамалына қайтадан шабуыл жасау еді. Бірақ Хиуа ханы оның өтінішін қабыл алмады, Жанқожа батырдың күшейіп кетуінен қорықты.

Патша үкіметінің әскери әкімшілігі Жанқожа Нұрмұхамедұлының көзін жою үшін арнаулы жазалаушы әскер жіберді. 1860 жылы жазалаушы әскер Қызылқұмның ішіндегі Жанқара көлінің басында отырған Жанқожа батырдың ауылын қоршауға алды. Қанды шайқастың барысында 80-нен асқан Жанқожа батыр жазалаушылардың оғынан қаза тапты.

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Столыпин реформасы