Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:19, реферат
Әрбір экономикалық категория экономикалық қатынастардың түрлері, нысандары мен әдістеріне сәйкес өзінше ерекшеленеді. Осындай- қатынастардың түрі, нысандары және әдістері түсінігі- экономикалық өмірде сәйкес үрдістерді басқару құралы ретінде жүзеге асырылады. «Механизм» түсінігі экономикалық түсінікте белгілі бір қызметке өзгеріс әкелетіндей әрекет пен құрал мағынасын береді. Осыған сәйкес бұл түсінік қаржы саясатының міндеттерін атқарушы құрал ретінде қалыптасады. Қаржы механизмі толығымен шаруашылық механизмі ретінде жүзеге асырылады. Қаржы механизмі жүйелілік талдау, блок, элемент тәрізді буындардан тұрады.
Қаржы саясаты және қаржы
1. Қаржы саясатының мәні мен
мазмұны
Қаржы саясаты – бұл мемлекеттің қаржы
аясындағы міндеттері мен қызметтерін
жүзеге асыру үшін жүргізілетін шараларының
жиынтығы. Қаржы саясаты экономикалық
саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады.
Қаржы саясаты экономикалық заңдарының
талаптарының негізінде қалыптасады.
Нақты өмірде қаржы саясаты қаржы механизмі
арқылы жүзеге асырылады. Қаржы механизмі
қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару
түрлерінің, нысандарының және әдістерінің
жүйесі болып табылады.
Қаржы саясатының мақсаты – қоғамның
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
қаржы ресурстарын қанағаттандыру болып
табылады.
Қәзіргі кезде қаржы саясатын жүзеге асыру
барысында шешілетін басты міндеттердің
қатарына мыналарды жатқызуға болады:
- Әлеуметтік жағдайдың жақсаруы;
- Мемлекеттік қаржылардық ұлғаюы;
- Ақша тауар ағындарында тепе-теңдікке
қол жеткізу
- Басқа заңсыз бағыттарға қаржылардың
жұмсалуына жол бермеу
- Банк жүйесінің тиімді жұмыс жасауын
қамтамасыз ету
- Өндірісте тұрақтылықтың қамтамасыз
етілуі;
Мемлекеттің қаржы саясаты дегеніміз
бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық
даму жөніндегі міндеттерін шешу үшін
қаржыны пайдалну жөніндегі мемлекеттің
нысаналы қызметі, қажыны басқарудың түпкілікті
мақсаты, оның нақтылы нәтижесі.
Қаржылық саясатқа бюджеттік, ақша, несие,
баға және кедендік саясаттар жатады.
Осыған сәйкес қаржы саясаты қосалқы ролді
атқара отырып, мемлекеттің экономикалық
және әлеуметтік саясатын жүргізудің
негізгі құралы болып табылады.
Бюджеттік саясат Бюджетте жинақталған
ІЖӨ бір бөлігін, бюджеттің шығыс бөлігінің
қалыптасуын, әр түрлі деңгейлі бюджеттер
арасында қаржылардың бөлістірілуін қарастырады.
Бюджет дегеніміз– мемлекеттің функцияларын
жүзеге асыруға бағытталған ақша қорларының
қозғалысын көрсететін заңды түрде бекітілген
құжат.
Қаржы саясатының негізгі бөлігінің бірі
– салық саясаты. 500 жылдан астам уақыт
бойы қаржы саясатының салыққа деген қатынасы
анықталуда:
• Мемлекет салықсыз жүзеге асуы мүмкін
емес
• Салықтық емес төлемдер өсуге бағытталады
• Салық өзінің белгілі бір деңгейінен
өте көп артық көлемде бекітілген жағдайда
табиғи ұлғаймалы өндіріс үрдісінің бұзылуынан
экономикалық жағдайдың құлдырауы жүзеге
асады
• Дағдарыс жағдайында салықтар ең шекті
мүмкін деңгейде бекітіледі
• Салықтардың жоғары деңгейде бекітілуі
капитал ағынына әкеледі
• Мемлекеттің экономиканы реттеуі қажет
болып табылады
• Салықтық жеңілдіктер айқын түрде ұлғаймалы
өндіріс субъектлері арасында теңдей
бөлінуі тиіс
• Салықтық саясат ашық, қарапайым және
тиімді болуы тиіс
• Негізгі салықтық база ретінде табыс
пен мүлік қолданылуы тиіс.
