Тегеран конференциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 20:25, реферат

Описание

Тегеран конференциясы.
Мәскеу конференцияды мен Тегеран конференциясы аралығындағы 1 ай ішінде Ұлыбритания мен АҚШ арасында стратегия мәселелері бойынша араздық күшейіп кетті.
Тегеранға барар жолда Черчилль мөн Рузвельтт 1943 ж. 22-26 қарашасында Каирде кездесіп Екінші майданды ашу мәселесі бойынша келісуге әрекет жасады. Бірақта бұл келіссөздер нәтижесіз аяқталды. АҚШ-ның үкіметі Черчилльдің "балқандық стратегиясына" қарсы шықты. Олар Батыс Еуропаға кіруге кешігіп қаламыз деп қорықты.

Работа состоит из  1 файл

Тегеран конференциясы.docx

— 21.35 Кб (Скачать документ)

Тегеран конференциясы.

Мәскеу  конференцияды мен Тегеран конференциясы  аралығындағы 1 ай ішінде Ұлыбритания мен АҚШ арасында стратегия мәселелері бойынша араздық күшейіп кетті.

Тегеранға барар жолда Черчилль мөн Рузвельтт 1943 ж. 22-26 қарашасында Каирде кездесіп Екінші майданды ашу мәселесі бойынша келісуге әрекет жасады. Бірақта бұл келіссөздер нәтижесіз аяқталды. АҚШ-ның үкіметі Черчилльдің "балқандық стратегиясына" қарсы шықты. Олар Батыс Еуропаға кіруге кешігіп қаламыз деп қорықты.

Каирға  Қытайдағы гоминьдан үкіметінің басшысы Чан Кай-ши шақырылып онымен Қиыр Шығыстағы мәселелер талқыланды. АҚШ оған 1944ж басынан бастап қару-жарақ пен ақшалай көмек көрсететіні туралы мәлімдеді. Тынық мұхиттық әскери қимылдар театрындағы жасалатын әрекеттер бойынша АҚШ пен Ұлыбритания арасындағы қайшылықтар айқын көрінді. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы американдықтардың белсенділігінің арта түсуінен сескенген ағылшын үкіметі американ әскерлерінің Солтүстік Бирма арқылы өтуіне қарсылық білдірді. Бірақта сонымен қатар Черчилль американдықтардан бұл жерлерде теңіз десанттарын түсіруді талап етті, ондағы көздеген мақсаты- американ флотының күшімен өзінің Оңтүстік-Шығыс Азияда айрылып қалған отарларын қайтарып алу еді. Ағылшын әскери қолбасшысы Маунбеттен Рузвельтпен кездесу барысында ағылшын әскери күштеріне АҚШ-ның көмегін көбейтуді талап етті [27, 73.].

Каирдегі  бұл кездесу Еуропадағы фашисттік  блокқа қарсы соғыстағы Ұлыбритания мен АҚШ арасындағы коалициялық стратегия бойынша келіспеушілікті жойған жоқ.

1943 ж. 28 қарашасынан - 1 желтоқсанға дейінгі  өткен Тегеран конференциясында соғыс барысында бірінші рет Кеңес Одағы, Ұлыбритания мен АҚШ-ның мемлекеттік басшылары М.В. Сталиннің, У. Черчилльдің мен Ф. Рузвельттің алғашқы кездесуі өтті.

Мемлекет басшылары келешектегі фашизмге қарсы бағытталған коалицияның өмір сүруі мен іс-әрекеттеріне қатысты бір қатар саяси және әскери проблемаларды қарастырды. Осы қарастырған мәселелердің ішінде ең маңыздысы - Екінші майданға қатысты болды. Оның маңыздылығы - соғыстың шешуші кезеңге көшуіне және оның аяқтауның жолдары мен тәсілдері бойынша алауыздықтарды шешуге байланысты болды.

Тегеран конференциясының ең бірінші пленарлық  мәжілісінде Рузвельт қысқаша түрде Екінші майдан мәселесі бойынша американ-ағылшын келіссөздерінің нәтижелерін баяндап берді. "Біз" - деді Рузвельт, - "бірлескен американ-ағылшын жоспарын соңғы 1,5 жылда жасадық. Ол бойынша біз Ла-Манш каналын өтіп жауды өз территориясында талқандаймыз. Квебек конферөнциясында бекітілген жоспар бойынша, біз бұл әскери операцияны 1944 ж. 1 мамырында ғана бастай аламыз. Егерде біз Жерорталық теңізде ірі десанттық операциялар жүргізсек, онда бұл Ла-Маншты өту операциясын тағы да 2-3 айдан кейін бастауға мәжбүр боламыз. Сондықтан бұл мәселе бойынша Біз кеңестік әріптестерімізден ақылдасқымыз келіп отыр" [28, 127.].

