XIV—XV ғғ ортағасырлық мемлекеттер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 21:04, реферат

Описание

Моңғол жаулаушылығының тым ауыр экономикалық зардабы бірте-бірте жойылып, жөнделе бастайды. Қазақстанның оңтүстігіндегі егіншілік кәсібі, қала өмірі, қолөнері өндірісі, оңтүстік-шығыстағы жер өңдеп, егін салу қайта туып, өркен жаяды, мал саны көбейеді. Орталық Қазақстан мен Жетісу далалық аудандарының Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияның көгалды аймақтарымен жүргізетін сауда байланыстары қалпына келтіріледі. Қоғамдық қарым-қатынастар дамуында да бірсыпыра алға басушылық байқалады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Ақорданың саяси тарихы.
ә) Монғолстан мемлекеті.
б) Ноғай ордасы.
ІІІ. Қорытынды.

Работа состоит из  1 файл

127 XIV—XV ғғ ортағасырлық мемлекеттер.doc

— 99.00 Кб (Скачать документ)

Жоспар

 

І. Кіріспе

 

ІІ. Негізгі  бөлім.

а) Ақорданың  саяси тарихы.

ә) Монғолстан мемлекеті.

б) Ноғай ордасы.

 

ІІІ. Қорытынды.

 

 

 

 

XIV-XV ғғ. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР

Саяси тарихы

Қазақстан тарихында XIV—XV ғғ. айрықша орын алады: бұл кезде әр алуан түріктілді және моңғолтілді этникалық топтардан қазақ халқының өзінің құрылу процесі аяқталып, оның мемлекеттігі жергілікті этникалық негізде қалпына келтіріледі. Моңғол ұлыстатары құрамына зорлықпен енгізілген халықтар мен елдердің, облыстардың дербес дамуы жолындағы күресі, олардың ішкі өміріндегі өзгерістер Алтын Орда мен Шағатай ұрпақтары мемлекетінің азып-тозып ыдырау процесін тездетеді, моңғол өктемдігі орнағаннан кейінгі Қазақстан территориясы осынау екі мемлекет құрамына кірген еді. Моңғол жаулаушылығының тым ауыр экономикалық зардабы бірте-бірте жойылып, жөнделе бастайды. Қазақстанның оңтүстігіндегі егіншілік кәсібі, қала өмірі, қолөнері өндірісі, оңтүстік-шығыстағы жер өңдеп, егін салу қайта туып, өркен жаяды, мал саны көбейеді. Орталық Қазақстан мен Жетісу далалық аудандарының Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияның көгалды аймақтарымен жүргізетін сауда байланыстары қалпына келтіріледі. Қоғамдық қарым-қатынастар дамуында да бірсыпыра алға басушылық байқалады.

Моңғолдан кейінгі кезең (XIV—XV ғғ.) Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу мен Оңтүстік Казақстанның (парсы және түріктілді бастаухаттарда Казақстанның бұл бөлегі Түркістан деп аталады) орасан кең территориясындағы  көшпелі  және  жартылай  көшпелі отырықшы-егінші халықтың бас қосып бірігуімен сипатталады.

Бірыңғай халық пен оның мемлекеттігін құру жолындағы тарихи қам-харекеттің дамуы аймақтың саяси бытыраңқылығын болдырмау ісінің аса қиын жағдайында өтеді. Қазақстан тарихынын осынау аса күрделі кезеңінің бастапқы кезінде моңғол ұлыстары — Шыңғыс ұрпақтарының Дешті-Қыпшақ пен Орта Азиядағы (Мауараннахр) еншіліктері ыдырайды да, соңғы кезінде қазақтың өз мемлекеті — Қазақ хандығы құрылады. Моңғол дәуірінен соң осы аймақ халқының саяси өмірінің дамуы жергілікті этникалық негізде пайда болған бірнеше мемлекеттік құрылымның оңашалануы арқылы өтеді: олар Ақ орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті), Ноғай ордасы. XIV ғ. мен XV ғ. бас кезіндегі Қазақстан халқының мемлекеттік бытыраңқылығының сақталып қалуы — енді ғана құрылып жатқан қазақ халқы этникалық жолының, үш жүздің түзілуі сияқты, ерекшелігінің тууына себепші болғанын да атап өту қажет. Сол сияқты тарихи дамудың сол кезеңінде ілгеріде айтылған мемлекеттер шеңберіндегі этникалық-саяси эволюция процесі жаңа ұйымдасып жатқан көрші түрік халықтары — қазақ, өзбек, қырғыз, татар, ноғай т. б. үшін де — белгілі дәрежеде ортақ болып шыққаны да мәнді құбылыс.

