Негізгі құралдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 13:25, курсовая работа

Описание

Экономиканың тиімділігін арттыру мемлекеттің осы заманғы экономикалық стратегиясының басты міндеті болып табылады. Мұнда ерекше ролді кәсіпорындардың өндірістік – шаруашылық қызметін басқарудың маңызды құрамы ретінде және барлық шаруашылық құралдарының оның ішінде негізгі құралдардың болуы, жағдайы, қозғалысы мен тиімді пайдалануына қатаң бақылау жасауды жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп атқарады.

Содержание

Кіріспе.

Негізгі бөлім

1. Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен маңызы.

2. Негізгі құралдардың типтік жіктелінуі.

3. Болашақ экономикалық тиімділік.

4. Негізгі құралдардың бағалануы.

5. Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру.

6. Негізгі құралдарды алу.

7. Негізгі құралдардың амортизациясы, олар бойынша есебі.

8. Негізгі құралдардың есептен шығарылуы, олар бойынша есебі.

9. Негізгі құралдардың талдамалық және топтамалық есебі.

Қорытынды.

Работа состоит из  1 файл

курсовая работа.doc

— 200.00 Кб (Скачать документ)

Кезеңі Кумулятивтік әдісі бойынша
амортизацияны есептеу Бірқалыпты әдісі бойынша амортизацияны есптеу
2004 жыл (1608333-3760)x15/120=200572 теңге (1608333-3760)/15=106971теңге
2005 жыл (1608333-3760)x14/120=187200 теңге (1608333-3760)/15=106971теңге
2006жылғы                            жинақталған              амортизациясының              сальдосы
200572+187200=387772теңге
106971+106971=213942теңге

Амортизацияны есептеу 2004 жылдың 1-ші қантарынан басталған.
Амортизацияны есептеу үшін кумулятивтік саны мынадай формула бойынша есептелінеді:
15x(15+1)/2=120.
Екі әдісті пайдалану салдарынан 173830 теңгеге айырма пайда болған, осы пайда болған айырма таратылмаған (бөлінбеген) табысқа жатқызылады.
Мысалы: объектінің қызмет мерзімі 5 жыл. Әшеінгі нормасы (бірінші әдістегі) 20% (100:5), сонда кемімелі қалдық әдісі 2 коэффициентті ескергенде 40% құрайды, қалдық құнға негізі болып саналады. Бастапқы құн 10 000тг., жою құны 1000тг. Бұл жерде жылдағы амортизациясы болады:
бастапқы құн амортизация сомасы қалдық құны
(баланстық)
1 жыл 10000 4000= (40% х10000) 6000= (10000 - 4000)
2 жыл 10000 2400= (40% х 6000) 3600= (6000 - 2400)
3 жыл 10000 1440= (40% х 3600) 2160= (3600 - 1440)
4 жыл 10000 864= (40% х 2160) 1296= ( 2160 - 864)
5 жыл 10000 296= (1296 - 1000) 1000= (1296 – 296 )

Негізгі қүралдардың тозуы. Негізгі құралдар құяын қайта бағалау және амортизациялық аударымдар есебінің тәртібі

Амортизацилық аударымдар мен негізгі қүралдарды қайта баға-лау құны банктің ағымдағы жылға қабылдаған бухгалтерлік есеп (есеп саясаты) әдістеріне              сәйкес              жүргізіледі.

6 БЕҚС 22 бөліміне сәйкес амортизацияларды есептеу үшін келесі әдістер қолданылуы мүмкін:

      құнды бір қалыпты (түзу сызық-ты) есептен шығару,

      құнды орындалған жұмыс көлеміне үйлесімді түрде есептен шығару (өндірістік әдіс),

      құнды сан бойынша есептен шығару (шоғырланымдық әдіс),

      қалдықтың                            кему              әдісі.

Құнды бір қалыпты (түзу сызьіқты) есептен шығару әдісі. Осы әдіске сәйкес объектінің амортизацияланатын қүны оны пайдалану мерзімі ішінде бір қалыпты есептен шығарылады. Әрбір мерзімге амортизациялық аударымдар сомасы пайдалану объектісінің есеп айырысу мерзімінің санымен амортизациялық құндарды бөлу жолы-мен есептеледі. Амортизация мелшері тұрақты              болып              табылады.
Мысалы, банк бастапқы құны 100 мың теңге болатын ксерокс сатып алды, оның 5 жыл пайдаланғаннан кейінгі өтімділік құны 10 мың теңге. Бұл жағдайда жылдық амортизация амортизациялық аударым құнынан 18 пайызды немесе түзу сызықты есептен шығару әдісіне сәйкес 18 мың теңгені құрайды. Бұл есептеулер келесі жолмен жүргізіледі:
Бастапқы құн - етімділік құны _ қызмет ету мерзімі
=18000теңге
100000теңге-10000теңге
5
5 жыл ішінде амортизацияны аудару 12-кестеде көрсетілген.
Дт 1692 «Үйлер және ғимараттар бойынша есептелген аморти-зация»
1693 «Компьютерлік жабдықтар бойынша есептелген
амортизация»
1694 «Өзге негізгі құрал-жабдықтар бойынша есептелген
амортизация»
Кт1652              «Жер,үйлер              және              ғимараттар»
«Компьютер              жабдықтары»
«Өзге                            де              негізгі              қүрал-жабдьқтары;
• қайта бағалау сомасының қалған барлық сомасына:
Дт 3540 «Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау резервтері»
Кт 3599 «Бөлінбеген таза кіріс (өтелмеген шығындар)».
Егер келешекте негізгі құралдарды есептен шығару өткізілетін
болса, онда банк өткізу сомасына келесі өткізбелерді жүргізеді: Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары» Кт 4852 «Негізгі кұрал-жабдықтарды- және материалдық емес

активтерді өткізуден түскен табыс». Бұзу және қайта жөндеу нәтижесінде алынған              бөлшектер,
байлаулар мен басқа да материалдық құндылықтар комиссляның
бекіткен              құнымен              кірістеледі:
Дт 1602 «Басқа тауар-материалдық қорлар» Кт 4920 «Басқа да кірістер».

Негізгі құралдардың есептен шығарылуының есебі.

 

Негізгі құралдар объектілері ұйымның бухгалтерлік балансынан:

1.      Физикалық және моральдық жағынан тозғанда;

2.      Шаруашылық қызметте пайдаланылмаған объектілер сатылғанда;

3.      Жарғылық капиталға салым ретінде басқа субъектілерге берілгенде;

4.      Басқа заңды не жеке тұлғаларға өтеусіз берілгенде;

5.      Қалдықтарды ұзақ мерзімді жалға бергенде;

6.      Кемшіліктерге, табиғи апаттарға және басқа себептерге байланысты есептен шығарылады.

 

Шаруашылық ұйымдары қолданыстағы заңдарға сәйкес өзіне тиесілі үйлерді, ғимараттарды, жабдықтарды, көлік құралдарын және мүліктерді басқа субъектілерге беруге, айырбастауға, жалға беруге, тегін уақытша пайдалануға немесе қарызға беруге, егер заңдарда және субъектінің жарғысында өзгедей көзделмесе, сондай ақ оларды баланстан есептен шығаруға құқылы. Кәсіпорындардың, цехтар мен басқа объектілердің құрылысына, кеңейтілуіне және техникалық қайта жарақтануына байланысты физикалық және моральдық тозуы бойынша таратылған кезде, табиғи апаттардың, аварияның, қалыпты пайдалану жағдайларының бұзылуынын нәтижесінде негізгі табыннан малдарды ақау ретінде шығарып тастағанда, шаруашылық аралық және басқа кәсіпорындар ортақ кәсіпорынға  баланстан шығару арқылы өтеусіз бергенде, сыйлағанда, табыс еткенде, өткізгенде және айырбастағанда негізгі құралдар шығарылады.

