Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 20:28, статья
Қазіргі таңда бүкіл еліміз Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша сан-салалы жұмыстарды қолға алды. Бұл тұрғыда шетел қазақтарының пікір-көзқарастары қалай? Олар Ұлт Көшбасшысының осы стратегиясынан хабардар болып, қызығушылық танытып отыр ма? Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы басшыларының бірі ретінде әңгімеңізді осыдан бастасаңыз.
«Қазақстан-2050»
І. Қалыптасқан Қазақстан – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы
1. Қуатты да табысты мемлекет
2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі
3. Түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы
4. Ұлттық экономика. Халықаралық
еңбек бөлінісіндегі біздің
5. Қоғамдық тұрақтылық
пен келісімді қамтамасыз
6. Әлемдік қоғамдастық таныған ел
7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз
8.Қазақстан-2030 стратегиясы. Негізгі қорытындылар
Қазақстан-2050 Стратегиясы
Басты бет | Қазақстан-2050 Стратегиясы
| «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге
асыруға шетелдегі қазақ
Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары, Халықаралық «Алтын бесік» журналының бас редакторы
– Қазіргі таңда бүкіл еліміз Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша сан-салалы жұмыстарды қолға алды. Бұл тұрғыда шетел қазақтарының пікір-көзқарастары қалай? Олар Ұлт Көшбасшысының осы стратегиясынан хабардар болып, қызығушылық танытып отыр ма? Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы басшыларының бірі ретінде әңгімеңізді осыдан бастасаңыз.
– Шетелдегі ағайындар
Елбасының биылғы Жолдауынан жан-жақты
хабардар деп толық сеніммен айта
аламын. Ең маңыздысы, олар Жолдаудан
хабардар болып қана қоймай, сонымен
бірге оны жүзеге асыруға қатысуға
ынталы әрі бұған толық мүмкіндіктері
де бар. Бұл ретте, тәуелсіздік алған
жиырма жылда Қазақстанның қазіргідей
биік деңгейге көтерілуіне шетелдегі
қазақ диаспорасының да үлкен
үлес қосқанын айта кеткен жөн. Мысалы,
тоқсаныншы жылдардағы өтпелі кезеңнің
қиын уақытында Қазақстаннан сырт жерлерге
бірнеше миллион адам көшіп кетті.
Сөйтіп, көптеген елді мекендердің
тұрғындары азайып, жұмыс қолы кеміп,
экономикамыз құлдырады. Осы қиын жағдайда
сырт жерлерден Қазақстанға
Осыған орай Елбасына
Қауымдастық төралқа
– Соңғы кезде «оралмандар көші мүлдем тоқтатылыпты, бұл жөнінде Үкіметтің қаулысы да шыққан көрінеді» деген әңгіме айтылып жүр. Мұндай жағдайда шетелдегі ағайындар Елбасының Жолдауын жүзеге асыруға қалай қатысады?
– Бұл – жай алыпқашпа сөз, оралман-дар көші тоқтатылған жоқ және тоқтатылмайды да! Бұған Елбасына жолданған ұсыныстарымызға орай, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінен бізге күні кеше ғана келген жауап хат айқын дәлел. Бұл хатта «Оралмандардың 2012 – 2014 жылдарға арналған көшіп келу квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы №1581 қаулысына сәйкес, оралмандардың 2012-2014 жылдарға арналған көшіп келу квотасы әр күнтізбелік жылға саны 10 мың отбасыдан белгіленген» деп анық көрсетілген. Демек биыл да, келесі жылы да атажұртқа кемінде 50-60 мың қандасы-мыз көшіп келеді деп есептеуге болады. Бірақ сонымен бірге ағайындардың атажұртқа келуі бұрынғыдан әлдеқайда бәсеңдегені де даусыз. Мұндай жағдай, әсіресе, өткен жылы айқын аңғарылды. Бұл кездейсоқтық емес, көштің азаятыны осыдан екі-үш жыл бұрын-ақ айқын байқала бастаған. Оның ең басты себептерінің бірі – көші-қондағы жемқорлық. 2007-2008 жылдардан бастап оралмандарға бөлінген ұшан-теңіз қаржыны неше түрлі алаяқтық жолмен талан-таражға салу кең етек алды. Кезінде біз Қауымдастықтың атынан бұл жөнінде бір емес, бірнеше рет баспасөз бетінде мәселе көтердік. Бірақ оған ешкім көңіл аудармады. Соның салдарынан ақыр соңында бірнеше облыстардағы көші-қон мекемелерінің басшылары мен қосшылары сотталып тынды. Көші-қондағы бүгінгі жағдай – соның «жемісі». Осыған орай Қазақстан Үкіметі қазір көші-қон жұмыстарын ұйымдастыру мәселесін түбегейлі қайта қарап жатыр.