Салық саясатының ел экономикасына әсері
тікелей- жоғары салық деңгейі бекітіліп,
оның нәтижесінде ұлғаймалы өндірістің
инвестициялық мүмкіндіктері кеміген
жағдайда және тұтыну деңгейінің төмендеп,
өнім өндіру мен сату көлемі кеміген жағдайда
айқын байқалады. Ақша саясатының құрамдас
бөліктеріне эмиссиялық саясат және ұлттық
валютаның тұрақтылығы жатады.
Эмиссиялық саясат, айналысқа қажетті
ақша санын анықтаумен қатар бюджеттің
табысын ұлғайту үшін де қолданылады.
Ұлттық валютаның тұрақтылығы өте күрделі
процесс болып табылады себебі, егер ақша
массасы қажетті көлемнен асып кетсе,
инфляция қалыптасып, бюджеттің кірістері
құнысызданады. Егер белгілі бір себептерге
байланысты мемлекет өзінің ақша массасын
реттей алмаса, онда елдің экономикалық
қәуіпсіздігі бұзылады және ұлттық валюта
басқа шет елдік валюталарға төтеп бере
алмайды және ұлттық байлықтың белгілі
бір бөлігі шығынға ұшырайды.
Несие жүйесі ішкі шаруашылық есеп-айырысу
мен ссудалық капиталдың есебін қамтамасыз
етеді. Ссудалық капитал бұл несие беруді
жүзеге асыра отырып, айналым қаражаттарын
қамтамасыз ету яғни ұлғаймалы өндіріс
процесін жүзеге асырудың маңызды шарттарына
жатады.
Баға саясаты мемлекет монопольды тауарлар
мен қызметтерге бағлар мен тарифтерді
реттеп отырады. Мемлекетте монополды
иелігіне жер, жер қойнаулары, темір-жол,
мұнай, газ құбырлары жатады. Баға саясаты
экономиканы ретеудің маңызды факторларының
бірі болып табылады. Электрэнергияға,
шикізатқа, транспорттық тарифтерге тауарлар
мен қызметтердің барлық түрінің бағалары
байланысты болады.
Кедендік саясат бұл саясатты салықтық
және баға саясатының бөлігі ретінде қарастыруға
болады, себебі кедендік алымдар мен салықтар
тауарлар мен қызметтердің бағасына тікелей
әсер етеді. Сонымен қатар кедендік саясат
ішкі нарыққа импорттық тауарларды ендіру
мен шектеуге қатысты немесе экспортқа
тауарларды шығаруға қатысты әсер ете
отырып, ел экономикасына әсер етеді.
2. Қаржы саясатының типтері
Көптеген елдердегі қаржы саясатына талдау
жүргізе отырып, олардың 4 негізгі типтерін
атап көрсетуге болады: классикалық, реттеушілік,
жоспарлы –директивті және қәзіргі саясат.
Өткен жүз жылдықтың 20 жылдарында көптеген
елдерде қаржы саясатының классикалық
типі кең қолданылды. Мұндай қаржы саясаты
классикалық саяси экономияның өкілдерінің
еңбектерінде А. Смит (1723-1790) және Д. Рикардоның(1772-1823
еңбектерінде және олардың ізбасар ғалымдарының
еңбектерінде айқын көрінеді. Олардың
негізгі ұстанған бағыттары – экономикаға
мемлекеттің араласпауы, еркін бәсекелестіктің
қалыптасауы және нарықтық механизмді
шаруашылық үрдістердің басты реттеушісі
ретінде қолдану. Осының негізінде мемлекеттік
шығындар мен салықтарды кеміту, тепе-теңдік
бюджет құрылымын қамтамасыз ету.
Реттеушілік қаржы саясатының негізін
ағылшын экономисті ДЖ. М. Кейнстің (1883-1956)
және оны қолдаушылар қалыптастырған.