Тарату толық немесе ішінара болады. Ғимараттар, жабдықтар және басқа да тозған құралдар, белгіленген қызмет мерзімін жұмыспен өтегеннен кейін, физикалық тозуы салдарынан толық ескірген өндірістік үй, егер бұл объектілерді қалпына келтіру экономикалық жағынан тиімсіз немесе мүмкін емес болса және оларды басқа шаруашылық субъектілеріне өткізу немесе сату мүмкін болса, олар тарату тәртібімен субъект балансынан есептен шығарылады.

Негізгі құралдар жарамсыздығынан, оларды қалпына келтірудің мүмкін еместігін немесе тиімсіздігін анықтау үшін, сондай ақ негізгі құралдардың есептен шығаруға қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін субъект басшысының бұйрығы бойынша құрамында:

1.      Бас инженер немесе субъект басшысының орынбасары

2.      Бас бухгалтер немесе оның орынбасары

3.      Негізгі құралдар үшін жауапкершілік артылған материалды жауапты тұлға

4.      Меншік иесінің немесе өкілетті мемлекеттік органының өкілі

5.      МАИ өкілі бар тұрақты қызмет ететін комиссия құрылады.

 

 

Негізгі құралдардың жекеленген түрлерін баланстан есептен шығарғанда комиссияға: механиктер, энергетиктер, гидротехниктер, жылу техниктері және технологтары, мал дәрігерлері, зоотехниктер сияқты тиісті мамандар енгізіледі.

 

Негізгі құралдардың талдамалық және топтамалық есебі

 

Ұйымдардағы негізгі құралдарының есебі бухгалтерлік есептің шоттар жоспарындағы 2410 «Негізгі құралдар» кіші бөлімі шоттарында жүргізіледі. оларды төмендегідей жіктеуге болады:

        - 2411 – жер,

        - 2412 –  үйлер мен ғимараттар,

       - 2413 – машиналар мен жабдықтардың беріліс қондырғылары,

        - 2414 – көлік құралдары,

       - 2415 – басқадай негізгі құралдар,

       - 2930 – аяқталмаған құрылыс.

          Бұлар активті шот болғандықтан дебетінде негізгі құралдарының кірісі, яғни көбеюі, ал кредитінде негізгі құралдардың азаюы, яғни есептен шығарылуы көрсетіледі. Негізгі құралдардың есебі ұйымның орталық бухгалтериясында жүргізіледі. Олардың аналитикалық (талдамалық) есебі әрбір инвентарлық объектісі байынша бөлек жүргізіледі. Инвентарлық объекті – деп өзінің құрамына кіретін, яғни өзіне тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен жеке құрылыстарды (үйлер мен ғимараттарды), өздерінің құрылымы (конструкциясы) бойынша жекелеген немесе бірімен бірі құрылымы бойынша біріктірілген, яғни қосылған, бір зат болып саналып белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.

          Ұйымдарда негізгі құралдардың есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі құралдарға инвентарлық нөмер беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.

          Негізгі құралдар тозуына, бұзылуына басқа ұйымдар мен адамдарға берілуіне, сатылуына, тағы басқа жағдайларға байланысты есептен шығарылғанда оның инвентарлық нөмері ұйымның жаңадан кіріске алған негізгі құралдарына берілмейді. Инвентарлық нөмір негізгі құралға бекітілген жетонға немесе құралдардың өзіне бояумен жазылады. Инвентарлық объектілерді (заттарды) реттік сериялық жүйесімен номерлеу ұсынылады. Мұндай жағдайда әрбір жіктеу тобына кіретін негізгі құралдарға бөлек сериялық реттік номерлер белгіленеді, ол сериялық реттік номерді  негізгі құралдардың қандай жіктелу тобына жататындарын көрсететіндей етіп тағайындалған дұрыс. Негізгі құралдарға бастапқыда берілген инвентарлық номері оның инвентарлық карточкасында және бір жерден екінші жерге орын ауыстыру үшін толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілуі тиіс.

          Шаруашылық ұйымдарының бухгалтериясында негізгі құралдардың әрбір объектісіне типтік ведмостволық инвентарлық карточка ашылады. Егер жеке бірнеше бірінсіз – бірі қызмет ете алмайтын бірнеше бұйымдар, саймандар, аспаптар, тағы басқалары қосылып бір инвентарлық объектіні құрайтын болса, онда оның инвентарлық карточкасына құрамына кіретін барлық бұйымдардың тізімі жазылады.

          Егер ұйымның бір бөлімшнсіне құралдың (инвентардың), аспаптық немесе басқада негізгі құралдардың бір түрінің (аты технекалық сипаттамасы, бағасы бірдей болатын) бірнешеуі бір уақытта келіп кіріске алынса, онда олар инвентарлық карточкаларында тобы бойынша есептелінеді. Бірақ бұл жоғарыда айтылғандарға қарамастан ол негізгі құралдардың әрқайсысына бөлек инвентарлық номер беріледі. Негізгі құралдардың барлық түрлерін, сондай - ақ шаруашылық ұйымына календарлық бір ай ішінде пайдалануға берілген біртектес өндірістік - шаруашылық қызметінің бір түрін орындауға арналған жеке техникалық сипаттамасы мен бағасы бірдей негізгі құралдарды есептеуге үлгілі түрі НҚ - 6 ведомоство арқылы инвентарлық карточкасы қолданылады. Инвентарлық карточкалар шаруашылық ұйымның бухгалтериясында тиісті топтары бойынша тіркеледі.

          Негізгі құралдарды көп емес шағын ұйымдар мен бірлестіктер өздерінің негізгі құралдарын есептеу үшін инвентарлық карточкалардың орнына үлгілі түрі НҚ – 11 санды инвентарлық кітапшасын пайдалана алады. Бұл кітапша негізгі құралдардың есебін жүргізуге ыңғайлы болып келеді және онда негізгі құралдар жоғарыда айтылған топтары бойынша бөлек есептелінеді. Негізгі құралдарды инвентарлық кітапшада есептеген жағдайда инвентарлық тізім жүргізілмейді. Ұйымдарда инвентарлық карточкалар немесе инвентарлық кітапшалар қабылдау – тасымалдау, ауыстыру актілері, техникалық паспорттар және басқада негізгі құралдарды сатып алу, сату, салу, орнату, бір жерден екінші жерге ауыстыру, есептен шығару актілері, тағы басқа осылар сияқты құжаттар негізінде толтырылады. Инвентарлық карточкалар (жекелік немесе топтық) әдетте әрбір инвентарлық объектіге бір данадан толтырылып шаруашылық ұйымның бухгалтериясында сақталынады. Ол картотекада негізгі құралдар халық шаруашылығының саласына қарай жіктелген топтары бойынша орналастырылады. Әрбір топтың ішінде инвентарлық карточкалар негізгі құралдардың тұрған жері, яғни жұмыс орны, олардың атқаратын қызметіне және де түрлеріне қарай (үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, көліктер тағы басқалар) орналастырылады. Ұйымдарда шығыс етілген және өндіріс орны мен ұйымының ішінде бір жерден екінші жерге орнын ауыстырған негізгі құралдардың инвентарлық карточкалары есепті айдың соңына дейін картотекада бөлек сақталынады. Сондай – ақ келешекте пайдалау үшін сақтаулы тұрған негізгі құралдар мен басы артық тоқталып қойылған негізгі құралдардың да инвентарлық карточкалары бөлек қойылуы қажет. Инвентарлық карточкалар мен кітапшалар талдамалы (аналитикалық) есептің негізгі түрі болып саналады. Оларда негізгі құралдардың аталуы, инвентарлық номері, баланста көрсетілген бастапқы құны, амортизациялық аударым мөлшері, зауыттық номері, келіп кіріске алынуына және істен (есептен) шығарылуына байланысты толтырылған актілерді уақыты (айы, күні, жылы) тағы басқа шартты белгілермен керекті мәліметтер жазылады. Толтырылған инвентарлық карточкаларды үлгілі түрлі НҚ – 10 санды ведмство аралық негізгі құралдарды есептейтін инвентарлық карточка тізіміне тіркеледі. Бұл тізім бухгалтерияда бір дана етіп толтырылып, инвентарлық карточкалардың түгел сақталуын бақылау үшін пайдаланылады. Ұйымдарда негізгі құралдарды жіктелуі, яғни аралық шоттары бойынша тізімге жазады.

          Негізгі құралдардың сақталынып және жұмыс істеп тұрған жері бойынша есебі үлгілі түрі НҚ – 13 санды карточка жүргізіледі. Инвентарлық карточкаларға қарағанда бұл карточкада келіп – түсіп, кіріске алынған объектілер бойынша тек қана қысқаша мәліметтер, яғни обьектінің аталуы, бастапқы құны, инвентарлық нөмірі, инвентарлық карточка немесе инвентарлық кітапшаға жазылған нөмірі, басқада мәліметтері жазылады. Ай сайын алғашқы құжаттар негізінде бұл карточкаға үлгілі түрі НҚ – 13 кіріске алынған және шығыс етілген негізгі құралдар жайлы мәліметтер жазылып, бухгалтерлік есептің ақпараттарымен салыстырылып, тексеріліп отырылады. Бұл карточкада көрсетілген объектілер мен олардың құны бухгалтерлік есептің мәліметтеріне сәйкес келуі керек. Есеп құжаттарын қолмен өңдегенде аралық шоттар бойынша негізгі құралдардың қозғалысын, яғни кірісі мен шығысын есептеу үшін үлгілі түрі НҚ – 12 санды карточка қолданылады.Ол карточка ұйымдарда негізгі құралдардың тиісті шоттарының инвентарлық карточкаларының мәліметтерінің негізінде толтырылады. Бұл карточкада негізгі құралдардың жіктелу топтары мен түрлері бойынша есеп беретін айдың бағасындағы құны бойынша қалдығы олардың кірісі мен шығысы көрсетіледі. Карточканың НҚ – 12 санды үлгілі түрінің мәліметтері негізгі құралдар жайлы есеп беруге пайдаланылады. Ұйым бойынша негізгі құралдардың кірісі мен шығыс етілуін есептейтін үлгілі түрі НҚ – 12 санды карточкадағы қалдығы ай сайын бас кітаптағы негізгі құралдардың мәліметтерімен салыстырылып, тексеріліп отырылады.

          Ұйымдарда, инвентарлық карточкалар және инвентарлық кітапшалармен қатар ірі машиналар мен механизмдерге, жабдықтар мен көліктерге арнайы техникалық төлқұжат толтырылады. Бұнда олардың техникалық сипаттамасы және істейтін жұмыстарының түрлері тағыда басқа деректері жазылады. Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құралдардың өсуі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан шаруашылық объектілері әрдайым негізгі құралдарын жаңартып, оларды сапасы, өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отырғаны дұрыс.

          Ұйымдарға негізгі құралдар сатып алу, сату, құрылтайшылардың үлес қосуы, басқа ұйымдар мен ұйымдардың және адамдардың сыйға, яғни тегін беруі, сондай – ақ жоғары үкімет орындарының беруі, тағыда басқалар арқылы келіп туседі. Бұл келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға ұйымдар үлгілі түрі НҚ – 1 санды қабылдау – тапсыру актісін толтырады. Егер шаруашылықта пайдаланылатын бір түрлі, құны тапсыру актісін толтырады. Егер шаруашылықта пайдаланылатын бір түрлі, құны бірдей құрал - саймандарының немесе жабдықтардың бірнешеуі бір уақытта келіп түссе, яғни кіріске алынса оларға жоғарыда аталған қабылдау – тапсыру актісінің бір данасын ғана толтыруға болады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстарға, объектілерге алдымен тағайындалған комиссия оларды іске қосу – қабылдау актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады. Сонымен қатар, бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:

Информация о работе Негізгі құралдар