XXғ. 60-80 жылдарындағы саяси өмір

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 17:47, реферат

Описание

Н.С.Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген тың тәжірибелерді, оның ішінде келешегі жоқ тәжірибелерді сынақтан өткізіп байқап көрді. Гидропоникалық әдіспен өсімдік өсіру, жүгері егу т.б. осы сияқты тәжірибелер Қазақстан шаруашылықтарында байқаудан өтті.

Работа состоит из  1 файл

Кемелденге социализм.docx

— 26.08 Кб (Скачать документ)

70-80 жылдары  ауыл шаруашылығы жөнінде ауқымды  шешімдер қабылданып, оларда сала  өндірісінің материалдық базасын  нығайту, оның осұ қарқынын  барынша ұлғайту, мамандыру мен  шоғырландыру көзделді. 1971-1980 жылдар  ішінде республиканың ауыл шаруашылығына  18 млрд. сомнан астам кұрделі қаржы  жұмсалды. Жерді суландыруға, химияландыруға  да орасан зор көлемде қаражап  бөлінді. 

 Ауыл шаруашылығының  мәселелерін тек күрделі қаржыны  көбейту арқылы ғана шешуге  тырысу күткендей нәтиже бермеді.  Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру  төмендей бастады. 9-бесжылдықта  - 13%, 2-бесжылдықта – 0,4%.

1964-1985 жылдары  мал шаруашылығы құлдырады: 4,2 млн.  – ірі қара; 55 млн.-қой-ешкі; 5,1 млн.  – шошқа өлім – жітімге  ұшырады. Ауыл шаруашылық кәсіпорындар  солақай саясаттың кесірінен  көптеген шығынға батып отырды.

1986 жылы еліміздегі  барлық ауылшарушылық кәсіпорындар, шаруашылықтар өздерінің қаржысынан  айырылып, несиемен ғана жұмыс  ітей бастады. 

70-жылдары республиканың  бірқатар ауылшаруашылық қызметкелер  шаруашылық жүргіздің қалыптасқан  құрылымын өзгертуге әрекеттенді,  И.М. Худенко сондай адамдардың  бірі болатын. 

 Алматы облысының  Еңбекші қазақ ауданындағы «Іле»  және «Ақши» совхоздарының директоры  И.М. Худенко шаруашылықты басқарудың  құрылымын өзгертуге бағытталған  бірқатар шаралар қолданып, еркін  еңбек ету жүйесін енгізеді, фермерлер  усадьбаларын дамытуға әрекеттенді.  Бюрократиялық жүйенің кесірінен  И.М. Худенко қуғындалып, ақырында  бас бостандығынан айырылады.  Түрмеге түсіп, сонда қайтыс  болады.

 Колхоздардың  дербестігін жоюға бағытталған  қадамның бірі – ауыл шаруашылығын  мамандыру, кооперациялау және  агро-өнеркәсіптік интеграциялау  туралы КОКП ОК-нің 1976 жылғы  шешімі болды. Оның негізінде  колхоздар мен совхоздарды механикаландырылған  агро-өнеркәсіптік бірлестіктерді  күштеп біріктіру жұргізілді.

1982 жылы мамыр  айында КОКП ОК-нің пленумы  болып өтті. Онда Азық-түлік программасы  қабылданды және агро-өнеркәсіптік  кешеннің тиімділігінің жеткіліксіз  дәрежеді екендігін мойындауға  мәжбур болды. Пленум азық-түлік  проблемасын шешудін бірден-бір  мүмкін жолы интесивтілігі басым  өсу факторларына көшу деп  тапты. 

 Алайда Азық-түлік  бағдарламасы мен ауылшаруашылық  өндірісінің қулдырауын тоқтатуға  бағытталған өзге де әрекеттер  айтарлықтай нәтиже бермеді. Өйткені  бағдарлама басқарудың ескірген  жүйесі аясында жасалды және  шаруалардың түбегейлі мүдделерін, ауыл еңбеккерлерінің экономикалық  мүдделерін қозғаусыз қалдырды. Колхоздар мен совхоздардың шаруашылық  дербестігі бұрынғысынша жоғарыдан  реттелді. Осының салдарынан ауыл  шаруашылығындағы жағдайдың дағдарыстық  сипаттары көбейе түсті. 80-жылдардың  орта шенінде іс жүзінде барлық  жерде тамақ өнімдерімен шектеулі  қамтамасыз ету жүйесі енгізілді.  Село тұрғындарының еңбегі бағаланбай, олар қалаларға, басқа жақтарға  көшіп кетуге мәжбүр болды.  Жүздеген қаңырап қалған кішігірім  ауылдар пайда болды. 

