Кәсіпкерлік қызмет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 21:43, доклад

Описание

Кәсіпкерлік[1] – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңи тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді.

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпкерлік қызмет.doc

— 68.00 Кб (Скачать документ)


             Кәсіпкерлік[1] – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңи тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңи тұлға құрмай немесе заңи тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.

            Кәсіпкерлік – кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс. Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады. Нарықтық жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлік мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген.

 

Рынок жағдайларында табыс алуға бағыттылған азаматтардың кәсіпкерлік қызметіне кең жол ашылған. Дара кәсіпкерлік ұғымы Дара кәсіпкерлік туралы заңда тұжырымдалған. Дара кәсіпкерлік қызмет мына белгілердің жиынтығымен сипатталады:

                    а) ол ынталы бастамалық қызмет болып табылады;

                    ә) табыс алуға бағытталған;

                    б) кәсіпкерлікпен шұғылданатын азаматтардың өздерінің меншігіне негізделген;

                    в) азаматтардың атынан олардың тәуекелі үшін және олардың мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.

Дара кәсіпкерліктің түрлері Дара кәсіпкерлік туралы заңға сәйкес, жекеше және бірлескен кәсіпкерлік болып табылады. Дара кәсіпкерлер мынадай шарттардың біріне сәйкес келсе, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады:

                    1) тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегі пайдаланылады;

                    2) жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілерімен белгіленген жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшерінен асып түскен мөлшерде кәсіпкерлік қызметтен салық заңнамасына сәйкес есептелінген жылдық жиынтық табыс алады.

Дара кәсіпкерлік туралы заңға сәйкес дара кәсіпкерліктің түрлері жекеше және бірлескен кәсіпкерлік болып табылады.

Жекеше кәсіпкерлікті оған меншік құқығында жататын мүлік базасында, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) мүлікке иелік етуге болатын өзгедей құқық күшінде бір жеке тұлға өздігінше жүзеге асырады.

Бірлескен кәсіпкерлікті оларға ортақ меншік құқығында жататын мүлік базасында, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) мүлікке иелік етуге болатын өзгедей құқық күшінде жеке тұлғалар тобы (дара кәсіпкерлер) жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлік кезінде жекеше кәсіпкерлікпен байланысты барлық мәмілелер жасалынады, құқықтар мен міндеттіліктер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушылары атынан сатып алынады және жүзеге асырылады.

Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары мыналар болып табылады:

                    а) ортақ меншік базасында жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі;

                    ә) фермер немесе шаруа қожалығының ортақ меншік немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік базасында жүзеге асырылатын субасылық кәсіпкерлік;

                    б) жай серіктестік, бұл серіктестік кезінде кәсіпкерлік қызмет жалпы үлестік меншік базасында жүзеге асырылады.

«Жекеменшіктік қосалқы шаруашылық» туралы заңда жеке-меншіктік қосалқы шаруашылық - ауылды жерде, қала маңында орналасқан жер учаскесінде өзінің мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған қызмет түрі. Жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізуге құқық меншік құқығында немесе елді мекендер мен қосалқы жерлердің ауыл шаруашылығы арналымының жерлерінен жер пайдалану құқығында жер учаскелері бар азаматтарға жатады.

Жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін азаматтарға берілетін жер учаскелерінің шекті мөлшері, мал ұстаудың нормативтері заңнамалық түрде регламенттелінеді.

 

 

   Жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізетін азаматтардың:

                    елді мекенге бөліп берілген ауыл шаруашылығы арналымының жерлерді жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін пайдалануға;

                    кооперативтер, қоғамдық бірлестіктер және ассоциациялар құруға, сондай-ақ жекеменшіктік қосалқы шаруашылықтардың қызметі мен жұмыс істеуінің ортақ мәселелерін бірлесіп шешу мақсатымен олардың құрамына кіруге;

                    ауылды мекенді орналастыру жобасына сәйкес жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізуге қажетті тұрғын үй және шаруашылық құрылыстар мен ғимараттар салуға құқығы бар.

Дара кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметпен айналысады, өз атынан құқықтар мен міндеттіліктерді сатып алады және жүзеге асырады. Бірлескен дара кәсіпкерлік кезінде кәсіпкерлік қызметпен байланысты барлық мәмілелер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан жүзеге асырылады.

Дара кәсіпкерлік кәсіпкерлікпен айналысу үшін мүлікті пайдалануға және (немесе) билік етуге болатын меншік құқығында немесе өзгедей құқықтарда азаматтарға жататын мүлік негізінде және оның есебінен жүзеге асырылады.

Кәсіпкерлік іс ұғымы - бұл мүліктік құқықтарды қоса, мүлік жиынтығы, мұның негізінде және сол арқылы дара кәсіпкер өзінің қызметін жүзеге асырады. Кәсіпкерлік іс түгелдей немесе оның бір бөлігі құқықтарды белгілеумен, өзгертумен және тоқтатумен байланысты сатып алу-сату, кепілдеме, жалға беру және басқа мәмілелердің объекті бола апады. Сондай-ақ олар бойынша салықтық есептемені берудің тәртібін өздері тандай алады:

                    1) жалпыға ортақ белгіленген тәртіп;

                    2) патент негізіндегі арнаулы салық режимі;

                    3) оңайлатылған мағлұмдама негізіндегі арнаулы салық режимі;

                    4) біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі. (мұндай тәртіп сақталынған жағдайда).

Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режімі қарастырылған.

Құмар ойын бизнесімен айналысатын кәсіпкерлер құмар ойын бизнесі салығын сондай-ақ құмар ойын бизнесі салығын төлеушілердің қосымша төлемін төлейді.

Дара кәсіпкерлер салықтарды есептеу мен төлеудің онайлатылған тәртібін пайдаланатын шағын бизнестің субъектілері болуы мүмкін.Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, тәртібін өздері таңдай алады.[1]

 

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

 

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

 

          Кафедра:     _______________________________________

          Факультет: _______________________________________

 

 

 

 

 

 

 

БАЯНДАМА

 

 

Тақырыбы:_________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

                                                 Тексерген: ___________________   

                                       Орындаған: Калменова С.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе-2012 ж

 



Информация о работе Кәсіпкерлік қызмет