XIX ғасырдың I жартысындағы ресми іс қағаздар тілі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 15:24, реферат

Описание

XIX ғасырдың бірінші жартысы патша үкіметінің Қазақстан жерін отарлау әрекетінің ең бір шешуші кезеңі болды. Қазақ даласының көптеген жері Россия империясының құрамына кірді. Ел басқару билігін патша өз қолына алды. Орта жүз бен Сібірді мекендеген қазақтар үшін 1822 жылы "Сібір қазақтары туралы Устав" шығарылды. Бұл Устав 1860 жылға дейін күшінде болды. 1831 жылы Кіші жүз қазақтарын билеу үшін "Ел басқарудың дистанциялық системасы" деген құжат шығарылды.

Работа состоит из  1 файл

XIX ғасырдың I жартысындағы ресми іс қағаздар тілі.doc

— 78.50 Кб (Скачать документ)

    Исатай  Тайманұлының көтерілісі, 157-бет. 

    1832 жылғы 18 маусым. Сүйік Абылайханов сүлтанның Қазақ хандығы тарапынан қазақ халқынан алым-салық жинау туралы Омбы облысының губернаторына хатынан

    ...Жоғары  дәрежелі Сізге қоқандықтардың  ұлы мәртебелі тақсыр императордың  бодандары болып табылатын маған  қарасты қырғыздардан қазір 50 және 40 қойдан біздің ешбір келісімімізсіз бір-біреуден баж салығын жинап алғанын хабарлай аламын, соның салдарынан көз жастарын көл етіп, егер біз шын мәнінде Ресейдің боданы болсақ, оның тарапынан ешқандай қорғау болмай отырғаны неліктен? — деседі. Сол себепті барлық жақсы билер жиналып, менен жоғары дәрежелі Сізге өздері және халық үшін ізгі ниет білдіруге өтініш жасауды сұрады. Тағы бір айтатыным: қоқандықтар Алматы өзенінің ағысы бойынша, Ақсары өзеніне жақын қара қырғыздар қонысына айналасы 80 сажын, қалындығы 2 аршын болатын қорған салды, онда бір дуан бегі және онымен бірге 100 адамға жететін әскері бар. Құлан және Әли сұлтандарды еріксіз әкетіп, сол қорғанда қалдырды, қазір онда не болып жатқаны бір құдайға ғана мәлім. Ал біз өз тарапымыздан олардан қатты қорқамыз, өйткені біздің Ресей боданы екенімізді білген олардың бізге қандай болса да зұлымдық істеуі мүмкін...

    Осыны куәлаңдырып, 8-класты сұлтан Сүйік  Абылайханов өз мөрін басты.

    "XVIII-XIX ғасырлардағы қазак-орыс қатынастары

      (1771—1867жж.)", қүжаттар жинағы, 262-бет. 

    1832 жылғы 5 шілде. Сүйік Абылайханов сұлтанның Қоқан езгісінің күшейгені туралы Омбы облысының губернаторына хатынан

    ... Біздің болысымыз қаптағайлықтар мен садырлықтардың көп малды барымталап әкетуі салдарынан қазір қатты күйзеліске ұшырады; болыстың өзі қоныстанған жерінен Іле өзенінің арғы жағына қуып тасталды; сонан соң Қоқан ханымен құшбектің әмірімен бізге келген сансыз көп жасауылдар бізді  өздеріне бодан болып, салық төлеуге әмір етті. Егер біз қол құсырмайтын және салық төлемейтін болсақ,, олар біздің бүкіл болысымызды тонауға салатын болды, сондықтан оларға салық төлеуге мәжбүр болдық; бұл өткен жылы болған еді. Ал биыл, бізге Ташкенттің құшбегінен дуан бегі Құдайберді басқарған 300 адам тағы да келіп, барлық болыстарды аралап жүр, салық, жинап, түрлі реніштер туғызуда...

    "XVII-XIX ғасырлардағы қазақ,-орыс қатынастары

      (1771—1868 жж.) " құжаттар жинағы,

     262—263-беттвр. 

    1847 жылғы 20 тамыз. Жанқожа Нұрмұхаметов батырдың Райым бекінісінің бастығы подполковник Ерофеевке Хиуа феодалдарының қазақтарға шабуылы туралы хаты

    Аса қадірлі подполковник Ерофеев! Мен Сізге аса тағзым ете отырып, мыналарды хабарлаймын: Қожа Нияз бастаған хиуалықтар, Жанғазы және Ілкей сұлтанды жақтайтын қырғыздар бекіністе көп болып жиналып, осы жақка өтті; менің қырғыздарымды талап, тонап жүр; оларды бәріңді қырып тастаймыз деп қорқытады. Қырғыздар бұдан өте қорқады, сондықтан да көпшілігі арғы бетке көшіп жатыр, мен оларды  еш тоқтата алар емеспін. Маған адал болып қалған 1000 шаңырак, болатын қырғыздарға хиуалықтар мен Жанғазының адамдары шабуыл жасады, олардың барлық мүлкін тонап алып, барлық малын айдап, балалары мен қарттарын тұтқындап жетті. Сөйтіп, 1000-нан астам үй күйзеліске ұшырады, олардан 21 әйел мен бала айдап әкетілді, 30 баласы мен қызы суға тасталды. Мен қарауылға жіберген 5 адамды олар ұстап алыпты; олардың 4-і өлтірілген; олардың басын шауып алып, суға тастапты, ал бесіншісі — Жақанай бидің баласын тірідей тұтқындап, Хиуаға әкетіпті.

