Әлеуметтік қамсыздандырудың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 19:40, реферат

Описание

Конституцияның 28 бабында «Қазақстан Республикасының азаматтарына жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айрылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгіжалағы мен зейнетақының мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермелеп отырады»,-делінген.

Содержание

1. Әлеуметтік қамсыздандырудың құқықтық негіздері
2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
3. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы
4. Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақысы туралы

Работа состоит из  1 файл

_Кукык реф (2).doc

— 90.50 Кб (Скачать документ)

126-бап. Мерзімнен тыс ж.мыс.а  е.бека.ы т.леу 

Мерзімді  еңбекақы төлеу кезіндегі мерзімнен тыс жұмысқа еңбекақы бір

жарым еседен кем төленбейді. Кесімді еңбекақы төлеу кезіндегі мерзімнен тыс

жұмысқа еңбекақы төлеу тиісті біліктілік разрядындағы қызметкердің тарифтік

ставкасының (айлығының) елу пайызынан кем емес мөлшерде жүргізіледі.

 

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңы (20.12.2004 ж.

№ 13-III ҚР Заңымен еңгізілген өзгерістермен)

  Осы заң халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты құқықтық қатынастарды реттейді.

1-бап. Негізгі ұғымдар

  Осы заңда мынандай негізгі  ұғымдар пайдаланылады: 

1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек- (бұдан әрі - атаулы әлеуметтік көмек)- жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарды (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдарға (отбасыларына) мемлекет ақшалай нысанда берілетін төлем;

2) Жиынтық табыс - атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы;

3) Жан басына шаққандағы орташа табыс - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

4) Уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржыландыратын, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың , астананың, ауданның (облыстық аудандық маңызы бар қаланың) қаладағы ауданның атқарушы органы;

5) Учаскелік комиссия - атаулы әлеуметтік көмек сұраған адамдардың (отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік аумақтық бірлік әкімдерінің шешімдерімен құрылатын арнаулы комиссия);

6) Орталық атқарушы орган -халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган.

 

 

 

2-бап. Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы

1. Жан басына шаққандағы орташа  табысы кедейлік шегінен аспайтын  Қазақстан Республика азаматтарының, оралмандардың босқын статусына ие адамдардың, шетелдіктердің, Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар және тұрақты тұратын азаматтығы жоқ атаулыәлеуметтік көмек алуға құқығы бар.

       Мүгедектерді  және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, магистратура мен аспирантураны қоса алғанда, күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді, тындаушылар менкурсанттарды, сондай ақ және топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа толмаған балаларды бағып күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды.

2. Ұсынылған жұмыстан немесе  жұмысқа орналастырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуын немесе қайта оқуын өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздар алты айға атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айырылады.

 

 

Қазақстан Республикасындағы  арнаулы мемлекеттік жәрдемақы  туралы

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 шілдедегі № 365-I Заңы

(Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы № 482-1; 2000 жылғы 21 желтоқсандағы  № 130-II,  2001 жылғы қантардағы № 145-II, 2002 жылғы 21 наурыздағы № 308-II, 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 28 III   Заңдарымен еңгізілген өзгертулер және толықтырулармен)

Қазақстан Республикасының осы  Заңы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы  алуға құқығы бар азаматтарды  мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру  саласындағы қатынастарды реттейді.

1- тарау Жалпы ережелер

1-бап Негізгі ұғымда

Осы заңда мынандай негізгі ұғымдар  пайдалынады:

1) Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі жәрдемақы) - әлеуметтік қорғауды қажет ететіндерге жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін ақшалай төлем;

Жәрдем ақы төлеу жөніндегі уәкілетті орган жәрдем ақы төлеуді жүзеге асыратын ұйым

Орталық атқарушы органхалықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік  орган.

Жәрдемақыны төлеуге арналған қаражат

 Осы заңға сәйкес жәрдемақы  төлеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Азаматтардың жәрдемақыға құқығы

Қазақстан Республикасы азаматтарының  осы Заңда және Қазақстан Республикасының  соған сәйкес қабылданған өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен жардемақы алуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасында тұрақты  тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жәрдемақы алуға  арналған құқықты Қазақстан Республикасының  азаматтарымен бірдей пайдаланады.

Жәрдемақы мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және оларды алуға құқығы бар азаматтарға ай сайын ақша төлеуді білдіреді.

Жәрдемақы мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және оларды алуға құқығы бар азаматтарға  ай сайын ақша төлеуді білдіреді.

Бір уақытта бірнеше негіздемелер бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға жәрдемақы олардың қалауы бойынша тек бір негіздеме бойынша ғана төленеді.

 Жәрдемақыға құқығы бар азаматтар

Жәрдемақы құқығы бар азаматтарға:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен  мүгедектері, сондай ақ мәртебесі Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға тенестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылдағы 28 сәуірдегі № 2247 заң күші бар жарлығының №5-8 баптарында белгіленген жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан Соғысының қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілген  адамдар;

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қайтыс болған, хабарсыз кеткен жауынгерлердің ата аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлері;

Қаза тапқан Қайтыс болған хабарсыз кеткен әскери қызметшілердің отбасылары, атап айтқанда Ауғанстанға немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа  басқа мемлекеттерде соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан, хабарсыз кеткен немесе жаралану, контузия алу, мертігу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары; бейбіт уақытта әскери қызмет атқару кезінде қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары, қаза тапқандардың , қайтыс болғандардың, хабарсыз кеткендердің балалары, асырауындағылар; қызмет міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары, ата аналары; екінші рет некеге отырмаған әйелі ері; Чернобыль АЭСдағы апаттының, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілеріндегі және басқа да апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары; сәуле апаттары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қаза тапқан отбасыларға беріледі.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. «Құқық негіздері»  С.Д.Баққұлов  Алматы,2004 жыл
  2. «Қ.Р.- ның  Еңбек кодексі»  Алматы, 2007 жыл
  3. «Егемен Қазақстан газеті»   №9 2006 жыл
  4. Интернет материалдары (www.google.kz.)
  5. Елбасының ресми сайты ak-orda.kz  «Әлеуметтік қамсыздандыру туралы»
  6. Қ.Р.-ның Конституциясы Алматы,2007

 


Информация о работе Әлеуметтік қамсыздандырудың