Экологиялық жағдай

Ұлы Отан соғысынан  кейінгі жылдарда КСРО-да экологиялық  жағдай күрделі проблемалардың біріне айналды. Бұл проблемадан Қазақстан  да тыс қалған жоқ. Әлем тарихында  «қырғи қабақ соғыс» («холодная война») соғыс аталған империалистік  мемлекеттер мен социалистік  мемлекеттер арасындағы жанталаса  қарулану бәсекесі XX ғасырдың 2-ші жартасында дүниені шарпыды. Бұл бәсекеде басты орында АҚШ пен КСРО тұрды. Ең алдымен бұл екі мемлекет ядролық қарудың ошағына айналды.

 Қазақстан  КСРО қорғаныс кешенінің ең  ірі ядролық полигоны болды.  Қазақстан жеріне осы және  тағы басқа әскери қару-жарақ  кешендерін салу барасында ешкімнің  мүддесі ескерілмеді. Қазақстанда  ең ірі Семей полигоны болды.  Семей, Павлодар, Қарағанды облыстары  түйіскен жерде орналасқан бұл  полигон 8372 км2 жерді қамтыды. 1949 жылы 29 тамызда Семей полигонда  алғаш рет ядролық қаруды сынады. Семей полигонда барлығы 500-ге  жуық ядролық сынақ өткізілді.  Ол кезде полигонның халыққа,  қоршаған ортаға деген зияны  туралы еш нәрсе айтылмады.  Полигонда өткізілген әрбір сынақтың  адам өміріне келтіретін зияны  өте көп болды. Адамдар арасында  түрлі аурулар көбейді. өмірге  келетін сәбилердін кемтар болып  тууы жиіледі. Жер қыртыстары  жарамсыз болып қалды. 

1969 – 1970 жылдары  Маңғыстау жерінде жер астында  ядролық қару үш рет сыналды.  Бұл сынақ халықтан жасырын  түрде өткізілді. 

70 жылдардан  бастап Қазақстандағы тағы бір  экологиялық апатты аймақ Арал  теңізі болды. Ең алдымен өндіргіш  күштерді орналастыруда жіберілген  стратегиялық қателік басты себептердің  бірі болды. Сырдария, Амудария  өзеңдері суларын мақта, күріш  дақылдарын өсіруге қисапсыз  пайдалануы Арал теңізінің тартылуын  тездетті. Қазіргі уақытта Балқаш  көлінің де экологиялық жағдайы  проблемаға айналып отыр.

4. Қазақстандағы  «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).

Дағдарыс алдындағы  қоғамның жағдайы .

КСРО құрамындағы  барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мүндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді.

 Дағдарыстың себебі өте көп болды.

Саяси саладағы белгілері:

1. Басшылықтың  өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін  түсінуге қабілетсіздегі және  дәрменсіздігі. 

2. Қоғамдық өмірдің,  экономикалық қызметтің, азаматтардың  жеке өмірінің бір орталықтан  басқарылуы.

3. Партиялық  және мемлекеттік функциялардың  бірігуі мен төрешілденуі.

4. Заңдылықтың  бұзылуы. 

5. Жариялылықтың  болмауы. 

Экономикалық  салаларда-дағдарыстың  белгілері:

- Шаруашылықтың  жүргізудің шығындық тәсілі.

- Ғылыми-техникалық  және технологиялық прогресте  артта қалушылық. 

- Бақылаусыз  басқару аппараты.

- Инфляция.

- Товар зәрулігі.

Әлеуметтік  саладағы оның негізгі  белгілері:

- Халықтың тұрмыс  деңгейінің нашарлауы. 

- Теңгермешілдік.

- Әлеуметтік  әділеттіліктің жиі бұзылуы. 

