Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 23:30, реферат

Описание

Қоғам мен табиғаттың қатар өмір сүруі бір-біріне тығыз байлананысты заңдылық.
Егемендік алған аз уақыттың ішінде Республикада осындай шараларды жүзеге асыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда. Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Ол барлық басқа заңдардың түпнұсқасы. Айналадағы табиғи ортаны қорғау, Жер, Жер қойнауы және минералдық шикізатты ұқсату, Су, Орман кодекстері, Жануарлар дүниесін қорғау, оның өсімін молайту және пайдалану туралы заңдар қабылданды.

Содержание

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім

Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы
Экология құқығының ұғымы
Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған
ортаға құқығы
Экология құқығының жүйесі
Экология құқығының объектілері

ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Реферат Құқық.doc

— 131.50 Кб (Скачать документ)


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

________________________________________  кафедрасы

 

 

 

 

 

   

 

 

 

          Тақырыбы:_______________________________________

                     

                   ______________________________________

 

 

 

 

                                                                 Орындаған: _________________

                                                                 Тексерген: __________________

 

 

 

 

Алматы қаласы

             

Жоспар

 

І   Кіріспе

ІІ  Негізгі бөлім

 

  • Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы
  • Экология құқығының ұғымы
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған   

      ортаға құқығы

  • Экология құқығының жүйесі
  • Экология құқығының объектілері

 

ІІІ  Қорытынды

ІV  Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

         Қоғам мен табиғаттың қатар өмір сүруі бір-біріне тығыз байлананысты заңдылық.
Егемендік алған аз уақыттың ішінде Республикада осындай шараларды жүзеге асыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда. Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Ол барлық басқа заңдардың түпнұсқасы. Айналадағы табиғи ортаны қорғау, Жер, Жер қойнауы және минералдық шикізатты ұқсату, Су, Орман кодекстері, Жануарлар дүниесін қорғау, оның өсімін молайту және пайдалану туралы заңдар қабылданды.
Осы және басқа да экологиялық заңдар экология құқығының мақсаттары мен міндеттерін белгілеумен бірге, адамның денсаулығы мен өміріне экологиялық қолайлы жағдайлар жасауға, табиғатты жаңғыртуға, оны тиімді пайдалануға, қорғауға, тәртіпті нығайтуға және заңдылықты орындауға қызмет етеді. 
Экология ( грекше oikos үй, мекен, logos - ғылым ) жанды организмдердің тіршілік ортасы мен арақатынасын зерттейтін биологиялық ғылым.
Қазіргі заманда экология табиғат пен қоғам ара қатынастарын зерттейтін ғылымға айналған. Онда адам мен табиғаттың өзара тікелей ортаны қорғау ісіне кеңінен мән беріліп отыр.
"Қазақстан Республикасының экология құқығы" - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.
Экология құқығының негізгі такырыбы табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, ұдайы молайту және қорғау салаларындағы қатынастар болып табылады. Ол қатынастар белгілі бір принциптерде жүзеге асырылады. Бұл ретте табиғат қорларын пайдалануды оны қорғаудан, табиғатты қорғауды оны пайдаланудан бөліп алып қарауға болмайды. Бірақ, кейде табиғат қорларының объектілерін пайдаланудың, жаңғыртудың немесе қорғаудың басымдылығы да болуы мүмкін.
Экология құқығының жүйесі экологиялық қатынастарды ғылыми түрде салаларға бөліп қараудан туындайды. Оның әр саласы зерттеу тақурыбы институтын құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ

 

Ата Заңымыздың 1 бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп, алтын әріптермен жазылған болса, осы Заңның 29, 31 баптарында Республика азаматтары­ның денсаулығын сақтауға құқығы барлығы және мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қоятыны нақты көрсетілген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құжатта­рында айтылғандай, адам денсаулығына дәрігерлік саланың жұмысынан 10 пайыз ғана пай­да болса, оның 40 пайызға жуығы таби­ғат жағдайына, экологияға байланысты екен. Кеңес дәуірінде “табиғатқа жалын­бай­­мыз, одан өз керегімізді тартып аламыз” деген ұран аяғында егіндік, ша­бындық жерлеріміздің тозуына, то­пырақтың эрозияға ұшырауына, балық­тың азаюына, атмосфераның бүлінуіне  әкеліп соқтыр­ғанын  көрдік. Халықтың денсаулығын қорғау — мемлекетіміздің қауіпсіздігінің бір кепілі. Сондықтан да  халықтың денсау­лығын экологиялық қолайсыз жағдайлар­дан қорғау, елді мекендерде қоршаған орта нормативтерін сақтау, өнеркәсіп нысандарын елді мекеннен тысқары жерге шығару, экологиялық себептерден болған ауруларды емдеу үшін клиникалық орталықтар құру, халықтың денсаулығына экологиялық тұрғыдан келген зиянды өтеу бүкіл мемлекеттік органдар мен сот органдарының қатаң бақылауында болғаны абзал.