– Көші-қон мәселесімен болашақта қандай мекеме айналысатын болады?
– Елбасы «Қазақстан
– 2050» стратегиясында «Бізге
көші-қон мәселелерін кешенді
түрде шешу бойынша ел
Сондай-ақ алдағы уақытта
оралмандармен жұмыс жүргізуде
біраз жаңалықтар болады деп күтілуде.
Әкімшілік реформа шеңберінде көші-қон
саласындағы заңнамада
Бұл жаңалықтар жүзеге асқанда
оралмандардың біраз
– Көші-қон үдерісін тиімді жүргізу үшін бірінші кезекте қандай шаралар қолға алынуы керек деп ойлайсыз?
– Бірінші кезекте этникалық көші-қонды ең алдымен шетелдерде ұйымдастыру қолға алынуы тиіс. Өркениетті елдердің бәрі репатрианттардың (біздіңше айтқанда – оралмандардың) атажұртқа қоныс аударуын осылай ұйымдастырады. Мысалы, Германия, Израиль, Польша елдерінің елшіліктері репатрианттардың алдын ала тізімін жасайды. Ұлтын анықтап, құжаттарын мемлекеттік тілге аударады. Атамекенге барғаннан кейін орналасатын жерін белгілеп, тұратын үйін, істейтін жұмысын анықтайды. Әлеуметтік төлемақылар төлеуді, тіл мен жазуды тегін үйретуді шешеді. Репатрианттар осы мәселелер толық реттелгеннен кейін көшеді.
Бізде бұл жұмыстарды кім
атқарады? «Халықтың көші-қоны туралы»
заңда этникалық көшті
– Оралмандар «Қазақстан – 2050» стратегиясында көрсетілген міндеттердің қай саласына бірінші кезекте ерекше үлес қоса алады?
– Шетелдегі қазақтар «Қазақстан
– 2050» стратегиясындағы міндеттердің
кез келген саласына белсенділікпен
ат салыса алады. Қазір Қазақстан 2050
жылға қарай әлемнің ең дамыған
30 елінің қатарында болуға тиіс деп
отырмыз. Елбасы өз Жолдауында бұл мақсатқа
жетуде бәсекелестіктің барынша
қатал болатынын, соған орай «ұлтымыз
жаһандық экономикалық тайталасқа
дайын болуға тиіс» екендігін
атап көрсетті. Міне, осы мәселеге келгенде
ойландыратын біраз жағдай бар. Бұл
ретте, әсіресе, біздің экономикалық тайталас
пен бәсекелестікке әлі де бейімделе
алмай отырғанымызды жасырмау керек.
Дүниежүзінің барлық елінде кез келген
халық егін егіп, мал өсіретін жері,
суы болса – ешкімге алақан
жаймай, аянбай жұмыс істеп, күндерін
көріп, жақсы өмір сүреді. Біздің Қазақстанда
жер де, су да жетеді. Бірақ осы
байлықты дұрыс пайдалана алмай
отырмыз. Есесіне «ауылда жұмыс
жоқ, жағдайымыз қиын, әкімдер не бітіріп
жүр?» деген әңгімелер жиі
Шетел қазақтары жұмыс істеуге әлдеқайда бейім. Мысалы, сонау тоқсаныншы жылдардың ортасында Ауғанстан, Иран және Түркиядан бірнеше мың қазақ отбасы Қазақстанға қоныс аударды. Осы ағайындардың ешқайсысы да «Оралман едік, бізге жағдай жасаңдар» деп ешкімге алақан жайған жоқ. Күні-түні тынбай еңбек етті. Түрлі кәсіппен, шағын саудамен айналысты. Қазір осы ағайындар өздері орналасқан жерлердегі бұрынғы тұрғындардан артық болмаса, кем өмір сүрмейді. Өзбекстан, Қытай, Моңғолиядан келген ағайындар туралы да осыны айтуға болады.