Одан  әрі американ президенті сөзін жалғастырды "Біз Кеңес үкіметі жағынан Жерорталық теңіздегі әскерлерді қалай тиімді пайдалануға болатыны туралы кеңес сұрағымыз келіп отыр". Екінші майданды Ла-Манш бағытында 1944 ж. мамыр және маусым айларынан қалдырмай ашудың қажеттілігін айта келе, Рузвельт кеңес делегациясының назарын американ-ағылшын әскерлерін бұдан басқа аудандардада пайдалануға болатындығы туралы айтты. Оның ойынша, американ-ағылшын әскерлерін Адриатикалық және Эгей теңіздерінің маңында Италияда және де Түрцияда, ол одақтастар жағында Германияға қарсы соғыс жарияласа, пайдалануға болар еді. Американ президенті өз сөзін былайша аяқтады: "Біз Кеңес Одағына көмек көрсетіп Шығыс майдандағы неміс әскерлерін Батыс майданына ауыстыруға дайынбыз. Сондықтан бұл істі жүзеге асыру мәселесі бойынша, кеңестік достарымыздан ақыл-кеңес сұраймыз" [28, 130.]. Бұл Рузвельт баяндаған  Үндеу - ағылшындықтар мен американдықтардың Екінші майдан мәселесіне көзқарастарын білдірген болатын.

И.В. Сталин өзінің Тегеран конференциясында сөйлеген сөзінде кеңес-герман майданындағы жағдайды сипаттап, ағылшын-американ әскерлерінің Еуропаның қай ауданында Екінші майданды ашқаны КСРО-ға пайдалы болатынына өзінің пікірін білдірді. Ол Екінші майданның Италияда ашылуы, одақтастардың кемелерінің Жерорталық теңізде еркін жүзуіне мүмкіндік бергенімен, Германиямен соғысуға ешқандай пайдасының болмайтынын айтты, себебі Альпі қырлары Германияның оңтүстік шекараларын жауып отыр.

"Біздің  есептеуімізше", - деп жариялады  И.В. Сталин, - "ең нәтижелі болатын Екінші майданды Солтүстік немесе Солтүстік-Батыс Францияда ашу. Өте жақсы болар еді егер Түркия одақтастарға жол ашса. Балканнан Германияға жақын болар еді, себебі Альпі қырлары да, бұғазда кедергі болмас еді. Бірақта Германияның ең әлсіз жері Франция. Бұл өте қиын операция болады, Францияда немістер қатты қарсылық көрсетеді, бірақта стратегия жағынан Екінші майданды Франция жерінде ашу - ең дұрыс шешім болады" [28, 132.].

АҚШ пен  Ұлыбританияның әскерлерінің Балканда әскери қимылдарды бастауы әскери тұрғыдан алғанда, Германияны талқандауды тездетуге ешқандай көмек бермес еді. Ол тек Италиядағы сияқты тағы да бір тұрақты әскери майданды ашумен шектелер еді.

Кеңес үкіметінің Екінші майданды Оңтүстік-Шығыс Еуропада ашуға қарсылық білдіруі өте дәлелді  болғандықтан, одақтастар оған келісуге мәжбүр болды.

Одақтас үш мемлекеттің басшылары бекіткен Екінші майдан бойынша әскери келісімде: "Оверлорд" операциясы 1944 ж. мамырда басталып Оңтүстік Франциядағы шабуылмен қатар жүретіні туралы айтылды". Конференцияға қатысушылар маршал Сталиннің "Тура сол уақытта Кеңестік Әскери Күштерінің шабуылға шығып, неміс әскерлеріннің Шығыс майданнан Батыс майданға жіберілмеуіне кедергі жасайтыны" туралы мәлімдемесін ризашылықпен қабылдады.

Сөйтіп  Тегеран конференциясында Екінші майданды ашу туралы мәселе шешілді және Батыс Еуропа майданындағы ағылшын-американ әскерлері мен Шығыс майдандағы Кеңес әскерлерінің қимылдарының бірлесіп жасалуының мақсаттары мен мерзімдері келісілді. Батыс одақтастары Кеңес үкіметіне Екінші майданды Ла-Маншта 1944 ж. мамырынан кешікпей ашатынына кепіл хат берді.

Тегеран конференциясы басталған кезде  АҚШ президенті Кеңес үкіметіне Германиямен соғыс аяқталғаннан кейін оның Жапонияға қарсы соғысқа қатысу мәселесін талқылауды ұсынған болатын. Бірақта американ президенті бұл ұсынысында американ әскерлерінің Курила аралдарында әрекет жасайтыны туралы айтқан болатын.

Кеңес үкіметі  АҚШ-ның Курила аралдарына көз тігуіне  қарсылық білдірді, бірақта Еуропадағы соғысты аяқтағаннан кейін 6 айдан кейін Жапониямен соғысатыны туралы мәлімдеді. У. Черчилль өз мемуарларында, Кеңес үкіметінің бұл шешімінің "ұлы маңызы" болғанын атап көрсетті [29, 60.].