Облысымызда 1 мың адамға шаққанда туылғандар саны республикалық көрсеткіштен жоғары болып, Атырау өңірі елімізде адам санын көбейтуде алдыңғы қатардың бірінде екендігі көңілді қуантады. 2004 жылы бұл көрсеткіш еліміз бойынша 18,19 болса, Атырау облы­сында 21,36 болды, ал 2005 жылы республикада 18,41 болғанда, біздің облыста бұл көрсеткіш 23,09-ға жетті. Өкініштісі, тұрғындардың жалпы науқастану көрсеткіші жылдан жылға өсіп келе жатыр. 100 мың адамға шаққанда бұл көрсеткіш 2004 жылы 32494,8 болса, 2005-ші жылы бұдан да көтеріліп 33496,3-ке жеткен. Соның ішінде, бір жастан бес жасқа дейінгі балалар ара­сында 1 мың балаға шаққандағы көрсеткіш өсіп отыр. Бұл жағдайды да біз экологиялық проблемалардан тыс қарай алмаймыз. Ал облыстағы рак ауруларының көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 2004 жылы 160,7, ал 2005 жы­лы 172,1 адам болған. Туберкулезбен ауыратындар саны жөнінен облыс көрсеткіші елімізде алдыңғы қатарлардың бірінде. Өңірімізде 2001 жылмен салыстырғанда 2005 жылы балалар арасында тыныс алу жолдарының қабыну аурулары 1,2 есе, нерв жүйесі аурулары 1,5 есе, пси­хикалық аурулар 2,0 есе, көз аурулары 2,86 есеге өскен екен. Бұл күрделі мәселенің түп тамырының экологияда жатқаны ешкімге жасырын емес, себебі өмірге қажетті басқа қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік ахуал бізде бас­қа өңірлермен салыстырғанда артық болмаса кем емес. Елімізде жұмыс жасап жатқан БҰҰ ДБ қызметкері Гордон Джонсонның деректері бойынша, тек соңғы он жыл көлемінде еліміздегі киіктер саны 40 есеге, Каспий теңізіндегі қызыл балықтар саны 8 есеге азайып кеткен. Жыл сайын көптеген итбалықтар қырылуда. Мұның басты себептерінің бірі мұнай мен газды өндіру барысында таби­ғатымызға жыл сайын келетін орасан зор зиян мен  табиғат байлығына деген тойымсыздық. Еліміздегі жан-жануарлар әлемінің төрттен бірі қызыл кітапта тіркел­гендігін ескерер болсақ, осы бір  адам психологиясына ғана емес, табиғат экологиясына да жат қылықтарды уақытылы құрықтаған абзал. Біздің  атыраулықтарды қатты алаңдататын нәрселердің бірі — Каспий аймағының экологиялық жағдайы. Теңіз жағалауындағы мемлекеттердің өз беттерінше қолға алып жатқан іс-шараларының жеткіліксіздігі, теңіздегі эколо­гиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жүйелі іс-әрекет­тердің жоқтығы, Каспий экологиясының бүгінгі күні дағда­рыс деңгейіне жақындығы, теңіздің, теңіз жанындағы жер­дің, ауаның ластануы, тірі ағзалардың, жәндіктердің, өсім­діктердің азаюы, аурудың көбеюі айтылып жүрген мәсе­лелер болғанман,  әлі шешуін тапқан жоқ. Өкінішке орай, Каспий теңізі жағалауындағы бес мемлекет тарапынан теңіздің проблемасымен айналысатын халықаралық қозғалыс құру мәселесі де күн тәртібінде тұрғанымен әлі күнге шешілер емес. Осы проблемаларды бірігіп шешу мақсатында сот, құқық және табиғат қорғау органдарымен бірлесіп мемлекетаралық ұйым құратын мезгіл жеткен секілді. Елбасы Н.Назарбаевтың дүние жүзіндегі беделін ескере отырып, қазіргі уақытта ауадай қажет осы мәселені алғашқы болып көтерер болсақ, ол іс біздерге тек қана ұпай әкелетіні сөзсіз. Әрі Каспий өңіріндегі бекіре балығының 90 пайызы теңіздің қазақстандық бөлігінде жатқандығы да ескеруге тұрарлық жағдай. Ел табиғатына жанашырлық қабілетті 50 ел қатарынан нық орын алу үшін керек  фактор екендігі сөзсіз.

