Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы»)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 07:30, реферат

Описание

Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғ. ұсынған.
Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған;ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды.

Работа состоит из  1 файл

Жібек Жолы.docx

— 40.45 Кб (Скачать документ)

Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») 
 
«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғ. ұсынған. 
 
Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған
ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды. 
 
«Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген
жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 km асады. 
 
Ерте кездегі «Жібек жолы» Шинжәңнан 3 айрыққа бөлінген, Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы: Жемсары, Іле өңірін басып, Балқаш өңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргенде Қара теңіздің шығыс жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығы Крораннан (Лулан) шығып Күнлүн тауының батысын қапталдап Жаркентке барады, онан ары жүргенде адырлардан асып, Орта Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға дейін созылады. Кроранның батыс солтүстігіндегі Көншы өзенінің батысын бойлап, Иіңпанды, Күшарды басып Қашқар Жаңашар ауданына баратын жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да адырлардан асып, Еуропаға дейін барады. 
 
Кейін тағы 3 айрық жол пайда болды
Юймынның батыс солтүстігінен басталып, қазіргі Құмыл, Тұрпан, Жемсары сияқты жерлерді басып, бұрынғы дала жолына тұтасатын жол, бұл кейінірек «солтүстік жол» деп аталды. Тұрпаннан шығып, Тянь-Шань тауының оңтүстігін қапталдап, батысқа беттеп, Қарашәр, Күшәрді басып, бұрынғы солтүстік жол айрығымен тұтасатын жол кейінгі кездері «Орта жол» деп аталды. «Оңтүстік жол» бұрынғысымен ұқсас. 
 
7 ғ. кейін, теңіз қатынас-тасымалы дамығандықтан, «Жібек жолы» біртіндеп екінші орынға түсті, бірақ 13 ғ. дейін шығыс пен батыс қатынасының маңызды жолы болып келді. 19 ғ. басында, Иcпанияның елшісі Қытайдың 800 түйелік сауда керуенін өз көзімен көріп тұрып Самарқанның жағдайы туралы былай деп жазады: 
 
Төңіректің төрт бұрышынан келген тауарлар Самарқанға жиналыпты… Қытайдың торғын-торқалары көз жауын алады. 
 
Қытайдың торғын-торқасы осы жолмен Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға толассыз тасылды, сонымен тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады. Сондай-ақ Шинжяңнан шығатын қас тасы, былғары, жүн әдиял сияқты тауарлар мен орта жазықтың темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдолы, өрік, рауағаш, дәршен сияқты өнімдері батыс базарына қатар кірді. Орта Азияның, Батыс Азияның және Еуропаның әйнек, жақұт, экономикалық дақылдары және хош иісті заттары, дәрі материялдары, сондай-ақ Отқа табыну діні, Бұдда діні, Сіләм діні сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды. Шығыс пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-күйіс адамзаттың материялдық мәдениетін байытты. Шығыс пен батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды. 
 
Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты. 
Қытай бастаған Ұлы Жібек жолы 
 
ұлы Жібек жолы - әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым елеулі жетістіктердің бірі.. Керуен жолдарының тарамдалған жүйесі Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуропа мен Азияны қым-қиғаш кесіп өтіп, ерте дүние мен орта ғасыр дәуірінде сауда байланыстары мен Батыс пен Шығыс мәдениеттері арасындағы тілдесуінің маңызды құралы қызметін атқарды. Жолдың неғұрлым ұзақ үзігі Қазақстан мен Орта Азия арқылы өтті. Б.д.дейінгі 2 ғасырдың ортасында пайда болған Жібек жолы , егер Шығыстан жүрсек, Қытайдан (Чаньани) басталады да, Ланчжоу ауданында Хуанхе асуы арқылы өтіп, одан әрі Нан-Шаньнің солтүстік сілемдері арқылы ұлы Қытай қабырғаларының батыс шетіне және "Яшмалық қақпалар бекетіне" жетеді . Такла-Макан шөлін солтүстіктен және оңтүстіктен жиектей отырып, бұл жерде бірыңғай жол тармақталады. Солтүстік жол Хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо алқаптары арқылы Іле өзені даласына тартады. Ортаңғысы - Чаочаннан Қарашарға, Ақсуға және Бедел асуы арқылы Ыстық көлдің оңтүстік жағасына тіреледі. Оңтүстігі - Дунхуан, Хотан, Жаркент арқылы Бактрияға, ‡ндістан мен Жерорта теңізіне келеді. Бұл "Оңтүстік жол" деп аталады. Ал "Солтүстік жол" Қашқардан Ферғанаға және одан әрі Самарқант арқылы Бұқараға , Мерв арқылы Хамадан мен Сирияға асады. 
 