Тегеран конференциясында АҚШ пен Ұлыбритания үкіметтері біртұтас герман мемлекетін жою және оны бөлшектеп жіберу жоспарларын ұсынды, ондағы көздеген мақсаттары - бөлшектеніп кеткен ұсақ герман мемлекеттерінде өз ықпалын жүргізу еді.

АҚШ президенті Рузвельт Германиядан бес автономдық мемлекетті құруды ұсынды: 1) Кішірейтілген Пруссия, 2) Ганновер және Солтүстік-Батыс Германия, 3) Лейпциг районы қосылған Саксония, 4) Гессен-Дармштадт, Гессен-Касель, 5) Бавария, Баден, Вюртембург. Киль каналы мен Гамбург қаласын және Рур мен Саар облыстарын президент БҰҰ қарамағына, яғни АҚШ-тық қол астына беруді ұсынды.

Ағылшындар Германияны 3-ке бөлуді ұсынды: Пруссия, (құрамына Бавария, Вюртембург, Пфальд, Саксония және Баден мемлекеттері кірген) Оңтүстік Германия және Рур. Пруссияны Черчилль ұлттық мемлекет ретінде сақтауға болады деп есептеді. Оңтүстік Германияны ол Дунай конфедерациясына қосып жіберу керек деп есептеді. Рурды Ұлыбританияның билеуші топтары өз ықпалына жатқызып, оның өнеркәсіптік қуатына сүйеніп Еуропа континентінде үстемдік жағдайға жеткісі келді. Кеңес Одағы одақтастарының Германияны бөлшектеп жіберу жоспарларына қарсы шықты [29, 75.].

Тегеран конференциясында Польшаның соғыстан кейінгі шекаралары мәселесі де талқыланды. Конференцияға қатысқан кеңес делегациясь поляктарға немістер батыста тартып алған жерлерін қайтып беру ме Польшаның батыс шекараларын Одер және Нейсе өзендері бойынш белгілеуді ұсынды [29, 76.]. Тегеран конференциясында Иранға қатысты Декларация қабылданды Онда Иран үкіметінің Гитлерге қарсы коалицияға көрсетілген кеме әсіресе өз территориясы арқылы Кеңес Одағына жүктерді өткізуі, жоғар бағаланды. Үш мемлекеттің басшылары Иран мемлекетіне соғыс болып жатқан уақытта және одан кейін де экономикалық көмек көрсететі және де Иранның толық тәуелсіздігін, егеменділігін және территориялы тұтастығын мойындайтынын мәлімдеді [29, 77.]. Тегеран конференциясының тарихи  маңызы - Екінші дүниежүзі соғыс барысындағы Гитлерге қарсы күресуге біріккен одақтас 3 державаларының ортақ стратегияларының келісілуі мен жүргізілуі әскери операциялардың масштабы мен мерзімдер бойынша келісуі болды. Қайтар жолдарында Черчилль мен Рузвельт қайтадан Каи кездесіп, кеңесті. Тегеран конференциясының нәтижелерін талқылау барысында олар келешекте Екінші майдан мәселесін нақты шеше Кеңес үкіметінің алдында алған міндеттемелерді бұлжытпай орындауды емес, қалыптасқан жағдайларға байланысты шешетіні туралы келісімге келді. Өзінің "балқандық стратегиясынан" әлі де бас тартқысы келмеген Черчилльдің ұсынысы бойынша, 1943 ж. 4-6 желтоқсанда Каирде Черчилль, Рузвельт және Түркияның президенті Исмет Иненю қатысқан мәжіліс өтті. Онда Түркияның Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы әскери қимылдарға қатысуы туралы мәселе талқыланды. Американ монополияларының бұл елдегі ықпалын өсіруге ұмтылған АҚШ түрік үкіметіне әскери көмек көрсететінін мәлімдеді. Бірақта бұл мәселе бойынша жалтақтық көсеткен Түркия, одақтастардан қару-жарақ беру мәселесінде тым асқақтаған, орындауға болмайтын талаптар қойды. Түрция үкіметі шын мәнінде Германияға қарсы соғысқа қатысқысы келмеген еді, оның негізгі мақсаты болған - екі қарама-қарсы коалициялармен байланыстарынан өзіне пайда алу еді [30, 37.]. 1943 ж. 1 желтоқсанда АҚШ, Ұлыбритания. мен Қытайдың Каир декларациясы жарияланды Бұл мәлімдемеде үш державаның көздеген мақсаты: "Жапониядан Екінші соғыс басынан бастап Тынық мұхитта басып алған аралдарын тартып алу екені және Қытай республикасына ол тартып алған Маньчжурияны, Формоза және Пескадор аралдарын қайтып беру болғаны" екені жарияланды. Одақтастар әлем жұртшылығын Жапонияны өзінің ашкөздігіне байланысты әскери күштеріне сүйеніп тартып алған барлық территориялардан қуып шығатынына сендірді [31, 27].


Информация о работе Тегеран конференциясы