Ғалымдар қазіргі таңда экология мәселесі атом қаруынан да қауіпті екендігін айтып жүр. Бүкіл жер бетінде миллиардтаған органикалық заттар атмосфералық ауаға  көмірсутегі газы арқылы таралады. Бұған жер шарында күн жылынуы мәселесін де қосуға болады. Тіпті, Д.Менде­леевтің өзі де біз мұнайды жағу арқылы өз ассигнация­мызды жағамыз деген екен.

Кез келген ел өзінің экологиялық мәселесін шешуде ең қауіпті деген экологиялық апатты аймақтарын БҰҰ алдына мәселе етіп қояды. Елбасымыз Н. Назарбаев осы ұйым алдына Арал мәселе­сін қойып отыр. Еліміздегі  эко­ло­гиялық жағдайлары нашар жерлерге Семей, Бал­қаш, Арал, Байқоңыр жатқызылып келсе, соңғы кездері олардың құра­мында облысымызға қарай­тын Тайсойған, Каспий аймақ­тары да айтылып жүр. Бірақ елдің экологиясын жақсарту мақса­тын­да Елбасы қол қойған Эко­логиялық қауіпсіздік тұжы­рымдамасы жергілікті жерлерде жүзеге аспай отырғандығы жасы­рын емес. 90-шы жылдар­дың басында Санкт-Петербург мемлекеттік универститетінің мамандары Химия институты  мен “Приморский” реабилита­циялау орталығының ғалым­дары тексеру жүргізе отырып, тек Тайсойған құмдарының айнала­сындағы су көздерінен талий, кадмий, никель, ал топырақта алюминий, магний, кальций, хром сияқты элемент­тер­дің нормадан тыс көптігі ту­ра­лы ақпараттар берген бола­тын. Сол уақыттардан бері қан­ша жыл өткеніне қарамас­тан, зерттеу жұмыстарын жалғас­тыру туралы ешбір жан ауыз ашпай отыр. Осы сұрақтарды Парламент пен Үкімет алдында көтеретін уақыт жеткен секілді. Басқасын айтпағанда, Атырау облысында ірі-ірі мемлекеттік мұнай мен газ өндірушілер, өңдеушілер мен тасымалдау­шылар жұмыс жасап жатса да, олардың өздеріне арнайы сал­дырған емханалары мен ауру­ханалары әлі жоқтың қасы. Қоршаған ортаны қорғау ісінде адам денсаулығының эко­логиясы табиғат экология­сы­мен бір қатарда тұрғанын ес­керсек, бұл істе құқық қорғау ор­гандары секілді сот орган­дарының да алдында келелі істер тұр. Табиғат қорғау заңдылығын сақтамай қоршаған орта байлығын үдемелі түрде игеру Атырау өңірінің экологиялық жағдайының нашарлауына әкеліп соқтырып отыр. Сот тәжірибесінен көрінгендей, кейбір жағдайларда Атырау облысы аума­ғында жұмыс істеуші мұнай компаниялары Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдылығын бұзуға жол береді. Осының нәтижесінде табиғатқа келтірілген зиян мөлшері орасан зор. Ол зиян мемлекет кірісіне  қаржы түрінде өндірілуде, бірақ ол теңіздің тамшысындай. Облыс аумағында жұмыс істеуші мұнай компанияла­рының бүгінгі күнгі ең басты міндеті — қоршаған ортаны рұқсат етілмеген жолмен ластауды болдырмауға бағытталған нәтижелі шараларды жетілдіру. Осы бағытта олар мұнай-газ игеру жұмыстарын жүргізу барысында халықаралық тәжірибеде қабылданған стандартқа сәйкес барынша тиімді тәсіл мен технологияны таңдауы қажет. Аталған мәселенің маңыздылығы Каспий шельфінің жеделдетілген түрде игерілуі мен осының салдарынан Каспий теңізінің ластан­ғандығы жөніндегі орын алған фактілерге де байланысты. Бұдан басқа, ұзақ уақытқа сақтауға бекітіліп қойылған су астындағы ескі скважиналардан кез келген уақытта мұнай ағып кету қаупін де естен шығармауымыз керек.

