Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2012 в 21:05, реферат
Қазақстан жері ҮІ ғасырда аса қуатты держава - Түрік қағанатының билігінің астына түсті. Оның басқарушылары ашин руының түрік тайпасы әулетінен шықты. Қағанат құрылуы алдындағы түрік этносының өз қалыптасуы кезеңдесіп ІІІ ғасырдан ІҮ ғасырдың ортасына дейін Ганьсу, Шығыс Түркістан және Алтай аудандарында өтті. Алғаш рет "түрік" этнонимін еске алу қытай жылнамаларында кездеседі және 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді хұндардың ұрпақтары деп санады. Тарихи сахнада Түрік қағанатының пайда болуы Бумын қаған атымен тікелей байланысты. Халық арасында оны "Ел қағаны" немесе "Ілік қаған" (бірінші қаған) деп атады.
Кіріспе
Түрік қағанатының құрылуы, оның екіге бөлінуі
Батыс Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, құлауы
Түргештердің шығу тегі, Түргеш қағанатының күшеюі, әлсіреуі
Қорытынды
Үшелік басқарған жаңа Түргеш қағандығының аумағы оңтүстік-шығыста Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Турфан қалаларына дейін созылып жатты. Үшелік қаған өзінің мемлекетін оң қанаттағы және сол қанаттағы екі ордаға Бес Түрік Дулуға және Бес Нүшбеге) бөліп, бұрынғы Шу өзені бойындағы Батыс Түрік қағанатының астанасы Суяб қаласын негізгі астана жасаса, екінші кіші астана Қойлықты (Күнгітті) Іле бойына орналастырды. Қаған мемлекеттегі ең жоғарғы билеуші болды. Жоғарыда көрсетілгендей, 20 әкімшілік аймақтың әрқайсысында сақадай-сай болып, соғысқа даяр тұрған 7 мың адамдық әскерлер ұсталды. Соғыс жағдайында түргештер 150 мыңнан астам әскер шығара алатын еді.
Түргештер
Түрік түкюлардан шыққандықтан
о бастан-ақ дулу рулар
Ал енді Шығыс түріктеріне келсек, олар өздеріне қандас Түргештердің бөлініп, дербес хандық орнатуларын ашықтан-ашық жаулықпен қабылдады. 708 жылы Үшелік қаған өлгеннен кейін оның баласы Сағаның тұсында Түргештердің Шығыс Түрік қағанатымен қарым-қатынастары ерекше шиеленісіп, ол ақыры ашық қарсы тұруға ұласты. Осының салдарынан Шығыс түріктерінің Түргештерге жасаған екі соғыс жорығы белгілі. Орхон жазуларында Бөгі чор (Қапаған) қағанның тұсында түріктердің Алтай жотасынан асып түсіп, Қара Ертіс арқылы өтіп, Түргештердің ханымен Болчу өзенінде 711 жылы шайқасқаны және осында түргештердің ханы Сақаның өлтірілгені, ал оның әскерінің талқандалғаны туралы айтылған.
Мұның алдында ғана елдің көпшілігінің, дәлірек айтқанда, Сары түргештердің қолдауына сүйенген туған ағасы Сақаның беделін көре алмаған Үшеліктің кіші ұлы Жану Бөгі чордың жағына шығып кеткен еді. Сатқындықты кешірмейтін Бөгі чор оны қолдай қоймай, опасыздығы үшін басын алған болатын. Осы жеңілістен соң Түргештер мен Нүшбелер батысқа қашты. Оларды тоқтату үшін Күлтегін бастаған шығыс түркілерінің әскері жеделдете аттанып, Қара түргештерді (Аз тайпасы басқарған Дулу руларын) өздерінің атамекені Тараз өңіріне қайтарды. Бірақ Сары түргештер (Сары үйсіндер) мен Нүшбелер (Сары қаңлылар) шығыс түріктеріне бәрібір бағынбай, батыстағы елдің ішіне тереңдей еніп кетті.