Бұрынғы Ферғана арқылы жол төте әрі қолайлы болса да, Қытайдан Батысқа Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жол 6-7 ғасырларда неғұрлым жандана түседі . Жолдардың ауысуын төмендегідей себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азия арқылы сауда жолдарын бақылайтын түрік қағандарының ордасы тұрды. Екіншіден, 7 ғасырда Ферғана жолы өзара қырқыстан қауіпті бола түсті.‡шіншіден, бай түрік қағандарымен олардың төңірегі теңіздің арғы жағынан келетін тауарлардың ірі тұтынушыларына айналды. Осылайша бұл негізгі жолға айналды және де елшілік пен сауда керуендері 7-14 ғасырларда дәл осы жермен өтті. . 
 
Жібек жолының бағыттары қатып қалған бірдеңе болмағанын атап көрсеткен жөн, жүз жылдың барысында оның жеке учаскелері мен тармақтарының бағыттары өзгеріп отырды. Негізгі жолдан басталған біреулері жарамсыз болып қалды, басқалары, керісінше, қызу жұмыс істеді, ал жолдармен бірге сауда жолдары мен қиылыстарында тұрған қалалар, селендер және керуен сарайлары дамыды немесе қаңырап қалды. 
 
ұлы Жібек жолының қазақстандық үзігі былайша көрінді. Шаштан (Ташкенттен) шыққан жол Турбат асуы арқылы Испиджабқа бастады. Керуендер Испиджабтан шығысқа қарай Таразға, Шараб, Будыхкент, Тамтадж арқылы Абардаджға қарай жүрді. 
 
Тараздан шығысқа қарай жол шөл жерлермен Құлан қаласына өтеді. Құланға барар жолда Жетісуды билеген қарлұқ тайпаларының дүкендері болған Қасрибас, Құлшөп және Жолшөп арқылы өтуге тура келді. 
 
Құланнан одан әрі шығысқа қарай бір-бірінен 4 фарсах жерде Меркі және Аспара қалалары тұрды. Жулдан жол Сарығқа, содан кейін "түрік қағанының селеніне" және Қырмырауға тірелді. Ал бұл жерден Жетісудың ірі қалаларының бірі Науакентке (қытайша Синчан) жетеді. Бұл екі атау да Жаңа қала деген мағынада аударылады. 
 
Науакенттен Пенджікент (Бунжікент) арқылы жол Жетісудың ірі қаласы Суябқа жеткізеді. Ол батыс түріктердің, содан кейін түргештердің, қарлұқтардың астанасы болған. 
 
Суябтан Жібек жолы Ыстықкөлдің не солтүстік, не оңтүстік жағалауларына шығады. Бұдан кейін бұл жолдар Қашқар мен Ақсу асуларында қосылады. Ыстықкөл қазан шұңқырынан Санташ асуы мен Қарқара жазығы арқылы жол Іле жазығына шығады да, содан кейін Іленің оң жағасымен ¤сек пен Хоргос алқаптары арқылы Алмалыққа әкеледі, ал содан кейін Такла-Макан шөлінің жиегімен, Хами мен Тұрфан жазирасы арқылы Дунхуанға және Қытайға тіреледі. 
 