Жер қойнауы байлықтары мен инвестиция, сонымен қоса қоршаған ортаны қорғауға бағытталған заңнамаларды жетілдіруде өз ойларын ортаға салу және аталмыш тақырып бойынша сот тәжірибесінде кездесетін проблемаларды талдау мүмкіндігі соттар, өкілетті органдар мен жер қойнауы байлықтарын игерушілер бас қосқан 2007 жылдың 27-30 сәуірі аралығында “Жер қойнауы және инвестиция” тақырыбында өткен Батыс өңірлік республикалық семинарда туды. Семинар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Неміс техникалық ынтымақтастығы қоғамының ұйымдасты­руымен мұнайлы астана – Атырауда өтті. Аталған семинарда “Орталық Азия мемлекеттерінде құқықтық және сот реформасына қолдау көрсету” жобасының директоры Иенс Деппе мырза Германияда мұнай-газ және басқа да өндіріс саласында қоршаған ортаны ластау проблемасының жоқтығын атап өтті.

2007 жылдың 9 қаңтарында “Қазақстан Республика­сы­ның Экологиялық кодексі” жарық көрді. Заңның Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудан келтірілген залалды өтеудің міндеттілігі туралы 321 бабында “экологиялық құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың жеке тұлғалардың денсаулығына келтірілген зиянды, жеке және заңды тұлғалардың мемлекет мүлкіне келтірілген залалды өтеуі ерікті түрде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот шешімі бойынша жүргізіледі”, деп көрсетілген. Тек соңғы жылдардың өзінде біздің облыс бойынша осындай заң бұзушылыққа жол берген біраз адамдар мен тұлғалар тиісті жазаларын сот органдары арқылы алды. Еліміз бойынша 2006 жылы табиғат қорғау заңдарының сақталуы бойынша 15 мыңнан астам тексерулер жүргізіліп, 13 мыңнан астам заңбұзушылық фактілері тіркеліп, 4,3 миллиард теңге қаржы мемлекет қоржынына түссе, оның көпшілігі әртүрлі деңгейдегі соттардың шешімімен мемлекет бюджетіне түсті. Мысалы, тек қана ауданаралық экономикалық соттың шешімдерімен өңір экологиясына өрескел залал келтір­гендері үшін шетел мұнай компанияларынан 2005 жылы 740 миллиондай теңге мемлекет пайдасына өндірілсе, 2006 жылы 1 миллиардтай теңге, ал 2007 жылдың 4 айында 2 мил­лиард 500 миллиондай теңге көлемінде айыппұл са­лынды. Әрине бұл экологияға келген залалды жоюға бағыт­талған аз ғана дәрменсіз қимыл. Оның өзінде облыстық бюджетке өндірілген ақшаның шамалы ғана бөлігі түседі, яғни жергілікті экология мен халықтың ахуалын жақсартуға түсу керек қаржының өзі өзімізге жөнді бұйырмайды. Бұл да шешімін таба алмай келе жатқан мәселелердің бірі.

 

 

Табиғатты тонауға ұшыратқандар

Облыстағы қарағайлы, қалың ағашты ор­манның жағ­дайы бір оңалмай-ақ қойды. Қазір қалтасы қалың ұры­лар­дың көзі жүз жылдық қарағайлары сыңсыған Шалдай ормандарына түсіп, “ерекше” құмартып тұр. Соңғы сегіз айдың ішінде 55 эшелон қарағайды тиеп әкетсе, өткен жылы 14 мың текше метр ағаш ұрланып­ты. Бұл мыңға жуық вагон болатындай ағаш қол­ды болды деген сөз. Қа­рағайларды үсті-үс­тіне тиеп әкетіп жатса да, мыңқ етпей кабине­тінде отырғандар сегіз айдың ішіндегі заңсыз ұр­ланған ағаштардың 55 эшелонға жеткені туралы мәліметті беруді ғана білетін секілді. 2007 жылдың бірінші жарты­сында ғана қара­ғайларды тиеп әкеткен 86 оқиға тіркелген.