- Күнделікті  тіршіліктің бұрмалануы.

- Ұлтаралық  қатынастардағы шиеленістер. 

- Маскүнемдік,  нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік  және коррупция. 

 Сонымен,  КСРО қоғам дамуының жаңа бетбағытына  мұқтаж жағдайда тұрды. 

Қайта құру бағыты.

1985 жылғы наурызда  Н.У.Черненко қайтыс болғаннан  кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы  қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың  пленумында әлеуметтік, экономикалық  дамуды жеделдету мәселесіне  сәйкес экономикалық құрылымды  қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды.

 Қайта құру  ешқандай бағдарламасыз, ғылыми  айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың  қияли болжамдары көп болды.  Қайта құру бағыты алғышқы  кезден бастап сәтсіздікке ұшырай  бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда  Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев  сияқты басшылар кінәлі деп  шешілді. Қайта құру бағыты  мемлекетті сол кезде алғышарты  қалыптасқан аса ірі дағдарыстан  құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай  күннен күнге қиындай берді. 

Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы .

1987 жылы қантар  айында болып өткен КОКП ОК-нің  Пленумында «Қайта құру және  партияның кадр саясаты туралы»  мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері:

1. Дағдарыстың  нақты себептерін көрсете алмады.

2. Жаппай өзгерістердің  символына айналып, сөз жүзінде  ғана салтанат құрды. 

1987 жылғы маусым  Пленумы басқару ісін түбірлі  қайта құру мәселеріне арналды.  Пленум әзірлеген құжаттар негізінде  «Мемлекеттік кәсіпорын туралы  заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша  қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес  товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық  әдістерін меңгеруге көшуге негіз  жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау  орнына мемлекеттік тапсырыстар  жүйесі енгізілді. 

 Алайда, бұл  шаралар іске асырылмады. Қоғымның  саяси құрылымдарын жаңартпайынша,  шаруашылықты жүргізудің жаңа  әдістері нәтиже бермейтіндігі  айқын болды. Халық шаруашылығындағы  жағдай ауырлай түсті. Дүкен  сөрелерінен күнделікті тұтынатын  товарлар жоғала бастады, азық-түлік  түрлері нашарлады. 

1988 жылғы маусым  айында болған КОКП XIX Букілодақтық  конфернцияда қоғамның әлеуметтік  экономикалық жүйесіне талдау  жасалып мынандай шешімдер қобылдады: 

1. Саяси жүйеге  реформа жүргізбейінше әлеуметік  – экономикалық өзгерістер жасау  мүмкін еместегін мойындау.

2. Демократияландыру  мен жариялылық.

3. Төрешілдікке  қарсы қүрес. 

4. Халықтық реформа  жүргізу. 

5. Әлеуметтік  әділеттік ұстанымдарын жүзеге  асыру. 

 Осыдан кейін  қайта құруды жүргізу үшін  ең алдымен саяси жүйеге реформа  еңгізу керек болды. 

Қоғамның  саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар  мен кемшіліктер.

80-жылдарға қарай  халық шаруашылығын жоспарлауындағы  және өндіргіш күштерді орналастырудағы  әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген  кемшіліктері мен қайшылықтарының  нәтижесі тоқырау құбылыстарын  тұғызды. Республика шикізат көзі  ретінде қала берді. Рухани  идеологиялық өмірде отарлау  жүйесінің толық ықпалында болды.  Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың  «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық  мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте  ауыр жағдайға тірелді. Тек  қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ  тілінде білім беретін 600-ге  жуық мектеп жабылды. Қазақ  тілінің қолдану аясы өте тарылды.  Сол кезде билікте отырғандарды  тіл тағдыры толғандырмады. 

 Аса маңызды  мәселелердің барлығы тек Москвада  ғана шешіліп отырды. Республикалар  егемендегі сөз жүзінде ғана  болды. 

 Қазақстан  партия басшысы Д.Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге  жол берді. Д.Қонаевтің өзіне  республика халықтарының арасында  табынушылық пайда болды. Оның  маңындағылар республикадағы күрделі  әлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық  жағдайларға немқұрайды қарады.

Информация о работе XXғ. 60-80 жылдарындағы саяси өмір