Шығыс Дешті-Қыпшақ жерінде  XIII ғ. орта кезі мен XV ғ. бірінші ширегінде Ақ орда мемлекеті болады. Рашид әд-Диннің жазуына қарағанда (XIV ғ.), Жошы ұлысының шығыс бөлегін (сол қанатын), әкесінің көзі тірісінде, үш інісімен бірге, Жошының үлкен ұлы Орда (Орда Ежен, Орда Ичен) алады.

Әбілғазының айтуынша (XVII ғ.) осыңау жерді оған інісі Батухан XIIIғ. орта кезінде бөліп береді. Орданың мирасқорлары іс жүзінде дербес билеушілер болады. Рашид әд-Динге жүгінсек, Батухан ұрпағының вассалымыз деп сөз жүзінде ғана мойындайтын «өз ұлысының тәуелсіз алдиярлары» болады.

Ақорданың кемеліне келіп, толысқан шағы XIV ғ. екінші жартысы, бірақ оның территориясы Алтын Ордаға тәуелділігі әлсіреуіне орай, бірте-бірте кеңейіп қалыптасады. Орда Еженнің ұлысына әуелгі кезде Жетісудің солтүстік-шығыс бөлегі, Ертіс өңірі, Ұлытау мен Кентауға дейінгі дала кіреді. Жайық, Ырғыз, Торғай, Тобыл мен Сарысу өзендері алқаптарында, Арал өңірінің даласы мен Төменгі Сырдария бойында Жошының тағы бір ұлы — Шәйбанның ұлысы болды. Плано Карпинидің айтуынша, XIII ғ. орта кезінде Орда қосыны Ертіс бойында, Алакөл маңында болған. XIV ғ. Орда Ежен ұрпағы билеушілерінің өкімі Шәйбан ұлысына да яғни кәзіргі Қазақстанның күллі жеріне жүрген, оған тек Шағатай мемлекетінде, сосын Моғолстан құрамында болған Жетісу ғана енбеген. Енді Ақорданың саяси орталығы Қазақстанның оңтүстігіне көшеді де, Сығнақ қаласы астана болады. Әсілі, осы оқиғаға байланысты мемлекеттің аты өзгергенге ұқсайды: бірқатар зерттеушілер Қазақстан жеріндегі осы бір мемлекетті Көк Орда деп атайды. Teгі, Орда Ежен иелігінің аты бастапқы кезде Көкорда, ал Шәйбанның ұлысы — Ақорда деп аталса керек. (Бәлкім, Батуханның бүкіл иелігі — Шәйбан ұлысын да қоса — Ақорда деп аталса керек). Шәйбан ұлысы Орда ұрпақтары иелігі құрамына кіргеннен кейін, бүкіл мемлекет Ақорда деп аталып кетеді. Тарихи деректерде бұл атау XV ғ. бастап белгілі (Муин әд-Дин Натанзи т. б. авторлар). XIV ғ. соңынан бастап Ақорда жері, сол сияқты, Өзбек ұлысы деп аталады.