Олар экономиканың циклдық дамуын мемлекет
әр уақытта реттеп отыруы қажет деген
тұжырымды ұстанады. Ал қаржы саясаты
дәстүрлік міндетттермен қатар халықты
толық еңбекпен қамтуды жүзеге асыру мақсатында
экономика мен әлеуметтік қатынастарды
реттеуді де жүзеге асыру қажет. Реттеушілік
қаржы саясаты жағдайында салықтар түбегейлі
өзгеріп отырады. Басты реттеуші механизм
ретінде прогрессивті салық мөлшерлемелерінде
пайдаланылатын табыс салығы жиі қолданылады.
Жоспарлы – директивті қаржы саясаты
экономиканы жоспарлы басқару жүйесін
қолданатын мемлекеттерде жүзеге асырылады.
Өндіріс қаражаттарының мемлекеттік меншікке
негізделуі экономиканы, қаржыны және
әлеуметтік саланы тиімді басқаруға мүмкіндік
береді. Бұл жағдайдағы қаржы саясатының
мақсаты – мемлекеттік жоспарды жүзеге
асыра отырып, мемлекеттің қаржы ресурстарын
максималы түрде шоғырландыруға бағытталған
(ең бірінші билік пен басқару органдарында
).
Қәзіргі қаржы саясаты – бұл кәсіпкерлік
қызметтің көп түрлерінің дамуымен, мемлекеттік
меншіктің жекешеленуімен, шаруашылық
жүргізудің әр түрлі формаларының қалыптасуымен
және аралас экономиканың жүзеге асырылуымен
сипатталады. Осының негізінде қағидалы
қаржы механизмі қалыптасады. Мемлекет
кәсіпорыннның ішкі шаруашылық қатынастарына
араласпайды.
3.Қаржы саясатының міндеттері мен қағидалары
Мемлекеттің қаржы саясатының міндеттеріне
келесілер жатады:
• Қаржы ресурстарының максималды түрде
қалыптасуын қамтамасыз ету
• Мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын
мақсатты бөлістіру мен пайдалануды қамтамасыз
ету
• Қаржы әдістерінің негізінде экономикалық
және әлеуметтік ресурстарды реттеу мен
ынталандыруды ұйымдастыру
• Стратегияның мақсаттары мен міндеттерінің
өзгеруіне сәйкес қаржы механизмін дайындау
мен дамыту
• қаржыларды басқарудың тиімді жүйесін
қалыптастыру.
Мемлекеттің қаржы саясаты қалыптастырудың
негізгі қағидаларына келесілер жатады:
v Қаржы ресурстарын бөлістіруде қоғамдық
өндірістің барлық мүшелері қатынасуы
тиіс (әлеуметтік, ұлттық, мамандандырылған
топтар).
v Мемлекет пен субъектлер арасында қаржы
тиімді түтүрде бөлістірілуі тиіс
v қаржы ресурстарының кіріс бөлігі шығыс
бөлігін жабуы тиіс.
v Қаржы ресурстарының түсімдерінің жоспарын
ұйымдастыру қажет.
4. Қаржы механизмінің мәні мен мазмұны
Әрбір экономикалық категория экономикалық
қатынастардың түрлері, нысандары мен
әдістеріне сәйкес өзінше ерекшеленеді.
Осындай- қатынастардың түрі, нысандары
және әдістері түсінігі- экономикалық
өмірде сәйкес үрдістерді басқару құралы
ретінде жүзеге асырылады. «Механизм»
түсінігі экономикалық түсінікте белгілі
бір қызметке өзгеріс әкелетіндей әрекет
пен құрал мағынасын береді. Осыған сәйкес
бұл түсінік қаржы саясатының міндеттерін
атқарушы құрал ретінде қалыптасады. Қаржы
механизмі толығымен шаруашылық механизмі
ретінде жүзеге асырылады. Қаржы механизмі
жүйелілік талдау, блок, элемент тәрізді
буындардан тұрады. Қаржы механизмінің
ішкі жүйесі дегеніміз қаржы механизмінің
– қаржылық жоспарлау, қаржылық тетіктер
мен күштер, қаржы механизмінің ұйымдық
құрылымы мен құқықтық режимі, басқаруды
ұйымдастыру сияқты ішкі күштерін құрайды.