Осы жерде түсінікті болу үшін айта кетер бір нәрсе, Қытайдың арандатуымен және Түргеш билеушілерінің өзара тартыстарының әсерінен түргештердің тайпалық одақтары екіге бөлініп кетті. О бастан-ақ билікте отырған Сары түргештердің әскери әкімшілік бірлестігінен Аз тайпасы басқарған Дулу рулары бөлініп шықты. Олар биліктен тысқары жергілікті халықты құрағандықтан Қара түргештер деген атау алды. Қытай жылнамаларындағы деректерге қарағанда, түргештердің жоғарыда әңгіме болған ханы Сақаны (708-711 ж.ж.) жақтайтындар Сары түргештер деп аталса, ал Сақадан соң таққа отырған Түргештің Сұлу (қытай деректерінде – Сүлік) қағанына (711-738 ж.ж.) ілескендер Қара түргештер делінетін болды. Сұлу билікте болғанда оның мемлекеті Қара түргеш хандығы деп аталды. Дегенмен де ішкі саясатта кешірімпаз Сұлуға Сары түргештер де және жалпы Он оқ елі біртіндеп түгелдей бағынды. Олардағы халық саны 200 мың адамға жетті. Оның сыртқы саясаты негізінен алғанда Қытаймен де, Тибетпен де бейбіт қатынасты нығайтуға бағытталды. Ал Шығыс түрік қағанатымен жауласу тоқтатылып, туыстық байланыстар жолға қойылды. Рас, мемлекеттің экономикалық жағдайын нығайту үшін ол көршілерге жорықтар жасаудан бас тарта қойған жоқ. Бірде ол Тибетпен одақтасып, Қытайдың төрт қаласын да тонап қайтты. Алайда ол көп кешікпей қытаймен қайтадан бейбіт қатынастар орнатты. Мұндай саясатты мақұлдаған қытай императоры оған өзінің қызын ұзатты және оған 715 жылы «Адал қаған» деген құрметті лауазым берді. Қытайдың Сұлуды бұлай қошеметтеуі дипломатиялық қатынастардың нығая түсуінен туындаған еді. 717 және 734 жылдар аралығында ғана Сұлу Қытайға жеті рет елшілер аттандырып, оларды тарту-таралғыға қарық қылды. Түргештер осылайша өздерінің мемлекетінің Шығыс түріктерімен терезесі тең, егемен ел екендігіне қытайдың көзін жеткізбек болып әрекеттеніп бақты.
Түргештер арасында өзінің ерлігі мен артықшылықтары жөнінде ең ұлы әскербасы Шен руынан шыққан Сұлушор болды. Аса үздік шығыстанушы, түрік танушы В.В.Бартольд ол туралы былай деп жазады: "Батыр Сұлушордың даңқы мен атағына сол кезде Батыс Түрік қағанатын билеген Ашин руында тең келетін ешкім болмады". Және де дәл сол жылдары Түргештер қағанаты Алтайдан Тәңір тауына, Баркөлден Арал теңізіне дейінгі аумақты иемденді. Сұлушордың күшейгені соншалықты, оның игі ниетін Тибет те, қытайдың Таң әулеті де іздеді, олар оған өз хан қыздарын әйелдікке беруге асықты. Және де бірінен-бірі озғысы келді. Түргеш қағанатының екі астанасы болды. ‡лкен астана Суяб қаласы деп аталды, ал кіші астанасы Іле өзенінің жағасында орналасты, бұл Қойлық (Күнғұт) қалашығы болды.
Түргеш қағанатының басты қалалары Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолының бойында орналасуына байланысты керуен саудасы және онымен бірге қағанат халықтарының өмір деңгейі де шапшаң өсті. Сауданың гүлденуі қағанаттың өзінің мемлекеттік ақшасының пайда болуына ықпал етті. Түргештер қағаны ақшаны металдан тиын құюға бұйырды. Ертедегі түргештер қалаларының орнын қаза отырып, археологтер төрт бүрышты, ортасында тесігі бар түргештер қағанатының ақшаларын тапты. Тиындарда жазулар бар, бүл біздер үшін ерекше бағалы; оның бір жағына: "Түргештер қағаны Бай Баға", екінші жағына: "Құны он жебе" деп жазылған. Жазулар Орхон-Енисей жазулары тілінде түсірілген. Теңгелердегі "Он жебе" туралы бүл жазулар он түргеш рулық бірлестіктерінің қүрметіне түсірілгенін білдіреді, өйткені түргештер халқының өздері осылай аталды. Егер теңгелерде бейнеленген "Т" таңбасын жеке алып қарасақ, онда Орхон-Енисей жазуларында "Т" таңба-белгісі "жебе - оқ" дегенді білдіреді, ал белгінің үстіндегі қос дефис "-" "10" цифрын білдіреді.