Сондай-ақ «Қазақстан – 2050»
стратегиясында қазақ тілін, яғни мемлекеттік
тілдің мәртебесін нығайтуға байланысты
маңызды мәселелер көтерілді. Бұл
жөнінен де шетел қазақтарының тигізер
пайдасы ұшан-теңіз. Кешегі кеңес
үкіметінің тұсында қазақ тілі Қазақстанның
өз ішінен гөрі сырт жерлерде әлдеқайда
жақсы сақталды. Сол кезде Қазақстанның
Алматыдан бастап үлкенді-кішілі қалалары
мен орталық, солтүстік облыстарындағы
қазақтардың басым көпшілігі
өз ана тілінен безініп, қазақша
«аузың қайсы десең, мұрынын көрсететін»
жағдайға душар болды. Осындай кезде
Өзбекстан, Тәжікстан, Түрiкменстан, Моңғолия,
Қытай елдеріндегі сан миллион
қазақтар өз ана тілін таза күйінде
сақтай білді. Тіпті, Түркия, Иран, Ауғанстан
қазақтарының да қазақ тіліне деген
көзқарасы біздегіден әлдеқайда
жақсы болды. Осы ағайындардың 90-жылдардан
бастап атажұртқа жаппай қоныс аударуы
– Қазақстандағы қазақ тілінің
біржолата тұралап қалмай, қатарға
қосылып, қайта дамуына айтарлықтай
өз ықпалын тигізді. Шетелдік ағайындардың
Қазақстандағы мемлекеттік
«Қазақстан-2050»
– «Қазақстан – 2050» стратегиясында ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне айрықша көңіл бөлінген. Жалпы, бұл саланың еліміз үшін аса маңызды екендігі баршаға мәлім. Соған орай, шетел қазақтарының осы салаға қатысу мүмкіндіктері туралы не айтар едіңіз?
– Бұл сұраққа жауап берместен бұрын мына жағдайға тоқталғым келеді. Қазақстанның жері ұшан-теңіз – ауыл шаруашылығынан мол өнім алып, әлемнің алдыңғы қатарына шығуына толық мүмкіндік бар. Бірақ соған қарамастан, айналдырған 16 миллион халықты азық-түлікпен толық қамтамасыз ете алмай, едәуір бөлігін сырттан тасимыз. Бұл – адам ұялатын жағдай. Болашақта ең дамыған 30 елдің қатарына кіретініміз рас болса, бұл жағдайды тез арада реттеу қажет. «Қазақстан – 2050» стратегиясында бұл мәселеге де нақты көңіл бөлінген. Елбасы «жер өңдеу мәдениетін өзгерту және жаңа ғылыми-технологиялық, басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді жаңғырту қажет» деп атап көрсетті.
Бұл міндеттерді жүзеге асыруға
да шетел қазақтары үлкен үлес
қоса алады. Қытай мен Өзбекстанда
жер өңдеу мәдениеті барынша
дамыған. Мұны сол елде тұратын қазақтар
да жақсы игерген. Қытайда жер
өңдеуге қажетті шағын
Елбасының «мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді жаңғырту керек» деген тапсырмасы да шетелдегі ағайындар үшін айрықша маңызды. Өйткені Қытай мен Моңғолияда қазақтың ежелгі асылтұқымды төрт түлік малы жақсы сақталған. Осыларды Қазақстанға әкелсек, еліміздің бос жатқан ұлан-байтақ жері малға толар еді. Оралман ағайындар да малды әкелсек деп армандайды. Бірақ ол армандары жүзеге аспай отыр!
– Неге жүзеге аспайды? Моңғолия мен Қытай жағынан тосқауыл болып отыр ма?
– Жоқ, Моңғолия да, Қытай
да қарсы емес, керісінше қолдайды.
Ал қарсылық – Қазақстан тарапынан.
Дәлірек айтқанда, ҚР Ауыл шаруашылығы
министрлігіне қарасты