Жібек жолының бір тармақтары 10-12 ғасырларда бүкіл Іле алқабын оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа кесіп өтті. Тармақтану Науакентте басталып, содан кейін Бунджікетке барып, Кастек асуы арқылы Іле Алатауының солтүстік сілемдеріне жеткізеді . Бұл жерде Шу мен Іле өзендері бассейндері арасында су айрығын құрайтын қасиетті ұрын-Ардж таулары белгілі жолсілтер бола алады. Осы заманғы Кастек, Қаскелең және Алматы қалаларының орнындағы шағын қалашықтар арқылы Жібек жолының нобайы Талғар қаласының солтүстік шетінде орналасқан Талхиз қаласына жетеді. 
 
Талхиздан Жібек жолы тармақтанады. Оңтүстік жол Есік, Түрген, Шелек арқылы Борохудзир ауданындағы Іле өткеліне апарады, ал содан кейін Іленің оң жағалауымен Хоргос арқылы Алмалыққа тіреледі, осы жерде Ыстықкөл алқабынан келген жолмен қосылады. Солтүстік жол Талхиздан Талғар өзенінің бойымен Қапшағай шатқалы ауданындағы Іле өзеніндегі өткелге келеді. Содан кейін жол Шеңгелдіге жетіп, одан кейін Алтынемел асуынан асып, Көксу алқабына еңкейеді және Екіөгіз қаласына бастап барады. 
 
Екіөгізден жол жабғу қарлұқтарының астанасы Қаялыққа (Қойлаққа) келеді. Одан әрі ол Тентек алқабынан өтіп және Алакөлді айналып Жоңғар қақпасы арқылы Шихо алқабына және бұл жерден Бесбалық арқылы Дунхуанға және ішкі Қытайға жетеді. 
 
Алайда, Жібек жолының қазақстандық үзігіндегі бастапқы нүктелердің бірі - Испиджаб қаласына оралайық, содан кейін византиялық саяхатшы Земархтың ізімен - Тараздан Испиджаб арқылы Арал бойына және одан әрі Еуропаға жол тартайық. 
 
Испиджабтан керуен жолы Отырар-Фарабқа және одан әрі Сырдария өзенімен Арал бойына келеді. Бұл бағыттағы неғұрлым ірі қалалар Отырар-Фараб пен Шавгар болып табылады. 
 
Отырар көптеген керуен жодарының торабы болды; бұл жерден бір жол Шавгарға, ал басқа біреуі Сырдария өткелі арқылы Васиджу қаласына бастады. Соңғысы Шығыстың аса көрнекті ғалымы Абу-Насыр әл-Фарабидің туған жері еді. Бұл қала 13-14 ғасырларда Зернук деп аталды. Одан Сырдария өзені бойымен жол жоғары тартып, оғыздық қала Сүткент арқылы Шашқа, содан төмен қарай Жентке жетеді. Бұл жерден Қызылқұм арқылы Хорезмге, ‡ргенішке , бұл жерден Еділ бойына, Кавказға жол тартады. Еділдің төменгі ағысында алтын ордалық астана - Сарай қалыптасқан 13 ғасырда Жібек жолының бұл үзігі ерекше қызу болды. 
 
Бұл жол 13-14 ғасырларда Сарайшық, Сарай-Бату және Каффу арқылы өтті. 
 
Осы күнгі Түркістанның орнында, Шавгардың қасында, 10-12 ғасырларда Яссы қаласы қалыптасты, мұнда белгілі софы Ахмет Ясауи өмір сүріп, түріктер арасында исламды уағыздады. Шавгардан жол оғыздар мемлекетінің астанасы болған Янгикент қалашығына келеді. Сондай-ақ осы жерден жол Қызылқұм арқылы Хорезмге бастайды. 
 
Шавгардан, кейініректегі Яссыдан асу арқылы Жібек жолы Қаратаудың солтүстік еңістеріне шығады, бұл жерден Сырдария бойымен жарыса жүрген жол басталады. Бұл жолдың бойында Созақ, ұрасотан, Құмкент, Сүгілкент қалалары жатты. Бұл жол Таразға бастады. 
 