Және мынаны еске түсіре кету керек. Батыс Түрік қағанатының ыдырау кезеңінде халық он үлысқа (аумаққа) бөлінді және үлыс басшыларының әрқайсысы бір жебе алады, сондықтан түргештер "Он оқ халқы" деп аталады. Батыс түрік қағанатының орнында пайда болған Түргеш қағанатының этникалық қүрамында да үлкен өзгерістер болмады. Түргештердің қытай жылнамашылары олардың қағандарын "Он жебе халқының қағаны" деп атады. Орхон-Енисей жазуларында дәл солай Түргеш қағанаты "Он оқ будун" ("Он жебе халқы") деп аталады.
Кейбір шетелдік зерттеушілер қазақ мемлекеттігі мен қазақ халқы өзінің бастауында Түргеш қағанаты сияқты ірі бірлестікке ие болды, Сырдария мен Әмудария және Жетісу өзендерінің далаларында қазақ этносы негізінде қалыптасқан түргештер ең басты халықтардың бірі болды және "Он оқ халықтары" қазақ халқының қүрамына енген рулар мен тайпалардың ең бастысы болып табылады деп заңды күші бар қорытындылар жасайды.
Жалпы алғанда, Сұлудың бейбітшілікке негізделген саясаты негізгі қарсыластарын қанағаттандырды. Оған қытай императоры тәрізді Тибеттің де, Шығыс түріктің де билеушілері өздерінің қыздарын ұзатты. Сұлу да өз кезегінде оларды алаламай үш елден алған әйелдерін тең ұстап, бәріне бірдей «мәртебелі қатын» лауазымын берді. Алайда Шығыс түркілері Түргеш мемлекетін бәрібір менсіне қойған жоқ. Мұны қытай жылнамаларындағы мынадай деректен де аңғара аламыз: қытайлықтар бірде өздерінің астанасы Чананьда елшілерге арнап қонақасы берді. Дастарқан төріне кім отырады деген мәселеде шығыс түріктері түргештердің төрлеуіне қарсы болды: «Түрік елшісі: «Түргеш кіші ел, тегінде, Түріктің боданы болатын, төрге отыратын жөні жоқ» деді. Сүліктің (Сұлудың – Т.О.) елшісі: «Бүгінгі дастарқан мен үшін жайылып отыр, біз босағада отыруға тиіс емеспіз» деді. Нөкерлік уәзірлік кеңсесі мен барша сарай ұлықтары ақылдаса келіп, олардың араларына шымылдық құрып, екі бөліп отырғызды. Түрік елшілері шығыс жақ төрінен, Түргеш батыс жақ төрінен орын алды. қонақасыдан соң олар мол сыймен қайтарылды». Қандас халықтардың осылайша ата жауларының көзінше екіге жарылып, ашық жауласуы оларға абырой әпере қоймай, түптің түбінде егемендіктен екеуінің де айырылуына алып келді.
Сұлу қағанның өмірінің
соңғы жылдары Талас өзені
бойына баса-көктеп кірген
Алайда бұл
оқиға Жетісу мен Түркістанда
арабтардың күшейе түсуіне
Түргеш мемлекетінің күйреу қасіреті үлкен күреспен қол жеткен егемендікті бағалай білмеудің, саяси тұлғалардың биік лауазым үшін күресті ел мүддесінен жоғары санауларының апатты салдары болып табылады. Бұл тарих тәуелсіздіктен қымбат ештеңе жоқ екендігін тағы да дәлелдеп берді. Десек те, одан тағылым алу қателікке ұрынған бұрынғыларға емес, бүгінгі бізге аса қажет.
Сөйтіп, көшпелі түрік тайпалары құрған Батыс түрік қағанатының орнына төрт күшті мемлекет құрылды. Олар: Төменгі Повольже мен Солтүстік Кавказ жеріндегі Хазар қағанаты, Сырдың орта және төменгі ағысы мен Арал даласында орналасқан Оғыз мемлекеті, Солтүстік шығыс және Орталық Қазақстанда Кимек қағанаты, ал Батыс Түрік қағанатының негізгі орталығы болған Жетісу жерінде қарлұқтардың мемлекеті онады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: