Қаржы нарығы және делдалдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 21:52, реферат

Описание

Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы.

Содержание

1Қаржы нарығы, делдалдары түралы түсінік.

2.Қаржы нарығы және оның қүрылымы.

3.Қор биржалары және олардың қаржы нарығындағы ролі

Работа состоит из  1 файл

ФРИП Реферат Димаш.docx

— 214.22 Кб (Скачать документ)

 

Қаржы Экономика  Факультеті 

РЕФЕРАТ 

Тақырыбы: Қаржы нарығы және делдалдары. 
 
 
 

Орындаған: Аманжолов Динмухамед

3- курс студенті

Қабылдаған: Акпанов Айдос Калдыбаевич 
 

Алматы 2011 
 

               Жоспар

1Қаржы  нарығы, делдалдары түралы түсінік.

2.Қаржы  нарығы және оның қүрылымы.

3.Қор  биржалары және олардың қаржы  нарығындағы ролі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

               Кіріспе

      Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде  бағалы қағаздарды сату мен қайта  сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы  қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің  және халықтың уақытша бос ақшасын  жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың  жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің  құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен  байланысты

      Шаруашылық  жүргізудің қазіргі жағдайындағы қаржы  нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды ұйымдастырудың айырықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ несие  нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі  шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын  біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып  табылады. 

      Экономикалық  әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы нарығы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал нарықтарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны  жалпы ақша мен құн категорияларына  бара-бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені  экономикалық ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып  табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен  ортақтастырылуы мүмкін.

     Қаржы нарығының құрылымы жайлы айтылып  кететін жайт

      Қаржы нарығы ақша нарығын, несие капиталы нарығын және қор нарығын қамтиды. Ал қор нарығы өз алдына  бағалы қағаздар нарығын және туынды бағалы қағаздар нарығын қамтитын болады

      Ақша  нарығы дегеніміз қолм-қол ақша ғана емес, қолма –қолсыз төлем қаражаттарының  нарығы

Несие  нарығы несие бойынша банктердің несие операцияларымен байланысты .

Ақша  мен несие нарықтары, әдеттегідей,  айналым активтерінің қозғалысына  қызмет етеді.

Капитал нарығында қоғамдық өндіріс қатысушыларының  орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының  қозғалысы жүзеге асырылады 

Қаржы нарығында сатып  алу –сатудың объектісі айрықшалықты тауарлар-ақша және бағалы (ақша) қағаздар болып табылады.Сондықтан  онда бағалы қағаздардың қозғалысімен ортақтастырылатын экономиқалық  қатынастар болып  табылатын бағалы қағаздар нарығы  маңызды орын  алады . Қор құндылықтарының-бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздар айналысымен байланысты болғандықтан оны қор нарығы деп те атайды .”Қор  нарығы “ термині  бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын  және ресімделінетін мекеменің –  қор биржасының атымен байланысты .

Функционалдық тұрғыдан қаржы нарығыбұл шаруашылық  жүргізуші субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамассыз ететін нарықтық  қатынастардың жүйесі . Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономиқалық  әсіресе инвестициялық процесстерді  тәртіпке келтіріп, олардың тиімділігін арттыруға  мүмкімдік береді.

Қаржы нарығының жұмыс  істеуінің қандай шарттары

      Қаржы нарыңыныің жұмыс істеу шарттарына мыналар жатады :

  1) реттеліген  тауар нарығының болуы, яғни  кез келген түрлердегі және  арналымдағы тауарлар мен қызмет  көрсетулер бойынша сұраным мен  ұсынымның теңгерімдігі;

  2) Ұлттық (орталық) банк тарапынан ақша  айналысын қалыпты реттеп отыру:  бұған қолма – қол және қолма  – қолсыз айналым бойынша эмиссияға  бақылау жатады;

  3) несие  нарығының жандырылуы, оның толық  коммерциялануы, яғни ресурстарын  еркін нарыққа орналастыру; несие  ресурстарының қозғалысы орталық  банктің пайыздық есептік мөлшерлемесін,  коммерциялық банктердің міндетті  резервтерінің нормасын, ашық ақша  нарығында операциялар жүргізуді  белгілеу арқылы реттелінеді.

     Кез келген субъектінің қаржы  ресурстарына қажеттілігі және  оны қанағаттандырудың нақты  көздерімен тура келмеуі қаржы  нарығының жұмыс істеуінің негізгі  алғышарттарына мыналар жатады:

    1) бәсекені дамыту мен монополизмді  шектеу мақсатындағы материалдық  өндіріс сферасының бастапқы  шаруашылық буындарының – меншіктің  барлық нысандары кәсіпорындарының, соның ішінде мемлекеттік сектордың  да кең дербестігі;

    2) қаржы ресурстарын қайта бөлудегі  мемлекет рөлінің қысқаруы: өндірістік  күрделі жұмсалымдарды орталықтан  қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар  арасында ішкі ведомстволық қайта  бөлудің азаюы;

    3) шаруашылық жүргізуші субъектілер  мен халықтың бағалы қағаздарға  және басқа активтерге инвестицияланатын  ақшалай табыстарының өсуі;

    4) бюджет тапшылықтарын қаржыландыру  үшін несие қорын пайдалануды  тоқтату; распубликалық, сондай  –ақ жергілікті бюджеттердің  тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды  шығару арқылы жабылуы тиіс.

Қаржы нарығының маңызы

    Қаржы нарығының маңызы  бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды.

Оның  жұмыс істеу әкімшіл - әміршіл  экономикаға тән «сатылас»  әдістің  орнына «деңгейлес» қозғалысы бойынша  ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік  береді. Деңгейлес қозғалыс кезінде  шаруашылық жүргізуші субъектілер  арасында қаржы ресурстарын өтеусіз  қайта бөлу түрінде төте байланыстар  іс- әрекет етеді. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен объектілерге жедел аудару есебінен кәсіпорындардың, салалардың және экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады.

   Қаржы нарығы бағалы қағаздардың  бағасын белгілеу жолымен бизнестің  нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік  береді: тиімді жұмыс істейтін  шаруашылық жүргізуші субъектілерде  олардың неғұрлым жоғары бағасы  белгіленеді.

    Қаржы нарығының болуы инфляцияны  тежейді, өйткені бюджет тапшылығын  жабу үшін үкімет ақша эмиссисын  пайдаланбайды, рынокте еркін  жүретін, бағасы сұраным мен  ұсыным арқылы анықталатын құнды  қағаздар шығарады.

     Экономикалық реформа процесінде  қаржы рыногінің қалыптасып, жұмыс  істеуі экономиканың дағдарысын  тудыратын және оның инфляциясымен  қосарланатын қарама- қайшылықтарға  және қиыншылықтарға кезігеді.

   Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай  шектеу жасайды- олар қысқа  мерзімді немесе құны жоғалмай  жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Бағаның  өнімі өсіп отырған жағдайында  инвесторлар қаражаттарды өтімі  аз бағалы қағаздарға ұзақ  мерзімге салуға бармайды. Инфляция  кезінде ұзақ мерзімді инвестициялар  үшін жылжымайтын дүние – мүлікке,  таурларға, еркін айырбасталымды  бағалы қағаздарға жұмсау неғұрлым  тартымды болып табылады.

    Қаржы нарығының дамуы халықтың  көпшілік бөлігінің тұрмыс деңгейінің  төмендігінен тежелеп отыр, мұның  өзі жеке инвесторлардың санын  азайтады. Кәсіпорындардың төлеуге  созылмалы қабілетсіздігі жағдайында  олардың қаражаттарды бағалы  қағаздарға салуы екі талай.  Ақша қаражаттарының тапшылығы  қысқа мерзімді кредиттер мен  депозиттер бойынша пайыздық  мөлшерлемелердің өсуіне жеткізеді,  мұның тәтижесінде бағалы қағаздардың  табыстылығы банктердің ақша  – кредит операциялары жөніндегі  мұндай табыстылықпен бәсекелесе  алмайды.

   Қаржы нарығыныің жұмыс істеуінің  маңызды факторы сонымен қатар  саяси тұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы  бірқатар елдердің экономикалық  кеңістігін қамтуы мүмкін. ТМД  елдерінің саяси болмыстары не  ол, не бұл кәсіпорынның рентабелдігіне  қатысты ұзақ мерзімді болжамының  мүмкіндігін жоққа шығарады және  солай болған соң бағалы қағаздарды  сатып алу ықыласын шектейді

     Қаржы нарығының жандануы корпоративтік  бағалы қағаздарды – экономиканың  нақты секторы кәсіпорындарының  акциялары мен облигацияларын  шығару және олардың айналысын  жандандыру кезінде мүмкін. Қазақстанда  соңғы уақытқа дейін қаржы  рыногінің бұл сегменті жақсы  дамымады, бұл жалпы экономикалық  әлуетті тежейді.

    Инвестициялық институттар, қор  биржалары, биржадан тыс сауда,  депозит мекемелері түріндегі  құрамды элементтерді қамтитын  ұлттық қор жүйесін қалыптастыру  бір мезгілде басқа нарықтық  құрылымдардың, ең алдымен әр  түрлі тұрпаттағы акционерлік  қоғамдардың қалыптасуымен, бұл  жүйенің қызметін мемлекеттің  экономикадағы оң құрылым жасаушы  рөлі кезіндегі сенімді заңнаналық  қамтамасыз ету жағдайында жүргізілуі  тиіс.

Қаржы құралдары

Жалпы кең мағынада ќаржы ќұралдары  – бұл ќаржы активтерін молайтатын немесе көлемін ұлѓайтатын кез- келген шартты айтамыз. Мысалы, « А » кәсіпорны « Б » кәсіпорнына төлем мерзімін ұзартумен ( комерциялыќ несие ) тауар жіберді, нәтижесінде « А » кәсіпорнының дебиторлыќ ќарызы өсті, ал « Б » кәсіпорныныњ кредиторлыќ ќарызы сол сомада өседі.

Ќаржы құралдары 2 топќа бөлінеді:

  1. Бастапќы
  2. Кейінгі

Бастапќы ќаржы ќұралдарына вексельдер, несиелер, заемдар, облигациялар, акциялар және т.б. ќұнды қағаздар жатады.

Кейінгі ќаржы ќұралдары ( туынды ќўралдар немесе деривативтер ) – бұл ќаржы опицондары, фьючерстер, форвардтық келісімдер және своптар.