“Ертіс орманы” мемлекеттік табиғи резерва­тына Шалдай және Бесқарағай орман шаруа­шылықтары қарайды. Республикалық маңызға ие орман алқабы 200-ден астам шақырымды алып жатыр. Орман өрті мен ағаш ұрлығы жағынан алда тұрған атышулы Шалдай орман шаруашылығы 143 мың гектар жерді қамтитын болса, оның 119 гектары қылқан жапырақты ағашы сыңсыған қалың орман болып саналады. Былтырғы жылғы болған алапат өрттердің кесірінен резерваттың 7298 гектар жері жанып кетті. Ал, табиғат байлығына емін-еркін балта шауып сайрандап жүргендердің “пайдасы­нан” түскен көрсеткіштің өткен жылмен салыс­тырғанда екі есеге өскені облыс әкімінің орын­басары Төлеген Бәсте­нов басқарған үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды. Облыс әкімі Қайрат Нұрпейі­совтің өзі басқаратын бұл кеңес жергілікті жердегі орман шаруашылығына жауапты басшылардың сылбыр жұмыстарымен ештеңе шығара алмай отырғандарын білгеннен кейін барып қолға алынып еді. Орман және аңшылық шаруашылығы облыстық аумақтық басқармасының бастығы Тасан Садықов, “Ертіс орманы” табиғи резерваты мемлекеттік мекемесінің  бас директоры Аманкелді Сыздықов дегендерді табиғат байлығын лайықты қорғауға жауапты қызметтерге не үшін тағайындағандары да түсініксіз, жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды, сондықтан атқарып отырған жұмыстары “күмәнді” екі бастық та облыс әкімі тарапынан қатты сынға алынды. Қазіргі күндері орманды “қорғамақ” болып келген бұл адамдардың  арасында өздері бұрын ағаш ұрлығымен айналысып, зәулім сарай үйлер тұрғызып, байығандар да бар көрінеді.

Орманды алқаптар мен жасыл желектер заңсыз ота­лып, ұстағанның қолында, тістеген­нің аузында кетіп жа­тыр. Таби­ғат байлығы, қаншама жылдар бойы жайқалып тұрған ел игілігі заңсыз дүлей бизнестің, дөкейлердің сықыр­лаған “жа­сыл қағаз­дарының” құрбанына айналуда. Орман, қарағай, ағаш, табиғат байлығы деген ұғымдарға бас игілері келмей жүрген басшы­лар­дың орнына ел игілігін өз байлығы көретін орманшыдан шыққан жанашыр басшылар керек екенін бүкіл ғұмырлары орман ішінде өткен екі орманшының бірі айтады. Орман ішінде өспеген, тәжіри­бе­сіз жаңа бастық А.Сыздықов келгелі мәселе тіпті ушығып, жұмыс алға баспай отырғаны да кеңес барысында сөз болды. Өрт­тен-өрт, ұрлықтан-ұрлық.

Орман шаруашылығындағы осындай заңсыздықтар­ға жауапты тұлғалардың қатысы бар екені де өтірік емес. Қолында ақшасы, билігі, “қорғаушылары” жоқ қара­пайым адамдар вагондар емес, қол арбаға салып та ағаш ұрлай алмайды. Оған үйлестіру кеңесінде сөз болған мы­на бір жағдай дәлел бола алады. Биыл Шалдай орма­нында “джип” көлігі бастап әкелген 15 КамАЗ екі күн бойы ешкімнен қорықпай қарағай кесумен айналысқан. Ағаштарды тиеп алып, “джип” мінгендер орман қызметкерлерін соққыға жығып кете барған. Бұл жағдай облыста отырған орман шаруашы­лығына жауапты деген басшылардың әлгі “джип” мінгендермен сыбайлас екендігінің бір шетін көрсетіп тұрғандай. Дер кезінде “джип” мінгендерді тоқтатуға келе алмаған құқық қорғау орындары қызметкерлерінің жоғарыдан түскен бұйрыққа бағынып, шарасыз қалғандары айтпаса да түсінікті. Керісінше, 15 мәшине ағашты тиеп жатқан “дөкейлерді” ұстауға келгенде полицияның қолын байлап отырған облыстағы орман шаруашылығына жауапты басшылар орындарынан алынуы керек еді. Біз үйлестіру кеңесінің келесі отырысынан орманды қорғауда дұрыс жұмыс жүргізетін кемелді шешімдер, жауапты адамдарға қатаң шаралар  қолданатын талаптар болуын күтеміз.

Информация о работе Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы