Веналық жүйе
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 19:34, лекция
Описание
Наполеонды жеңгеннен кейін барлық еуропалық державалардың өкілдері(Туркиядан басқа) Еуропада феодалдық тәртіпті және наполеондық соғыс барысында құлатылған бірқатар бұрынғы әулеттерді қайта қалпына келтіру мәселелеріне байланысты шешім қабылдау үшін Австрия астанасында жиналды. Бұл конгресс қатысушыларын тағы да бір ортақ міндет біріктірген еді — ол революциялық және демократиялық қозғалыстармен күрес.
Работа состоит из 1 файл
Абылай хан
атындағы халықаралық қатынастар және
әлем тілдері университеті
Халықаралық
қатынастардың Веналық
жүйесінің қалыптасуы
- Наполеонды
жеңгеннен кейін барлық еуропалық державалардың
өкілдері(Туркиядан басқа) Еуропада феодалдық
тәртіпті және наполеондық соғыс барысында
құлатылған бірқатар бұрынғы әулеттерді
қайта қалпына келтіру мәселелеріне байланысты
шешім қабылдау үшін Австрия астанасында
жиналды. Бұл конгресс қатысушыларын тағы
да бір ортақ міндет біріктірген еді —
ол революциялық және демократиялық қозғалыстармен
күрес.
- 23 қыркүйекте,1814ж.
1 қазанына белгіленген конгресс ашылуына
бір апта қалғанға дейін, Венаға басқа
француздық дипломаттармен қатар XVIII Людовиктің
сыртқы істер министрі князь Талейран-Перигор
келді. Александр Талейранды
жақсы танитын еді. Оның
патшадан бірнеше рет
ақша сұрап алып, бермеген
жағдайда ренжімейтіндігі
бекер емес еді. Бірақ
Талейранның барынша
ақылдылығы, икемділігі,
тапқырлығы, адамдарды
тани білуі оны өте қауіпті
қарсыласқа айналдырды.
Талейран ұстанымының
әлсіз жағы оның Вена
конгресінде жеңілген
жақтың өкілі болғандығында
еді.Талейран Венаға
келген сәтінде конгрестің
басты назары қандай
проблемаға ауатынын
білген болатын, бұл
басты польша-саксон
мәселесі еді.
- Наполеон
шегінгеннен кейін әскері Вершава герцогтығын
басып алған Александр герцогтықты ешкімге
де бермейтінін ашық айтты. Бұл герцогтық,
негізінен, Польшаның үш бөлінісінен кейін
Пруссия жаулап алған жерлерден тұрған,
кейін, 1807ж. Наполеон тартып алғандықтан,
Пруссия королі III Вильгельм Пруссияға
Саксония корольдігін біріктіру түрінде
компенсация алуға үміттенді. Александр
бұл шартпен келісті, оның үстіне Саксония
королінің иеліктерін оның ұзақ уақыт
бойы Наполеонның одақтасы болғандығы
үшін жаза ретінде тартып алуды жоспарлады.
- Талейран дәл
осы негізде күрес ашудың пайдалы болатындығын
бірден байқай алды. Ал дипломатиялық
күрес Талейранның негізгі мақсатына
жету үшін барынша қажет еді: Шомон одағын
күйрету,яғни,басқаша сөзбен айтқанда,
Австрия, Англия, Ресей және Пруссия арасына
жік салу.
- 1814ж. Сәуір-мамырында
Ресей орыс үкіметінің қарамағындағы
әскери күші жағынан ойсыраған, әлсіреген,
континенталды Еуропаның басқа мемлекеттерінің
барлығынан мықты еді. Осыған байланысты
Меттерних конгресті күзге қалдырып,Австрияның
біршама есін жинауына мүмкіндік беруге
жағдай жасады. Александр Меттернихті
барынша жек көргеніні және оның онымен
бірге Реснйге жаугершілік көзқарастағы
лорд Кэстльри мен француз королі XVIII Людовиктің
қаскүнемдігін біліп отырғанына қарамастан,конгресті
кейін қалдыруына келісті. Олардың барлығын
Александр Еуропаның жаңа билеушісінің
рөлін орындағысы келуі мүмкін деген ой
қатты алаңдатты.