Қаржының өзгеше белгілері қандай ?  
Қаржы – ақша қатынастарының ажырағыссыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық үдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның ролі мен маңызы экономикалық қатынастарда қандай орын алатындығына байланысты.  
Жалпықоғамдық өнім мен үлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамының түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай көрінісі болып табылады. Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дүрыс болмас еді. Ақша катынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалынатын ақша қорлары бүл қатынастардың мазмүны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорларымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды.  
Экономикалық категория ретінде қаржының мазмұнын қүрайтын қатынастардың өзгешелігі олардың көрісінің әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әр қашан ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болтын жалпы нышан. Сөйтіп кезгелген ақша катынасы қаржы қатынасы болуы мүмкін емес ал кезгелген қаржы қатынасы ол ақша катынасы болып табылады.  
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық қүрылымдық бөліктерінде және шаруашылық жүргізудің түрлі денгейлерінде қоғамдық өнім қүнын қайта бөлудің сан алуан процестері жузеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.  
Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ тек ғана өзіне тән қасиетері емес, өйткені бүл белгілер бағаға да, еңбек ақы төлеуге де, несиеге де ортақ.  
Қаржының ерекше белгілер : қорларды қалыптастыру, оларды белгілі бір мақсаттарға жүмсау, директивалық (сөзсіз болатын міндетті төлемдер), тепетендіктің болмауы (қаржыға баламалық тән емес).  
Сөйтіп, қаржының қаралған өзгеше белгілері қаржының ерекшелігін атап көрсетеді.  
Жоғарыда айтылғандардың негізінде қаржының қысқаша анықтамасын былайша тұжырымдауға болды : қаржы – бүл қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұның нәтижесінде үдайы өндіріс қатысушыларының сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олардың ақшалай табыстары мен қорлары жасалып, пайдалынады. Басқа сөзбен айтқанда қаржы ол ақшалай қорларды қалыптастырумен бөлумен және пайдаланумен болтын экономикалық қатынастар.  
Қаржының объективті қажеттігі неде ?  
Қаржының қажеттігі тауар – ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бүл ресурстардың жүмсалуына бақылау жасау. Қаржы ресурстары – бүл жалпы ішкі өнім қунының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша каражаттары, олар үлғаймалы ұдайы өндіріс пен жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған.  
Қаржы ресурстары болмаса, мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік – экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі фунцияларын қамтамасыз ете алмайды.  
Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары - қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары.  
Мемлекет, дәстүрлі фунциялардан басқа, шаруашылық процестерді реттеу жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, сондықтан мемлекеттің қарамағында қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары – мемлекеттік бюджет арқылы қазір жалпы ішкі өнімнің 20 пайыздан астамы және жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайыздайы бөлінеді.  
Қаржы қандай функцияларды орындайды ?  
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және ролі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның үғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.  
Экономистердің көзқарасы бойынша қаржы екі функция орындайды : бөлу және бақылау. Бөлу функциясы қоғамдық жалпы өнім мен оның бөлігі – үлттық табысты бөлу және қайта бөлу процесінде көрінеді. Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу болып ажыратылады.  
Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен өтеу қоры шығарып тасталады және жаңадан жасалған қүн – ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, шаруашылық субъектілердің және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады.  
Ұлттық табысты қаржы көмегімен қайта бөлудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:  
-өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;  
- елдің аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты бөлу;  
-қаржы ресурстарын сала ішінде бөлу.  
Қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылауда-жалпы ішкі өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда көрінеді. Қаржының бақылау функциясының экономикалық мағынасы кәсіпорынның қаржы қызметіне теңгемен бақылау жүргізу. Бүл бақылау материал, еңбек және ақша ресурстарын тиімсіз немесе тиімді пайдалануын көрсетеді. 
Қаржының қоғамдық дамудағы ролі қандай ?  
Қаржының экономикалық ролі мына бағыттардан көрінеді :  
қаржы капиталдың айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың, фирмалардың өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды;  
кірістер мен шығыстарды үдайы салыстырып отыру арқылы қаржы кәсіпорындардың есебін нығайтып, дамытады;  
қаржы ақша қорларын бөлу және қайта бөлу арқылы экономикалық өсудің ара салмағын қамтамасыз етеді;  
қаржы қорлану, тұтыну қорларын қалыптастырады, соның негізінде тиімділікті арттыруға мүмкіндік жасайды;  
қаржы меншіктің сан-алуан нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады.  
Сонымен бірге қаржы үлттық шаруашылықтың ара салмағын қамтамасыз етуде белсенді рөл атқарады: олардың көмегімен экономикалық және әлеуметтік дамудың индикативтік жоспарының элементтері теңдестіріледі.Қаржы қүндық бөлу процесіне қатыса отырып, баға, жалақы, несие сияқты категорияларымен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс-қимыл жасайды.  
Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Материалдық өндіріс сферасында еңбекке ақы төлеуқоры (жалақы қоры) қаржының көмегімен өнімді өткізуден түскен түсім-ақшадан бөлінеді. Бүл қор өндірілген өнімнің көлеміне қарай қалыптасуы мүмкін.  
Сырттай қарағанда еңбекке ақы төлеу қорын анықтауға баға факторы тікелей қатыспайды деген пікір туады. Бірақ таза табысты бөлу арқылы оның әсері ақиқат көрінеді. Нарықтық жүйеде бағаның еңбекке ақы төлеу қорына әсері бүрынғыдан бетер арта түседі.  
Қаржы саясаты дегеніміз не ?  
Қаржы саясаты - қаржыны басқарудың түпкі мақсаты, оның нақты нәтижесі; өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекеттің қаржы саласында жүргізетін мақсатты ойлары мен шараларының жиынтығы. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының қүрамды бөлігі болып табылады.  
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттік қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады.
 
 

Информация о работе Қаржы нарығы және делдалдары