Ақорда дербес мемлекет ретінде, моңғолдан соңғы кезеңде, шаруашылық қайта түлеп жанғыра бастаған, жергілікті түрік және түріктенген ақсүйектер рөлі күшейген жағдайда туып қалыптасты. Онда ежелден Қазақстан даласын мекендеген түрік тілді тайпалар және Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде Шығыс аудандардан осы араға ауып келгендер тұратын. Соңғылары ішінде түрік рулары тайпаларымен бірге, түріктенген моңғол тайпалары да бар еді. Бұл жерді қыпшақтар мен наймандар, үйсіндер мен арғындар, қарлықтар мен керейттер (керейлер), қаңлылар мен қоңыраттар, маңғыттар т.б. көптеген тайпалар қоныс еткен еді.

Ақорданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен  жеке меншіктің түрлері толығынан  анықталды. Көшпелі аудандарда мал жеке меншік деп саналып және сол қыруар мал дала алпауыттарының қолында жинақталып тұрған жағдайда, жайылымдық жер қауымның иелігінде деп қанша айтылғанымен, өріс-қонысты еркін билеуге хұқы бар текті байбағландар сол жердің нағыз қожасына айналады. Деректерде Ақ орда елінде ақсүйектер жер иеленушілігінің инджу, милк, сойтұрғал сияқты түрлері болғаны және тархандық сый-тарту да белгілі болғаны айтылады. Қатардағы көшпелілер мен жер иеленушілерді қанау түрлерінің кейбірі дерек беттеріне де түсіріледі, мәселен, Ақорданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп, әртүрлі парыз-қарыздарды да өтеп тұрған. Соғыстар мен өзара қырқыс халық бұқарасының хал-ақуалын қиындата түседі. Мемлекетті Орда Ежен тегінен шыққан хан басқарады, оған Жошы әулеті еншілігінің иелері (ұғландар) мен ірі-ірі көшпелі ақсүйектер (бектер, әмірлер, баһадүрлер) бағынған, олар өздерінің еншіліктері мен қарауындағы тайпаларға әкімшілік-саяси билікті жүргізіп тұрған.

Ақорданың саяси тарихы бірінші кезеңде Шығыс Дешті-Қыпшақ жерін Алтын Орданың билігінен азат ету жолындағы ұзақ күреспен өтеді, кейінірек Ақ орда хандары Алтын Орда ісіне араласып кетеді, ал өз тарихының соңғы-түйінді кезінде Мауараннахр билеушісі әмір Темір мен Темір ұрпақтарының басқыншылығына қарсы күреседі. Алтын Ордаға сырттай тәуелді болудан бұлар XIV ғ. орта кезінде Ерзен хан мен Мүбәрак қожа (1320—1344 жж.) тұсында ғана біржолата құтылады. Ақ орда XIV ғ. 60-70 жж. билік құрған Орыс хан кезінде кәдімгідей нығаяды. Темір жаулаушылығына қарсы күрестің негізгі ауыр салмағы соған түседі.

XIV ғ. соңғы ширегінде және XV ғ. бас кезінде, көрші Моғалстан мемлекеті сияқты, Ақ орда да әмір Темір әскерінің шапқыншылығына әденеше рет ұшырайды.                                                

Әмір Темірдің шыққан тегі — түріктеніп кеткен моңғол тайпасы  Барластан, ол XIV г. 60-жж. Мауараннахрда етек алған феодалдық ішкі қырқыстар мен соғыстар кезінде жұлқынып алға шығады. 1370 ж. ол өкіметті тартып алып, Орта Азияны жалғыз өзі 35 жыл бойы билейді. Осынау жылдар көрші облыстар мен елдерге жасалған басқыншылық, талау-тонау соғыстарына, бүкіл әлемдік империя құру ұмтылыстарына толы жылдар болады. Ол аса ірі жаулаушылық соғыстарды барып тұрған қатыгез, тағылық тәсілдермен жүргізді.