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін Жібек жолының негізгі бойынан Орталық Қазақстан мен Шығыс Қазақстан аудандарына, Дешті-Қыпшақ, кейінірек Сарыарқа деп аталған далаларға, Ертіс жағалауларына, Алтай мен Моңғолияға бастаған солтүстік пен шығысқа жол шықты. 
 
Қазақстанның далалық аудандарын тек көшпенділер мекендемейтін. Егіншілікке лайықты жерлерде орта ғасырлық кезеңде егіншілік пен қалалық өмір пайда болып, дамыды. Мыс, қалайы, қорғасын, күміс кендерінің бай көздері қола дәуірден-ақ игеріліп, ал одан кейінгі уақыттарда бұл жерлерде кен қазушылардың, металл балқытушылардың, мыс пен күміс шеберлерінің қалашықтары өсіп жетілді. 
 
Орталық Қазақстан аудандары табиғи ресурстарға бай болды, мұнда қара қорым қойлар отарлары мен үйір-үйір жылқы жайылып жүрді, сондықтан да бұл аудандар Жібек жолы жүйесіне енгізілді. 
 
Отырардан Арсубаникет арқылы, Арыстанды, Шаян далаларымен, Қаратаудың аласа тауларынан асып, Шавғар мен Яссыдан Тұрлан асуы арқылы, Саураннан және Сығанақтан, Янгикенттен жол Орталық Қазақстан далаларына шығады және оғыздар, содан кейін қыпшақтар күнелткен Сарысу мен Кеңгір, Торғай мен Ешім өзендерінің жағалауларына жетеді. Сірә, ортағасырлық деректемелерде еске алынатын Жұбын, Қоңлыкент қалаларын, Орта және Кейтағ жайлауларын, әл=Ыдырыси бойынша Гарбиана, Махмуд Қашқари бойынша Бақырлытағ кен орындарын осы маңнан іздеген жөн. 
 
Янгикенттен жол солтүстік-шығысқа қарай шығып, Белеуті өзенінің жағаларына, содан Қоңырат пен Қарсақпай аудандарына әкеледі. Сарысу деп аталатын жол Орталық Қазақстанға бастайды - Отырардан Шавғар мен Тұрлан асуы арқылы Ақсүмбеге, Сарысудың төменгі ағысына және өзен бойымен жоғары қарай ұлытауға (Кендірлік таулары), содан Ешім мен Ертіс бойымен кетеді. Неғұрлым төте жол Созақ арқылы Шудың төменгі ағысына барады, ал ол жерден Бетпақдала арқылы Жезқазған ауданына шығады. Тағы бір жол - "хан жолы" кейінгі уақыттарға дейін пайдаланылды және ол Тараздан Талас бойымен төмен қарай құлдилап, Мойынқұм мен Бетпақдала арқылы Атасуға өтеді. 
 
Тараздан, Ибн Бахр мен әл-Ыдырсидің деректері бойынша, Адахкес және Дех=Нуджикес қалалары арқылы сауда жолы Ертіске- қимақтар хақанының резиденциясына шығады, одан әрі Енисей қырғыздарына қарай желі тартады. Әрбір үш жылда қырғыздарға жібек артқан керуен жөнелтілді. Іле жазығы Орталық Қазақстанмен Шу-Іле тауларының солтүстік еңістеріндегі жолдар, содан кейін Шу ағысымен Сарысу жағасына шыққан жол байланыстырады . Тағы бір маңызды жол Шеңгелді ауданында Солтүстік-Іле жолынан басталады. Ол Іле өзенінің тармағы Ортасу арқылы Ақтам және Ағашаяқ қалаларының қалдықтарын басып өтіп, Балқаш көлі жағасына, содан кейін көлдің оңтүстік пен солтүстік жағасын жалғап тұрған, 8 шақырымнан сәл-ақ астам бұғаз қалдырған ‡шарал жарты аралына шығады. Осындағы мүйістен көпшілік бөлігін су басқан қалашық қалдықтары табылды. Керуендер көлді өткелмен кешіп өтті немесе үстімен Тоқырау өзенінің сағасына шыққан деп болжауға болады, ал содан кейін оның жағасымен ұлытау сілемдеріне іліккен және содан кейін солтүстікке тартқан. 
 
