Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 17:41, лекция
Жеті жылдық соғыс (1756–1763) — сол кездегі барлық маңызды еуропалық мемлекеттер қатысқан, 900 000-нан 1 400 000-ға дейін адам шығынына алып келген соғыс.[1] Соғыс 1756 жылдан 1763 жылға дейін еуропалық және отарлық соғыс театрларында өрбіді. 1754 – 1763 жылдар арасында орын алған Помераниялық соғыс пен Француз және үнді соғысы соның бөлігі болып саналады. Пруссия, Һа
Жеті жылдық соғыс (1756–1763) — сол кездегі барлық
маңызды еуропалық мемлекеттер қатысқан,
900 000-нан 1 400 000-ға дейін адам шығынына алып
келген соғыс.[1] Соғыс 1756 жылдан 1763 жылға дейін
еуропалық және отарлық соғыс театрларында
өрбіді. 1754 – 1763 жылдар арасында орын алған Помераниялық соғыс пен Француз
және үнді соғысы соның бөлігі болып саналады. Пруссия, Һановер курфюрсттығы және Ұлыбритания
патшалығы (Солтүстік Америкадағы отарлары,
британиялық Шығыс Үнді компаниясы және Ирландия патшалығымен бірге) одақ құрып, Аустрия, Франция (
Соғыстың нәтижесінде Франция Америкалардағы басты отарлаушы мемлекет ретіндегі
ролін (онда ол Француз Гвианасы,Гваделупа, Мартиника,
Бұл соғыс Пруссия патшасы Ұлы Фридрихтың Саксонияға шабуылым
Аттары
Канада мен Құрама Патшалықта «Жеті жылдық соғыс» ұғымы Солтүстік Америкада да, Еуропа мен Азияда да жүргізілген әскери қимылдарды атау үшін қолданылады. Француз Канадасында болса «Жаулап алу соғысы» деген ұғым қолданылады. ҮндістандаҮшінші Карнатик соғысы деп аталады. Ал Германияда кейде қолданылатын балама атауы — Үшінші Силезия соғысы.
Себептері
Көбінесе бұл соғыс нәтижесінде Фридрих патша бай Силезия аймағын қолына түсірген Аустрия мұрагерлігі үшін соғыстыңжалғасы ретінде қарастырылады. Аустрия императрицасы Мария Тереза 1748 жылғы Аахен келісіміне тек өзінің қарулы күштерінқалпына келтіріп, жаңа әскери одақтар құруға уақыт ұту үшін ғана қол қойған болатын. Ол өзінің осы жоспарын асқан ептілікпен жүзеге асырды. Бірнеше жылдың ішінде ғана Еуропаның саяси картасы қайта сызылды. 1756 жылғы Дипломатиялық революцияның кезінде ежелден бір-біріне жау Франция, Аустрия мен Ресей Пруссияға қарсы әскери одақ құрды.
Пруссияны тек Ұлыбритания ғана қолдайтын (себебі Ұлыбритания патшасы ІІ-ші Георгтың әкесі Һановер курфюрсттығының билеушісі еді). Осы екі мемлекеттің одағы бір-бірін жақсы толықтырып тұрды: Ұлыбританияның зор әскери теңіз флоты болды, ал Пруссияның құрлық әскері Еуропадағы ең қуатты әскер болды. Осылайша Ұлыбритания өзінің әскерін отарларын қорғауға қолдана алды.
Аустрия армиясы пруссиялықтардың үлгісі бойынша қайта құрылған болатын. Әскери мәселелер туралы білімі өзінің көптеген генералдарынікінен асып түсетін Мария Тереза әскери реформаны өзінің қатаң бақылауына алды. Оның өз жауынгерлерінің игілігін ойлағаны үшін ол әскердің зор қолдауына ие болды.
Соғыстың тағы бір себебі — Британия империясы мен Франция империясының арасындағы отарлар үшін аяусыз талас болды. Осы екі империя кеңіген сайын бір-бірімен екі құрлықта текетіреске түсіп қалып отырды.
Жалпы стратегиясы
Он сегізінші ғасырдың көп бөлігінде Франция соғыстарын бірдей тәсілмен жүргізіп отырды: соғыс болған кезде ол отарларын бәрібір ұстап қала алмайтынын сезіп, оларды өз бетінше қалдырып, онда азғантай немесе тәжірибесіз әскер жіберіп отырды. Ол өзінің әскерінің басты бөлігін елге жақынырақ әскердің жеңіске жетуі ықтималдырақ деп Еуропа құрлығында ұстап отыратын. Содан соң соғыстың кезінде көбірек жерді басып алуға тырысып, бітім туралы келіссөздер жүргізгенде сол басып алған жерді өзінің теңіздің арғы жағында айырылып қалған жерін қайтарып алуға қолданатын. Бұндай стратегия осы соғыста Франция үшін аса тиімді бола қойған жоқ, себебі теңіздің ар жағындағы отарлардан ол шынында да айырылып қалды, бірақ Еуропада ол онша көп жер басып ала алған жоқ.
Ал британиялықтардың соғыс жүргізу тәсілі басқаша болды: олар өздерінің аса басым теңіз қуатын пайдаланып, елді теңізден қоршап, порттарын атқылай алатын және өз әскерлерін теңіз арқылы кез келген жерге жеткізе алатын. Олар жаудың теңіз қатынас кемелеріне шабуыл жасап, жақын жердегі британиялық отарлардан адам жинап, жаудың отарларына шабуыл жасайтын. Өздерінің құрлықтағы әлсіздігінің орнын британиялықтар өздерінің жауларының қарсыластарымен одақтасып толтыратын. Жеті жылдық соғыста британиялықтар өз заманының ең ұлы әскери стратегі Ұлы Фридрихпен одақтасты, ал оның мемлекеті Пруссия орталық Еуропаның көтеріліп келе жатқан әскери қуатты мемлекеті болды. Олар Фридрихқа соғыстарын қаржыландыру үшін көп қаржы беріп отырды.
[өңдеу]Соғыстың басталуы
Соғыс қимылдары Еуропада әлі басталмай тұрып Солтүстік Америкада басталып кетті. Оның себебі — 1740 жылдары, 1750 жылдардың басында шығыс жағалауда тізбектеле орналасқан британиялық отарлардың батысқа қарай кеңеюінің салдарынан Францияның «Жаңа Франция» атты отарымен шектесіп қалған еді. Сол себепті Франция Вирджиния және Пеннсильвания отарларының батысқа әрі қарай кеңеюінің алдын алу үшін 1750-ші жылдардың орта шенінде қазіргі батыс Пеннсильванияда бекіністер тізбегін салған болатын. Британиялықтардың сол бекіністерді басып алуға бағытталған әрекеттері Француз және үндіс соғысының басталуына алып келді. Ал Солтүстік Америкада жеті жылдық соғыс осылай аталады.
Еуропадағы әскери қимылдар Фридрихтың Аустриямен одақтасқан кіші неміс мемлекеттерінің бірі — Саксонияға басып кіруімен басталды. Саксония және Аустрия әскерлері шабуылға дайын болмаған болатын, сондықтан Фридрих Лобозиц шайқасында Саксония әскеріне Аустрия әскерінің көмекке келтіргізбеді. Алайда Саксония Фридрихтың қимылдарына кедергі болып оны кешеуілдетіп тастады. Жерорта теңізінде француздар Миноркаға шабуыл жасап, британиялықтарға қарсы соғыс бастады. Британиялықтардың жауап соққысы Минорка шайқасында сәтсіз аяқталып, олар аралдан айырылып қалды. Жеңіліске жол бергені үшін британиялық адмирал Джон Бингтың ісі әскери сотта қаралып, өлім жазасына кесілді.
1757 жылдың көктемінде Фридрих қайтадан бірінші болып шабуылдап, Прагаға қарай жылжыды. Қанқұйлы Прага шайқасынан кейін пруссиялықтар қаланы қоршап алған болатын, бірақКолин шайқасында Фридрихтың алғашқы жеңілісінен кейін қаладан кетуге мәжбүр болды. Жазда орыстар шығыс Пруссияға басып кіріп, Гросс-Егерсдорф шайқасындапруссиялықтардың шағынырақ әскери қосынын жеңді.
Аустриялықтар бір жақтан, француздар батыстан Пруссияға қарсы әскер жылжыта бастағанда жағдай пруссиялықтар үшін қиындай түсті. Бірақ Фридрих бір күтпеген ерекше қимыл жасады. Ол бір айдың ішінде бір-бірлеп француздарды Россбах шайқасында, ал аустриялықтарды Лойтен шайқасында талқандады. Осы керемет жеңістердің арқасында Фридрих өзін Еуропаның ең ұлы қолбасшысы, ал өз әскерін Еуропаның ең құдіретті әскері ретінде атағын шығарды. Фридрихты қатты құрметтеген ІІІ Петр патша таққа отырған соң Фридрихтың қуатты бір одақтасы пайда болды. Бұл одақ Бірінші Дүниежүзілік соғысқа дейін, 150 жылдан астам күшінде болды.