Орта Азияны біріктіру қимыл-әрекеттерімен бірге ол Шығыс Дешті-Қыпшақтың Жетісу мен Тән-шән жерлерін талау, басып алу мақсатында әскер жұмсап, шапқыншылықтар жасап отырды. Солтүстік пен Батыс жақта Темірдің жаулап алу жоспарына құдыретті Алтын Орда кедергі жасады. Бірақ, оның бел омыртқасын үзуден бұрын Темір әуелі Мауараннахрдың көршілері — Ақ орда мен Моңғолстанға семсер салды. Орта Азиядан тыс жатқан жерден бірінші етіп, Темір солардың шебіне басып кірді.

Ақ орда мен Моғолстанның шаруашылық және саяси тәуелсіздігін нығайту жолындағы қам-харекетіне кесірін тигізу үшін Темір 70—80 жж. осынау мемлекеттердің жеріне он шақты рет шапқыншылық жасайды. Соның саладарынан екі мемлекеттің екеуі де әлсіреп қалады, қыруар халықты қырғынға салып тұтқын етіп айдап кетеді, бағалы заттар тоналып-таланып алынады, мал саны күрт кемиді, отырықшы-егіншілік  шаруашылығы одан да бетер ойрандалады. Темірдің Ақ орда мен Моғолстанға қарсы жүргізген басқыншылық саясаты жеке халық болып құрылып жатқан қазақ, қырғыз тайпаларының этникалық бірігуін және мемлекет болып дамуын тұсаулап тастады. Сырттай алғанда далалық жерлер Темір империясына қосылмағанымен, Шығыс Дешті-Қыпшақ көшпелілері үшін өмірлік маңызы бар өлке, Сығнақ, Отырау, Сауран, Яссы, Сайрам сияқты қалаларымен қоса Оңтүстік Қазақстан дұшпанның қарауына кетеді. Ақ орда мен Моңғолстанның дербестігіне қатты соққы беріледі. (Ақ ордадағы өкімет билігін Темірдің қолғанаты — Тоқтамыс тартып алады. Ақ орданың материалдық және әскери қорына сүйене отырып, 1380 ж. Тоқтамыс Жошы ұлысының батыс бөлегін жаулап алады да, Темірдің қамқор-қамтуынан босануға тырысады. Бірақ 1389, 1391 және 1395 жж. жасаған аса үлкен үш жорықтан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қиратылады. Алтын Ордаға жортуыл жасағанда Темір әскері Қазақстан, Кавказ бен Оңтүсгік орыс ел-жұртын ақсирақ етіп талап, жұтатып кетеді. Алтын Орданың Еділ бойы мен Қырымдағы ірі қалалары (Сарай, Берке, Астрахань, Азов т. б.) түгел талқандалады, бұл осынау облыстарда шаруашылық тіршілігі мен транзиттік сауданы тұралатып тастайды. Оңтүстік Қазақстанның қалалары да экономикалық жағынан көп зиян шегеді. Темір ғұмырының соңғы кезінде оның хисапсыз көп соғыстар арқасында орнатқан мемлекетінің құрамына Мауараннахр мен Түркістаннан (Оңтүстік Қазақстан), Хорезмнен басқа, Иран мен Ирак, Ауғанстан, Кавказдың аржағы мен Үндістанның бір бөлек жері енеді. 1404—1405 жж. қысында Темір Оңтүстік Қазақстан арқылы Қытайға орасан қалың қолды аттандырып, тағы да Моңғолстан жеріне келіп кіреді. Бірақ 1405 ж. ақпанда Отырарда қайтыс болады.

Темірдің басқыншылық  соғыстары мен ішкі талас-тартыстан XIV ғ. аяғы мен XV ғ. бас кезінде Ақ орда әлсіреп қалады. 1423—24—1428 жж. Орысханның немересі Барақ біраз уақыт бойы Ақ ордадағы өз әулетінің билігін қалпына келтіреді, бірақ ол көп ұзамай қаза табады, сосын Ақ орданың басым бөлегінің билігі Шайбан ұрпағы Әбілқайырдың қолына көшеді. Орысхан мен Барақ ұрпақтары XV ғ. екінші ширегінде Қазақстанның оңтүстік аудандарында өз өкіметін сақтап қалады.