Оңтүстік Орал бойы арқылы Кама бассейніне Жібек жолын солтүстікпен жалғаған жол келеді. Осы жерден қымбат аң терілері Орта Азияға, Шығыс Түркістанға және одан әрі ‡ндістанға жеткізіледі. 
 
Жібек жолы алғашында қытай жібегін Батыс елдеріне экспорттауға қызмет етті. ¤з кезегінде Римнен, Византиядан, ‡ндістаннан, Ираннан, Араб халифаттарынан, ал кейінірек Еуропа мен Русьтен бұл елдерде өндірілген тауарлар жеткізілді. Бұл таңданарлық, таңсық тауарлардың тізімі таусылмайды. Олар - мирра мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен жұпар жаңғағы, женшень мен жылан өті, кілемдер мен кездемелер, бояулар мен минералдық шикізаттар, алмас пен яшма, янтарь мен маржандар, піл сүйегі, күміс пен алтын құймалары, аң терілері мен тиындар, садақтар мен жебелер, қылыштар мен найзалар және көп басқалары. 
 
Жібек жолымен сатуға Ферғанадан асыл тұқымды жылқыларды, араб сәйгүліктерін, түйелер мен пілдерді, керіктер мен арыстандарды, сілеусіндер мен қарақұйрықтарды, қаршығалар мен қырандарды, тауыстарды, тотыларды, түйеқұстарды әкелді. 
 
Жібек жолымен мәдени өсімдіктер: жүзім, шабдал және қауындар, қалампырлар, бұрыштар мен қант, көкөністер мен жемістер, аскөктері тарады. 
 
Тауарлардың, ғылыми және техникалық жаңалықтардың, қолданбалы өнер, сәулет, қабырғалық кескіндеме мәдениеті үлгілерінің таралуымен қатар Шығыс пен Батыс елдері бойынша Жібек жолымен музыка мен би өнері, ойын-сауық көрсетілімдері, өзіндік орта ғасырдың "эстрадасы" кең өріс алды. Мысалы, иран, соғдилық, түрік актерлері Қытайдың хореографиялық мәдениетіне көп нәрсе енгізді. Жібек жолының барлық өнебойында тарихи ескерткіштерді қазу кезінде түрлі халықтардың музыкалық және театр мәдениеті саласында даму мен өзара байытудың көптеген материалдық растауы табылды . 
 
Жібек жолымен діни ілімдер мен идеялар таратылды, түрлі миссионерлер өз діндерін теңіздің арғы жағындағы елдерге жеткізді . ‡ндістаннан Орта Азия мен Шығыс Түркістанға буддизм келді , Сириядан, Ираннан және Арабиядан христиан діні, содан кейін ислам тарады. 
 
Буддизммен бірге Батыстан Шығысқа Жібек жолымен бет алған несториандық мәндегі христиан діні өріс алды . Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда 7-8 ғасырларда несториандық кең құлаш жайды . 
 
Жібек жолымен тағы бір дін - манихейлік тарады. Ол 3 ғасырда Иранда пайда болып, Италиядан Қытайға дейін көптеген қолдаушыларын тез арада тапты. 
 
Түріктік орта ғасырлық қалалар тұрғындарының арасында тағы бір дін - зороастризм өкілдері болды. Ол б.д.дейінгі 7-6 ғасырларда ертедегі Иран аумағында дүниеге келді. Оның рәсімдік практикасында ғаламдағы төрт элементті - суды, отты, жерді, ауаны құрметтеу оған тән. Алайда канондықтан өзгеше Орта Азияда зороастризмнің ерекше варианты орын алды . Ол жергілікті түрік табынуларымен, атап айтқанда, отқа, ата-бабаларға, малға - қойға, жылқыға, түйеге табынумен тығыз байланысып жатты. 
 