- Талейран Венаға
кемей тұрып,Францияның мүддесі тұрғысынан
«легитимизм принципін» ұсынуды ойлады.Бұл
принциптің мәні: Вена конгресіне жиналған
дипломаттарды Еуропа жерлерін қайта
бөлу мен территориялық шекараларды өзгерту
барысында революциялық соғыстар басталғанға
дейін, яғни 1792ж дейін заңды түрде болған
нәрсені өзгеріссіз қалдыруға көндіру.Ол
Польшаны Ресейге, Саксонияны Пруссияға
бергісі келмей, осы принцип арқылы Франция
территориясының тұтастығын сақтап қалғысы
келді. Бірақ Талейранды Меттерних пен
Кэстльри қолдамады.1814ж қазанда Талейран
император Александрға келіп, «легитимизм
принципін» ұсынды.Онда Ресейдің соғысқа
дейінгі иелігіне кірмеген Польша
бөлігінен бас тартуы керек делінгені
Александрға ұнамады. Бұл кездесу Александрдың
«Одан да соғыс!» деген сөзімен бітті.
- Одан кейін лорд
Кэстльримен келіссөз жүргізілді.I Александр
оған «Польшаны бөлу кезіндегі жіберілген
моральдық күнәмді жөндеймін» деді.Александр
осы Вена конгресінде Польша территориясының
өзінің әскері 1814ж басып алған бөлігінен
Польша корольдігін құрып, өзі конституциялық
монарх болды.Ол бұл корольдікке Белосток
және Тарнополь округін қосады.Кэстльри
патшаның Польшаға бергісі келіп отырған
конституцияны «либералды», Австрия мен
Пруссияға қауіпті деп таныды. Англия
министрі де Кэстльридің сөзін айтты.Австрия
канцлері де өте қатты қауіптенді.
- Конгресс жұмысы
ішкі күрестің кесірінен алға жылжымай
койды. Сол кезде Талейран бұрынғы мақсатын
ойлап,тактикасын өзгертті: жеңіскерлер
қатарында алауызды тереңдету. Франция
болса,Ресейдің кушеюіне қарсы емес, ал
өзінің тікелей көршісі және қарсыласы
Пруссияның күшеюіне қарсы еді.Сондықтан
Талейран Александрға Саксонияның Пруссия
короліне берілуіне қарсы екендігін мәлімдеді.
Ал III Фридрих Вильгельмге Саксонияны
беруге сөз берілген еді. Ресейдің күшеюіне
кедергі келтіруге ұмтылып,Кэстльри мен
Меттерних Франциямен жасырын одақ құрады.
- 1815ж 3 қаңтарында
жасырын келісімге үш держава өкілдері
қол қойды: Австрия,Франция мен Англия
(Пруссия мен Ресейге қарсы) еді. Бұл келісімнің
саксондық жобаға қарсы қуатты күшейткені
соншалықты, Александрдың ажырауға барудан,мүмкін
соғысқа кіруден немесе келісуден басқа
амалы қалмады. Содан ол Пруссияға Саксонияның
тек бір бөлігін беруге келісім берді.
- Вена конгресі
Германияның саяси бытыраңқылығын
бекітті.Александр,
Меттерних Германияның
феодалдық бөлшектелгенін
бекіту жөн деп санады.
Англия бұған бейтарап
қарады,ал Пруссия араласуға
әлсіз болды.Вена конгресі
қайраткерлерінің барлық
ой шабыты барлық жақтың
да көтеріліп келе жатқан
буржуазия мүдделеріне
қандай да бір жеңілдік
жасағысы келмейтіндіктерін
дәлелдейді;неміс халқының
Германияның бірігуіне
артқан үмітінің күл-талқан
болуы реакцияның салтанат
құруындағы тағы бір
сипатты сызық болды.
Информация о работе Веналық жүйе