    Егер  Сіз, подполковник Ерофеев, маған дос болсаңыздар және осында шын мәнінде бізді қорғау үшін келіп, өз патшаңыздың әмірімен сол үшін бекініс салсаңыздар, онда маған көмектесіңіздер және тонаушылыққа тыйым салыңыздар, ал оның іздерін менің ауылдарымнан өз көзіңізбен көре аласыз. Осы бір қанқұйлы адамдардың әрекеттері, міне, мынадай: олар киіз үйлерді өртеп, барлық нәрестелердің бесіктерін талқандап, ал өздерін суға тастаған. Егер Сіз көмек бермесеңіз, онда мен өз қырғыздарыма кепіл бола алмаймын. Бір жағынан тонауға ұшырап және Сізден қорған көрмеген соң бәрі Сырдария өзенінің арғы бетіне өтіп кетеді де, сонда біздің халқ-ымыздың қайғы-қасіреті күшейе түседі; толассыз өзара қырқыспайды, өйткені осында орыстар келіп, бекініс салған кезден бастап, ол жақта көшіп жүрген қырғыздар менің қырғыздарыма көп ашулы. Мен мұны Сізге бұрын да хабарлағанмын және Жанғазының өзі маған жазған хаттарында Сізбен достығым үшін мені қорқытқан еді. Мен губернатор мырзада болғанымда, менің орыстармен достығым мені Ілкей мен Жанғазыға ғана емес, сонымен қатар хиуалық пен қоқандықтарға да қарсы каруландырады. Сондықтан да Сізге өз өтінішімді қайталаймын: мені жауларымнан қорғаңыз; менде сіздерден, орыстардан басқа дос қалған жоқ.

    Жанкожа батыр әз мөрін  басты, оның хатшысы  Төлеген қолын  басты.

    "XVIII—XIX ғасырлардағы казак-орыс  катынастары 

    (1771—1867 жж.) ", қүжаттар жинағы,

     339—340-беттер. 

    1823 ж. Үлы жүз сұлтандарының, билерінің және атақты қазақтарының Ресей бодандығына берген анты

    "Төменде  аталатын мен өзімнің  асқан мархабатты  ұлы тақсырым император, бүкіл Ресейдің самодержеці және ұлы мәртебелі император атағымен бүкіл ресейлік тақтың заңды мұрагері ұлы мәртебелі Александр Павловичке алдағы уақытта бұйырса адал, ізгілікті және айтқанынан шық-пайтын боданы болуға, адал боданға лайықты ұлы мәртебеліге ынта-ықыласпен қызмет етуге және ашық та, жасырын да ешқандай қарсылық жасамауға, қайта барлық, нәрседе ұлы мәртебелі императордың жарлығы бойынша іс істеп, жан-тәнімді аямай орындауға; ал өзіме бағынышты халықты әділ сот бойынша тыныштықта ұстауға және ұлы мәртебелі императордың мүдделеріне және өз боданым қырғыз-қайсақ халқының пайдасына қарсы қандай болса да іс-әрекеттен аулақ ұстауға; ал егер өзім мұны істей алмасам, ол жөнінде Ресей шекара командирлеріне дер кезінде хабарлауға тиіспін және солай істеймін деп құдіреті күшті құдайдың атымен уәде беріп ант етемін.

    Өзімнің осы антымның қорытындысында құранды сүйіп, өз мөрімді басып отырмын ".

    (Бұдан  әрі Ұлы жүз  сұлтандарының, билері  мен атақты қазақтарының  33 мөрі мен таңбалары бар).

    Сұлтандар мен билерден Ресей бодандығына ант алған —губерниялық хатшы Тасболат Бекболатов.

    Сұлтандар мен билерден ант алған — заңды имам Мұхамед Мұхамедов.

    Ант алуды аударғанда губерниялық хатшы Кринкин аудармашы болды.

    "XVІІI-XIX ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары

     (1771—1867жж.)", құжаттаржинағы, 207-бет. 

    1845 жылғы 5 мамыр. Ұлы жүздің барлық рулары мен бөлімшелері сұлтандарының, билерінің, құрметті қазақтарының өздерін Ресей бодандығына қабылдау туралы өтініші

    Үйсін болысының сұлтандарынан, жалайыр, албан, дулат, суан, шапырашты, ысты, андас руларының, көшек, мырза, сүбітай, қалқа, ақбұйым, арықтыным, байшігір, сиыршы, қарасыбан, балғалы бөлімшелерінің; албан руының, айтбозың, сегізсары, қызылбөрік, қоңыр бөрік, әлжан бөлімшелерінің; дулат руының, сыйқым, жаныс, шымыр, бот-бай, сары үйсін бөлімшелерінің cyaн руының, байтөлеу, тұрдымбет, мұрат бөлімшелерінің; шапырашты руының, асыл, шыбыл, әпкіш, екей, есқожа бөлімшелерінің; ысты руының ойық,, тілік бөлімшелерінің билері мен атақты қырғыздарынан 

    ӨТІНІШ

    Сізден  біздің Ресей үкіметінің адал бодандығына  өткіміз келетінін, егep бастықтарға қолайлы болса, биылғы жазда Каратамда округ ашуды сұрайтынымызды жоғарыдағы бастықтардың назарына жеткізуіңізді сұрайды.

    Сондықтан мөріміз бен таңбамызды басамыз (Бұдан әрі  31 мөр мен таңба басылған).

    "XVIII—XIX ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары 

         (1771—1867жж.) ", құжаттар жинағы,

    305—306-беттер.

Информация о работе XIX ғасырдың I жартысындағы ресми іс қағаздар тілі