Зороастризмге байланысты көптеген табынулар Еуразияда мұнда ислам пайда болғаннан кейін де жүре берді. 
 
10 ғасырдың басында қараханидтер әулетінің рубасы Сатық исламды қабылдады, ал оның ұлы Богра-хан Харун б.Мұса 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялады . 
 
Жаңа дін біртіндеп көшпенділер арасында да тарай бастады. Ортағасырлық авторлар Фараб, Кеңжиде және Шаш аралығында көшіп жүрген түрік-мұсылмандар туралы, сондай-ақ қыпшақтар арасында 11-12 ғасырларда исламның таралуы туралы хабарлайды. 
 
Әлемдік өркениеттің жарқын феномені - Жібек жолы проблемасына қысқаша шолуды аяқтай, Еуропадан Азияға және кері бағытта жүрген жолдарды сыйпаттай, шетсіз де шексіз кең даланы кесе, биік таулардан аса, құнарлы алқаптарға түсе, сондай-ақ таңғажайып тауарларды, ертедегі өнер мен дін жолдарын суреттей отырып, орта ғасырдың тарихи және рухани өмірінің күрделілігін баса көрсеткен жөн. Батыс пен Шығыс, Еуропа мен Азия кездескен жерде бір-біріне ұқсамайтын мәдениеттердің өзара байуына қолайлы да құнарлы топырақ жасалды. ¤зара ықпалдасу нәтижесінде отырықшы қалалықтар мен көшпенді тайпалар адамзаттың ертедегі мәдениетінің  
Ұлы Жібек жолы 
Жүздесү мен тілдесу және алыс-беріс байланыстары б.з. дейіңгі ІІІ-ІІ мыңжылдықтарға басталған. Бадахшан тауынын лазурит және Хотан маңындағы Яркендария өзенінің жоғарғы жағынан нефрит кен орындары тыбылып, оларды өндіре бастаұға сәйкес бұл байланыстар реттеліп, жөнге келтіріледі. 
Б.з. дейінгі І-мыңжылдықтың орта кезінде Кара теңіз өнірінен Дон бойына ,содан Оңтүстік Орал өніріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға,жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі ақабын мекендеген агрипейлер еліне кететін Дала жолы жұмыс істей бастаған еді. Осынау жолмен жібек ,ұлпандар мен терілер ,иран кілемдер,асыл металдардан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын . 
Қымбат бағалы жібек қатысқан ,осылардың дәнекерлік демеуі аркасында сол кез ушін тансық болған бұл тауар Орта Азия мен Орта теңіз аймағына дейін жеткен. 
Б.з. дейінгі ІІғ орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда –саттықтың тұрақты желісі ретінде кызмет аткара бастайды . 
Б.з.ІІ-V ғғ егер Шығыстан жүре бастасақ ,Жібек жолы Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып ,Ланчжоу манындағы Хуанхэ өткеліне баратын да одан әрі Нань-Шаннің солтүстік сілемдерімен жүріп отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен барып шығады. Осы арадан сара жол екіге айырылып, Такла-Макан шөлін солтүстік және оңтүстік жағынан айналып өтетін. Терістік жолы Хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо көгал аймақтары арқылы Іле алқабына жететін; ортадағы жол Чаочаннан Қарашарға, Ақсұға, сосын Бедел асуы арқылы Ыссық көлдің оңтүстік жағалауынан шығып, Дунхуан, хотан Яркенд, Бақтрияларды басып өтіп, Үндістан мен Орта теңіз аймағына қарай шырқап кететін; бұл Оңтүстік жолы деп аталатын. Ал, Солтүстік жолы Қашғардан Ферғанаға, одан әрі Самарқанд, Бұқар, Мерв арқылы Хамаданға, Сирияға баратын. 
Б.з. VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді. 
Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі-Испиджаб(қазіргі Сайрам) болды. Оның толық сипаттамсын Әл-Макдиси берген. «Испиджаб ірі қала,-деп жазды ол.Оның рабады(күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның 4 қақпасы: Нуджакет қақпасы, Фархан қақпасы,Шахраны қақпасы, Бұқара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар». 
VI-XII ғасырларда тікелей орталығы ретінде мәлім болған Испиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Испиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес. 
Қазақстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі-Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан деп те аталған. ІХ ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-Ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ жағбуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер.VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнаралары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрінде IX-X ғасырларға дейін сақталған. 
Архиология және архивтік материалдар бойынша 
VII-VIII ғасырларда Отырардың билеушісі өзін теңдесі жоқ «Отырарбенді патшасы » деп атаған. Қала аймағында болған бірнеше ұсақ қоныстар мен қалалардың бірі –Кедер IX-X ғасырларда оазистің астаналық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мұның өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағынуына байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономикасы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан ең өскен қала екен. 
Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі-Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстианның елшісі Земарх Килликискийдің Батыс түрік қағанаты Дизабулға берген есебінде Тараздың да аты аталған. Шамамен 680 жылы Қытай саяхатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттайды. 
VII ғасырда Тараз «Ұлы Жібек жолындағы» ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылықтан қорғау кезінде түрік, қарлұқ, оғыз тайпалары, араб және иран жауынгерлерінің басын алып, талай рет ойранын шығарғаны жөнінде тарихи мағлұматтар бар. 
X-XII ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген,  

