Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 10:45, реферат
ҚР Конституциясының 64-бабына сәйкес Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Кез келген мемлекетте Үкімет атқарушы биліктің жоғары алқалық органы болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі – атқарушы биліктің жоғары алқалық органы.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметін құру, оның құрамы және өкілеттік мерзімі.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметінің құзыреті.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілері.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілері.
Қазақстан Республикасының Үкіметі өз өкілеттіктерін актілер шығару арқылы іске асырады. Үкіметтің актілері қаулылар мен өкімдер болып табылады. Қаулы түрінде нормативтік сипаты бар Үкімет шешімдері шығарылады. Үкіметтің нормативтік қаулылары Республика Конституциясының, заңдарының, Президент актьілерінің және басқа нормативтік құқытық актілердің негізінде шығарылады.
Сондай-ақ Үкімет жеке қаулылар
да шығара алады. Жедел және ағымдағы
мәселелер бойынша Премьер-
Үкімет қаулылары мен Республика Премьер-Министрі өкімдерінің Республиканың бүкіл аумағында, мемлекеттік биліктің барлық органдары, лауазымды тұлғалары, қоғамдық бірлестіктер, азаматтар үшін міндетті күші болады.
Қаулылар мен өкімдерге Премьер-Министр қол қояды.
Қаулылардың күшін Республика Президенті мен Үкімет жоя алады. Өкімдердің күшін Президент, Үкімет және Премьер-Министр жоя алады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі, біріншіден, Парламент пен Президент жүзеге асыратын заң шығарушылық процеске қатынасады; екіншіден, өз хұзыретінің шеңберінде шешімдер қабылдайды; үшіншіден, министрліктер мен ведомстволардың қызметін бақылайды; төртіншіден, атқарушы биліктің жергілікті органдарының қызметін бақылайды.
Үкіметте заң шығарушылық
Үкіметтің Парламентке енгізетін заң жобалары міндетті түрде үкіметтің отырысында талқыланады. Заң жобасы сол құжатты жасаушылардың, сарапшылардың міндетті түрде қатысуымен талқыланады. Заң жобасын қараудың нәтижелері бойынша Үкіметтің шешімі қабылданады, содан кейін мұнымен бірге заң жобасын Парламент Мәжілісіне жіберуге болады. Үкімет заң жобаларын Мәжіліске өздігінен ғана ұсынбайды, Парламент Мәжілісіне заң жобасын енгізу жөніндегі Президенттің тапсырмаларын да орындайды.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.«Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы». С.К.Амандықова. Астана, 2001 жыл.
2.«Қазақстан Республикасының
3.«Қазақстан Республикасының
4.«Салыстырмалы құқықтану
Информация о работе Қазақстан Республикасы Конститутциясы құқығы пәні