Жүсіп Баласағұни өмірі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 18:43, биография

Описание

Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (шамамен 1017/1021-1075) – ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Замандастары мен өзінен кейінгі ұрпақтарға дарынды ақын ғана емес, ғалым ретінде де танымал болған. Философия, математика, медицина, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, т.б. ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Жүсіп Баласағұни
a) Өмірбаяны
ә) ” Құтты білік” дастаны
б) Ой өсиеті
в) ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ ЖӘНЕ ХІХ-ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ӨКІЛДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЗАМАНА БЕЙНЕСІ
III. Пайдаланған әдебиеттер.

Работа состоит из  1 файл

Жусіп баласағұни реферат.docx

— 30.62 Кб (Скачать документ)
pt;line-height:14pt">Жапа шектім, ием, мұңлы  сияғым,

Опалы кім, шыбын жанды  қиямын /2.585/, - деп, оны түсінер ешкім  қалмағандықтан, жалғыздықтан жапа шегіп, торығады. Оның түңілетіні – жан-жағындағы бауыр-туыс, ағайын, дос-жаранның қатігездігі. Адамның жанын ұқтыратын көңіл айнасы – жан мен тіл, ал:

Тіл, жан ала болды, сенсін қайтіп діл! /2.585/ - деп, тілдің де алдамшы  екендігін, жүректің де таза емес, яғни адам пейілінің де тарылғанын сөз  етеді. Дүниеде жалғыз қалып, өзін түсінер  ешкім таппай, содан жапа шегіп:

Кімді сүйеу, кімді жақын  санайын,

Кімге сеніп, кімді досқа  балайын?! /2.585/ - деген жолдарда Жүсіп  не үшін, неліктен жабырқауының себебін  дәл, нақты көрсетпегенімен, Абайдың  «көңілім қайтты достан да, дұшпаннан  да» дегені сияқты күңіреніс байқатады : 

Көңіл қалды туыстан да, жаттан да,

Бауырың – жат, құлқы жаман  қастан да! /2.585/

Ақын түңілетін орта –  Абай айтатын «заманға күйлеген»  адам мінезі, олардың тар дүниетанымы, тоғышарлығы.

Сауда қуып, бұзылды ма маңайым,

Елес пе әлде, көзімді  кең ашайын.

Заң, ізгілік кетті –  ниет қарайып,

Сұмдар қалды, қайдан шындық табайын /2.586/, - деген ақын мұңы қай  ғасырда да халық мұңы болып қала берді. Өйткені өмір бар жерде  әлеуметтік қайшылықтар бар, әлеумет  бойындағы міндер бар. Бұндай келеңсіздіктен халық үлкен өркениетке жеткенде ғана құтыла алады, оған дейін әр заман  ойшылы, әр кезең ақыны сол кемшіліктерді  айтуы, кесапатты қылықтардың қандай екендігіне халықтың көзін жеткізуді  заңды құбылыс, сондықтан да бұл  тақырып кейінгі қазақ поэзиясында  өз дәстүрлі жалғасын тапқан тақырып. Мұндай замана келеңсіздіктері Ж.Баласағұн  мен ХІХ-ХХ ғасыр ақындары шығармашылығында бірдей көрініс беріп отыратындығынан  да себебі осыдан.  

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

1) Қазақ  ұлттық энциклопедиясы, 4 том «Тарихи тұлғалар» кітабы.

2) www.wikipedia.com

 

 

 

 

 

Информация о работе Жүсіп Баласағұни өмірі