X-XII ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған бұл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір ескерткіші-Қарахан күмбезі. Өкінішке орай, қираған күмбез XX ғасырдың басында қайта тұрғызылып, сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оның суреті ғана. 
Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында төменгі Барысхан, Хамукет, Жікіл, Адахкет, Ден, Нуджикет, Құлан, Мерке, Аспара, Жұл, Баласағұн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатты. Сондай-ақ Іле өзенінің алқабында Қойлық, Талхиз, Екі-оғыз сияқты басқа да қалалар орналасқан. 
XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Яссауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады. 
Сырдариядағы ірі қала-Сығанақ. Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысына баратын керуен жолдарының қилысында орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығанақтың орнында Сунақ –ата жұрты бар. 
X-XII ғ. Орта Азия мен Қазақстанда жоғарыда айтылған кенттерден басқа жаңа бірқатар қалалар –Қарашоқы, Қарнақ, Ашынас, Баршылылықкент т.б. пайда болды. Олардың алып жатқан жер көлемі ұлғайып, сауда шаруашылық орталығы-шахристаннан рабадқа ауысқан. 
Қазақстан жеріндегі халықтардың зкономикалық өмірінде сауда орасан зор рөл атқарды. Жазба деректемелер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Визиантия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда қатынасы болғанын дәлелдейді. VI- X ғ. Халықаралық саудада «Ұлы Жібек жолының» зор маңызы болды. Бұл жол Шаштан Газгирдке, одан Испиджабқа жетті, одан әрі керуендер Тараз қаласына беттеген.Исфиджаб пен Тараз арасында бірнеше шағын қалалар мен керуендер аялдайтын сарайлар «Жібек жолы»Тараздан терістікке қимақтарға қарай Адахкет,Дех-Нуджикент қалаларын басып өтті. 
Тараздан «Жібек жолымен»Төменгі Барысханға,Құланға,одан әрі Меркеге және Аспараға қарай шұбыра жолшыбай бірнеше қалаларға соғып,Бедел мен Ақсудан асқан керуендер Шығыс Түркістанға барып жетеді екен. 
Исфиджаб қаласынан солтүстікке қарай шыққан керуен жолы Қаратаудың терістік бауырындағы Құмкент,Баба-ата,Созақ қалаларын,одан кейін Орталық Қазақстан далаларын басып өтіп,Кеңгір,Жезді,Нұра,сондай-ақ Ырғыз бен Ертіс аңғарларына,қимақ-қыпшақ тайпалары мекендеген аудандарға қарай беттейтін болған.Маңызды сауда жолдарында керуен сарайлар,жолда құдықтар мен су қоймалары орналасқан.Өзендерге көпірлер салынған.Қалаларда сауда орны,ірі базарлар болған.Орта Азиядан шыны,асыл заттар,көп қолданылатын өнер бұйымдары,жылқы малы т.б шығарылып,Қытайдан жібек,фарфор,керамика әкелінетін.Шеттен әкелінетін бұйымдар-меруерттен,лазуриттен,маржаннан жасалған немесе солармен әшекейленген заттар. 
Қалалардың өсіп өркендеуі,сауданың дамуы,ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған.Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды.Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды.  

Қалалардың өсіп өркендеуі,сауданың дамуы,ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған.Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды.Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды.қабырғаларына ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған бұл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір ескерткіші-Қарахан күмбезі. Өкінішке орай, қираған күмбез XX ғасырдың басында қайта тұрғызылып, сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оның суреті ғана. 
Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында төменгі Барысхан, Хамукет, Жікіл, Адахкет, Ден, Нуджикет, Құлан, Мерке, Аспара, Жұл, Баласағұн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатты. Сондай-ақ Іле өзенінің алқабында Қойлық, Талхиз, Екі-оғыз сияқты басқа да қалалар орналасқан. 
XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Яссауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады. 
Сырдариядағы ірі қала-Сығанақ. Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысына баратын керуен жолдарының қилысында орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығанақтың орнында Сунақ –ата жұрты бар. 
X-XII ғ. Орта Азия мен Қазақстанда жоғарыда айтылған кенттерден басқа жаңа бірқатар қалалар –Қарашоқы, Қарнақ, Ашынас, Баршылылықкент т.б. пайда болды. Олардың алып жатқан жер көлемі ұлғайып, сауда шаруашылық орталығы-шахристаннан рабадқа ауысқан. 
Қазақстан жеріндегі халықтардың зкономикалық өмірінде сауда орасан зор рөл атқарды. Жазба деректемелер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Визиантия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда қатынасы болғанын дәлелдейді. VI- X ғ. Халықаралық саудада «Ұлы Жібек жолының» зор маңызы болды. Бұл жол Шаштан Газгирдке, одан Испиджабқа жетті, одан әрі керуендер Тараз қаласына беттеген.Исфиджаб пен Тараз арасында бірнеше шағын қалалар мен керуендер аялдайтын сарайлар «Жібек жолы»Тараздан терістікке қимақтарға қарай Адахкет,Дех-Нуджикент қалаларын басып өтті. 
Тараздан «Жібек жолымен»Төменгі Барысханға,Құланға,одан әрі Меркеге және Аспараға қарай шұбыра жолшыбай бірнеше қалаларға соғып,Бедел мен Ақсудан асқан керуендер Шығыс Түркістанға барып жетеді екен. 
Исфиджаб қаласынан солтүстікке қарай шыққан керуен жолы Қаратаудың терістік бауырындағы Құмкент,Баба-ата,Созақ қалаларын,одан кейін Орталық Қазақстан далаларын басып өтіп,Кеңгір,Жезді,Нұра,сондай-ақ Ырғыз бен Ертіс аңғарларына,қимақ-қыпшақ тайпалары мекендеген аудандарға қарай беттейтін болған.Маңызды сауда жолдарында керуен сарайлар,жолда құдықтар мен су қоймалары орналасқан.Өзендерге көпірлер салынған.Қалаларда сауда орны,ірі базарлар болған.Орта Азиядан шыны,асыл заттар,көп қолданылатын өнер бұйымдары,жылқы малы т.б шығарылып,Қытайдан жібек,фарфор,керамика әкелінетін.Шеттен әкелінетін бұйымдар-меруерттен,лазуриттен,маржаннан жасалған немесе солармен әшекейленген заттар. 
Қалалардың өсіп өркендеуі,сауданың дамуы,ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған.Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды.Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды.моншағында інжу-маржан болып жарқырайтын таңғажайып мәдениетті жасай алды.

Информация о работе Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы»)