Саяси жағынан іс жүзінде  дербес, экономикалық жағынан тәуелсіз болған, сыртқы саясатта өзіндік бағыт-бағдары, билеуші хандарының әулеттік жөн-жосығы бар Ақ орда мемлекеттік бірлестігі XIV—XV ғғ. Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Түркістан жеріндегі этникалық топтардың, тайпалар мен халықтардың бастарын қосып, біріктіруде маңызды рөл атқарды.                                  

XIV ғ. орта кезі мен XVI ғ. бас кезінде Оңтүстік-Шығыс Қазақстан -Шағатай мемлекетінің ыдырап кетуі салдарынан — Орта Азияның солтүстік-шығысында, Жетісу мен  Шығыс Түркістанда құрылған Моғолстан мемлекетіне кіреді. Моғолстан мемлекетінің пайда болу себептері Орта Азия аймағында, Дешті-Қыпшақтың шығысы мен Шығыс Түркістанда Шыңғыс әулетінің моңғолдық иеліктері бытырап кетуі процесінде пайда болған басқа да мемлекеттердің оқшауланып шыға келуі себептерімен бірдей. Шаруашылық-әлеуметтік, саяси және мәдени-тарихи дамуының деңгейі әртүрлі, әралуан этникалық қауым мекендейтін облыстарды жасанды түрде қолдан қосудан құрылған, моңғолдың орасан зор, бірақ осал мемлекеттері — ұлыстары жүре келе шаруашылығы мен этникалық негіздері бұрынғыдан гөрі анығырақ, тарихи шартты түрдегі феодалдық иеліктерге бөлініп кетеді. Бұған өңдіргіш күштерінің, іркес-тіркес болса да, бірте-бірте қалпына келуі, этникалық процестегі моңғолдарға қарсы күрес барысында анықталып, нығая түскен бірлесу, ынтымақтасу ағымы себепші болады. Мемлекет ішінде өз билігін бекітуге ұмтылған жергілікті феодалдық бай-бағландар рөлі арта бастайды.

XIII ғ. 70-жж. Үгедей мен Шағатай ұлыстарында пайда болып, Алтайдан Сырдария мен Амударияға дейінгі жерді алып жатқан Хайду мемлекеті со бөлектену жолындағы белесті бір кезең еді. XIV ғ. орта кезінде жоғарыда айтылған себептер бұл мемлекеттің де ыдырауына әкеліп соқты. Мауараннахрдың батыс бөлігінде 50-60 жж. феодалдық ыдыраушылық әрекеті жойылып, әмір Темір мемлекеті құрылады. Ал, оның шығыс бөлігі Моғолстанда аса ірі дулаттар тайпасының әмір Болатша бастаған феодалдық тектілері 1347—1348 жж. жаңа мемлекеттің хан тағына Шағатай ұрпағы Тоғлық Темірді отырғызады, ол Моғолстан билеушілерінің, кейінірек XIV ғ. Қашғариядағы Моғолдар билеушілерінің тұрақты әулетінің негізін салады.                                                                    

Моғолстан мемлекетінің шекарасы өзі өмір сүрген бір жарым ғасыр  бойы ұдайы өзгеріп отырады. Оның құрамына Моғолстанның өзі және Шығыс  Түркістанның, деректерде Манғылай-Сүбе деп аталатын бөлігі бағынышты еншілік ретінде енетін. Бұл өңір дулат әмірі Болатша мен оның ұрпақтарының мұралық еншілігі болатын. «Моғолстан» тарихи-географиялық термині «моғол» атауынан шыққан. «Моңғол» есімі Орта Азия мен Казақстанда түрік және парсы тілдеріндегі тарихи туындылардың бірінде «моғол» деп айтылып, жазылатын болған. Оңтүстік-Шығыс Казақстанның Кырғызстанмен Шығыс Түркістанның теріскей бөлігіндегі орасан мол аймақты Шағатай ұлысының кезінде де тап осылай деп атайтын, өйткені отырықшы-егінші Мауараннахрға қарағанда, мұндай көшпелілердің салт-дәстүрі берік сақталғанды және бұл араға ауып келген моңғолдар саны басқа аудандардан гөрі көбірек болатын.

Моғолстанның өз шекаралары батыстағы Ташкент пен Түркістан  уәлаяттарынан шығыстағы Баркел мен Хами қаласына дейінгі; солтүстікте Балқаш, Тарбағатай мен Қара Ертістен оңтүстіктегі Ферғана мен Қашғарияның егінді аймақтарына дейін созылып жатқан «7—8 айлық жол» болатын. Манғылай-Сүбе еншілігіне Қашғария мен Қырғыстанның оңтүстік бөлегі енетін, мұнда Қашғар, Хотан, Қашан, Ақсу, Ақсикет, Атбасы сияқты қалалар бар еді. Моғолстан халқының құрамында дулаттар, қаңлылар (бекшіктер), керейттер (керейлер), үйсіндер мен аркенүттар, баариндер мен арлаттар, барластар ж. б., түрік және түріктенген моңғол тайпалары бартұғын, олар «моғолдар» атты түрік тілді этникалық-саяси қауымдастық басын құрайтын. Осынау тайпалардың Жетісуды жайлайтын едәуір бөлегі кейін қазақ халқының құрамына енеді, ал оның Тән-шән өңірі мен Шығыс Түркістанды мекендейтін екінші бөлегі қырғыздар мен ұйғырлар құрамына кетеді.

Моғолстанда мемлекеттің  саяси басшысы және жер-судың  жоғарғы иесі хан болған. Ақ ордадағы сияқты, мұнда да ақсүйек бай-бағландар жерді шартты иеленудің икта, инджу, сойұрғал сияқты түрлерін пайдаланған. Көшпелі аудандарда жер қауымның қарауында болған. Бірақ мал алпауыт ақсүйектер қолында (деректер ондаған, тіпті жүздеген мың малға бір кісінің қожалық еткенін айтады) шоғырланғандығы себепті көшпелі аудандарда қоныс-өрістердің бәрі шынында да солардың меншігінде болған. Жайылымдарға иелік ету хұқы бекініс салдырған кісілерге де жиі-жиі беріліп отырған.

Моғолстанның көшпелі  ақсүйектері мен қатардағы көшпелілер арасында, сол сияқты Қашғариядағы отырықшы егіншілер арасындағы қайшылық күшейе түседі. Соңғылары, хандар қолынан еншілікқе тұтас аудандарды, қалаларымен қоса, олардан өз пайдасына салық жинау хұқын алған көшпелі ақсүйектер билігіне өтіп отырған. Қала мен ауыл тұрғынынан, егінші мен көшпелі халықтан алынатын салықтар, деректерде жазылғандай-ақ, қалан, күпшір, зекет, тағар, баж және қарадж деп аталған. Халық әртүрлі міндетті: әскери, кірешілік, еңбек (биғар), почта т.б. міндеттерді атқарған. Еншіліктерді қайта бөлуге бағытталған соғыстар мен өзара қырқыстар халық бұқарасының халін ауырлата береді. Мемлекетті басқару ісінде ханға ұлысбек көмектеседі (дәстүр бойынша ол дулат тайпасы әмірлерінен тандалып отырған), хан қасында ақсүйектер кеңесі болған. Мемлекеттің отырықшы — егінші бөлегінде шенеуніктер аппараты көбейеді, әсіресе, алым-салық жинау мен әскери күштерді ұйымдастыру жағында күшейеді.

Информация о работе XIV—XV ғғ ортағасырлық мемлекеттер